Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Жуу сұйықтары. Су негізіндегі жуу сұйықтары



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет76/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   168
Бурение

6.4 Жуу сұйықтары. Су негізіндегі жуу сұйықтары.
 
 
Су. 
Бұрғыланатын тау жыныстары орнықты, опырылмайтын болған 
жағдайда ұңғыны жууға таза су қолдануға болады. Су жуу сұйығы ретінде 
дүние жүзінде бірінші рет 1848 жылы Францияда штангалы-соққылама 
бұрғылау кезінде қолданылған. Жуу сұйығы ретінде қолданылатын кәдімгі 
судың артықшылығы оның бағасының арзандығы, тұтқырлығының балшық 
ерітінділерімен салыстырғанда көп еместігі және бұрғылау аспаптарының 
кескіш ұштарын салқындатудың тиімділігі болып есептеледі. Егер сумен ұңғы 
қолайлы 
жағдайларда 
бұрғыланса 
механикалық 
жылдамдық, 
балшық 
ерітінділерін қолдануға қарағанда, бірнеше рет өседі. Сонымен қатар, балшық 
ерітінділерін жасауға, балшық пен химиялық реагенттерді тасуға кететін 
шығындарды да едәуір үнемдейді. Осыған қарамастан суды орнықсыз, 
опырмалы және жарқыншақты тау жыныстарын бұрғылағанда қолдануға 
болмайды. 
Балшықтар және балшық ертінділері.
Балшық ерітінділерінің тиімді 
себептері. 
- ұңғының қабырғасына қабыршақ орнатып оларды опырылудан 
сақтайды; 
- бүрғы және шегендеуші құбырларды тозып, мүжілеуден сақтап 
олардың қолдану мерзімін ұзартады; 

үнтақталған 
тау 
жыныстарын, 
бүғылау 
процесі 
тоқталған 
жағдайда, үңғы түбіне түсірмей, қалқытып ұстайды да бүрғылау 
аспаптарын жыныс ұнтақтарымен бастырылып қалуынан сақтайды; 
- сыбағалы салмағы үлкен болғандықтан, су, мұнай және газдың 
ұңғыдан кенеттен атқылауына кедергі жасайды. 
Балшық ерітіндісі су мен балшықтан тұрады. Ол екеуін араластырғанда 
тұрақты қасиеті бар физико-химиялық қосынды балшық ерітіндісі шығады. 
"Балшық" деген сөз негізінде үш мағанада қолданылады: 
- тау жынысының бір түрі; 
- майда түйіршікті кристалдық минералдардың жеке тобы; 
- ұңғыларды бұрғылағанда пайда болатын ұнтақталған тау жыныстары 
ретінде. 
Балшыктар жер қыртысында ең көп тараған шөгінді тау жынысы. 
Олардың ең маңызды қасиеттері - ісінулігі, иілімділігі, гидрофильділігі, иондық 
айырбастығы және су ішінде өте кішкентай бөлшектерге бөлінуі болып 
есептеледі. 


Балшық құрамында бірнеше минералдар ұшырасады. Минералдардың 
химиялык кұрамы негізінде төмендегендей болады: 
монтмориллонит 
каолин 
иллит / сулы слюда /
палыгорскит
Монтмориллонит минералдарына сапонит, нонтронит және вермикулит 
жатады. Каолиннің құрамында каолинит, наркит, галуазит, диккит, аноксит, 
энделит сияқты минералдар болады. Сулы слюда (гидрослюда) минералдарына 
гидромусковит және иллиттер жатады. Полыгорскиттер құрамына аттапульгит 
сепиолит, палыгорскит минералдары кіреді. 
Бұдан басқа, балшықтардың құрамына әртүрлі мөлшерде темірдің 
(Fе
2
О
3
), сілті металдардың (Nа
2
О,К
2
О), сілті жерлік металдардың (СаО, Мg) 
тотықтары кіреді. Металдардың тотықтарының балшық минералдарымен 
байланысы әртүрлі. Олардың бір бөлімі алюминий тотықтарының орнын басып 
балшық минералдарының құрамына кіруі мүмкін, ал басқа бөлігі балшық 
заттарымен байланысты нашар болғандықтан, тек қана алмазудың негізі 
болады. 
Ұңғы бұрғылауға арналған жуу сұйықтарын дайындайтын заттар 
тұрғысынан алғанда, балшықтарды келесі үш түрге бөлуге болады: 
1) 
бентонитті 
балшықтар, 
олардың 
құрамында 
85%-ке 
дейін 
монтмориллонит минералдары болады; 
2) 
палыгорскитті 
балшықтар 
негізінен 
монтмориллонит 
және 
палыгорскит минералдарынан түрады; 
3) құрамында жоғарыда көрсетілген минералдардың барлығы және 
топырақтар бар балшықтар. 
Өндірісте бұрғылау сұйықтарын жасау үшін көбінесе бентонит 
балшықтарын қолданады, себебі одан сапасы өте жоғары балшық ертінділері 
шығады. 
"Бентонит" деген термин 1897ж. АҚШ-тағы шағын Рок-Крин поселкасы 
(Вайоминг штаты) жанындағы бор кезеңіндегі 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау