Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері - аурудың ішкі бейнесі деп аталады. Медициналық қызметкер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашан да назарынан тыс қалдырмауы қажет. Ем нәтижелі және тиімді болуы үшін медициналық қызметкер науқастың мінез - құлқына, оның дертіне, психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар екені мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |