Нажмитдин мухитдинов



жүктеу 3,91 Mb.
бет13/27
Дата20.11.2018
өлшемі3,91 Mb.
#21894
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

сақтандыру

1. Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндетті.

2. Сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

83-7-б а п. Экологиялық аудиторларды аттестациялау

1. Экологиялық аудит жүргізуге қажетті бiлiктiлiктi растау жөнiнде мезгіл-мезгiл жүргiзілетін рәсiм экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады.

2. Экологиялық аудиторларды аттестациялауды білiктілік комиссиясы жүргiзедi.

83-8-б а п. Экологиялық аудит жүргiзу құқығын шектеу

1. Экологиялық аудиторлық ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары, кредиторлары болып табылатын не осы экологиялық аудиторлық ұйым құрылтайшысы, қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге экологиялық аудиторлық ұйымның экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.

2. Егер экологиялық аудиторлар:

аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ құрылтайшысының немесе аудиттелетiн субъект жарғылық капиталының он проценттен астамын иеленетін қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болған;

аудиттелетiн субъектінің қызметкерлерi, қатысушылары, лауазымды тұлғалары болған немесе онда жеке мүліктік мүдделерi бар болған жағдайларда, олардың экологиялық аудит жүргізуiне тыйым салынады.

3. Экологиялық аудиторлардың – жеке кәсiпкерлердiң, мынадай жағдайларда, егер:

аудиттелетiн субъект балансы активтерiнің сомасы жылына орташа есеппен алғанда тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлға болса;

аудиттелетiн субъектінің қызметi мiндетті экологиялық аудит жүргiзiлуге жататын болса, экологиялық аудит жүргiзуiне тыйым салынады.

83-9-б а п. Аудиттелетiн субъектінің құқықтары

Аудиттелетiн субъект:

1) конкурс не өзге де iшкi рәсiм негiзiнде экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы дербес шешiм қабылдауға;

2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңдарының экологиялық аудит жүргiзуге қатысты талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға;

3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның ескертпелерi және қорытындылары негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;

4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан ұсынымдар, экологиялық есептiлiкте және өзге де құжаттарда анықталған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкессiздiк туралы ақпарат алуға;

5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда олар көрсететiн қызметтен бас тартуға құқылы.

83-10-б а п. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

Аудиттелетiн субъект:

1) мiндеттi экологиялық аудит жүргiзуді ұйымдастыруға;

2) экологиялық аудиттi уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық ұйымға жағдай жасауға;

3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажетті толық және дұрыс құжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге;

4) қоршаған ортаға әсер ету туралы дұрыс есептіліктi және экологиялық аудит жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттарды табыс етуге;

5) егер экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметiн шектемеуге;

6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшіншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жiберуге;

7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның көрсететiн қызметтерiне ақы төлеудi қамтамасыз етуге;

8) экологиялық аудит жүргiзуге арналған шарттың мiндеттемелерiнен туындайтын өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

18-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

84-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды соттар шешедi немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

85-б а п. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

86-б а п. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу

1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуы салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүргiзiледi.

Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома бюджетке, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.

2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға құштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын құштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты құту жөнiндегi шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.

Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.


19-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

87-б а п. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бiрдей экологиялық қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

88-б а п. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметi

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiне жол берiледi.

89-б а п. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау



саласындағы халықаралық шарттары

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.




Қазақстан Республикасының Президентi

Н.Назарбаев

Алматы 1997 жылғы шiлденiң 15-i


_____________________________

Н.Б.Мұхитдинов, Н.М.Батырбаев
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан

қорғайтын құқық нормаларының экологиялық

құқық жүйесІндегІ орны

This article shows the role of legislature in envivonmental protection against radiation pollution in the system of ecological law and gives some conclusions.


Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғайтын норманың экологиялық құқық жүйесіндегі орнын анықтаудың алдында біз құқық жүйесі, заң жүйесі, құқық саласы және құқық институты деген анықтамалардың мәнін талдап өтейіқ

Экологиялық құқық теориясында ғалымдар экологиялық құқықтық нормаларды бір жүйеге келтіретін бірлігін қалыптастыруға атсалысты. Құқық жүйесі, оның ішінде экологиялық құқықтың жүйесі туралы зерттеулер жүргізіп, үлкен жетістіктерге жеткен, маңызды тұжырымдар жасаған еңбектер бар. Олардың ішінде ҚА. Шайбеков128, С.Б. Байсалов129, Н.Б. Мұхитдинов130, Ә.Е. Бектұрғанов131, Д.Л. Байделдинов132 сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. Осылардың ішінде әсіресе экологиялық, табиғи ресурстар, табиғатты қорғау құқықтарының арақатынасын, құқықтың пәні, жүйесі және принциптерінің мәнін ашатын әрі бүгіндегі экология құқығының құрылымдық белгілерін және бұл құқықтың жетілуі үшін маңызды теориялық негіздерді қалыптастырған «Предмет и система кеңесского земельного құқық» деген А.К. Еренов, Н.Б. Мұхитдинов, Л.В. Ильяшенколардың еңбегінің орны бөлек133.

Жалпы жүйе философиялық ұғым бойынша – бір-бірімен байланысты және бір-біріне әсер етуші бөліктерден тұратын бүтін бір құбылыс. Ал құқық жүйесі объективтік заңдылықтар негізінде құралады.

Құқық жүйе ретінде келесі белгілермен сипатталады. Біріншіден, құқық-кездейсоқ құқық нормаларының жиынтығы емес, бұл органикалық бүтін бір құқықтық құбылыс, сонымен бірге ол объективтілігімен сипатталады. Құқық жүйесіне оны құрушы нормалардың бірлігі және олардың өзара байланысы тән. Олар жеке дара бір-бірінсіз әрекет ете алмайды.

Екіншіден, құқық жүйесі өзінің мазмұны және құрылымдық элементтерінің көлемі бойынша біртектес емес, көпжақты құқықтық құбылыс. Құқық жүйесі сонымен бірге – құқық нормасына, құқық институтына және құқық саласына бөлінеді.

Құқық жүйесі – бұл құқықтың жекелеген бөліктерге бөлінуіне қатысты сонымен бірге мемлекеттегі құші бар құқық нормаларының бірлігі мен келісімділігін білдіретін оның ішкі құрылымы134.

В.В. Петровтың пікірінше, экология құқығының жүйесі деп – экологиялық заңдылыққа сәйкес белгілі бір тәртіппен орналасқан оның институттарының жиынтығы түсіндіріледі135.

«Жүйе» түсінігіне мынандай сипаттамалық белгілер тән:

1) жүйеде ортақ белгісі бар бірнеше элементтердің болуы;

2) жүйедегі элементтердің мазмұндас болуы. Әртүрлі мазмұндағы элементтер жүйені құрмайды;

3) жүйе элементтері белгілі бір түрде өзара әсер ететін қосылыстар болып табылады;

4) ортамен өзара әсерде жүйенің әрқашанда бірыңғай сапалық айқындылықта болуы;

5) жүйеге енетін қосылыстардың шартты дербестігінің болуы136.

Құқық жүйесі мен заң жүйесінің байланысына, арақатынасына, айырмашылығына байланысты заңгер ғалымдар бір нақты тұжырымға келген жоқ. Бірақ жалпы алғанда, олардың тұжырымы бойынша, құқық жүйесі мен заң жүйесі бір феноменнің көрінісі. Бұған қосымша тағы да құқық – норма жүйесі және заң да норма жүйесі деген көзқарастар да бар137.

Көптеген ғалымдар заң жүйесі заң актілерінің жиынтығы мен нормативтік ұйғарымдардың реттеу объектісіне байланысты бөлінетін заң саласы және институттарынан тұрады деп көрсетеді138.

Құқық жүйесі кейбір ғалымдардың пікірінше, құқықтан, құқықтық идеология, құқықшығарушылық пен құқық практикасынан тұрады. Ал басқа бір ғалымдар тобының айқындауынша, құқық жүйесі – құқық нормасынан,

құқық институтынан және құқық саласынан тұратын құрделі көпсалалы кешен болып табылады139.

Барлық жүйе қалыптасу үшін белгілі бір негізге сүйенеді. Құқық нормаларын жүйелеу, құқық жүйесінің қалыптасу негізінің қандай критерийлерге сүйенетініне байланыссыз, кем дегенде, мына екі талапқа сай болуы тиіс. Біріншіден, жүйелеу ғылымға және практикаға қандай да бір пайда әкелуі тиіс. Құқық нормаларын дұрыс жүйелеу құқық саласының құрылымдық бөлімдерінің дәлме-дәл қалыптасуына әсер етеді. Жүйелердің келесі үлкен маңыздылығының бірі сонда, ол құқық нормаларының даму тенденциясын қалыптастырады, заңның одан әрі дамуына және ғылыми негізде кодификациялауға жол ашады. Қандай да бір қоғамдық қатынасты реттеу үшін қабылданатын жаңа заңдар құқықтың белгілі бір саласындағы жүйеге негізделеді.

Екіншіден, құқық нормаларын жүйелеу бір жағынан – бір немесе басқа қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін құқық нормаларының бірлігін, екінші жағынан – оларды әртүрлі топтарға, бөліктерге бөлуді (дифференциациялау) қамтамасыз етуі тиіс133.

Құқық саласының тек заңдық белгілері ғана өздігінен құқық саласының пайда болу кезеңдерін және қалыптасуын көрсете алмайды, сонымен бірге шын мәнінде құқықтың жаңа саласы пайда болды ма, оның құрылысының қалыптасуына бар құқықтық материалдар жеткілікті ме деген мәселелерді шеше алмайды. Бұл сұраққа жауапты, яғни құқық жүйесінің динамикасын (қозғалысын) жүйелік-құрылым тұрғысына жақындау, тану арқылы білеміз. Сонымен бірге ол құқық саласын әртүрлі деңгейдегі сала асты салалардан (норма, институт) тұратын көпжүйелілік құрылым екендігін көрсетеді. Құқық нормаларының белгілі бір топтарын құқық саласы деп тану үшін кем дегенде бір-бірімен байланысты екі фактор болуы шарт: өздерінің бірлігі арқылы жалпы құқық жүйесінің жеке элементі бола алатындай норманың ішкі реттілігінің болуы, екіншіден, құқық нормаларының осы тобының бір жүйедегі ұқсас элементтермен өзара арақатынасқа түсе алу қабілеттілігінің болуы. Әрине бұл құрылымдық белгілерді басқа белгілермен ауыстыру мүмкін емес. Сонымен бірге құқықтық реттеудің пәні де кезкелген құқық саласының қалыптасуының негізгі факторы болып қала береді және бұған қосымша нормалар тобын құқық саласы деп тануда құқықтық реттеудің әдісі, принциптері және қызметінің де алар орны бар136.

Экологиялық құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеу аумағына байланысты институттарға және субинституттарға бірігеді, ал олар өз кезегінде экология құқығының Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдеріне бөлінген құқық саласына бірігеді140.

Экология құқығының институты дегеніміз – ұқсас әрі ықшам қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Экология құқығы жүйесінде институттар ролі мен маңызына байланысты екі жүйеге: Жалпы және Ерекше деп аталатын салаға топтастырылады140.

Қорыта келгенде, нормалар жиынтығы – құқық саласы болуы үшін, оның құқықтық реттеудегі құрылымдық белгілері, әдісі, пәні, принципі және атқаратын қызметі айқын болуы тиіс.

Біртектес қоғамдық қатынастардың өзі пайда болу уақыты, орнына жағдайына байланысты қалыптасуы барысында көптеген белгілер мен ерекшеліктерге ие болады. Бұл жағдай сол әрбір типтегі қоғамдық қатынастарды жан-жақты реттеу қажеттілігін тудырады. Сипаты бойынша біртектес кез келген құқық саласының құқықтық реттеу пәні ішкі біртектілігінің өзінде, қатысушылардың құрамына, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің пәнінің пайда болу негізіне байланысты туындайтын белгілі бір айырмашылықтарға ие болады. Демек, бұл бір саладағы қоғамдық қатынастардың құқықтық нормаларының біртектес болуымен қатар, олардың да белгілі топтарға бөлінетіндігін, яғни құқық нормаларының дифференциациясы арқылы нормалардың топтастырылуы, яғни құқық институттарының қалыптасуы жүреді133.

Құқықтық институт – қоғамдық қатынастардың ерекше топтарына қатысты қатынастарды реттейтін бір-бірімен байланысты құқық нормаларының жүйесі.

В.Н. Хропанюк, құқық институты деп – құқық саласының өзіндік бөлігі болып табылатын және белгілі бір қоғамдық қатынастардың түрлерін реттейтін ерекше құқық нормаларының кешені деп түсіндіреді.

Жалпы құқық институтының түсінігі көптеген жұмыстарда қайталанып немесе мазмұндас болып келеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалардан құқық институтының мынандай белгілерін анықтаймыз.

1. Сол институттағы қоғамдық қатынастардың мазмұнының біртектілігі.

2. Құқықтық нормалардың бірлігі.

3. Құқық нормаларының ерекшелігі.

Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау – қоршаған ортаны жалпы құқықтық қорғаудың құрамдас бөлігі және сонымен бірге экологиялық құқық жүйесінде жеке институт болып табылады.

Бұл үшін қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың нормалары жеке институт ретінде жоғарыдағы белгілердің барлығына сай келеді. Біріншіден, құқық институты ретінде қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау атом энергиясын пайдаланатын объектілерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, тасымалдау және орналастыруға, ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерін, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылауға, ядролық материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, арнаулы ядролық емес материалдардың, қос мақсаттағы материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, иондандырушы сәуле көздерінің, радиоактивті заттардың экспорты мен импортын және Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды бақылауға, радиоактивті заттарды Республика аумағы арқылы транзитті тасымалдауға және тағы да басқа қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғауға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар өз мазмұны бойынша біртекті әрі құқық институтындағы нормалармен сәйкес келеді.

Екіншіден, құқық нормаларының заңдық бірлігі – бұл барлық құқық институттарының басты белгісі болып табылады.

Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау – бұл салааралық мәселе. Бұл мәселені шешу көптеген құқық салаларының қатысуымен сипатталады. Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау нормалары әртүрлі құқық салаларында орын алған. Яғни қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау – қоғамдық қатынастардың пәнінің құрделілігіне орай бұл институттың құрделену, құқықтық жеке саласы болып қалыптасу үстінде екендігін көрсетеді. Дегенмен соңғы жылдары бұл институттың нормалары жүйеленіп, дербес құқықтық нормативтік акті болып қалыптасты. Яғни «Атом энергиясын пайдалану туралы» (1997 ж.) және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» (1998 ж.) Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Сонымен бірге бұл заңдарды толықтыратын бірнеше заң асты актілері бар. Демек қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың нормаларының бірлігі қалыптасқан.

Үшіншіден, оның заңдық ерекшеленуі, яғни қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау институтының экология құқығының басты құрылымдық бөлігі ретінде экологиялық заңдар жүйесінде өз орны бар. Олар жоғарыда аталып кетті.

Сонымен талдау жасай отырып, құқық жүйесінің құқық нормаларынан, құқық институттарынан және құқық саласынан тұратынын айқындаймыз. Құқық жүйесінде құқық нормасы оның құрылымдық элементі болып табылады. Құқық институты – бір-бірімен байланысты дербес қоғамдық қатынастардың немесе олардың қандай да бір құрамын реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі негізінде бөлінетін бір-бірімен байланысты құқықтық институттардың жиынтығы – құқық саласы деп аталады. Өз кезегінде кейбір құқықтық институттар субинституттарға, ал құқық саласы сала асты салаларына бөлінуі мүмкін.

Экология құқығы құқықтық реттеудің өзіне тән пәнімен, әдісімен сипатталатын жалпы құқықтың кешенді бір саласы болып табылады. Сонымен бірге құқықтың жеке саласы ретінде экологиялық құқық, құқық нормаларынан және құқық институттарынан тұрады.

Экологиялық құқықтық нормалардың тиімді жұмыс істеуі, атқаратын қызметінің нәтижелі болуы, ол нормалардың қандай институтқа және салаға жататындығын дәл айқындалуына байланысты.

Құқық жүйесінде бір-біріне қарама-қарсы екі бастама бар. Бір жағынан құқық жүйесі тұрақты, ал екінші жағынан өзгермелі, қозғалмалы (динамика) болуы тиіс. Барлық уақытта өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастарға негізделетін құқықтың қозғалысы (динамикасы), өз кезегінде оның құрылымдық жүйесінің өзгеруіне әкеп соғады. Бұл эволюциялық жолмен, яғни құқық институттары мен саласы бірде дифференциациялану, ал кейде интеграциялану арқылы өзгеріп отырады136.

Бүгінде экологиялық құқық жүйесінде де осындай эволюциялық процесс жүріп жатыр.

Экологиялық заңдылықтар Қазақстан Республикасында практикалық қажеттіліктерге орай, белгісіз айқындалмаған кеңістікте дамуда. Өйткені экологиялық құқық – бұл құқықтың әлі толық қалыптаспаған, яғни ешбір теориялық мәселелері нақты шешілмеген саласы.

Біздің ойымызша, құқық нормаларының құрылымдық белгілеріне жоғарыда жасалған тұжырымдарға сай, бүгінде қоршаған ортаның әрбір табиғи объектілеріне байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың нормалары жалпы құқықтың жеке салалары болып табылады. Ал қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғайтын құқық нормалары – (сол сияқты қоршаған ортаны мұнай қалдықтарынан, улы заттардан, пестициттерден құқықтық қорғау институттарының құқықтық нормалары да) экологиялық құқықтың ерекше бөлімінің институттарын құрайды.

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті оқытушы-профессорларының ғылыми еңбектер жинағы (Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған) // Ахмет Яссауи университетінің Хабаршысы.

2000. №4-5 (24-25). 185-190 б.

***


Н.Б.Мұхитдинов, Н.М.Батырбаев

Қазақстан Республикасының заңдарындағы

азаматтардың радиациялық қауіпсіздік мәселелері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ дағдарыс – бұл қоғамда болып жатқан жалпы дағдарыспен тікелей байланысты және оның бір тармағы.

Республикамыздың бүгінгі экологиялық ахуалының нашарлығы соншалық, ол өз елімізді ғана емес, шет аймақтарды да алаңдатып отыр. Әсіресе Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай – бүгінгі құн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Радиациялық тұрғыдан алғанда, Қазақстан аумағы көлемі жағынан да, тұрғындардың жан басына шаққанда да әлемдегі ең лас аумақ болып табылады. Мәселен, республикадағы қалдықтардың белсенділігі 13,2 миллион кюри, ал барлық салмағы 232,7 миллион тоннадан асып отыр. Мұнымен қатар қосымша қордаланып жатқан қалдықтарды залалсыздандыру, есепке алу және көмудің ұйымдық-құқықтық мәселелері мүлдем шешілмеген141. Яғни қалыптасқан радиациялық ахуал одан әрі ушыға түсуде.

Бұл мәселені шешу көптеген ғылымдардың атсалысуын қажет етеді. Соның ішінде құқық ғылымының атқаратын ролі зор. Құқық бұл саладағы туындаған қоғамдық қатынастарды реттеп, олардың дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да осы қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын негізгі заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылданған.

80-жылдардың бас кезімен салыстырғанда уранның әлемдік рыноктағы бағасы бес есе азайып кетті. Алайда сарапшылардың болжамына қарағанда, 2005 жылға қарай уран бағасы қайта көтеріледі деп құтілуде. Өйткені дәл қазір уран рудниктерінің саны он есеге азайған. Әлемдегі атом энергиясын пайдаланатын объектілердің көпшілігінін отындық қоры қайта жаңартуды қажет етеді142.

Көпшілік мамандар атом энергиясын пайдалану экономикалық әрі экологиялық жағынан ең тиімді деп негіздейді. Алайда бұған қарсы пікірлер де жоқ емес143.

Мәселен, профессор А.С.Арсеньев өзінің ғылыми еңбегінде, ғылым және өркениетті технология «экологиялық таза» өнеркәсіп машинасын жасауға көмектеседі деген үміт шындыққа сай келмейді. Бөлініп шығатын «лас» қандай да бір жерге орналастырылуы қажет, сонымен бірге тек ол уақытша ғана қоршаған ортаны ластамауы мүмкін. «Қалдық», «энергияны аз жұмсайтын», «аз материал жұмсайтын» үнемді өндіріс, экологиялық қасіретті аз уақытқа ғана тежеуі мүмкін, бірақ оны біржолата тежеуі мүмкін емес144, – деп көрсетеді.

1905 жылы ұлы француз ғалымы Пьер Кюри өзіне Нобель сыйлығы тапсырылып тұрғанда, «қылмыскерлердің қолында радий өте қауіпті болуға қабілетті деп ойлауға болады, осыған байланысты менің өзімнен өзім: адамзат табиғат құпиясын тануда ұтады ма. Адамзат оны пайдасы үшін жаратуға немесе бұл тану оған үлкен зиян әкелетінін толық танып білетіндей жетілді ме деп сұрағым келеді?»145 деген екен.

Жаңа ғасыр – экологиялық тұрғыдан ең тиімді атом ғасыры. Сондықтан да уран өндірісін дамыту әлемге, өз экономикасын көтеруде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуде, әсіресе, Қазақстан үшін қажет.

Мұндағы басты талап – оның тиімді әрі ғылыми толық негізделген түрде қауіпсіздік шаралары толық меңгеріле отырып, қоршаған ортаға кауіпсіз түрде пайдалану болып табылады.

Осыған байланысты бірнеше халықаралық конвенциялар, келісімдер жасалып бекітілген. Яғни атом энергиясын пайдалану, қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық деңгейдегі құқықтық қоры белгілі бір дәрежеде қалыптасқан.

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өзінің болашақ экономикалық даму бағытында уран өндірісін дамыту, атом энергиясын пайдалануды кеңейтуді жоспарлап отыр. Жетекші басқару органдары Қазақстан 2005 жылға қарай уран өндіруден әлемдегі алдыңғы мемлекеттердің бірі болады деп жоспарлауда146.

Алайда бүгінгі құні еліміздің радиоэкологиялық жағдайына байланысты мынандай төрт түйінді мәселе бар. Олар:

1. Барлық радиоактивті заттарды пайдаланушы объектілер және олар алынатын көздерге радиоэкологиялық тексеру жүргізіп, олардың қоршаған ортаға зиянсыз жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

2. Радиоактивті заттармен ластанған жерлерді анықтап, оларға ерекше құқықтық режим белгілей отырып, залалсыздандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

3. Бүгінгі таңдағы барлық радиоактивті қалдықтарды және кейінгі қалдықтарды залалсыздандыруға байланысты құқықтық, техникалық-экономикалық тетіктерді қалыптастыру.

4. Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралардың орындалуын реттейтін қабілетті құқықтық жүйені қалыптастыру.

Ұлттық қауіпсіздік – еліміздің даму бағытындағы басым бағыттардың бірі. Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам бөлігі. Ал радиациялық қауіпсіздік – жалпы экологиялық қауіпсіздік жүйесінде ерекше орын алады.

Қоршаған ортаның радиациямен ластануы барлық тірі организмдердің өміріне ерекше қауіп төндірумен қатар, олардың генетикалық қорының бұзылуына, тіпті жойылып кетуіне, залалдың бірнеше ұрпақтарға жалғасуына алып келеді. Бұл мемлекет, қоғам алдында шешімі қиын әлеуметтік, экономикалық мәселелер туындатады. Ұлттың болашағына қауіп төндіреді.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысындағы, яғни қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау, алдын алу сауықтыру шараларын жүргізуді реттейтін құқықтық негіз белгілі бір деңгейде қалыптасты деуге болады.

Әрине бұл тұрғыдағы құқықтық жүйе толық қалыптасты деуге әлі ерте.

Сондықтан да бүгінгі танда бұл саладағы құқықтық шаралар кешені қалыптасу үстінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясы азамттардың денсаулығын сақтауға құқылы екендігін (29 бап. 1-б.), мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қоятындығын (31 бап. 1-б.), Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті екендігін паш етті.

Конституция талабына сай мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Осы талаптарды орындау мақсатында бірнеше сатыдағы нормативтік актілер қабылданды.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1997 жылы 15 шілдеде бекітілген заң, адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығын жариялап (3 бап.), адамдардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқығын нақтылады (5-бап, 1-б.).

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымда құшіне енген заңда да экологиялық қауіпсіздік арнайы қарастырылған. Яғни барлық тиісті мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдар, азаматтар мен лауазымды адамдар:

- қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғауға;

- Қазақстанға экологиялық жағынан қауіпті технологиялардың, заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелуіне жол бермеуге;

- ел аумағының радиоактивті, химиялық ластануына, бактериологиялық залалдануына жол бермеуге;

- экология жағынан қауіпті және жетілдірілмеген технологиялардың қолданылу ауқымын қысқартуға;

- шаруашылық және өзге де қызметтің келеңсіз экологиялық зардаптарын жоюға міндетті екендігі көрсетілген.

1994 жылы 8 шілдеде қабылданған «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары айқындалған. Мұнда, мәселен, барлық заңды ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар радиоактивті заттармен және басқа иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істегенде санитарлық мөлшерлі қалыптарды сақтауға міндеттілігі негізделген (48-бап).

Сонымен қатар қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жалпы негізде 1995 жылғы 22-желтоқсанда қабылданған «Жер туралы» және 1996 жылғы 27-қаңтарда қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарында да негізделінген.

1992 жылы 18-желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтарының радиациялық қауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған алғашқы құқықтық негіз десе де болады. Заң тек қана Қазақстан Реслубликасының белгілі бір аумақтарынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік жағанан қорғау ісін қамтамасыз етуге бағытталады.

Заңның қабылдануы Қазақстандағы радиациялық ластанған барлық аумақтарды қамтымаса да, өз кезеңінде осы бағыттағы үлкен құқықтық бетбұрыс жасалғанын айқындады.

Профессор С.Байсалов және Ж.Исаева өздерінің ғылыми еңбектерінде аталмыш заңға жан-жақты талдау жасай келе, тек қана белгілі бір аймақтарда ғана емес, бүкіл республика аумағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін экологиялық сауықтырудың тиімді мемлекеттік құқықтық тетіктері жасалуы қажет147 деп көрсетеді.

Қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында алғаш рет 1997 жылы 14-сәуірде «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң қабылданды. Бұл заңда атом энергиясын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық негізі мен принциптері белгіленіп, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың, ядролық қаруды таратпау режимін, атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шаралары қарастырылған.

Еліміздегі радиациялық жағдайдың жай-күйіне байланысты және де атом өндірісін дамыту бағытының құн тәртібіне енуінің нәтижесінде, осы саладағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру, халықтың қауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы қабылданды (1998 ж. 23-сәуір).

Ол еліміздегі радиациялық жай-құйді, Конституция талаптары, бірнеше халықаралық конвенциялар мен стандарттар негізінде жасалды. Бұл заң қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін сақтау барысындағы барлық қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.

Заңда негізгі терминдердің ұғымдары, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары және принциптері айқындалған.

Мемлекеттік басқару органдарының радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктері, басқару, қадағалау және бақылаудың түрлері, тәртіптері белгіленген.

Заңда сонымен қатар радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін бағалауға, иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде қойылатын талаптар, табиғи радионуклиттердің әсер етуі кезіндегі және радиациялық авария кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары негізделген.

Сонымен бірге азаматтардың, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздік құқықтары танылып, оның ішінде радиациялық ақпарат алу, келтірілген зиянның орнын толтыру құқықтары және осыған байланысты міндеттері айқындалған.

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңның талаптарына қарай әркім өз қызметін, құқықтары мен міндеттерін заңға сәйкес бұлжытпай орындайтын болса, қоршаған ортаның соның ішінде адамдардың радиациялық кауіпсіздігінің барлық мәселелері аталмыш заңда жан-жақты қарастырылған.

Жоғарыда көрсетілген заңдар негізінде қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін сақтауға байланысты жалпы және арнайы негізде бірнеше нормативтік актілер, бағдарламалар және жоспарлар қабылданды.

Бұл құқықтық актілердің мақсаты, негізгі заңдар талаптарын және одан туындайтын міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1992 жылы 31-желтоқсанда «Қазақстан Республикасында радиациялық және санитарлық-гигиеналық ахуалды жақсартудың шұғыл шаралары туралы» қаулы қабылдады148.

Бұл қаулыда атқарушы органның 2005 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында радиациялық және санитарлық-гигиеналық ахуалды жақсарту шаралары қоса беріліп, ол бекітілген еді. Алайда осында көрсетілген белгілі мерзім ішінде орындалуға тиісті радиациялық қауіпсіздік және сауықтыру шараларының басым бөлігі орындалмай келеді.

Сонымен қатар Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 наурызындағы қаулысымен «Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалды жақсарту жөніндегі 1995-1996 жылдарға арналған шаралар жоспары» бекітілді149. Мұнда көрсетілген шаралар ауқымының басым бөлігі орындалмай қалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17-наурыздағы қаулысымен «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен халықты медициналық оңалту Бағдарламасы» бекітілді150 [10]. Бағдарламада 2000 жылға дейінгі кезеңде орындалып бітуге және тұрақты түрде орындалуға тиісті шаралар көрестілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998–2000 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасы жасалды. Бұл Бағдарлама Президент Жарлығымен бекітілді. Бағдарламада еліміздің барлық салаларының мәселелерімен қатар қоршаған ортаның жай-құйінің нашарлау қарқынын төмендетуге қол жеткізу ниеті белгіленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16-қарашадағы Жарлығымен «Халық денсаулығы» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді151. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстан халқының денсаулық жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау ісінің халыққа медициналық қызмет көрсетудің жаңа сапалық денгейінің жеделдете көтерілуіне жәрдемдесетін қысқа мерзімді, орташа және ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Әсіресе осының ішінде Үкімет қаулысы негізінде 2000-шы жылдың 1-ші тоқсанына дейін Республика аумағында радиоактивті қалдықтарды өңдеу және көму жөніндегі арнаулы комбинат салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуі керектігі белгіленген.

Бүгінгі құні радиоактивті заттарды залалсыздандырудың бірден бір жолы оны көму болса, Қазақстанда бұл дәл қазір өте күрделі мәселе. Мысалы, Алматы қалалық прокуратурасының алқасында мәлім болғандай, Алматының өзінде көмілуге тиіс 25 мың радиоактивті сәулелену көздері бар екен152.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-2003 жылдарға арналған «Қазақстанда атом энергиясын дамыту» республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін бекіту туралы Қаулысы қабылданды153.

Қаулыда көрсетілген негізгі тапсырмалар мен көрсеткіштер негізінде Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленген тәртіппен бұл мәселеге байланысты кешенді бағдарлама жасауы қажет.

Атом энергиясын дамытуға мемлекет ден қойып отырғанымен Үкімет бұл бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды бюджетте ғылымға көзделген қаражаттың есебінен қамтамасыз етілетіндігін белгілейді.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтмасыз ету барысында құқықтық, техникалық-экономикалық, ұйымдық және басқа да шаралар белгілі бір деңгейде жүргізіліп жатқанымен, бұл бағыттағы жұмыстар өз дәрежесіндей қанағаттанарлықтай емес.

Осыған байланысты жоғарыда келтірілген мәліметтерге және басқа да ғылыми деректерге сүйене отырып, бүгінгі таңда қоршаған ортаның, оның ішінде, адамдардың радиациялық кауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз ету барысында бірнеше кемшіліктердің орын алып отырғандығын айқындаймыз.

Олар:


1.Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқықтық нормалар, олардың қалыптасуы, іске асырылуына негіз болатын тетіктер жүйесінің теориялық мәселелері шешілмеген.

2. Қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңда көрсетілген қауіпсіздік талаптарын орындау үшін арнайы кешенді экономикалық-техникалық, құқықтық шаралардың Ұлттық бағдарламасы жасалмаған. Құқықтық нормативтік актілердің толық қоры қалыптаспаған.

3. Себебі, біріншіден, барлық өркениетті дамыған елдерде қоршаған ортаны радиациядан қорғауға, өндіріс орындарының дамуы нәтижесінде пайда болатын экологиялық зардаптарды жеңілдететін техникалық-экономикалық құқықтық шаралар кешені осыдан 20-25 жыл бұрын жасалған. Ал сол кездегі кеңес дәуірі тұсында кеңес мемлекетінің өзінде соның ішінде Қазақстаңда да мұндай шаралар мүлдем болмады. Екіншіден, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл 9 жыл болса да, аталмыш бағдарлама және нормативтік актілер қоры тиісті мемлекеттік органдардың салғырттығының салдарынан әлі толық қалыптасып үлгермеді.

4.Ұйымдастыру – басқару жұмыстарының дұрыс жолға қойылмауы.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші басқарушы, бақылаушы және қадағалаушы органдардың, олардың жергілікті жерлердегі басқару органдарымен арасындағы міндеттері, мақсаттары және өкілеттіктері айқын белгіленбеген, яғни басқарудың тиімді, оңтайлы жүйесі жасалмаған.

Кез келген заң өзінен өзі орындалмайды. Оны мемлекет берген құқық негізінде тиісті органдар, оның ішінде лауазымды адамдар орындатады. Заңның өз нәтижесін беруі олардың орындалуына байланысты. Заң қашан да орындалуымен құнды.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі жүріп жатқан үздіксіз реформалар бір жағынан өз зардабын тигізбей қоймауда. Қаншалықты өзгерістер, тиімді деген тетіктер жасалғанымен, қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғауға байланысты басқару жүйесі өзінің үйлесімді құрылымын тапқан жоқ. Осыған байланысты бұл саладағы басқару органдарының құқықтық жағдайларын, ұйымдастырылу нысанын, бағыныштылығын, өкілеттіктерін және өз міндеттерін атқарудағы қолайлы тетіктерін қалыптастыра отырып, оңтайландыру қажет.

5.Заң бойынша экологиялық мүдде басымдығын танысақ та, шын мәнінде, іс жүзінде экономикалық мүдде басымдығы орындалуда.

Осы мәселенің шешілуі үшін бүгінгі таңда ғылымда оның негізгі критерийлері жасалмаған. Бұл мүдделіліктер басымдығы әр кезде әртүрлі танылып келді. Бүгінгі құннің өзінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты, соның ішінде атом энергиясын пайдалану туралы және халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңдардың баптарында нақты біржақты көрсетілмеген.

Бүгінгі құннің басты талабы – заң бойынша бұл екі мүдделіліктің бірінің толық басымдығын тануға болмайды, сондықтан қатаң түрде бұл мәселелерді теңдестіре отырып шешу керек154.

1. Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдаланудың қауіпсіз жүйесін жетілдірудің ынталы әрі мүдделілік тетіктері негізделген, барлық бағытта экологиялық мүдде басымдығын нақты айқындайтын және тек ғылыми техниканың сонғы әрі дәйекті жетістіктерің пайдалануға ғана мүмкіндік беретін құқықтық жүйе жасалынуы қажет. Сонымен қатар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші құқықтық нормаларының мәнінде өзіндік заңдық құшке ие болуы қажет. Елдегі қалыптасқан радиоэкологиялық жағдай, бұл саладағы қауіпсіздік шараларын ұдайы жетілдіруді және қатаң сақтауды қажет етеді, Бұл тұрғыда жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің қолға алынып, жүзеге асырылуы елімізде азаматтардың радиациялық қауіпсіздік құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды нәтиже берері анық.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ хабаршысы. Түркістан, 2000. №1. 87-93 б.


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау