Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
танытып, ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік
үлес салмағын байқатуда.
Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның
мемлекеттің саяси ахуалынын қалыптастырудағы рөліне қатысты түрлі сыни пікірлердің
туындауы бірінші кезекте қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығын аңғартқандай.
Жастар саясатын іске асыруда, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда
жастар ісі жөніндегі комитеті бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Тәрбие жұмыстары жоғары
оқу орындарының ең маңызды көкейкесті мәселелерінің біріне жататыны белгілі. Осындай
мәселелермен жұмыс жасауда, жастар саясатын іске асыруда студент жастардың өзін-өзі
басқару саласы үлкен орын алады.
Биылғы жыл ерекше жыл болғаны баршамызға мәлім. Жастар жылының бастамасы
қазақстандық жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының жарқын болуына мол
мүмкіндік беруде.
ҚР «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңы (2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V
ҚРЗ.), «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға
дейінгі Тұжырымдамасы және Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын іске
асырудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасындағы ұсынылған бағдарламалар мен
жобаларды назарға ала отырып, университет жастарының жан-жақты дамуына жағдай
жасау, қолдау көрсету, оларды біліммен, жұмыспен қамту, әлеуметтендіру, жасампаздық,
шығармашылықпен айналысу және волонтерлікті дамыту мақсатында, Жастар ісі жөніндегі
комитеттің құрылымы жаңа жастар ұйымдарымен, жастар қозғалыстарымен
толықтырылды.
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні университетімізде Жастар жылының ашылу салтанаты
облыстық мекеме басшылары, университет студенттері мен профессор-оқытушылар
құрамының қатысуымен өткізіліп, салтанатты жиын алдында студент жастардың
соңғы
жетістіктерінен көрмелер ұйымдастырылып, шара барысында университетте табысты
еңбек етіп, жемісті білім алып жүрген «Тәуелсіздік ұрпақтары» - өз замандастарына үлгі
болып жүрген жас ғалымдарға арналған мемлекеттік грант және стипендия иегерлері,
студенттік құрылыс жасақтары, еріктілер қозғалысы, университет жастар ұйымдарының
белсенді, креативті көшбасшылары мен өкілдері өз жетістіктерімен бөлісті.
4
Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
Осы орайда университет жастарының арасында елінің патриоты, толерантты, рухани-
адамгершілік қасиеті жоғары, азаматтық ұстанымы биік тұлғаны тәрбиелеу барысындағы
студенттік қозғалыстарына бірқатар тоқталып өтсек:
1. «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (23.01.2001ж.)
және «Волонтерлік қызмет туралы» (30.12.2016ж.) Заңдарына сәйкес Жамбыл облысының
әкімдігінің қаулысымен өңірде еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында «Қамқор»
волонтерлік-қайырымдылық жобасын» іске асыру жөніндегі жоспары бекітіліп, жобаны
ілгерілету ұсынылған.
Аталған жобаның маңыздылығын ескере отырып, ректордың бұйрығымен (10.04.19
№192-ст.) бекітілген университеттің 125-ке жуық ерікті студент-жастары, «Қамқор»
волонтерлік-қайырымдылық жобасын» іске асыру бойынша бекітілген қаламыздың №1 және
№2 округтерінде орналасқан 11 000 мыңға жуық шағын және көпқабатты үйлерін аралап,
отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерделеу жөніндегі 822 сауалнамалар толтырылып,
жұмыс барысында халықтың әлеуметтік жағдайымен танысып, шұғыл көмекке мұқтаж
жандарға әкімшіліктен берілген байланыс картасын ұсынып, түсіндіру жұмыстары
жүргізіліп, кеңестер берілді.
Осы орайда «Жақсылық жасап, жарысайық» атты қайырымдылық акциясы аясында
«Үздік волонтер –2017» иегері Мырзабаев Фарух және «Үздік волонтер–2018» Успанбаев
Ақниет бастаған волонтерлердің ұйымдастыруымен 30-ға жуық қайырымдылық шаралары
және өңіріміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік, киім-кешек беру және
25-ке жуық балаларға «Бір күн өз қамқорына алу» акциясының барысында облыстық
«Өлкетану» музейіне экскурсия жасалып, тарихи кезеңдермен таныстырылып, «Аstana Park»
кинотеатрына бару және т.с.с. қайырымдылық жұмыстары жүргізілді.
2. Қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде ілгерілетуге және бүгінде
жастардың кәсіпкерлікке қадам басуына бағытталған "Startup" жобалары әзірленіп, арнайы
мемлекеттік әлеуметтік тапсырманы, жастар стартаптар және инновациялық бағыттары
бойынша университетімізде жобаларды іске асыру мақсатында жастардың кәсіпкерлік
бастамасына қолдау көрсетілуде.
«ТарМУ-дың үздік жастар ұйымы-2018» номинациясының жеңімпазы атанған
"Enactus Dulaty" ұйымының жұмысы да қарқынды дамып, жетістіктері де ауыз толтыра
айтарлықтай: ағымдағы жылы "Enactus Dulaty" командасы «Жастар және кәсіпкерлік»,
«Арбадағы марафон» атты бизнес-форумдарына, облыс әкімінің қатысуымен өткен «Тараз
Хаб» жастар стартабына қатысып, "Enactus Dulaty және" «Start-U» студенттік бизнес-
инкубаторымен бірге «Taza jer – denі saý bolashaq» атты «Жастар экологиялық десантын»
ұйымдастырып, "Enactus Kazakhstan" директорлар Кеңесімен өткен «Reading Club»
Студентік кәсіпкерліктің көшбасшы мектебі тақырыбындағы кездесу, "Enactus Kazakhstan
National Expo 2019" ұлттық студенттік кәсіпкерлер кубогында жобаларын қорғап, Сан-Хосе
қаласында өткен "Enactus World Cup" (АҚШ, Силиконды жазық дала) еліміздің әлемдік
кубокта қорғау мүмкіндігін жеңіп алып, сонымен бірге Жастар жылы барысында «Enactus
Kazakhstan National Expo 2019» атты халықаралық жарысқа қатысып, еліміздің 50-ден аса
ЖОО-ның арасындағы дода барысында біздің команда топ жарып, чемпион атанды. Ендігі
кезекте "Enactus Dulaty" командасы АҚШ, Калифорния, Сан - Хосе қ. Силикон алқабының
астанасында өтетін "Enactus World Cup 2019" Әлемдік кубогында Қазақстан намысын
қорғайтын болады.
3. Сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында 2014 жылдан бері
университет қабырғасында Street workout – көше спорты түрі студенттер арасында кеңінен
қолдауға ие болып, кез-келген алаңдарда, кез-келген уақытта еркін айналысатын көше
спортының жұмысы жастар арасында күннен-күнге даму үстінде.
5