Н тарму 5 12-2018 баспа 05. 05. 2018



жүктеу 2,27 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата15.01.2020
өлшемі2,27 Mb.
#26821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

Жастар   сарайында   әскери   кафедраның   жетістіктері   мен   студенттік   күндері   туралы

ақпарат қойылған стендтер қойылды, сондай-ақ қарудың үлгілері ұсынылды.

15. 15 ақпан-интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні, осыдан тура отыз жыл

бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару басталды.

Осы атаулы күнге   орай әскери кафедрада 11-15 ақпан аралығында (студенттердің

әскери кафедраға келу күндері) «Естелік уақыттан да қымбат» атты ерлік сабақтары өтіледі,

оны   әскери   кафедраның   тәрбие   және   әскери-патриоттық   жұмыстары   бойынша   жауапты

запастағы подполковник                Жұмабеков У.Ж. ұйымдастырып өткізді.

2018   жылдың   12   ақпанында   осы   тақырыптық   іс-шараға   интернационалист-

жауынгерлер: Салиев Ж.М., Копбаев А.Д., Сембиев Н.О., Мұсаев Б.,Таңатаров Б., Шопаев Г.

Ұ. шақырылды.

Әскери   кафедра   бастығы   полковник   Мукушев   С.А.   шақырылған   қонақтарды

құттықтап, барлық қатысушыларға сөз сөйледі. 

Одан әрі ардагерлер, қатысушылар және әскери іс-қимыл куәгерлері Ауған соғысы

туралы естеліктерімен бөлісті. 

Қонақтар   ерлік,   батылдық   және   Отан   алдындағы   борышты   атқаруға   деген   өз

көзқарастарын білдірді. Соғыста ғана ерлік көрсету міндетті емес, күнделікті өмірде де күн

сайын   батылдық   танытуға,   өз   отбасы   үшін   тірек   және   қорған   болуға,   мұқтаж   адамдарға

көмекке   келуге,   белсенді   азаматтық   ұстанымы   бар   жай   ғана   адам   болуға   болатындығын

айтты.

  Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылардың сөз сөйлеуі Ауған оқиғалары туралы



деректі фильмдерді көрсетумен жалғасты.

  Әскери кафедра студенттерімен интернационалист-жауынгерлерге арнап мерекелік

концерт дайындалып, қабырға газеттері шығарылды.

Іс-шара соңында барлық шақырылған қонақтарға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс

етілді.

16.  2019 жылдың 14 ақпан күні «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клуб мүшелері



Тараз   қаласындағы   «Ерлік»   мемориалдық   кешеніндегі   интернационалист   жауынгерлерге

арналған ескерткішке гүл қойды.

Рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске

алды.


17.     Жамбыл   облысы   полиция   департаментінің   бастығы   полиция   полковнигі   А.М.

Оразалиевтың   есептік   кездесуі   2019   жылдың   1   наурыз   күні   Тараз   қаласының   Мәдениет

сарайында өтті. 

Іс-шара   барысында     өз     жұмысында   жоғары   нәтиже   көрсеткен   қызметкерлерді

марапаттап,   қоғамдық   тәртіпті   сақтауға   белсене   қатысқаны   үшін   «Бүркіт»   полициямен

бірлескен   көмек   көрсету   жасағының   студенттері   Нұрғали   Есімхан   мен   Тимур

Жақсымбетовке алғыс хаттар табыс етті.

18.   Кәсіптік  бағдар  беру жұмысы  аясында  жастармен  әр түрлі  іс-шаралар,  соның

ішінде университет факультеттері мен кафедраларын таныстыру экскурсиялары өткізіледі.

2019 жылдың 1 наурыз күні Тараз қаласындағы №20 орта мектеп оқушылары М. Х.

Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универсиетінің әскери кафедрасына болды. 

Әскери   кафедра   бастығы   полковник   Мұқышев   С.А.   олармен   ақпараттық-түсіндіру

жұмыстарын жүргізді, ал аға оқытушы запастағы майор Оңалбеков Қ.А. әскери кафедраның

оқу-материалдық базасымен, оқу қару-жарақтары және техникаларымен таныстырды.

19.   Мереке қарсаңында 6 наурыз күні әскери кафедрада мерекелік сценарий әскери

кафедра   бастығы   полковник   Мұқышев   С.А.   құттықтау   сөзімен   басталды.   Содан   кейін

запастағы   подполковник   Жұмабеков   Ұ.Ж.   мен   запастағы   майор   Оңалбеков   Қ.А.

12



Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

ұйымдастырған  әскери  кафедра  студенттерінің  орындауындағы  мерекелік  концерт  болды.

Студенттердің орындауында өлеңдер мен әндер айтылды.

20. 2019 жылдың 27 наурыз күні «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының 20

қатысушысы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаевтың басқаруымен «Оңтүстік» өңірлік

қолбасшылығы әскерлері басқармасының штабында болып, онда қолбасшының тәрбие және

идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Е.Б.Бятовпен кездесті, ол өңірлік

қолбасшылықтың   құрылу   тарихы,   оның   қалыптасу   кезеңдері   мен   қазіргі   кездегі   маңызы

туралы егжей-тегжейлі мәлімдеді. 

Соңында   «Болашақ   сардар»   әскери-патриоттық   клубының   жетекшісі   запастағы

подполковник Ж.П.Наурызбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы өкілдеріне қызықты да

танымдық экскурсия өткізгені үшін алғыс білдірді.

21.   2019 жылдың 3 сәуірі күні гидрокешен аумағында тағы да бір   полиция тірек

пункті салтанатты түрде ашылды.

Ашылу   салтанатында   М.Х.   Дулати   атындағы   Тараз   мемлекеттік   университетінің

ректоры  педагогика  ғылымдарының  докторы, профессор              М.Н. Сарыбеков,  Жамбыл

облысы  полиция  Департаментінің  бастығы  полиция  полковнигі  А.М. Оразалиев,  полиция

қызметкерлері, университет студенттері және Тараз қаласының тұрғындары қатысты. 

Салтанатты   шараның   өту   барысында  «Бүркіт»   полициямен   бірлескен   студенттік

отряды ұрыс тәсілдерінің көрнекі қыймылын, саптық әдіс-тәсілдер мен  сапта қару-жарақпен

жүріп өту және саптық ән орындауды көрсетті.                     

22. 2019 жылдың 3 сәуірі күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің №1 жатақханасында тұратын студенттерге 

Ә

скери кафедра бастығының 



орынбасары запастағы подполковник  М.Ф. Алибеков және запастағы майор К.А. Оналбеков 

дәріс оқыды. 

Өз сөздерінде запастағы подполковник   М.Ф. Алибеков  және запастағы майор К.А.

Оналбеков  Сағадат   Қожахметұлының   жарқын   өмірінен   үзінділер   келтірді,   тәуелсіз

мемлекетіміздің   қалыптасуының   күрделі   кезеңінде   Қазақстан   Республикасы   Қорғаныс

Күштерінің беделі мен мәртебесін нығайтуға, дамытуға, қалыптастыруға қосқан баға жетпес

ерең еңбегі туралы баяндап берді. 

Қатысушыларға     «Қазақстандық   -  Кеңес   Одағының   Батырлары.  Сағадат

Нұрмағамбетов» фильмін көрсетумен қорытынды жасалды.  

23.    М.Х.   Дулати   атындағы   Тараз   университетінің   әскери   кафедрасында   Кеңестер

Одағының   Батыры,   Халық   Қаһарманы,   армия   генералы   Нұрмағанбетов   Сағадат

Қожахметұлының     туғанына   95   жыл   толуына   арналған     «Тұғыры   биік   нар   тұлға»   атты

«дөңгелек   үстел»   әскери   кафедра   бастығы   полковник   С.   Мұқышевтің   тікелей

бастамашылығымен өткізілді.

«Ер есімі – ел есінде» атауымен батыр өмірінен шағын баяндама жасалынды. Кеш

барысында   Батыр   рухына   арналған   патриоттық   әндерді   әскери   кафедраның   студенті

Жапсаров Айбек нақышына келтіріп орындап шықты. 

   24. 2019 жылдың  25 сәуірі күні «Болашақ сардар» әскери патриоттық клубтың 

жиырма мүшесі халық жазушысы және қолбасшы Бауыржан Момышұлының туылған жері 

Жуалы ауданының орталығында орналасқан, оның есіміне берілген  музейғе барып қайтты. 

«Болашақ сардар» әскери патриоттық клуб жетекшісі запастағы подполковник Ж.П 

Наурызбаев музей жетекшісіне қызықты және мазмұнды экскурсия жасағаны үшін шын 

жүректен алғысын білдірді. 

25.     2019 жылдың 26 сәуір күні «Бүркіт» полициямен бірлескен студенттік отряд

студенттері   «Халық   қаһарманы»     полиция     капитаны           Ғазиз   Байтасовтың   құрметіне

арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.

13



жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау