Н тарму 5 12-2018 баспа 05. 05. 2018



жүктеу 2,27 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата15.01.2020
өлшемі2,27 Mb.
#26821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

Қазіргі таңда "Street work out" спорттық қозғалысы салауатты өмір салтын насихаттап,

жастардың арасында кеңінен таралып, оны қазіргі заманның трендіне айналдыру үрдісінде. 

4.  Өңіріміздің   Жасыл   Эко   жүйесін   дамыту,   жастарды   экологиялық   мәдениетке

тәрбиелеу   және   жасыл   экономиканы   дамытуға   бағытталған   2017   жылдан   бері   жұмысын

жүргізіп   келетін   "Грин-лайф"   экологиялық   клубы     бүгінде   "Таза   қаладағы   -   таза

университет"   жобасы   аясында   қаламыздың,   университетіміздің   жасылдануына   атсалысып

келеді.   "Грин-лайф"   экологиялық   клубының   жеткен   жетістіктері   де   аз   емес,   олар

республикалық жобалар байқауының І және ІІ орын иегерлері атануда.

Біздің студент-воркаутерлер оқу жылының басынан бері "Тәні саудың – жаны сау"

ұранымен темекі, нашақорлық, ішімдік дерттерге қарсы түрлі акцияларын және облыстық,

қалалық, университет жарыстарын ұйымдастырып, жеңімпаздар қатарынан көрінуде.

5.  Ағымдағы   Жастар   жылы   аясында   жастар   саясатын   жүзеге   асыру   барысында

студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ету, өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мақсатында

университеттің   жастар   ісі   жөніндегі   комитеті   құрылымының   саны   бірнеше   жастар

қозғалыстарымен ұлғаю үстінде.

Атап   айтсақ,     Елбасының   кезекті   халыққа   Жолдауындағы   (05.10.2018ж.)  VІ

тапсырмасында:  «Өз   жеріңді   танып   біл»   жаңа   бастамасы   аясында   еліміздің   өңірлері

бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек – деген тапсырмасын еңселей

 келе,


қ

азіргі таңда дүние жүзінде жастар туризмін  дамыту өзекті  мәселенің бірі болғандықтан,

елімізде экстремалды туризм орталықтары болуға лайықты жерлердің көптігіне байланысты,

жастардың туристік клубтарын жаңғырту мақсатында құрылған «Студенттік гид мектебі»

жұмысы   алға   қойылып,   Егемен   Қазақстанның   құндылықтарын,   ұрпақтар   сабақтастығын,

бірлік   пен   патриотизмді   нығайту   ісін   жастарға   ілгерілетуге   арналған   жұмыс   жоспары

бекітіліп,   жастар   жылының   барысында   ұйымдастырылған   бірқатар   іс-шараларына

атсалысуда.   Оның   ішінде,   жуырда   ғана   өткен   аймақтық   "Студенттік   көктем"   байқау-

фестиваліне оңтүстік өңірден келген өнерпаз жастарға арнайы "Студенттік гид мектебінің"

ұйымдастыруымен   көне   шаһарымыздың   рухани   бай   құндылықтарымызды,   киелі

жерлерімізді,  облысымыздың   тарихи-мәдени   ескерткіштерін  (Тектұрмас,   Қарахан,   Айша

бибі кесенелерін) таныстыруға бағытталған саяхат жүргізілді.



6.  Сонымен   бірге   биылғы   Жолдауда   берілген   маңызды   тапсырмалардың   бірінде:

«Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы,  Бойскаут қозғалысы

сияқты «Сарбаз» бірлестігін құрып, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керек»   -

деп, орындалуы ұсынылған еді.

Осы  маңызды  тапсырманы  алға тарта  отырып,    «Жас  сарбаз»  қозғалысы  негізінде

әскери-патриоттық   тәрбие   беру   ісін   дамыту,   өскелең   ұрпаққа   біздің   даңқты

батырларымызбен,  Ұлт   қаһармандарын   үлгі   тұту   үрдісін   қалыптастыру,   жастарды  ҚР

Қарулы Күштеріне, басқада әскери құрылымдарға дайындау, халқымыздың ерлікпен өткен

ертеңіне ұқыптылық таныту, Отанын сүйетін, жас патриотты азаматты тәрбиелеу, әскери-

патриоттық   тәрбиені   дәріптеу   мақсатында   "Әскери»   кафедра   жанынан   «Болашақ   сардар»

әскери-патриоттық   клубы   құрылып,   студенттерді   клуб   құрамына   баулу,   тартуға   арналған

ақпараттық-насихат   жұмыстарының   нәтижесінде   құрамы   студент   сарбаздар   қатарымен

толықтырылуда.

7.  Жалпы   қай   кезеңде   болмасын   қоғам   алдында   сыбайлас   жемқорлық   мәселесінің

өзекті болуына байланысты елдің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы өзінің ең

маңызды міндеттерінің бірі ретінде бүкіл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күресте біріктіріп, 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын және

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізінде   «Саналы

ұрпақ»   жобасының   2018-2020 жылдарға   арналған   жарғысы   бекітіліп,  Қазақстан

6



Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

Республикасы   Мемлекеттік   қызмет   істері   және   сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы   іс-қимыл

агенттігінің Алқа мәжілісінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №2 хаттамасының 2.3 тармағының 1

тармақшасында: «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

мақсатындағы   «Саналы   ұрпақ»   студенттік   клубын   құру   туралы   шешіміне   сәйкес

университетте «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылып, клуб қызметінің ережесі, жұмыс

жоспары дайындалып, құрамына енген 30-ға жуық студенттермен жұмыс жүргізілуде.

Сонымен   бірге  

Қазақстан   Республикасы   мемлекеттік   қызмет   істері   және   сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің

жетекшілігімен  

ТарМУ-де ағымдағы 2019 жылдың мамыр айында «Саналы ұрпақ» фронт-

офисі   ашылып,   қазіргі   таңда   жобалық   офисі   «Сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы   мәдениет

қалыптастыру,  білім   беру   ұйымдарының   ашықтығы,   академиялық   адалдық,   білім   беру

саласындағы заңнамасына талдау жүргізу,  ақпараттық қолдау бағыттары бойынша жұмыс

атқаруда.



8.  Қазіргі   таңда   бәсекеге   қабілетті,   білімі   мен   біліктілігі   ұштасқан,   алға   қойған

ұмтылысы   мен   ынтасы   өрлеген,   ымырасы   берік   әрі   белсенді   жастарды   қалыптастыруда

бұқаралық ақпараттық құралдарының қоғамда алар орны ерекше. Осы орайда университеттің

медиа-қызметі   жастармен   тығыз   қарым-қатынас   орнатып,   олардың   ой-пікірлерін,   озық

идеяларын ескеріп, «Университет тынысы» газетінде және  

www.tarmu.kz

. ресми сайтында,

әлеуметтік желілердегі парақшаларда қызықты, маңызды әрі өзекті тақырыптарын қозғап,

пікір алмасып, жастардың қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етуде. 

2019 жылдың 23 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Тәуелсіздік ұрпақтары"

атты форумның тікелей көрсетілімі жастар арасында кеңінен таралып, Жастар жылы аясында

Жастар жылының медиа-жоспары құрылып,  әлеуметтік желілерде жаппай арнайы фреймдар

қолдану   акциясы   ұйымдастырылып,   оқытушылар,   қызметкерлер   және   студенттердің

пікірлері мен мақалалары республикалық және жергілікті басылымдарда жарияланып, осы

орайда ұйымдастырылған кең ауқымды шараларына тікелей эфир жасалынып, «Жамбыл»,

«77 TV» телеарналардан көрсетілімдері жүргізілуде.



9.  Жастар   саясатын   іске   асыруда   университетте   оқуда   озат,     шығармашылық,

спорттық   жетістіктерге   жеткен   студенттерге   халықаралық,   республикалық   пәндік

олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқау, ірі - Азия мен әлемдік спорттық

жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріліп, университет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетуге

тиісті жағдайлар қарастырылған. 2018-2019 оқу жылында жалпы 413 студенттерді бір айлық

шәкіртақы   көлемінде   сыйақымен   ынталандыру   мақсатында   8   миллион   652   мың   теңге

жұмсалып, 60 студентке ректордың алғысы жарияланды. 

ІІ. Азаматтық-патриоттық тәрбие

 Әр жас ұрпақтың арман мақсаттарының орындалуына септігін тигізуші, мүмкіндіктер

ортасы   –     біздің   іргелі   оқу   ордамыз   ТарМУ-де  мемлекеттік   саяси   және   бағдарламалық

құжаттарды:  «Болашаққа   бағдар:   Рухани   жаңғыру»,   «Ұлы   даланың   жеті   қыры»   атты

мақалаларын,   кезекті   халыққа   арналған   Жолдауларын,   Жол   карталарында   міндеттелген

тапсырмаларды,  университеттің   Даму   стратегиясын,   тәрбие   жұмысының   жоспарын

ілгерілету мақсатында студенттер арасында түсіндіру, талқылау және насихаттауда барлық

академиялық топтарда тақырыптық, бірыңғай кураторлық сағаттары, түсіндіру жұмыстары,

кездесулер,   дөңгелек   үстелдер,   конференциялар   мен   семинарлар   т.б.,   сонымен   қатар   оқу

жылы   бойы   университет   ұжымы,   профессор-оқытушылардың,   студент   жастардың

ұйымдастыруымен   атаулы,   оқиғалы:   «Білім»   күні,   «Қарттар   күні»,   «Еңбек   күні»,

«Студенттер» күні, «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні», «16 желтоқсан – Қазақстан

Республикасының Тәуелсіздік күні», «1-2 қаңтар – Жаңа жыл», «8 наурыз – Халықаралық

әйелдер   күні»,   «22   наурыз   –   Ұлыстың   ұлы   күні»,   «1   мамыр   –   Қазақстан   халықтарының

7



жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау