Жұмыс бағдарламасы «экономика және өндірісті ұйымдастыру»



жүктеу 149,14 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі149,14 Kb.
#12452
түріЖұмыс бағдарламасы

Алматы энергетика және байланыс институты
«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы

«КЕЛІСІЛДІ»


ЖЭФ деканы

Мұсабков Р.А.______________


«_____»____________2008ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ»
050702- Автоматтандыру және басқару

3 несие (135 сағат)
Факультет: Жылу энергетикасы

Мамандық: Автоматтандыру және басқару

Оқу сатысы: Бакалавриат

Оқу мерзімі: 7 семестр



Пән түрі: міндетті
Курс –4

Барлығы – 135 сағат

Аудиториялық сабақтар -56 сағат

Дәрістер– 24 сағат (аптасына 1,5 сағат)

Практикалық (машықтану) сабақтар – 16 сағат (аптасына 1 сағат)

Зертханалық сабақтар – 16 сағат (аптасына 1 сағат)

Өзіндік жұмыстар (барлығы) – 79 сағат

Соның ішінде

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы – 20 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы – 59 сағат

Семестрлік тапсырма - 3

Бақылау түрі: Емтихан - 7 семестр


Алматы, 2008


Оқу бағдарламасын дайындаған кафедра доценті , э.ғ.к. Түзелбаев Б.И.

Кафедра отырысында қаралған Хаттама №1, 03.09.2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________ Жакупов А.А

Оқытушы туралы мағұлымат:



Лектор: Түзелбаев Б.И.

Қызметі: ЭӨҰжБ кафедрасының доценті

Байланысу реквизиті: 292-42-99

I Пәннің мақсаты мен міндеттері
1 Пәннің мақсаты

    1. Пәннің мақсаты –студенттерді техникалық және экономикалық жағынан да тұтастай үздіксіз дайындау және экономикалық амалдармен техникалық есептерді шешуге үйрету.

    2. Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:

  • өзіндік құнды әртүрлі экономикалық есептеулерді жүргізу әдістемелерін игеру және оларды талдай білу, материалдық, қаржылық және еңбек шығындары кезінде өндірістік-шаруашылық қызметтің ең жоғарғы нәтижелеріне жетуді меңгере білу;

  • ОЭК кәсіпорындарда технологиялық және басқару үрдістерін автоматтандыруды енгізуді экономикалық бағалауды жүргізуді;

  • кәсіпорында қайта құру мәселелерімен танысу және басқармалық қызметтерді тану.

2 Пәннің сипаттамасы

Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні студенттердің теориялық және практикалық жағынан энергетика саласында экономикалық білімдерін игеру және оларды нарықтық қатынас шартында қолдана білуді білдіреді. Электр мен жылу энергиясын өндірудегі өзіндік құнның құраушылары, энергетикада тарифті қалыптастыру әдістері, энергетикалық кәсіпорындардың материалдық, қаржылық, еңбек ресустары мен басқару негіздері қарастырылады. ОЭК кәсіпорындарында технологиялық үрдістерді автоматтандыруды енгізуді экономикалық бағалауға әдістемелік амалдар беріледі.

Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін міндетті пән болып табылады және оқу жоспарына профилді пән ретінде енгізіледі.
3 Пререквизиттер

Пәнді оқу кезінде келесі пәндерді Экономика негіздері, Экономикалық оқып үйрену тарихы, Полтиология, отын энергетика кешеніндегі кәсіпорындардың технологиялық үрдістерінің арнайы сұрақтарын және басқа базалық, профилдік пәндерді білу қажет.


4 Постреквизиттер

Пәнді оқығаннан кейін, алған білімі келесі оқитын пәндерге негіз болады және диплом алды тәжірибе, дипломдық жұмыстар үшін қажет болады.


II Пәннің мазмұны

5 Дәріс сабақтарының тақырыптарының мазмұны

Апта

Бөлімдер мер тақырыптардың аттары

Дәріс сағаттары

Әдебиет-тер

1

1 бөлім. Кәсіпорын экономикасы

1. тақырып. Нарықты қалыптастырудың теориялық негіздері, мәні, қағидалары. Нарықтың мәні, ұғымы және элементтері. Электр энергиясы нарығының құрылымы және функциялары. Нарықтық инфроқұрылымның құрамы, және оны қалыптастыру. Энергетикада нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі (ЭҚНКО).




14
1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 4, 5, 12, 13

1,2

2 тақырып. Кәсіпорынның негізгі қорлары.

Негізгі қорлардың мәні, жіктелуі және құрылымы. Негізгі қорларды бағалау, есепке алу және жоспарлау әдістері. Амортизация ұғымы. Амортизация нормасы. Олардың энергетикадағы экономикалық негізділігі амортизациялық аударылымдарды есептеу әдістері. Энергетикада негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдары. Негізгі қорларды қалыптастырудың көздері. Негізгі қорларды қалыптастырудағы несиелік және инвестициялық саясат




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15

2,3

3 тақырып. Кәсіпорынның айналым қаражаттары.

Энергетикадағы айналым қаражаттарының ұғымы, құрамы және құрылымы. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау және нормалау. Қалыптастыру көздері. Энергетикадағы айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері және оның жеделдету жолдары. Айналым қаражаттарын пайдаланудың эффективтілігі және оның энергетикалық кәсіпорындардың қызметіндегі қаржылық нәтижелеріне әсері.




1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15

4

4 тақырып. Өндіріс ұстанымдары, энергетика өнімінің өзіндік құны

Өндіріс ұстанымының ұғымы және түрлері. Энергетикалық өнімнің өзіндік құнына кіретін, яғни энергияны өндіруге тасымалдауға және бөліп-таратуға кететін шығындар құрамы. Энергия өндіруге кететін шығындар сметасының сипаттамасы және есептеу баптары бойынша шығындарды топтастыру. Электр және жылу энергиясының өзіндік құндарын төмендетуді қатмамасыз ететін факторлар.




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15

5

5 тақырып. Энергетикадағы баға белгілеу

Өнімді өткізуге байланысты түсімдер. Баға белгілеу түсімнің мөлшеріне әсір ететін негізгі фактор. Бағаның функциялары: жоспарлы-есепе алатын, таратпалық, ынталандырмалы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі. Келісім-шарттық, еркін бағалар, энергетикадағы тарифтер. Шығындарды Электр энергиясы мен жылу энергиясын бөлу әдістері. Энергетикадағы баға белгілеуді жетілдіру




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 14, 15

6

6 тақырып. Пайда және рентабелділік

Энергетикалық кәсіпорындардың табысын қалыптастырудың негізгі көздері. Негізгі қызметтен және өткізуден тыс шаралардан түсетін пайда. Пайда мөлшеріне әсер ететін факторлар. Жалпы пайда мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың және жинақтау, тұтыну, резервтік қорларды құраудың көзі. Қазақстанның салық жүйесі, салықты жабу көздері. Энергетикалық кәсіпорындардың салықтары. Өндіріс рентабелділігінің көрсеткіштері және энергетикалық кәсіпорындардың рентабелділігі. Рентабелділікті көтеру жолдары.




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15

7

7 тақырып. Кәсіпорын қаржылары

Кәсіпорын қаржыларының мәні және функциялары, қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздері . Өз қаражаты мен қарыздық қаражаттың оңтайлы ара қатынасы. Қаржылық жоспар- қаржылық қызметтің нәтижелерін көрсететін негізі құжат.



1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15, 16

7,8

8 тақырып. Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық мәселелері. Инвестицияның эффективтілігі (тиімділігі).

Жаңа техника мен технологияларды құру және енгізудегі кешенді амалдар. Инвестициялық жобаның кезеңдері және олардың тимділігін бағалау ( NPV, РР, IRR, ROI, PI көрсеткіштері ). Өндірістің, жаңа техниканың басқару жүйесін автоматтандыру бойынша тиімділігін арттырудың экономикалық мәні. Экономикалық эффект және энергетикадағы тиімділік. Энергетикадағы басқару жүйесін автоматтандыруды құрудың экономикалық тиімділігін бағалаудың ерекшеліктері.




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 9, 13, 15

8

9 тақырып. Кәсіпорынның сырқы экономикалық қызметтері (КСҚ)

Еңбекті бөлудің халықаралық формалары. ҚР-дағы КСҚ ырықтандыру. КСҚ-ны мемлекеттік реттеу. Көмір, газ, мұнай және электр энергетикасы салаларындағы КСҚ.




1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 13, 15

9

2 бөлім. Өндірісті ұйымдастыру

1 тақырып. Өндірісті ұйымдастыру

Энергетикалық өндірісті ұйымдастырудың формалары және әдістерін жетілдіру. Өндірістік ұйымдардың негізгі ұйымдастырмалық формалары (АҚ, ЖШС, ШЖК).


10
1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 7, 9, 10, 11

9

2 тақырып. Негізгі өндірістік үрдістерді ұйымдастыру

Электр және жылу энергиясын өндірудегі технологиялық ерекшеліктер. Энергетикалық өндірісті ұйымдастыру формалары (концентрация, кооперация, специализация, құрамалау). Энергетикадағы электр энергиясын өндірудегі ыңғайланудың артықшылықтары.




1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 7, 9, 10, 11

10

3 тақырып. Сапаны басқаруды ұйымдастырудың негіздері

Өнім сапасы және сертификаттау. Электр және жылу энергиясының параметрлері және олардың ауытқуының электр қабылдағыштар жұмыстарына әсері. Энергетикалық өнімнің сапасын қадағалауды технологиялық ұйымдастыру (электр энергиясы, жылу, сұйық, қатты және газ түріндегі отын).




1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 7, 9, 10, 11

10

4 тақырып. Өндіріске кешенді қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Энергетикалық, инструменталды жөндеу, транспорттық және қойма шаруашылықтарын ұйымдастыру. Жұмыс орынын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету. Энергетикалық жабдықтарды жөндеудің мақсаттары, міндеттері, ерекшеліктері, тәсілдері.




1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 7, 9, 10, 11, 12

11

5 тақырып. Еңбекті ұйымдастыру және техникалық нормалау

Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру, оның мәні, мазмұны және міндеттері. Нормалаудың ұғымы және функциялары. Еңбек нормасы, жұмыс уақытының шығындарын жіктеу. Энергетикадағы еңбекті нормалаудың ерекшеліктері. Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің ерекшеліктері.




2

Конспект, Ә.1, 2, 3,




6 тақырып. Еңбек ақыны ұйымдастыру

Кәсіпорын қызметкерінің табысының құрылымы. Сағаттық тарифтік жүктемелер және негізгі еңбек ақы. Энергетикалық кәсіпорындардағы үстемелер, сыйақылар, әлеуметтік төлемдер. Еңбекке төлемнің формалары.




2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 13, 15




7 тақырып. Кәсіпорын қызметін фирмаішкілік және шұғыл-өндірістік жоспарлау.

Бинес-жоспардың сипаттамасы, оған қойылатын талаптар және құрылымы. Бизнес-жоспардың мазмұны: кәсіпкерлік қызметтің мақсаттары, міндеттері, өнімнің сипатталуы, бәсекелестерді бағалау, ресурспен қамтылуы, өндіру мен жеткізу жоспары, мемлекеттік және заңдық реттеу, нәтижелерді бағалау, қаржылық жоспар, инвестицияға талаптар. Шұғыл жоспарлаудың міндеттері. Цех аралық және зауыт аралық жоспарлау. Энергия өндіру жүрісін есепке алу, қадағалау, реттеу.



2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 7, 9, 10, 11



  1. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізбесі -16 сағат

    1. Амортизациялық аударымдарды есептеудің әдістері. Электр стансаларындағы айналым қаражаттарының мөлшерін есептеу (4 сағат)

    2. ЖЭО-нан электр және жылу энергиясын жіберудің өзіндік құнын есептеу (4 сағат)

    3. КЭС-нан электр энергиясын жіберудің өзіндік құнын есептеу (2 сағат)

    4. Электр жүйелері арқылы электр энергиясын жіберу және таратудың өзіндік құнын анықтау (2 сағат)

    5. Инвестициялық жобаларды бағалау көрсеткіштерін есептеу(4 сағат).


7 Зертханалық жұмыстардың тізбесі -16 сағат

    1. Электрлік цехтың жөндеу жұмыстарының көлемін және оның бағдарламасының құрамын анықтау

    2. Электрлік цехтың қызметкерлер санын есептеу

    3. Электрлік цехтың кезекші және жөндеу пресолалдарының еңбек ақысын жоспарлау

    4. Жұмыс бригадасының мүшелерінің еңбек ақысын анықтау.

    5. Жабдықты қайта жаңаартудың экономикалық тиімділігін анықтау

    6. КЭС-дан өндірілетін электр энергиясының өзіндік құнын анықтау

    7. Қазақстан қалаларының жылу эгнергиясына комуналды—тұрмыстық бойынша қажеттілікін анықтау

    8. Қазақстан қалаларының отынға комуналды—тұрмыстық бойынша қажеттілікін анықтау



8 Студенттің өзіндік жұмыс тақырыптарының тізбесі

Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні бойынша үш есептік-сызба жұмыстары орындалады.

Есептерді орындау шамамен 16-20 сағат уақытты қамтиды.

ЕСЖ беру : 3-4 апталар, ал өткізу 9-10 апталар.

ЕСЖ тақырыптары:


  1. қоныстанған бөлімшені бір орталықтан жылу энергиясын қамтамасыз етудегі жылу энергиясының бірлігін жіберуге кететін шығындарды анықтаудың техника-экономикалық есептеулері;

  2. қоныстанған бөлімшені орталықтандырылман жылу энергиясын қамтамасыз етудегі жылу энергиясының бірлігін жіберуге кететін шығындарды анықтаудадың техника-экономикалық есептеулері;

  3. кәсіпорынның технологиялық және басқару үрдісіне автоматтандыру құралдарын енгізудің тиімділігін экономикалық бағалау.


9 Студенттің өзіндік жұмыстары
9.1 Студенттің өзіндік жұмыстары

  • өткен дәрістік материалдарды қосымша оқу (1 сағат дәрістер, 2 сағат -өзіндік жұмыстар)

  • зертханалық жұмыстарды дайындау және безендіру;

  • ЕСЖ орындау және безендіру;

  • пән бойынша тестке және емтиханға дайындалу.


9.2 Студенттердің оқытушы қатысуымен өзіндік жұмыстары

Студенттердің оқытушы қатысуымен өзіндік жұмыстарына жататындар:

толығымен немесе тереңірек оқытылмаған және маңызды дәрістік сабақтардың тақырыптары оқу; зертханалық және ЕСЖ қабылдау; ЕСЖ және пән тестері мен емтихан сұрақтары бойынша ақыл-кеңес беру; дәріс тақырыптары бойынша түсініксіз сұрақтар бойынша қосымша сабақтар жүргізу.
10 Ақыл-кеңес беру уақыты

Ақыл-кеңес беру ұзақтығы – аптасына топқа -1 сағат.

Ақыл-кеңес беруде студенттер қосымша материалдарды оқиды, сұрақтарына жауап алады, ЕСЖ орындау бойынша және жұмыстарды қалай қорғау сұрақтарына жауап алады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы, 2007.

2. Экономика и управление в энергетике: Учеб. Пособие под ред. Н.Н. Кожевникова.- М.: Изд. Центр «Академия». 2003г.

3.Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса: М.: Высш школа, 2003 г.

4. Дукенбаев К., Нурекен Е. Энергетика Казахстана. Технический аспект. Алматы, 2001, 312 стр.

5. Дүкенбаев К. Қазақстан энергетикасы. Нарықтық қатынастар. Алматы: Ғылым, 1998. -350 б.



Қосымша әдебиеттер:

5.Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./ Отв. Ред. Э.Хоуп и д.р. Сибирское отделение Российской академии наук, 2001 г.

6. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М. Высшая школа. 1989г. 240 стр.

7.Багиев Г.Л. идр., Организация и планирование энергохозяйства промышленных предприятий. «Энергоиздат » ,1988г.

8.Самуэльсон и В.Нордхаус. Экономика, М., «Прогресс»,1989г.

9. Котлер Ф.Основы маркетинга. М. Экономика. 1990 г.

10.Окороков В. Р. и др. Основы управления энергетическим производством. М. Высш. школа, 1987, 335 стр.

11.Златопольский А. Н., Прузнер С. Л. и др. Экономика, организация и планирование теплосилового хозяйства промышленного предприятия. М. Энергоатомиздат, 1995, 320 стр.

12.Дукенбаев К. Энергетика Казахстана и пути ее интеграции в мировую экономику.Алматы, 1996, 532 стр.

13.Волков А. Экономика предприятий. - М., 1998. – 261с.

14.Даукеев Г.Ж., Жакупов А.А., Тохтибакиев К.К., Тузелбаев Б.И. Методология формирования тарифов в секторе электроэнергетики Казахстана: состояние, проблемы, перспективы // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2000. - №2. – С. 26-33.

15.Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ, 2001, 200 бет.



16.К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағұлова. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы.- Экономика, 2001, 328 бет.
жүктеу 149,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау