б) бұрғылау кезінде пайда болған жыныс ұнтақтарын (шламды) жер
бетіне шығару;
в) ұңғының орнықсыз қабырғаларын бекіту.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1 Бұрғылау
процестерінің
теориялық негіздері,
оқулық
Мусанов Ә
ҚазҰТУ,
2000
2
Тау жыныстарының
бұрғылау
кезінде
бұзылуы
Караулов Ж.К
ҚазҰТУ,
1995
3 Разрушение горных
пород при бурении
скважин. Учебник.
Спивак А.И.
Попов Д.Н.
М.Недра,
1985
Қосымша әдебиеттер
4 Бұрғылау
кезінде
тау
жыныстарын
талқандау.
Мусанов Ә.
ҚазҰТУ, 2001
5 Тау жыныстарының
ұңғы
бұрғылау
процестеріне
әсер
етуші қасиеттері.
Мусанов Ә.
ҚазҰТУ, 1996
6 Тау жыныстарының
бұрғылау кезіндегі
бұзылуы.
Караулов Ж.К
Баспаев И.
ҚазҰТУ, 1992
7 Ұңғы
бұрғылау
кезіндегі
тау
жыныстарының
бұзылуы
Караулов Ж.К
Курмангалиев
М.Ж.
ҚазҰТУ, 1993
8 Тау
жыныстарын
бұзушы
аспаптар.
Шарошкалы
қашаулар
Караулов Ж.К.
Рахметов М.Т.
ҚазҰТУ, 1994
9 Тау
жыныстарын
бұзушы
аспаптар.
Керн
алушы
аспаптар
Караулов Ж.К.
Рахметов М.Т.
Курмангалиев
М.Ж.
ҚазҰТУ, 1993
10 Основы
физики
горных пород
Ржевский В.В.
Новик Г.Я.
М.Недра 1985
11 Расчет
мощности
двигателя
буров.
Мусанов А.М.
Алматы,
КазНТУ, 1988
станка
с
применением ЭВМ
12 Қатты
қорытпалы
каронкалар
Касенов А.К.
Ратов Б.Т.
Байнимиров О.
ҚазҰТУ, 2001
13 Барлама бұрғылау,
1-2 томдары
Тұяқбаев Н.Т.
Мектеп,
1977,1979
14
Барлау
скважиналарын
бұрғылау.
Туякбаев Н.Т.
Мусанов Ә.
Алматы, 1990.
15 Свойства
горных
пород и способы их
разрушения.
Мусанов А.
Алматы, 1985
Бақылау сұрақтары:
1.
Бұрғылаудың технологиялық тәртібі?
2.
Ұңғының элементтері?
3.
Ұңғының түрлері?
4.
Бұрғылаудың механикалық әдістері?
5.
Бұрғылаудың негізгі операциялары?
4. МИНЕРАЛДАР ЖӘНЕ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ
4.1 Минералдар мен тау жыныстарының құрылысы және құрамы
Минерал дегеніміз физико-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болған
химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері біркелкі табиғи зат.
Бір немесе бірнеше минералдардың жеке геологиялық зат құрайтын тұрақты
қоспасы тау жынысы деп аталады.
Минерал кристалдарының кристалл ішінде заттардың араласуы заңдылығына
сәйкес келетін кеңістік торы болады. Кристалдар торының жеті түрі болады. Олар
бір-бірінен кристалдық осьтердің а, в, с шамасымен және олардың арасындағы
бұрыштары
,
және
арқылы ажыратылады.
Кристалдық осьтер дегеніміз тор түйіндерінің үш бағыттағы ең жақын ара
қашықтығы.
Минералдардың кристалдық қоспаларының
кристалдардың өлшемімен,
жобасымен
және
өзара
орналасу
ерекшелігімен
анықталған
белгілі
микроқұрылысы болады.
Химиялық құрамы бойынша минералдар алты топқа бөлінеді: таза
элементтер, сульфидтер, оксидтер, силикаттар, оттегі қышқылдарының тұздары,
галогенидтер.
Тау жыныстарының аты мен түрі олардың минералдық құрамы мен /тау
жынысындағы минералдардың салыстырмалы мөлшері/ және құрылысымен /тау
жыныстарының минералдар мен минералдық қоспалардан құрылу түрі/
анықталады.
Тау жыныстарының құрылысы, структура және текстура боп ажыратылады.
Структура дегеніміз – тау жыныстарындағы минералдардың өлшемі, жобасы
және олардың өзара орналасу ерекшеліктері. Текстура деп,
тау жыныстарының
ірілеу құрамаларының /минералдық қоспаларының/ ерекшеліктерін, өзара
орналасуын және бағытталуын айтады.
Тау жыныстарының физикасы тау жыныстарының құрамы мен құрылысын,
олардың қасиеттерін, жағдайын және оларда болатын физикалық процестерді
зерттейді.
Сондықтан тау жыныстарының құрылысы мен құрамының параметрлері сан
мәнімен көрсетілуі керек.
Өзінің жаратылысы
бойынша тау жыныстары магмалық, шөгінді және
метаморфтық болып бөлінеді.
Тау жыныстарының жеке бөлшектерінің арасындағы структуралық байланыс
күштерінің салдарынан болатын ілініс әр-түрлі дәрежеде болады. Ол структуралық
байланыстар, өзінің жаратылысы бойынша химиялық (өте үлкен байланыс
энергиясы бар-1,4МДж/мольге дейін), кристализациялық, молекулярлық (өте аз
байланыс энергиясы бар - 45 КДж/моль), вандерваальстық және ионды
электростатикалық /байланыс энергиясы 0,7 МДж/мольге дейін/ болып бөлінеді.
Ең басты байланыстың дәрежесі бойынша тау жыныстарының мынадай
негізгі түрлері болады:
борпылдақ /жеке түйіршіктілі/ – түйіршіктер арасындағы байланыстары
көбінесе
молекулярлық
болмайды,
бір немесе
бірнеше минералдардың
механикалық қоспасы /құм,қиыршық тас, малта тастар жиынтығы/;
қатты /жартастық/ – минералдық бөлшектер арасындағы байланыс қатаң,
химиялық /құмтастар, граниттер, диабаздар, гнейстер/;
байланысқан – жыныстың дисперстік бөлшектерінің арасындағы ілініс
күштер жыныстың ылғалдылығына байланысты өте көп өзгереді: құрғақ кезінде
молекулярлық
байланыс
болады
да,
ылғалданғаннан
кейін
ионды-
электростатикалық байланысқа дейін өседі /балшықты жыныстар, лестар,
саздақтар/.
Шөгінді
жыныстардың
ішінде
өзінің
құрамы
мен
құрылысының
параметрлеріне байланысты органикалық текті жыныстар ерекше бөлінеді. Олар
көміртегінің сутегімен, азотпен, күкіртпен, оттегімен байланыстарының қоспасы
болады. Бұл жыныстар энергияның ең маңызды бұлағы болып саналады.
Мамандардың тұжырымы бойынша органикалық қазбалардағы энергияның табиғи
ресурсы 2
10
17
МДж болады.
Органикалық текті тау жыныстарының ішінде
өте маңыздысы қазбалы
көмірлер.
Көмірдің
құрамы
органикалық
массамен
және
минералдық
қосымшалармен жеке-жеке сипатталады.
Көмірдің
органикалық
массасы
көміртегінің
микрокомпонент-терінің
мөлшерімен бағаланды. Олар тек қана микроскоппен көрінеді, аттары: витрен,
кларен, дюрен және фюзен.
Витрен – көмірдің біркелкі жылтыраған қара және морт түрі. Кларен – шала
жылтыраған көмір. Дюрен – тұтқыр, бұлыңғыр және түйіршікті көмір. Фюзен –
тарамдалған борпылдақ сұрғылт-қара көмір.
Көмірдің органикалық массасының молекулярлық структурасы әлі күнге
дейін толық зерттелмеген. Қазіргі түсінік бойынша көмір заты не коллоидтық
жүйе,не молекулярлықтан жоғары құрылысы бар орта.
Көмірдің көміртегі емес құраушылары оның құрамына минералдық қосынды
немесе элемент-қосымша түрінде қатынасады. Көмірдің қосындысы ретінде кварц,
балшық, пирит, кальцит және тағы басқа минералдар болуы мүмкін. Көмір жанған
кезде күлге айналатын бұл минералдардың салыстырмалы массалық мөлшері
көмірдің күл берушілігі деп аталады. Ол 5-50% шамасында болады.
Көмірдің құрамында күкірт көп болса, солғұрлым көмірдің сапасы
төмендейді. Күкірттің көмірдегі жалпы мөлшері проценттің бөліктерінен 5-6%-ке
дейін болады. Мысалы, Кузбасстың тас көміріндегі күкірттің мөлшері Донбасстың
көміріндегіден 5-10 есе аз.
Көмірдің элемент-қосымшасы ретінде әдетте германий, галий, уран, мыс,
бериллий, молибден, ванадий кездеседі. Көмірдегі
микроэлементтердің мөлшері
500-600 г/тоннаға дейін барады.
Достарыңызбен бөлісу: