Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


сәулетсіз — салтанатсыз, көріксіз, сәулесіз, нұрсыз. С



жүктеу 9,76 Mb.
бет42/42
Дата25.11.2017
өлшемі9,76 Mb.
#1867
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

сәулетсізсалтанатсыз, көріксіз, сәулесіз, нұрсыз. Сәулетсіз дәулет болмайды, Сәулетсіз әлем толмайды. Сәулетші де ақындай, Өмір сырын толғайды (К. Салықов);

сәулетші сәулет өнерімен шұғылданушы, сәулет өнерінің маманы. Сәулетшілер сыйы көп болмақ («Л. Ж»). Алматының оқтай түзу көшелері, сыңғырлап аққан арықтары, сырнайлы тау өзендері, биіктігі жиырма бес метрге дейін жететін жасыл жапырақты түзу ағаштары, сәулет өнерінің соңғы жетістіктерімен салынған сұлу ғимараттары, талантты сәулетшілердің сан бедерлі өрнектері өзіндік өзгешелігі мол абат бояу, алуан ажармен кұбыла құлпырып көз тояттатады (П. Ерпилов).

صوم (саумун) саум ораза (мұсылман дінінше Құдай үшін отыз күн ораза тұту, күндіз тамаққа сабырлық ету). СССР халықтары мұсылман мейрамдарын көбінше арабша аттарының орнына бір мағыналы басқа сөздерді қолданады. Мысалы: «ғид» орнына парсыша-түрікше «байрам» («мейрам»), «саум» — парсыша «ораза» (Л. Климович).

صياد (сайадун) саят1) аңшы, сонаршы, балық аулаушы. Саят арабша — аңшы, аушы (Т. Жанұзақов).

صيد (сайдун) саят1) аңшылық, аулау; 2) жабайы құс. Саятқа оның құмарлығы сондай, қай кезде ас ішетінін білмейсің (С. Мұқанов). Тұрығым тұл, тұйғын қашты саяттан, Өзегімде секілді бір от жатқан (Мақтымқұлы). Саятта аң ол бір мерей, Мылтық ап, бүркіт ұстап, қақпан салып (І. Жансүгіров);

саяттану дайындалу, әзірлену. Жарқылдап жабырқаусыз жайдары жан, Жұлқынып жазғы егіске жарақтанған, Шыңына шыбық шаншып, гүл түлетіп, Сайлы емен саяхатқа саяттанған (Жамбыл);

саятшыаңшы, сонаршы, балық аулаушы. Ат жетім — өрен жүйрік шабылмаса, Бойынан ащы тері алынбаса. Құс жетім — ерте түлек салынбаса, Салатын саятшысы табылмаса (Ақан сері). Бертін келе аң аулау ісіне бүкіл ауыл болып араласпай, оны жеке адамдар, мерген жігіттер, құс сырын білетін саятшылар кәсіп еткен (М. Ғабдуллин). Атқа қонайық! — деп бұл үш қостың ең үлкен бүркітшісі, саятшысы — Тұрғанбай асығыс бұйрық айтты (М. Әуезов);

саятшылықаңшылық, сонаршылық, балық аулаушылық. Астына жүйрік ат мініп, қасына қос тазы ерткен, жасы жиырмадан көп ұзамаған ақ сары жігіттің бар ермегі әзірге саятшылық Қ. Ә. Т.»). Аңшылық, саятшылық жасады (Б. Соқпақбаев).

ض
ض ~ ضاد (дадун) дараб алфавитінің он бесінші әрпі; сандық мағынасы 800. (Арабтың бұл дад деген әрпін қазір араб алфавитін қолданатын парсылар, ауғандар сияқты оны бұрын қолданған елдер де зад деп алған, бізде де солай. Арабтың қадый, қады, рамадан, қыдыр деген сөздері қази, қазы, рамазан, қызыр (хызыр) болып айтылатыны сондықтан — Н. О.). Зат — зайығ, өмірім өтті менің бекер, Тай — талаптан, әйтеуір құр қалмаймын (Абай).



ضبط (дабтун) забыт1) билеу; 2) тұтқын; конфискация (мүлкін); 3) тексеру; 4) анықтау; 5) ұйым; 6) бақылау, есепке алу. Қазақ хан уә сұлтанлары арасында ешкім ол ұлусты Қасым ханша забыт (билеу) қылған емес тұр (Мұхаммед Бабур). Салып жатыр жау забытын Қалмады енді бөгелер түк. Жаралыны алдағы түн Партизанға жөнел ертіп (С. Мәуленов).

ضد (диддун) зидд1) дұшпан, жау, күндес, бақталас; 2) қарама-қарсылық;

зидди1) қарсы, қарсы жақ, қарама-қарсы; 2) жексұрын. Уа әммәлләзинә... аятына қарасаң, ғаламус-салих залымдықтың зидди болар (Абай).

ضرب (дарбун) зарып1) сабау, соққы; 2) соғу (ақшаны), қондыру (бедерді); 3) матем. есепті көбейту. Қарашаш ана басынан Сорғалап қан ағады, Қаят таяқ зарпынан Қарашаш сұлу талады (Төрехан). Тоғыз бидің зарпынан Есендеспей барамын, Қайран жұртым, елдегі Жасы үлкен кәріге (Алмажан).

ضرر (дарарун) зарар1) зақым келу, мертігу, зиян келу, бүліну; 2) зиян, залал, шығын. Аққуды қарға қылар көре алмаған, Ит еркелеп сүйсінсе ауыз жалар, Сөз көп қой қыз балаға қиқаңдаған. Жаманды жақсы көрме, үйір қылма, Зарар бар жылы сөзде бипаңдаған (Ақан сері). Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында жаратпай, ...екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып... екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ берді (Абай);

зарарлызиянды. Балқи дүниенің ғылымын білмей қалмақтық - бір үлкен зарарлы надандық... (Абай);

зарарсыззиянсыз, залалсыз. Елге зарарсыз болатын жайлы, жақсы адамды сайлатуын кеңес еткен Михайлов (М. Әуезов). Түбінде зарарсызды шын дос көрдім (С. Дөнентаев);

зарарсыздандырузиянсыздандыру, залалсыздандыру. Спиртті операция жасарда малға ішкізіп, ұйықтату үшін және хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыру үшін пайдаланады (Р. Әбішев). Глюкоза бауырдың микробты зарарсыздандыру қасиетін арттырады (М. Исаев);

зарарсызданузиянсыздану, залалсыздану. Личинкалар қыста түгелдей қырылып қалады да, көктемге дейін жойылып, зарарсызданады (Ө. Қарамендин). Сөйтіп, кеңсірік арқылы өкпеге өтетін ауа тазарып, жылынады және зарарсызданады (А. А.);

зарарландырузиян, залал келтіру. Бұл да гемонхоз сияқты малды күзде зарарландырады, бірақ оның аса күшейетін шағы январь айына дейінгі кезең («Шопан сырласы»);

зарарсыздандырылузиянсыздандырылу, залалсыздандырылу. Зарарсыздандырылған таза шыны сауытқа гамма-глобулиннің 6 мл 10 проценттік ерітіндісі біртіндеп құйылады (А. Айтқожин). Қора-қопсымен қатар оның айналасы, құрал-саймандар мен әбзелдер және басқа нәрселер де зарарсыздандырылады (Т. Тілеуғалиев);

зарарланузияндану, залалдану. Зарарланудың ең қауіпті кезеңінде профилактикалық жаксы нәтижелерге жету үшін койға тотияйынның тұзбен қоспасын жегізу ұсынылады (Малгельментоз).

ضرورة (даруратун) зәрураткеректік, мұқтаждық. Оныңның оқасы жоқ, онда бірақ Сұрасаң, білмек үшін зәрураттан. «Екі дәу» деген сөздің тәржімасы, Ықтимал табылады екі аяқтан (Шораяқтың Омары). Жетпіске жасың келсе, денең солып, Сөл қалмас тамам ағыза зәрураттан (Шәді төре).

зәрукерек, қажет. Ауруға зәру еді (І. Жансүгіров). «Дала малсыз, ат жалсыз болмайды» деп мақалдап, өзінің бақ-дәулетке, сый-құрметке зәру еместігін айтты (Д. Әбілев). Қаладан қашық тұратын ауылға бәрі қат, бәрі зәру (Ә. Нұрпейісов).

зәрулікмұқтаждық, қажеттік.— Мұндай босқа өмір өткізетін хикая әңгіме кітаптың баланы көк ми қылып, шатастырудан басқа пайдасы болмайды. Өзінің білген шамасынша, әуелі зәрулігі болған... үйренетін һәм зейінін ашып, ақыл беретін, ұғынуына қолайлы, заманына лайықты бұл уақытта пайдалы кітаптар көп (С. Торайғыров). Ол өзінің творчестволық командировкаға зәрулігін, Ленинград архивінен біраз материалдар қаратуға тура келіп отырғанын айтты (Шаймерденов);

зәруліксізкерексіз, мұқтажсыз, қажетсіз. Жалпы алғанда қазақ романдарында аса зәруліксіз қатарға қосылып, кейіннен жан ауыртпай, ұмыт қала беретін «басы артық» қаһармандар жиі кездесетіні кәміл (Р. Бердібаев);

зәрушілікмұқтаждылық, қажеттілік, ділгерлілік. Түрікмен халқы ғасырлар бойы су зәрушілігінің зардабын тартып келеді (Ә. Кәкімжанов). Егер кадр зәрушілігі қысып бара жатса, орта мектепті педагогтық бейіммен бітіргендерді пайдалануға болар («Қ. М.»).

ضعف (да‘фун) запы1) күшсіздік, әлсіздік, дәрменсіздік, шарасыздық; 2) ауыс. ығыр болу, жүрек шайылу. Запы болған (ақтардан) жасқаншақ жандар қояндай үрпиіп, үйден шыға қашты (С. Омаров). Июль мен август бойы ыстықтан запы шеккен ташкенттіктерді ауа райын зерттеушілер шамалы күн салқындайды деп қуантқан еді («С. Қ.»);

зафы. Маңдайшасына басын талай соғып, зафы болған ол, бұл жолы тым еңкейіп кірді (Ө. Қанахин);

запылық запы болғандық, запы шеккендік. Байбосынның бәрібір мектеп қабырғасына қайыра барғысы келмейтін запылық ыңғайын сезді (Ж. Молдағалиев). Елден шалғай оңаша тірлігінің запылығын осы шешесі қайтыс болған мезетте пысықтай түскен еді (О. Бөкеев).

ضعيف (да‘йфун) зағип1) әлсіз, күшсіз, нашар; 2) ауру; 3) ауыс. әйел, жамағат, жұбай. Соқпалы жол шоқалақты жерден де ауыр тиіп, астында шөбі де жоқ арба зағипты — тұтқынды әлсіретіп тастаған (X. Есенжанов). Совет үкіметі орнады, соның жәрдемімен мен сияқты зағиптардың еңбек атқаруына, балаларын тәрбиелеуге көмектесетін қоғам құрылды (С. Мұқанов);

зағып. Мүгедек кептер сорлы, әлсіз зағып. Болған соң ақ сұңқарға мұңын шағып. Талақ қып өтірікпен жан сақтауды, Жөнелді лашынды іздеп қанат қағып (С. Сейфуллин);

зағипты1) ауруы бар, нашар, бейшара; 2) диал. күдікті. Қарап отырса, бәрі зағипты адам (Диал. сөздік);

зағиптықнашарлық. Ей, зағиптық! Ол қыз ғой он жетіде, Қыз екені көзінен көрініп тұр (Ө. Нұрғалиев). Тиышбек зағиптығына қарамай, өндіріске келіп, озаттар қатарына қосылды (К. Бекетаев);

Н.Д.ОҢДАСЫНОВ


Арабша – қазақша түсіндірме сөздік
(Қазақ тіліндегі араб сөздері) І том
Толықтырылған және түзетілген екінші басылуы
Жалпы редакциясын басқарған академик Ә.Т.Қайдаров

Редакторы Айгүл Қойшығұлова

Техникалық редакторы Елена Имамниязова

Компьютерде қалыптаған Гүлнұр Жадыранова

Басуға 23.05.11 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32.

Офсеттік қағаз. Қаріп түрі «Times Kaz». Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 19,0. Есептік баспа табағы 16,0.

Тираж 2000 дана. Тапсырыс №60-11

Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат министрлігі
«Білім» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Тел: 394-36-00, 394-41-63. E-mail: bilim05@mail.ru



Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41



жүктеу 9,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау