М.Өтемісов атындағы БҚму-нің баспасына ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбасын дайындау туралы Нұсқаулық 1 Жалпы ережелері Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



жүктеу 160,51 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі160,51 Kb.
#13866
түріОқулық











М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің баспасына ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбасын дайындау туралы

Нұсқаулық
1 Жалпы ережелері
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖБС 5.03.007-2006. «ҚР Білім беру жүйесі. Білім беру- кәсіптік бағдарламалар. Негізгі ережелер». ҚР МЖБС 5.03.10-2006. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор, білім беру ұйымдарында және сәйкес инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмыстарға жетекшілік етуді және ұйымдастыруды жүзеге асыруға арналған «29» қараша 2007 ж. Білім және ғылым министрлігі № 583 бұйрықпен бекіткен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелеріне, ҚР мемлекеттік стандарт ретінде тікелей қызмет атқаруға 01.07.2005 ж. бастап енгізген Халықаралық стандарт ГОСТ 7.60-2003. «Ақпарат, кітапханалық және басылым ісі бойынша стандарттар жүйесі. Басылым. Негізгі түрлер. Терминдер мен анықтамалар», ҚР МЖБС 5.04.19 – 2008. «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелерге» сәйкес дайындалған. «Негізгі ережелер» ҚР БҒМ №325 05.07.2008ж. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен жинақтарды баспадан шығаруға, сараптама жасауға дайындау жұмысын ұйымдастырудың нұсқауларын бекіту туралы ҚР БҒМ-ң №284.06.05.2005жылғы бұйрығы. «Қазақстан Республикасында білімді ұйымдастыру үшін оқу әдебиеттерін жазуға кепілдемелерді бекіту туралы».

Нұсқаулық университеттің профессор-оқытушылар құрамымен дайындаған оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға қойылатын талаптарды бірыңғайлайды.



2 Терминдер және анықтамалар

2.1 Оқу және оқу-әдістемелік әдебиет – оқытудың мақсаты мен мәселелеріне, білім алушыларды тәрбиелеу мен тұлғалық дамуына жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жиынтығы.

Оқу басылымы – ғылыми немесе қолданбалы сипаттағы жүйелендірілген мәліметтерді қамтитын, оқытушы зерделеуге ыңғайлы болатындай да, әр түрлі деңгейдегі білімі бар білім алушыларға да есептелген формада баяндалған басылым.

2.1.1 Оқулық – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының қойылатын талаптарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламасына сәйкес ғылымның белгілі бір бөлігінің білімдерінің негізі баяндалатын, оқу пәнінің (оның ең көлемді бөлімінің) жүйелендірілген мазмұны бар, ҚР БҒМ және ОӘК-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген кітап.

2.1.2 Оқу құралы – ресми түрде басылымның осы түрі ретінде бекітілген толықтыратын немесе оқулықты ішінара/толығымен айырбастайтын, ОӘК-ң грифін алған және арнайы басылым ретінде бекітілген оқу басылымы .
2.1.3 Оқу-әдістемелік құрал – оқу пәнін, оның бөлімін, бөлігін оқыту, үйрету немесе тәрбиелеу әдістемесі бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымы.

2.1.4 Жұмыс дәптері – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын ерекше дидактикалық аппаратты қамтитын оқу басылымы.

2.1.5 Хрестоматия – оқылатын оқу пәнінің оқыту нысанын жасақтайтын әдеби-көркем, тарихи және де басқа шығармашылықтарды немесе олардың үзінділерін қамтитын оқу басылымы.

2.1.6 Практикум – практикалық тапсырмаларды және жаттығулар мен олардың шығарылуларын қамтитын оқу басылымы.

2.1.7 Жаттығулар/есептер жинағы – практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды қамтитын оқу басылымы.

2.1.8 Зертханалық практикумдар, есептеу мысалдары, карталар мен сұлбалардың альбомдары, конструкциялардың атластары, арнайы курстар мен типтік немесе жұмыс оқу бағдарламасындағы пәндердің кейбір маңызды және қиын бөлімдері және т.т. да оқу-әдістемелік әдебиет болып табылады.

2.2 Сөздік, энциклопедия, көрсеткіш, бума, жол сілтегіш анықтамалық басылымдар болып табылады.

2.3 Әдістемелік ұсыныстар –білім алушылардың/оқытушылардың/ мамандардың оқу/практикалық қызметінде оларға көмек ретінде бағытталған, ресми басылым болып саналмайтын, оларға авторлық құқық үлестірілмейтін нұсқаулық басылым.

2.3.1 Әдістемелік әдебиет – пәнді оқып үйренуге, өзіндік жұмыстарды, курстық және дипломдық жобаларды, зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік жетекшілік, семинар сабақтарының жоспарларын, есептеу-графикалық тапсырмалардың нұсқаулары, пәндер бойынша безендірілген материалдар және т.т.

2.3.2 Силлабус білім алушыларға арналған ақпараттық құжат, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘК-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.3.3 Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені – нақты мамандық бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар мен материалдар жинағы, ол оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘК-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.3.4. Бақылау - өлшеу материалдары – білім алушылардың ағымдық, рубеждік, аралық және қорытынды білімдерін бақылауды ұйымдастыруға арналған материалдар, соның ішінде: бақылау жұмыстары, тапсырмалар, тесттер, билеттер және тапсырмалардың басқа түрлері, оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды, ОӘК-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

2.4 Монаграфия – ғылыми немесе әйгілі арнайы басылым. Бір немесе бірнеше автор жазатын, бір мәселені немесе тақырыпты зерттеудің мазмұнын көрсететін басылым. Оқу құралына, арнайы басылымға жатпайды. ОӘК-ң грифі мен авторлық құқық бұған берілмейді.

3. Оқу әдебиеттерінің негізгі түрлерін даярлаудың басты

талаптары

3.1. Жоғары оқу орнына арналған оқу әдебиеттері білім алушылардың ғылыми ой-өрісін дамытуға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтардың жалпыға міндетті білім беру стандарты қарастырғандай жүйеленген материалдардан, нақты және тексерілген ережелерден, түсінікті етіп жеткізе алатын, студенттердің білімін белсенді және творчестволық түрде меңгеруіне біліктілік пен білімділік болу керек.

Оқу әдебиеттері оқу өрбісінің қортындысына, ойлаудың логикалық, творчествалық дамуына, білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға және қалыптастыруға бағытталуы керек.

Оқу әдебиеттері басылымның мынандай негізгі түрлерінен тұрады: оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар, жаттығулар мен есептер жинағы, анықтамалар, сөздіктер, атластар-бұлар авторлық құқығы бар, арнайы басылымдар.

3.2. Оқулық-негізгі оқу кітабы, бұл мамандықтың типтік оқу жоспарындағы пәндердің типтік оқу бағдарламасының теориялық бөліміне толық сай келетін, жоғары идеямен ғылыми және әдістемелік деңгейде жазылған кітап.

Оқу құралы-мамандықтың типтік жұмыс жоспарына, оқу бағдарламасына толық немесе жартылай сай келетін жоғары идеямен ғылыми және әдістемелік деңгейде жазылған оқу кітабы.

Оқулық /оқу құралы мына төмендегідей негізгі талаптар мен қағидаларға жауап беруі керек:

а)жазылатын оқу материалдарын артық нәрселермен толтырмай таңдаған ғылым саласының негізіне сай келетін жағын көрсетуге;

б) оқудың күндізгі, сырттан және дистанционды оқу түрлерін басшылыққа алуға;

в) ҚР Білім және ғылым Министрлігі бекіткен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтарға сай келетін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пәннің типтік оқу бағдарламасына сай болуға;

г) Анықталған ғылыми шолулардың негізінде құрастырылады және қазіргі заманға отандық және бүкіл әлемдік ғылымның, инновациялық технологиялар мен техникалардың жетілуін жабдықтаудан тұрады. Оқулықта курстың систематикалық және ретін сақтау мазмұны қазіргі заманғы ғылыми деңгейде, ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерімен жабдықталған болуы керек;

д) Мазмұнының қысқа да, анық болуымен, қарастырылған мағұлматтар толық және айқын көрсетілуімен ерекшеленуі керек;

е)ғылыми ережелер мен анық жинақталған қорытындыларды, заңдарды, ережелерді, типтік есептерді, мысалдар мен есептерді шешу әдістерін, иллюстрацияларды, схемаларды, сызбаларды, таблицаларды, диаграммаларды, ғылым мен техника дамуының тарихының сұрақтарын қамту керек;

ж) Кредиттік технология бойынша оқуға сай, әрбір параграфтың соңында, білім алушылардың өзін-өзі тексеру үшін бақылау сұрақтары, өзіндік жұмыстарға мысал есептер кітаптың соңында- тест тапсырмалары болуы керек. (30-120 тапсырмалар)

з) Отандық және әлемдік әдебиеттердің сілтемесін қазақ, орыс, және шет ел тілінде, сонымен қатар пәннің алдағы уақыттан терең оқытылуы және өздік жұмысы үшін интернет- ресустары болуы керек,

3.3. Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері мына төмендегілер болып табылады:

1)Кіріспе;

2)Мәтін (негізгі, қосымша, айқындайтын), Бөлімге, тарауға, тақырыпқа бөлінген;

3)иллюстрациялы –көмекші материалдар;

4)Білімді меңгеру аппараты (сұрақтар, тапсырмалар, тестер, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін материалдар)

5)Бағыттау аппараты (алғысөз, шартты белгілер-символдар, көрсеткіштер, тараулар)

Оқулықтар мен оқу құралдарының көлемі типтік немесе жұмыс оқу жоспарында көрсетілген пәнге берілген (сағат) кредитке байланысты болады, кем дегенде 2-баспа табақ болуы керек.

3.4.ОӘК-де қарастыруға, оқулықтың немесе оқу құралының макеті және сонымен бірге бірнеше құжаттар:

-екі сын-пікір, пікір берушілер еңбек ететін ұйымның мөрі басылған болуы тиіс.

- Кафедра меңгерушісі қол қойған, оқулықты немесе оқу құралын шығаруға ұсынған кафедра отырысының хаттамасынан көшірме және мөрі басылған сын-пікірді тіркеу керек;

-ЖОО-ның факультет/кеңесінде баспадан шығаруға рухсат берілген, факультет деканының қолы қойылған, мөрі басылған факультет кеңесінің хаттамасынан көшірме;

3.5.Университеттің факультет ОӘК-нің жанынан ОӘК-не түскен оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жасау үшін және оқу әдебиеттерінің басылымының жоспарын дайындайтын редакциялық комиссия қызмет атқарады.

3.6. ОӘК-нің редакциялық комиссиясына келіп түскен қолжазбалар тіркеуден өтіп, бір аптаның ішінде осы саланың жетекші маманына, сарапшының сараптамасына беріледі.

3.7. Қолжазбалар мен бірге келген құжатттарды қарап, ОӘК-нің сараптамашылары шешім шығарады. Екі айға дейін бір қолжазбаның сараптау қорытындысын шешімін шығару керек. Шешім тапсырыс беруші мен авторға шешім-хат түрінде жеткізіледі. Егерде ОӘК-тің шешімі теріс болған жағдайда хат қорытындысын оқулықтарды немесе оқу құралдарын баспадан шығаруға кепілдеме береді, сонымен қатар Білім және ғылым Министрлігінің грифін немесе «Білім» тобындағы мамандықтардың оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі тағайындалады. Грифте оқулық немесе оқу құралы жоғары оқу орнының қандай мамандық студенттеріне арналғаны көрсетіледі.

Гриф берілгеннен кейін, қолжазбаның мазмұнына гриф берген мекеменің рұқсатынсыз өзгертулер енгізуге болмайды.

3.7.Гриф мәтіні оқулықтың немесе оқу құралының сыртқы бетінің ішкі жағына жазылады гриф мәтінін баспада өзгертуге болмайды.

Қолданыста жүрген МНСТ-қа сәйкес оқулық немесе оқу құралының сыртқы бетінің ішкі жағында қолжазбаға дұрыс пікір берген пікір жазушылардың аты-жөні көрсетіледі. Ғылыми редакторды кітаптың редакторының фамилиясының алдына жазады.

3.8. Әдеби оқулықтар баспасының жылына бір рет талданатын даму жоспары оқу-әдістемелік кеңестер мен комиссиялардың ұсыныстарын негізге ала отырып қалыптасады,

3.9.Оқу әдебиеттері баспасының жоспары жаңа мамандықтар мен пәндердің енгізілуіне орай және факультет/институттардың ұсыныстары негізінде өзгеріп отырады.

3.10. Редакциялық комиссия ұсынған баспаның жоспарын университеттің ОӘК-нің отырысының талқылауынан кейін университет ректоры бекітеді.

3.11. Қолжазбалар мен бірге келген құжатттарды қарап, ОӘК-нің сараптамашылары мынадай шешім шығарады: оқулықтарды немесе оқу құралдарын баспадан шығаруға кепілдеме береді.

3.12 РОӘК-ке ұсынылатын құжаттар тізбесі:

1) ЖОО-ның бланкісіне жазылған ілеспе хатта оқу басылымы жөнінде қысқаша ақпарат, оның шығыс мәліметтері (автор немесе авторлар ұжымының аты-жөні, тегі, қолжазба атауы, басылым нөмірі (алғашқы басылым немесе қайта шығарылымы), көлемі(баспа табағы), басылым қай пән бойынша дайындалған (МЖМББС бекіткен мамандықтың шифры. ), оқу басылымы қай типке жатқызылады (оқулық, оқу құралы), жоспарланған таралым және шығарылым жылы, оның қамтитын оқырман қауымы). Ілеспе хатқа жоғарғы оқу орнының ректоры немесе проректоры қол қояды, ҚР БжҒМ немесе РОӘК оқу басылымының грифин иелену бойынша сұраныспен аяқталады.

2) Дайын басылымның немесе қолжазбаның даналары 4 парақтан кем (оқулықтар және оқу құралдары үшін) немесе 20 парақтан артық болмауы керек.

Басылымдар немесе қолжазбалар А4 және А5 форматтарында міндетті түрде келесі параметрлерді ұстанып ұсынылуы мүмкін:



  • нөмірлеу 3 беттен төменгі жағының ортасына немесе жанына басталады: міндетті түрде тақ парақтар-оң жағында, жұп - сол жағында болуы қажет. (зеркальное изображение);

  • парақ нөмірлері қалжазба терілген шрифтімен қойылады;

  • жиегі: жоғары, төмен, оң, сол жағынан - 2 см;

  • аралық интервал – біраралық жол;

  • қою шрифтімен жазылған тақырып атауы: тарауы мен бөлімдері – бас әріптермен;

  • бөлімшелер, параграфтар – кіші әріптермен;

  • табуляция (абзац)-1см құрауы қажет (5 таңба).

А5 форматы үшін (148х210 мм): Негізгі шрифт (Times New Roman – орыс тілінде, Kz Times New Roman – қазақ тілінде) – 11. Қосалқы шрифт: кестедегі текст, ескертулер, суреттегі жазулар - қазақ және орыс тілдерінде - 9.

А4 формата үшін (210х297 мм): Негізгі шрифт (Times New Roman – орыс тілінде, Kz Times New Roman – қазақ тілінде) - 14. Қосалқы шрифт – қазақ және орыс тілдерінде - 12.

3) Оң баға берген үш рецензия: 1 ішкі рецензия және 2 сыртқы рецензия (кем дегенде 3 рецензияның 2-уін ғылым докторы жазуы керек);

Сын-пікір мазмұнының талаптары.

Бастапқы мәліметтер:



  • Қолжазба атауы, жоспарланған таралым және шығарылым жылы.

  • Автордың (авторлардың) аты-жөні, тегі, ғылыми атағы және лауазымы, жұмыс орны, қызметі.

  • Қолжазба дайындалған пәннің атауы және МЖМББС бекіткен мамандықтың шифры.

  • Мемелекеттік немесе таңдау компоненті бойынша пәннің жұмыс жоспарының құрауышы ретінде қолжазбаның мазмұны және құрылымының бағалануы, қолжазба мазмұнының МЖМББС және пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкестігі.

  • Мазмұнының жаңалығы;

  • Қазіргі заманғы ғылымның деңгейіне сәкестігі (ұсынылған бағыттағы)

  • Қарастырылған сұрақтардың деңгейі және олардың көкейкестілігі.

  • Материалдың әдістемелік деңгейі, білім беру технологиясына бейімделуі.

  • Оқу басылымының мазмұны мен рәсімделуі психологиялық-педагогикалық талаптарды сақталуының дәрежесі.

  • Грифті меңгерудің тиімділігі.

4) грифті меңгеру жөніндегі қолдаухатпен бірге университеттің Ғылым кеңесінің отырысының толық көшірмесі.

Аталып өткен құжаттар оқу құралы қолданылатын ректордың қолы қойылған және ЖОО-ның герб мөрімен жабдықталған мамандықтың типтік оқу жоспарымен толықтырылуы мүмкін және т.б.



3.13. Кітапты баспадан шығару Қазақстан Республикасының өкіметі бекіткен № 1158, 31 қазан 2002 жылғы қаулысына сай, мекемелерде товарларды мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру шаралары негізінде жүргізіледі.




жүктеу 160,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау