Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
3. Болон процесі және академиялық ұтқырлық бөлімі, Университеттің даму стратегиясын
мониторингтеу, аккредиттеу және СМЖ бөлімі, Кәсіби даму және карьера орталығы мен
«Тараз университеті» баспасының ұйымдастыруымен 13.03.2019ж. күні «Жамбыл
облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында» тәрбиеленетін 42
мүмкіндігі шектеулі балаларға жас ерекшеліктеріне қарай кеңсе тауарлары табысталды.
Жалпы сомма 34000 теңге жұмсалды.
4. Қаржы-экономикалық қызмтінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік сатып алу және
құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, 19.03.2019ж. күні «Жамбыл облыстық мүгедектерді
оңалту және бейімдеу орталығына» барып Оңалтушыларға университетіміздің атынан 50
дана төсек жапқыш және мерекелік тәттілер тарту етілді. Жалпы сомма 73000 теңге
жұмсалды.
5. Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы мен Тіркеу офисінің ұйымдастыруымен
05.03.2019ж. күні «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ 26.02-
02.03.2019ж. күндері Алматы қаласында «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты
халық билер байқауына қатысу үшін қажет ұлттық костюмдерді «Золушка» ЖШС 36.000
теңгеге жалға алынды. Балалар үйінде «Mr.GENTLEMAN» атты өтетін байқауына бас
жүлдеге 62.943 теңгеге планшет және 9 450 теңгеге торт сатып алынды. Жалпы сомма
109 000 мың теңге қаражат жинады.
6. Қабылдау комиссиясының ұйымдастыруымен 15.03.2019ж. күні "Жамбыл облыстық
жасөспірімдер үйінде" қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында 1 қой (30000 тг.)
және 1 қап (50 кг.) ұн берілді. Жалпы сомма 35000 теңге жұмсалды.
7. Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 28.02.2019ж.
күні «Ақыл ойында кемістігі бар балалар мектеп-интернатының» балаларына
қажеттілеріне жұмсау үшін қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы сомма 40000 теңге
жұмсалды.
8. Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің және Экономика және бизнес
факультетінің «Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен 18.03.2019ж. күні «Жамбыл
облыстық зорлық зомбылық немесе зорлық зомбылық қаупі салдарынан қиын өмірлік
жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына» барып 80000 теңге қаржылай
көмек көрсетілді.
9. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Дулатитану» ғылыми-зерттеу
орталығы және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен
05.04.2019ж. күні Тараз қаласындағы «Аналар үйіндегі» 1 жасқа дейінгі 14 баласымен 6
жас аналарға киім, ыдыс, ойыншықтар, жөргектер басқа да керек-жарақтар берілді.
Жалпы сомма 40000 теңге.
10. Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің,
Технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен 28.03.2019ж. күні №2 Қарттар үйіне
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ мерекелік кештер өткізуіне
қажетті музыкалық аппаратура алу үшін қаржылай сыйлық жасады. Жалпы сомма 80000
теңге жұмсалды.
11. Мұнай, газ және механика факультетінің ұйымдастыруымен №2 Қарттар үйіне
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ 20 данаға жуық бөлме гүлін
сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
12. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер
ұсыну орталығында» тұратын 95 балаға қайырымдылық ретінде қажетті заттарды
ойыншықтар, құрастырғыштар, самокаттар, коляска, ходунок, тамақтану үстелі кітаптар,
жаялықтар (подгузник) және балмұздақтарды сыйға тартты. Жалпы сомма 287 650 теңге
жұмсалды.
16
Есеп
Н ТарМУ 15/1.12-2018
1 баспа 05.05.2018
13. Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен 13.03.2019ж. күні «№3
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында» (Қарттар үйі, Қаратау қ.) тұратын 80
қартқа арнайы дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
14. Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен 25-
28.03.2019ж. күндері аралығында аз қамтылған, тұрмысы төмен көп балалы 5 отбасына
қаржылай көмек көрсетті. Жалпы сомма 47000 теңге құрады.
Жалпы қайырымдылық шараларына шамамен 931650 теңге көлемінде жұмсалды.
V. Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020
жылдарға арналған тұжырымдамасында нақтыланған тапсырмаларға сәйкес студент-жастар
арасында діни экстремизмнің алдын-алу, экстремистік идеологияға қарсы иммунитетін
қалыптастыру, діни сауаттылықты жетілдіру мақсатында университетпен Жамбыл облысы
Дін істері департаменті арасындағы бірлескен екі жақты Меморандумының негізінде
дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекетінің алдын-алу бойынша жүйелі іс-шаралары:
Жастар және дін», «Ғаламтор және дін», «Зайырлық және дін», «Дәстүрлі дін танымы
туралы», «Жаңа діни ағымдардың кері әсері» атты бейне-роликтерінің көрсетілімі
академиялық топтардың бірыңғай кураторлық сағаттарында ұйымдастырылып, талқыланып,
оқу кешендерінде орналасқан электронды киоскілерінде және ақпараттық стенділерінде
орналастырылды.
Сондай-ақ оқу жылы барысында (08.11.2018ж.) Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың Жамбыл облысына іс-сапары барысында
ТарМУ-нің студенттеріне арналған кездесуімен бастау алып, оқу жылы бойы республикалық
«Терроризмге қарсы комитеті» оңалту, оқыту-әдістемелік орталығының басшысы Мирхат
Мадияровпен, Жамбыл облысы прокуратурасы қызметкерлері, Жамбыл облысы әкімдігінің
Дін істері басқармасының дінтанушылары, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері
басқармасының Дін проблемаларын зерттеу орталығының, Жамбыл облысы әкімдігінің
«Оңалту орталығының» басшыларының қатысуымен «Ұлттық құндылықтар – жат діни
ағымдарға қойылатын тосқауыл», «Жастар және дін: терроризм мен экстремизмнің алды-алу
жағдайлары», «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы», «Діни-радикалдық
ағымдардың ықпалына қарсы тұру – бүгінгі күннің өзекті міндеті», «Қазіргі әлемдегі
лаңкестік және діни экстремизмнің қаупі» тақырыптарында студент жастармен және
жатақхана студенттерімен кең-ауқымды кездесу, дөңгелек үстел отырыстары өткізіліп,
университеттегі діни атрибутикалық киім үлгісін киетін 14 студент қыздың 3-і оқу бітіріп, 1-і
оқудан шығып кетуіне байланысты, қәзіргі таңда 10 студент қыздармен Тараз қалалық Дін
проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Садық Мадина мен университ психологы
А.Т.Абдрахманованың тарапынан арнайы «Жеке кеңес беру», «Сұхбаттасу», «Мандала»,
«Арт» (диагностикалық және психикалық) терапиялары тұрақты жүргізілді.
VI. Құқықтық тәрбие
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, студенттердің құқықтық
мәдениеттін арттыру мақсатында университет пен Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаменті Жергілікті полиция қызметі арасындағы ынтымақтастық туралы
Меморандумындағы көзделген міндеттерді орындау барысында насихат, түсіндіру, талқылау
және жүзеге асыруға арналған жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп, университет
жастарымен, жатақхана студенттерімен облыстық жергілікті полиция қызметі өкілдерінің
қатысуымен жастар мен жасөспірімдер арасында жиі орын алатын ұсақ бұзушылықтарға жол
бермеу туралы дәрістері оқылды.
17