Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын - аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл - науқастың өз дертіне өз басының қатынасы, реакциясы, жауабы. Ол ішкі органдардың зақымдануымен немесе жалған зақымдануымен байланысты, яғни науқастың өзін аурумын деп санауы. Мұнда міндетті түрде сырттан бақылаушы адам болуы керек, науқастың қайғысы сол адамға бейімделіп бағытталған. Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді: - қолайсыз жағдай;
- науқастың өз денсаулығын өзі (науқас) бағалауы, ауруын қабылдап, өз ролін атқаруы;
- ауруға (дертке ) реакциясы;
- ауру себептерін білуі;
- әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі.
Достарыңызбен бөлісу: |