240
5.
Бұрғы мұнаралары не үшін керек?
13. БҰРҒЫ СОРАПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
Колонкалық сонымен қатар роторлық және турбиналық
бұрғылауда ұңғыны жуу
техникалық сумен немесе сазды ерітінділермен жүргізіледі.
Жуу сұйықтығын ұңғыға айдау үшін бұрғылау сораптарының екі түрін қолданады:
а) қос әсерлі поршенді, екі цилиндрлі және б) бір әсерлі плунжерлі екі және үш цилиндрлі.
Қос әсерлі поршенді сораптың жұмыс істеу принципі
(75,а-сурет). Шкив айналған
кезде тісті доңғалақтар айналмалы қозғалыс алады. Тісті доңғалақтар біліктің көмегімен
крейцкопфты, штокты, поршенді ерсілі-қарсылы қозғалысқа келтіреді.
Цилиндр сәйкес
клапандармен оқшауланған сору және айдалу камералармен байланысқан. Поршень оңға
қарай жылжығанда цилиндрдің сол жағындағы сорғыш клапан ашылады, ал айдаушы
клапан жабылады және цилиндрдың сол жақ қуысына қорылдақ қабылдағыш клапан және
сорғыш шлангы арқылы сұйықтық кіреді. Цилиндрдің оң
жақ қуысында сорушы клапан
жабылады да айдаушы клапан арқылы сұйықтық ұңғыға қарай айдалады. Поршень солға
жылжығанда цилиндрдың оң жағында сұйықтық сорылады (клапан 15 ашылады, ал
клапан 14 жабылады), ал сол жақ қуыс бөлігінде клапан 9 жабылады да, клапан 10
ашылып сұйық айдалады. Біліктің бір айналымында
поршень екі жұмыс жасайды, яғни
сұйықтықты сору және айдау екі рет қайталанады деген сөз. Сондықтан мұндай сораптар
қос әсерлі деп аталады. Сұйықтықты айдау кезінде сұйықтық 10 және 14 клапандар
арқылы айдау камерасына кіреді. Одан кейін манометрі 17
және сақтандырғыш клапаны
18 бар ауа қалпағының төменгі қуысы арқылы айдау магистраліне 19 өтеді. Ауа қалпағы
айдау магисталінде болатын толқуларды тегістеу үшін керек. Поршень цилиндрдің шетіне
келгенде оның жылдамдығы нольге тең болады. Магистральға
айдалатын сұйықтың
көлемі де нөльге тең. Поршеннің жылдамдығы көп болғанда (цилиндрдің орта кезінде)
айдалатын сұйықтың көлемі де көп болады. Айдау магистраліндегі осындай толқуларды
ауа қалпағының көмегімен тегістейді. Магистральда сұйық көп болғанда оның артығы ауа
қалпағына кіреді, сұйық болмаған кезде ауа қалпағы
ішіндегі қысылған ауа артық
суйықты магистральға айдайды. Айдау магистраліндегі толқуларды тегістеудің тағы бір
жолы цилиндрлердегі поршеньдердің әр-түрлі орналаструы.
Достарыңызбен бөлісу: