Н
қаж
2
1
100
P
P
F
,
мұнда
Н
қаж
- қажау арқылы табылған қаттылықтың көрсеткіші,1/см;
F - қажау ауданы, см
2
- жыныстың тығыздығы;
Р
1
және Р
2
- үлгінің қажауға дейінгі және кейінгі салмағы кг;
Агрегаттық қаттылықты үлгіні бұрғылау арқылы да табуға болады.Ол үшін
үлгіні белгілі бір қалыпты бұрғымен бұрғылайды.
Қаттылықтың өлшемі ретінде,
бұрғыны белгілі бір тереңдікке батыруға кететін бұрғының айналу саны, не
бұрғының белгілі бір айналымда бату тереңдігі алынады.
Қажағыштық тау жынысының ерекше қасиеті. Бұрғылау кезінде тау
жынысының жыныс талқандағыш құралды тоздыру қабілетін қажағыштық дейді.
Қажағыштық қатты минералдардың түйіршіктерінен тұратын және олар
беріктігі аз материалмен біріктірілген тау жыныстарына тән болады.
Қажағыштық тау жынысын құрайтын түйіршіктердің өлшеміне байланысты
болады. Түйіршіктердің өлшемі 2-3мм-ден аз
болғанда қажағыштық шұғыл
азаяды. Оның себебі түйіршіктердің диаметрі аз болса, құрал мен тау жынысының
арасындағы түйісу ауданы көп болады, контактілік кернеулер азаяды.
Тау жынысының талқандалуының жылдамдығы жыныс талқандағыш
құралдың кескішінің жүзінің қажалып тозуына байланысты болады. Мұндай
жағдайда тозу кескіштің геометриялық қалпы сақталынып, геометриялық қалпы аз
өзгеріп тозу және геометриялық қалпы көп өзгеріп тозу болып бөлінеді.
Тозудың бірінші түрі тиімді болады, себебі кескіштің өздігінен қайралуы
жүреді.
Геометриялық формасы аз
өзгеріп тозу біржақты болады, мұндай тозу
шарошкалы қашаулармен бұрғылағанда болады, олардың тозған кезде тістері
мұқалып, үшкір бұрышы өзгереді. Қалпы көп өзгеріп тозу соққымен бұрғылайтын,
қашауларға және айналма бұрғылаудың кесіп әсер ететін коронкаларына тән
болады.
Келесі графикте жыныс талқандағыш құралдардың әр түрлі тозуларына
байланысты бұрғылау жылдамдығының өзгеруі көрсетілген (13 сурет).
13 сурет. Бұрғылау жылдамдығының бұрғы құралының жұмыс істеу уақытына байланысты
өзгеруі. 1 - өздігінен қайралатын құрал; 2,3,4 - қажалып мұқалған құралдар; 5 -
геометриялық формасы мен өлшемін өзгертетін құрал (шойын бытыра)
Бұл графикте бұрғылаудың тиімділігі қашаудың немесе кескіштің жүзінің
мұқалуына байланысты екені көрінеді. Ең үлкен
тұрақты жылдамдық өздігінен
қайралатын құралдарға тән (1 сызық), ең жылдам азаятын жылдамдық кескіш
жалпайып тозғанда болады (4 сызық). Мұндай тозу колонкалық бұрғылауда
қолданылатын қатты қоспалы коронкалардың кескіштеріне тән.
Бытырамен бұрғылауда механикалық жылдамдылықтың уақытқа байланысты
өзгеруі 5-сызықпен белгіленген.
Мұнда бытыраның тозуы алдымен оның бөлшектенуіне байланысты болады.
Қажалып тозу процесін, құралдан өте жұқа жоңқаларды кесетін жеке
сызулардың қосындысы ретінде түсінуге болады. Егер контактылық кернеулер аз
болса (құралдың материалының беріктігінің шегінен аз), онда беттік қажыған тозу
жүреді. Егер кернеулер
материалдың ағу шегінен көп, беріктік шегінен аз болса,
тозу құралдың жеке участкаларының жекеленген жаншылулары ретінде жүреді.
Кернеулер беріктіктің шегінен асқан кезде морт материалдан жасалған құрал
(қатты қоспалар) опырылып және жарылып тозады.
Тау жыныстарының қажағыштығының көрсеткіші ретінде құралдың қажалып
тозуы, немесе тозғыштық және қажауға төзімділік алынады. Қажалып тозу
құралдан ажыратылатын массамен
М бағаланады (абсолюттік тозу).
Бұл массаның тозатын материалдардың тығыздығына
қатынасы көлемдік
тозу деп аталады.
Сонда
3
м
P
M
V
M
.
Тозғыштық
w
деп тозу кезінде ажыратылған массаның сол ажыратуға
жұмсалған жұмысқа А
n
қатынасын айтады.
An
M
w
.
Қажауға төзімділік і
М массаны ажыратуға жұмсалған жұмыстың Аn сол
массаға қатынасымен сипатталады.
M
Au
i
.
Қажағыштық тозған құралдың массасын өлшеу арқылы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: