Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер
1. Шамшев Ф.А., Тараканов С.Н., Кудряшов Б.Б., Парийский Ю.М., Яковлев A.M.
Технология и техника разведочного бурения. Учебник. 3 изд., перераб. и доп. М:Недра,
1983, 565 с;
2. Афанасьев И.С., Осецкий А.И., Пономарев П.П., Блинов Г.А., Кукес А.И., Морозов Ю.Т.,
Бухарев Н.Н., Иванов О.В., Егоров Н.Г., Егоров Э.К. Справочник по бурению
геологоразведочных скважин. СПб.ЮОО «Недра», 2000 - 712 с.
3. А.К. Касенов. Технология бурения скважин на твердые полезные ископаемые. Учебное
пособие, КазНТУ, 2003 г.
Қосымша әдебиеттер
1. Володин Ю.И. Основы бурения. М: Недра, 1979
2. Породоразрушающий инструмент для геологоразведочных скважин. Справочник.
Корнилов Н.И., Травкин B.C., Берестиев Л.К., Коган Д.И. М: Недра, 1979
3. Гланц А.А., Алексеев В.В. Справочник механика геологоразведочных
работ. М: Недра, 1981
4. Справочник инженера по бурению геологоразведочных скважин. Т.1 и 2 под редакцией
Козловского Е.А. М:Недра, 1984
5. Марамзан А.В., Блинов Г.А. Алмазное бурение на твердые полезные ископаемые. Л:
Недра, 1977
6. Ганджумян Р. Практические расчеты в разведочном бурении. М: Недра, 1978
7. Коломиец А.В., Ветров А.К. Современные методы предупреждения, и ликвидации аварий
в разведочном бурении. М: Недра, 1977.
Бақылау сұрақтары:
1.
Бұрғылау тәртібінің параметрлеріне не жатады?
2.
Өсьтік күштің шамасын қаншаға дейін көтеруге болады?
3.
Айналу жиілігін қалай анықтайды?
4.
Шайғыш сұйықтың көлемін қалай анықтайды?
7.3. Алмазды коронкалармен бұрғылау
Қатты және өте қатты тау жыныстары ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін
бытырамен бұрғыланып келді. Сол жылдары синтетикалық алмаздар коронка
жасауға қолданыла бастады. Қазіргі кезде синтетикалых алмаздармен
жасақталған коронкалар кеңінен қолданылып келеді.
Алмазбен бұрғылағанда бұрғы жиынтығының құрамы қатты қорытпамен
бұрғылаудағы жиынтықтың жабдықталуына ұқсас. Жиынтықта коронка мен
колонкалық құбыр арасына кеңейткіштер енгізілген.
Алмаз коронкалар үш түрлі болады: бір қабатты, көп қабатты және
импрегнирленген. Соңғы жылдары тек бір қабатты және импрегнирленген
алмаз коронкалар шығарылады және қолданылады [25,30].
Алмаз коронканың жалпы сұлбасы 56- суретте кескінделген.
56- сурет. Алмаз коронка
1-
корпус; 2- матрица; 3- кемер-
легіш алмаздар; 4-көлемдік
алмаздар.
Алмаз коронка болат корпустан 1, кей
кездері оны короналық сақина деп
атайды, алмасты матрицадан 2,
көлемдік алмаздардан 4, кемерлегіш
алмаздардан 3 тұрады.
Матрица металлокерамикалық
ұнтақтан жасалады, арнайы формада
алмаздарды трафареттің көмегімен
орналастырғаннан кейін үлкен
қысымда және температурада арнайы
пештерде пісіріледі. Қаттылығы
бойынша матрицалар бес топқа
бөлінеді: өте жұмсақ, жұмсақ, орташа,
қатты, өте қатты. Матрицаның
қаттылығын 1,2,3,4,5 деп
белгілейді.Кейінгі кезде тек 3,4,5
матрицалар шығарылады.
Шетел компанияларында матрицалар 9 классқа бөлінеді. Коронка түрін
белгілеу үшін келесі индекстерді пайдаланады: А – бір қабатты, М – көп
қабатты, И – импрегнирленген. Бір қабатты коронкалар негізінен құрамында
кварц бар біркелкі құрылымды монолит, бұрғыланғыштық категориялары VI-X
тау жыныстарын бұрғылау үшін қолданылады. Көп қабатты коронкалар
қажағыштығы көп және жарықшақты, бұрғыланғыштық категориялары IX-XI
тау жыныстарын бұрғылауға арналған.
Импрегнирленген коронкалар қажағыштығы көп, жарықшақты және
қатты бұрғыланғыштық категориялары IX-XII тау жыныстарын бұрғылауға
арналған.
Алмаз коронкалардың өлшемдері төмендегі 40-кестеде келтірілген.
40- кесте. Алмаз қашаулардың өлшемдері
Сыртқы
диаметр, мм
Ішкі диаметр,
мм
Корпустың
сыртқы
диаметрі, мм
Корпустың
ішкі диаметрі,
мм
Коронка
биіктігі
26
14
24,5
15
55
36
22
34,0
23
55
46
31
44,0
33
55
59
42
57,0
44
55
76
58
73,0
60
55
93
73
90,0
76
65
112
82
109,0
95
65
Әр коронкаға таңдау процесін жақсарту үшін индекс береді. Коронканың
индексінде оның түрі, қолданылатын алмаздардың сапасы мен ірілігі
көрсетіледі, алдымен көлемдік алмаздардың, содан соң кемерлегіш
алмаздардың. Бұрғы коронкасына пайдаланылмас бұрын алмаз түйіршектері
өңделеді. Оларды дефектілері болса алдын ала бөлшектеп алады. Бөлшектелген
алмаздарды Д әріпімен белгілейді (орыстың дробление деген сөзі). Өңдеудің
тағы бір түрі полирование – П әріпімен белгілейді. Зерттеулердің нәтижесінде
овал түріндегі алмаздардың бұрғылағыш қасиетінің жоғары екендігі
дәлелденген. Сондықтан оларды овалдайды. Овалданған алмаздар уш сапаға
бөлінеді: Е,К,L әріптерімен белгіленеді. Тозған коронкадан алынып қайтадан
қолданылатын алмаздарды рекуперирланған алмаздар дейді, Р әріпімен
белгіленеді. Коронканың индексі оның корпусында көрсетіледі. Мысалы,
коронка корпусында келесідей индекс жазылған: 03И5 Д150 К30. Мұндағы 03
коронка конструкциясының реттік номері, индекстің бірінші әрпі И
коронканың конструктивтік түрін (импрегнирленген) көрсетеді, , 5 саны
коронканың матрицасы өте қатты екенін көрсетеді, Д әрпі көлемдік
алмаздардың бөлшектелген екенін көрсетеді, 150 саны көлемдік алмастардың
бір каратында 150 дана екенін көрсетеді, К- кемерлегіш алмаздар екінші
сапалы овалданған алмаздар, олардың ірілігі бір каратта 30 дана.
Алмаз коронкалардың
Достарыңызбен бөлісу: |