Науқас психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы. Медицина қызметкері өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. қарым - қатынастарды жатқызуға болады. Медицина қызметкерімен науқас адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |