М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Құстар класына жалпы сипаттама



жүктеу 2,01 Mb.
бет9/13
Дата08.02.2018
өлшемі2,01 Mb.
#9055
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4.1.Құстар класына жалпы сипаттама.

Құстар – рептилиялардың прогрессивті маманданған ұшуға бейімделген бұтағы. Құстардың прогрессивті құрылысының келбеті бауырымен жорғалаушылардан түбегейлі айырмашылығы бар. Олар: 1.Жүйке жүйесінің неғұрлым жоғарғы дәрежеде дамуы;

2.Осыған орай, көптүрлі бейімділіктерді игерген;

3.Жылылықты реттеуге қабілеттілік жетуіне байланысты денесіне тұрақты жылуды - 38ºС ұстап тұруға қаблеттілікке жеткен.

4.Ұшуға қабілеттілік жеткен.

5.Көбеюдің неғұрлым пргрессивті түріне жақындаған. Жұмыртқа салып өз денесі қызуымен жылу арқылы, оларды қорғау, тәрбиелеу деңгейіне жеткен.

Осы қаблеттіліктерге жетуі нәтижесінде әлемдегі омыртқалы жануарлардың соңынан қалыптасып, басқаларымен салыстырғанда жануарлардың жас тобы (190-170 млн.ж.Дәуірленуі кайназойда) екеніне қарамастан Жер шарының түкпір –түкпіріне түгелдей тарап үлгерген. Сондықтан да құстар, рептилияларға қарағанда көптүрлілікке жеткен. Қазбада кездесетінін санамағанда қазіргі заманда тірілерінің өзі 35-40 отрядқа біріктірілген.

Морфологиялық ерекшеліктерінен: 1.Денесі түгелдей қауырсын, мамықпен қапталған. 2.Алдыңғы аяғы қанатқа айналып ұшуға бейімделуінен сүйектері жеңіл (пневматикалық), мықты болуы; 3.Бассауыты бір ғана желке сүріншегімен байланысқан; 4.Жүрегі төрт камералы болып, бір ғана оң доға аортасын құрайды; 5.Осы заманғы құстарда тістері болмайды, оны өткір мүйізді тұмсық алмастырған.



    1. Морфофизиологиялық шолу.

4.2.1.Тері жабындысы және олардың туындылары. Құстардың тері жабындысы өте жұқа, ешбір сүйек туындылары да, тері бездері де жоқ.

Тек бір ғана құйымшақ үсті безі қалыптасып, әсіресе су құстарының қауырсындары, жалпы мамық жамылғылары суланбас үшін маңызы бар. Бұл без суға тіршілігі байланыссыз мысалы шөл және шөлейт кеңістігіне бейімделген құстарда (түйе құс, дуадақ т.б.) болмайды.

Тері жабындысында сүйектену болмағандықтан, біржақта эпидермисте мүйіздік өнімдері молшылық және көптүрлі: мысалы жоғарғы және төменгі жақтары (тұмсықтары) толықтай мүйізді қапшықпен тұмсықтары қапталған. Осы мүйізді жамылғылардың жалғасы аяқ саусақтарындағы – тырнақтары, сирақтың сыртқы беті кейбірінде жіліктері үстіне дейін қапталғанын байқаймыз. Денесі қауырсындар мен жабылған (птерия), кейбір жерлері жабылмаған-қауырсынсыз – аптериялы болып келеді.

1.Жабынды қауырсындардың жалпы саны ірі құстарда көбірек, ал ұсақ құстарда азырақ. Мысалы рубинді колибри құсында 100; ұсақ торғай тәрізділерде 1,5 – 2,5 мың. Шағалада 5-6 мың; үйректе 10-12 мың; аққудың жабынды қауырсын саны 25 мың.

Жабынды қауырсын астында ұсақ ұлпа мамық орналасқан. Олардың сойдақтары өте нәзік, ұсақ болғандықтан теріге жабысып орналасады. Осы жабынды мамық әсіресе суқұстарында Солтүстік салқын жақтың құстарында мықты жетілген. Мамықтың маңызы жылуды денеден шығармай реттеу.

Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанмен, құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, осы айтылған барлық мүшелер жүйесіне қатысты. Құстар жабындысының ерекше белгісі сол – олардың эпидермисі әлсіз, дермасы жұқа, бірақ тері асты клетчатка (шелі) өте күшті дамыған. Құстардың үлкен энергия жұмсауды қажет ететін бұлшық ет ұлпаларының ерекшеліктері олардың миоглобинге бай болуынан. Құстардың қаңқасы мықты әрі жеңіл өткені сүйектерінде ізбес тұздары жиналады және ауа болады. Бас қаңқасы омыртқа жотасы мен 270º - қа дейін айналмалы (үкі) орналасқан. Ал омыртқа жотасы (әсіресе арқа омыртқа , сегізкөз омыртқалары) қозғалмайтын күрделі жамбас белдеу (мықын, шап шонданай) мен бірігіп кеткен. Нәтижесінде жамбастың құс салмағының екі аяққа түскеніне қарамастан төзімді әрі серпімді қозғалысқа әкелген. Төзімділігі сол – төртаяқтылықтан (рептилиялық) екі аяқтылыққа түсуде денесін тік (вертикалды) ұстай отырып жүру, жүргізу т.б. бейімделу; серпімділігі сол – ұшып келе жатып кенеттен жерге (бұтаға) қонған кезде, жылдамдықтан қозғалысты серпімділікпен сөндіруге қанатқа ұтымды көмектесуі: сан, жілік, сирақ аяқ сүйектерінің бірлескен серпімді бірлескен серпімді күшіне күрделі жамбастың омыртқа жотасы мен (атлант пен эфстропиядан басқасы) мықты байланыста болуынан. Осыған құстың арқа аяғында жартылай автоматтылыққа жеткен буын аралық (толарсақ буындары аралық) сіңір арқылы: құс саусақтарының жекеленген сіңірлері толарсақ, сирақ, жілік буындар арқылы санның бұлшық етімен байланысуынан интерторзалдық беріліс пайда болған. Бұл, құс бұтаққа қонып, салмағы салып отыра бастағанда, бұтақты ұстап тұрған саусақтың тырнақтары жабылып қалады, құс аяғына түрекелгенде, саусақтары автоматты түрде ашылып кетеді де, құс ұшып кетуге қаблеттілік жасалады. Бұндай қаблеттіліктер рептилияда болмаған. Құс қауырсынын бір, екі кейде үш мәрте түсіп, түлеп отырады. Құстың көбірек түлеуі, оның маусымдық полиморфизміне және көбею ритуаліне байланысты. Түлеу құстарда әр түрлі. Жыртқыштар мен насекомқоректілерде әсіресе, қоректігін ауадан ұстаушыларда баяу, түлеуге дағдыланған, ұшуға қаблеттілігін жоймай түлеуге бейімделген. Тауықтәрізділер бұталы шөпті тұңғиықтардағы құстар тез түлеуге бейімделген. Меңіреу құрлар мен сұр құрлар түлеу кезінде ұшуға қаблетсіз болып қалады. Үйректер, қаздар, аққулар, чистиктер, сұқсырлар, гагарлар, сутартарлардың көпшілігінің түлеулерінде ерекшеліктері бар. Олардың желпуіш қаламдары бірдей мезгілде түседі де құс біршама уақыт ұшуға қаблетсіз болады. Осы кез олардың өзен, көл, теңіз жағалауы қалың өсімдік арасына жасырынып жүруге мәжбүр болады.

Түлеу кезінде жабынды қауырсындары тек жаңадан өсіп қана қоймайды кейбір түрлерде тығыздығы, құрамы өзгеріске түседі. Шөже торғайдың жазғы жабынды қауырсыны -1500 дана болса, қыста 2100-2400 данаға жетеді. Шымшық торғайда: жазда - 1100, қыста -1700


  1. Өзін -өзі қайталу сұрақтары:

1.Құстардың шығу тегі қандай төртаяқты жануарлардан бастау алған, ол қай эра, қай кезең? Оған қанша млн. болған, егер құстардың сүтқоректілерден біраз кештеу пайда болғанын ескерсек?

2.Рептилияға қарағанда құстардың жүйке жүйесі неғұрлым жоғары қалыптасқанын немен дәлелдер едіңіз?

3.Құс денесіне тұрақты жоғарғы жылылықты қалай ұстауға бейімделген. Дәлелдеңіз?

4.Құстың ұшуға бейімделуі үшін үш күрделі өзгеріске түсуі керек болды, ол қандай өзгерістер. Дәлелдеңіз?

5.Тері бездері бар ма? Болса құстардың барлық түрлеріне тән бе?

6.Құстардың тері жабындысында қандай өзгерістер бар? рептилиялармен салыстырғанда?

7.Құстардың көбеюінде прогрессивті жағын атаңыз?

8.Құстардың төртаяқты қозғалуынан екі аяқты қозғалысқа келуі, артқы екі аяғы мен жамбас белдеуіне үлкен өзгеріске түсуін керек етті. Ол қандай өзгерістер?

9.Интерторзальды байланыс деген не? Нәтижесінде құстар қонуы, ұшуы қандай деңгейге жеткен?

10.Құстар жылықандылар ішіндегі жануарлардың көпшілігі екен, сонда олардың қанша түрлері белгілі? Дәлелде неге көпшілікке жеткен? Оларды қанша осы заманғы отрядтарына топтастырған?

11.Птерия және аперия не? Дәлелде.

12.Құс қанат қауырсынын алып, микроқұрамын айтыңыз?

13.Желпуіші, бағыттаушы, жабынды қауырсындар дегеніміз не?

14.Құстардың түлеуі қалай? Бір мезгілде немесе саралап?

15.Құстың түлеуінде маусымдық өзгерістердің әсері бола ма? Жаз, қыс ерекшеліктерін айту.

16.Жемін ауадан ұстайтындар (жыртқыштар, насекомқоректілер) түлеуі қалай?

17.Тауық тәрізділер, бұталы-қалың өсімдік арасында тіршілік ететін құстардың түлеуі қалай?

18.Желпуші қанат қауырсындары бір мезгілде түлеп, біраз уақыт ұшуға қаблетсіз болатын құстарда ата? Олардың түлеген кезде жүретін жерлері, паналайтын аймақтары?

19.Археоптерикс құстардың ата тегін анықтайтын құстың өзі ме, әлде жанама анықтайтын ерте дүние құстардың бірі ме?

20. Мезозой эрасы 150 млн. жылдарға созылған. Осы эраны қай класс заманы дейді? Сонда құстар тарихы қай кезеңнен басталғаны?



Әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.220-224

2.С.П.Наумов. Зоология позвоночных М., 1982 стр.202-206

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев. Зоология позвоночных М., 1979 т.2 стр.69-71,102-146

4.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы Алматы «Қазақ университеті», Алматы – 2007, 183-185 б.

11 Дәріс



1.Тақырыбы: Класс Құстар Тіршілік жағдайларына шолу.

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4.Қаралатын сұрақтары: Құстардың тіршілік жағдайына шолу

4.1.Заттар мен энергияны тез алмастыруға мәжбүрлілігі

4.2.Күрделі мінез-құлыққа бейімделуі, үйір құру қауымдастығы

4.3.Көбею ерекшелігі

4.4.Таралуы. Биосфералық кеңістікті тиімді игерудегі маңызы.

4.5.Жылдық тіршілік ырғағы. Миграция



5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

6.Әдебиеттер:
2.Дәріс мақсаты: Жоғарғы сатыдағы жануарлар ішінде (жылықандылар) тіршілік әрекетіне байланысты құстар бірқатар прогрессивті ерекшеліктері бар. Оны барлық мүшелерінен байқауға болады. Сөз еткелі отырған құстың ішкі мүшелеріндегі құстарға тән ерекшелік тері болмақ.. Ал ішкі өзгешеліктер тірі ағзалардың әрқашанда сыртқы морфологиялық өзгерістерімен тығыз байланыста болатыны белгілі. Бұл мәселені өткен дәрісімізде сипаттап айтқанбыз. Демек, құстың денесіндегі прогресситі өзгерістер – эволюциялық бейімділіктер тарихының ізі ретінде материлистік байланыс бағытымен түсіну, ұғыну қажеттілігін мақсат етеміз. Себебі табиғат орта кеңістігіне сүтқоректілерден соң, рептилиялардың орнитузухи (құсжамбастылар) бөлігінен пайда болған ең активті бұтағы – құстар болғаны ғылыми дәлелденген. Бұлардың дәуірленуі де кайназой болғаны тағыда белгілі. Ал,бүгінгі антропогендік кезеңде бұлар жылықандылардың ішкі биологиялық алуантүрлілікке жеткен ерекше немесе оқшауланған прогрессивті жануарлар тобы. Осыны бүгінгі табиғи және адами талапқа сай студент жастар жете білуі тиіс. Өйткені, жер беті биосферада жануарлардың, тіршіліктің биологиялық көптүрлілігін сақтай отырып тұрақты дамуға жету мүмкін емес. Бұны Қазақстанның бүгінгі табиғат тағылымы өте талап етуде.

3.Дәріс мазмұны: Қарастырылған сұрақтарға қысқа да нақты жауап бере отырып, жануарлардың жоғарғы сатысындағы жылықандылар тобының прогрессивті ерекшеліктерін дәлелдеп шығу, көз жеткізу. Нәтижесінде эволюциялық дамудың құстарда өте араморфоздық бағыт болудан күрделенуге түсуден, олардың морфологиясы, анатомиясы, физиологиясы барлық мүшелер жүйесі белгілі өзгеруге жеткен.

Осы күрделену мен өзгеруден құстар төртаяқтыдан екі аяқты болып, алдыңғы екі аяғы, иық белдеуі мен өзгеріске түсе отырып, құсқанатына айналуынан әлемге құстар келген. Бұл 190-170 млн. жылдар шамасындағы органикалық дүниенің сол болатын маймылдары да әлі дұрыс қалыптасып та болмаған еді. Десекте, органикалық дүние өз жаңалығын, өзгерісін, заңдылығын жалғастыра берген. Осындай ірі өзгерістер түрлердің өмірге келуін құстардың ішкі мүшелеріне сүйене отырып материалымызды рептилиялар мен салыстырмалы түсіндіру.



4.Қаралатын сұрақтар: Құстардың тіршілік жағдайына шолу.

4.1. Заттармен энергияны тез алмастыруға құстардың мәжбүрлігі

Құстар, рептилиялардан оқшауланудың өзі, үлкен өзгеріске келуінің нәтижесі екенін ескеретін болсақ: бұған екі көзге көрнекілік өзгерісін айталық: Біріншіден, төртаяқты бауырымен жорғалаушылардан алдыңғы екі аяғы құстың қанатына айналдыруынан өз салмағын ауа кеңістігіне көтеріп алып шығып, үлкен жылдамдықпен жердің бір бөлігінен жарамды аймақтарды тез тауып алуға қабілеттілікке жеткеннен. Бұл оңай зат емес. Құстың өз салмағы жердің 9,8 кг. Тартылыс күшін жеңе отырып, ұшу үшін үлкен энергия шығару мен салмағының 25% -ға дейін болатын қанаттарын жоғары көтеретін ішкі төс еттерімен қанаттарын төмен қағуға көмектесетін сыртқы төс етінің ерекше қызметтері кезінде, құстың ұшуына ауа кеңістігінде 45ºС-қа жетуі болады. Осыдан келіп құстың ұшуына ауа кеңістігінде болуында заттар мен энергияны тез алмастыруға мәжбүр болған. Сондықтан да болса керек, олардың қарқынды болуы, үздіксіз қоректену мен оны ізденуге түсуі. Алдыңғы иық белдеуінде білезік аралық буынның (интеркарпалдық) болуы. Екіншіден, артқы екі аяғы мен тік жүріп, салмағын адамдарша көтеріп жүруге, жүгіруге келуінен көп энергия мен заттарды алмастыруға мәжбүр болған. Бұған дәлел жер бетіндегі жүрген кездегі дене жылуы – 38-40ºС аралығында болуы. Құстардың қоректік заттар ареалы өте кең. Олар судың астынан, үстінен де жер беті мен жер қыртысынанда, ағаш беті мен қабығы астынан да, ауадан яғни барлық табиғат кеңістігінен қорегін тауып алатынай қаблеттілікке келуі, оларды яғни көпшіліктері тірі ағзаларды тауып, ұстауы үлкен ептілікпен жылдамдықты тез қимылды талап ететін қозғалыстарға бейімделгендіктен дене жылуы үнемі жоғары болып отырған.

4.2.Күрделі мінез-құлыққа бейімделуі, үйір құруы,қауымдасуы.

Құстың күрделі мінез-құлқын, олардың орташа ми салмағының құстың өзінің меншікті салмағымен салыстырғанда байқаймыз. Осындай рептилия салмағын оның миы мен салыстырудан көреміз. Мысалы рептилия бас миы және жұлыны 1:1 қатынасындай болып келсе, ал осы қатынас тауықтұқымдастарында 1,5:1, ал көгершіндерде 2,5:1 ми бөліктері ішінде әсіресе алдыңғы ми бөлігінің өсуін байқаймыз. Осы жағынан алсақ, тек алдыңғы ми салмағы басқа төрт бөліктерінің салмағы мен 1:1 қатынасындай болып келген тауықтектестерде; жыртқыштарда – 2:1 болған, торғайтәрізділерде, тотытектестерде – 3:1.

Құстардың мишығыда мықты жетілген, негізінен бұл үлкен қозғалыста болатындықты, табиғат тіршілік кеңістігінде дем координациясын дұрыс та жете ұстауға қаблеттілікті білдіреді. Құстың бас миынан бастау алатын 12 жұп жүйке қалыптасқан. Арқа (жұлын) миы рептилиялардағы сияқты кеуде және жамбас белдеулерінің кеңейіп, жуанданып қалыптасқан.

4.3.Көбею ерекшелігі: Құс аталықтарының жыныс безі (семениктер) бүйрек үстінде жақын орналасқан. Аналық безі аналықтарында ассимитрично (екі безі бірдей, қатар дамымаған) болып келеді. Көпшілігінде сол жұмыртқа безі мен сол жұмыртқа жолы дамыған. Тек күндізгі жыртқыштарда оң жақ жұмыртқа безінде жетілген жұмыртқа сол жұмыртқа жолы мен сыртқа шығарылады.

Аталық бездері және аналық бездері маусымдық өзгеріске түсіп отырады: Мысалы көктемде жаурақ торғайы аталық безі 1125 есе, қараторғай аталық безі – 1500 есе үлкейетін болған. Осы құбылыс аналық безінде де бар. Осындай көлемін үлкейтуден әрбір жұмыртқа, сонымен бірге, күрделі жұмыртқа жолының көлемі өсуінен бездері жетілген кезде аналықтың тек бір ғана (сол жақ) жұмыртқа жолы қалып, оң жұмыртқа жолы рептилияға түскен деген болжам бар.

Құстың көбеюіндегі маңызды мәселенің бірі-аналық жұмыртқа жолы ішіндегі үш маңызды бөлімнің болуы. Бұл рептилияларда байқалған болатын; жұмыртқаның осы бөліктермен баяу сыртқа шығу бағыты мен қозғалу мезгілі әртүрлі: 1-жетілген граафов торсылдағы (жұмыртқа) жыныс жолы аузына (ворсинка) түсіп, ақуызға өте бай бөлігінен өтеді. Демек, ақуыздың қабатпен 3-6 с. ішінде қапталып үлгереді. 2-перганенттік бөлігінде эмбрион белок қабын ізбіс асты екі қабыққа орайды, 3-бөлігі жатырда 12-20 с. өте жәй жылжи отырып ізбіс қабатын қалыптастырады, 4-осындай бірнеше қабаттар мен қалыптасқан жұмыртқаны қынап арқылы сыртқы ортаға шығарылады. Осы мезгіл тауықта, яғни пісіп-жетілген граафов торсылдағынан жұмыртқа жолы мен 41 с. бойы жылжи отырып, көбеюге, яғни инкубацияға даяр жұмыртқа өмірге келеді. Жалпы 24-72 с. аралығында. Енді осы дамуға даярланған жұмыртқа 24-тәулік бойы тауық жылуымен бүкіл тауықтар әлемі тарихын, дәстүрін, негізгі қасиетін, тұмсығы мен жұмыртқаны тықылдата отырып, оңға, солға әртүрлі жаққа қозғай отырып жұмыртқадан – балапан шығарады. Жалпы құстар әлемі бойынша.

Жыныстық жетілу құстарда әртүрлі: 8-12 айда ұсақ құстар. Қарғалар ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ жыртқыш құстар 2-ші жылдан, ал 3-ші жылдан соң ірі құстар ірі шағала, бүркіт,гагарлар т.б.

Жыныстық жетілу алды жыныстық деморфизм көрініс белгісі байқалады.: көлемі, реңі жағынан (♂ - үлкендеу), әртүрлі өсінділері, қауырсындар пайда болуы. Бірқатар құстарда (пингвин, түтік тұмсық, гагарлар, ескекаяқ, сұрқарлығаш т.б.) жыныс деморфизмі қалыптас паған. Әлсіз байқалады: торғайтектестерде, балшықшы, сутартарларда, шағалалар т.б. Көпшілік құстар – моногомды. Бір жыл бойы, 2-3 жылға, кейбірі өмір бойы жұбын жазбайды – аққулар. Құрлар, колибрлер, бинарықтар (турухтаны) т.б. – полигамдар. Нағыз полигамдар (полигинии) – жабайы құстардан – павлиндер, үй құстарынан – тауықтар. Полианд (көпкүйге шығушылық) – үш сақинасы және қалыпқа балшықшыларда. Құстар жұп құру үшін әртүрлі күй ойнақтарға бейімделген: түрлі пішін, реңін көрсету, тұлғасын өзгертіп көрсету, жүрісін өзгертуі, су құстары түрлі жүзу манерін көрсетуі, сүңгіп шығу, шалғындық, дала, орман-тоғай құстары дауыстарын өзгертіп дыбыс беруі (чу-фых), (трау-трау) т.б. Төбелеске түсуі (полигондарда), т.б.түрлері бар. Жұптасқан құстар ұя салуға кіріседі. Екі түрлі жағдайда салады:

1.Үйір болып салу: Бұлар аздаған құстар, бұларға – кайра, мұнтаз, шағалалар, бакландар, ақ қалбағайлар, жалбағайлар, ақтұмсықты қарғалар, жаға қарлығаштары т.б. бұларға ең бастысы қоректік заттары ұяға жақын болуы керек. Ал ұялы мәнерлеп, сәндеп-мәндемейді. Жерге, тасқа, мұз ойысқа сала береді. Екінші мақсаты, оларға коллективті қорғануға жақсы жағдай жасалған.

2. Жекеленіп ұя салушылар: Бұларға ұшу қабілеттілігі онша емес, ұяларына қоректік заттарын көптеп алып келуге мүмкіндігі аз, ұсақ орташа көлемді құстар. Орман жадырасы, сұр шыбынқақыш, ақ бөдене. Бұлар қоректік заттарын және қорғану жағы өздері атқаруға бейімделгендер. Кезектесіп 150-200 м жерге сақшы болып тұру, қоректену аймағын (3-7 га ақбөдене) қорғау мәселелері өздері шешеді. Бұлардың ұялары пішіндері алуантүрлі. Температура бірқалыпты болуына ұяның пайдасы бар. Сыртқы орта жылуы 10ºС-қа өзгергенде қарлығаштың ін ұясында тек қана 1ºС-қа ауытқыған. Жалпы ұяға салатын жұмыртқалар саны құстарда 1-25 жұмыртқалар арасында болады. Көп жағдайда ширақ балапандарда ұяға көбірек жұмыртқа салынса, қызылшақа балапандарда аз жұмыртқа салады.

Инкубациялық уақыты көбірек ірі жұмыртқаларда бүркітте 44 тәулік, страустарда – 42, қаздар-28, аққуларда 35-40. Ұсақ құстарда 9-14 тәулік қара тоқылдақ, ұсақ торғай текітлерде -9-12 тәуілік , ала қарға -18-20 т.б.



4.4.Таралуы. Құстардың таралуының үлен биологиялық маңызы зор. Себебі, табиғат биосфера кеңістігіндегі органикалық заттарды (өсімдіктерден бастап барлық тірі организмерді ) түгелдей құстар үшін қоректік қазына болмақ. Осы қазынаны игеруде құстардың ролі, орны белгілі. Олар, біздің Ақжайық өлкесіне (БҚО) 100 мыңдап көктемде келіп, миллиондап миграцияға түседі. Жерімізге мыңдаған тонна құс саңғырығы және өлген құстар қалады. Қанша мыңдаған тонна құс етін өсіруге территориямыз қатысты және олардан органикалық құнарлы заттар қалды. Су кеңістігінде салқын қандылар ішінде-балықтар әлемі болса, ал жылы қандыларда құстар жер экономикасын игеруде орасан зор ықпал жасауда. Осы көпшліктің және ықпалды активтілік нәтижесінде құстар: табиғаттың барлық аймақтарында жақсы тараған.

Бұлар мұхиттық аралдарда, ықпа мұздарда тіпті салқын полярлық полюстерде құстар бар.

4.5. Жылдық тіршілік ырғағы.

Құстар тіршілігі өте маңызды биологиялық ырғаққа жете бейімделгендер. Себебі табиғаттың 4 маусымдық кезеңдеріне нақты сәйкесті тіршілік түскенде осы кезеңде өте төзімді де, активті бейімделіп алған жануарлар.

Осы маусымдық кезеңдеріне лайықты құстың биологиялық процессін сәйкестендіріп алған: жұп құру; инкубация; түлеу; миграция т.б. Құстардың жылдық биологиялық ырғағы негізінен мыналар: 1.Көбеюге әзірлік кезеңі (бұл табиғат ортасынан биологиялық сигналдық ескертпелердің нәтижесінде). Күн жарық кезеңінің өзгеруі тәуліктегі жарық кезеңінің өзгеруіне орай – инстинктік стимулды сезінуі. Осыған орай аталықтардағы мінездер т.б. топтасып жүргендер енді жұп құру кезеңіне таралады. 2. Ұрпақтар тәрбиелеу кезеңі. 3. Түлеу кезеңі. 4. Жайылым қысқа әзірлік кезеңі. 5. Қыстау кезеңі.6.Маусымдық қайту немесе миграция.

Құстар күзде оңтүстікке, көктемде солтүстікке қарай маусымдық ұшуы (миграциясы) тарихи эволюциялық процесс. Ерекшелігі денесіндегі қалыптасқан биологиялық процесстің табиғи сигналдық климаттың белгілерінің басталуынан ұзақ сапарға шығады. Олар күзде оңтүстікке баяу асықпай, ал көктемде осы күзде ұшып өткен жолын енді көктемде қайталағанда екі еседей жылдамдықпен өтетіні көбею процессінің маңыздылығымен климаттың яғни жылылықтың өзгеріс қабілеттілігіне орай болса керек. Дегелектер көктемде тәулігіне 400 км ұшатын болса осы жолды күзде 150-200 км тәулігіне ұшатын болған. Миграция кезінде құстардың ұшу жылдамдығы «Крейсерская» біршама жоғары болады: қараторғай 74 км, үйрек 72-97 км, қаз 90-100 км ұшу биіктігі 100 м.Ұсақ торғайтектестер 8850 м. Гиамалай тауы үсітен теңіз бетімен санағанда аралығында ұшатын болған.



5.Өзін-өзі қайталау сұрақтары:

1. Құстың энергиямен заттар тез алмасуындағы күрделі қаңқалық өзгерістерге келуі, білезік аралық буынға жетуімен құстардың иық белдеуіндегі күрделі өзгерісті дәлелдейді?

2. Жамбас белдеуіндегі толарсақ аралық буын байланысы пайда болуынан болған өзгерістекрді айтыңыз?

3. Құстың меншікті салмағын азайтуда морфо-анатомиясындағы өзгерістерді айтып дәлелде? Сырттай және іштей аулану деген не?

4.Құс қанатын жоғары көтеруге көмектесетін бұлшық етті ата, қанатын көтерген кезде қандай мүшелерге әсер етеді?

5. Құс қанатын төмен түсірген кезде көмекке келетін бұлщық етті атаңыз, қанатты қағудан әсер алатын мүше?

6. Құстың жердегі отырғанда, жүргендегі , ұшқандағы жылуы нәтижесінде затар мен энергияны орнын толтырып отыру үшін құс неменеге мәжбүр болады?

7. Құстың күрделі мінез-құлқын қалай байқаймыз? Құстың меншікті салмағының, жалпы миының салмақ қатынасы, ал ми бөліктерінің жұлынға, алдыңғы миға қатынасы деген не?

8. Құстың жыныс бездерінің маусымдық өзгерістері дегенді түсіндір. Аталық пен аналық бездерінің өзгерісі т.б.?

9. Құстың аналығында бір жыныс жолының болуын себебін дәлелдеп бер?

10. Құс аналығының жұмыртқа жолы бөліктері ерекшеліктері деген не?

11. Граафов торсылдағы деген не? Ол қашан, қалай жұмыртқаға айналып шығады, айналу мезгілі орташа қанша сағат аралығында?

12. Құстардың жыныстық жетілуі: 8-12 апта ? қарғалар, үүйректер, күйкентайлар?, қылаң шағала, бүркіт?

13. Күй ойнақ деген не? Сұр құрлар, меңіреу құрлар қандай көрініс көрсетеді?, ал су құстарында қандай ойнақ түрі болуы мүмкін?

14. Жыныстық диморфизм деген не? Мысал келтір.

15. Моногамді деген не? Мысал келтір, дәлелде?

16. Полигамді деген не? Мысал келтір, дәлелде?

17. Полиандр деген не? Мысал келтір, дәлелде?

18. Құстардың ұя салуының екі жағдайы?

19. Ширақ балапандар кімдер? Мысал? Қызылшақа балапандар кімдер? Мысал?

20. Құс ұясы алуантүрлі, пішіндерін атап, анықтау?

21. Ілме ұямен көмбе ұя қандай құстар ұясы?

22. Сыртқы орта ауа температурасы 100 С-қа ауытқығанда, жар қарлығашы ұясында температурасы қаншаға ауытқуы мүмкін?

23. Үйір болып ұя салу қандай құстарға тән? Олардағы тиімді жағы?

24. Жеке ұя салудың өзгешелеу жағы қандай? Жеке салатындар кімдер?

25. Ұяда инкубацияда: 9-12 тәулік , 18-20 тәулік, 40-44 тәулік жұмыртқа басатындарды атаңыз?

26. Құстар неге биосферадағы барлық кеңістікке таралу себебі неде?

6.Әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.225-244, 288-308

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.207-225; 261-280;

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2

стр.107-158;

12 Дәріс



1.Тақырыбы: Құстардың шығу тегі

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4.Сұрақтары:

4.1.Ертедегі құстар. Архозаврлар.

4.2.Осы заманның нағыз құстары

5. Өзін-өзі қайталау сұрақтар:

6.Әдебиеттер:
2.Дәріс мақсаты: Рептилиялар әлемінен құстардың пайда болуы, ерте заманғы құстарды мысалға ала отырып осы заманғы құстарды, оның көптүрлілігін дәлелдеу. 190-170млн. Жылдардан бері мықты дамып, жылықандылар жануарлары тобы ішінде ең көптүрлілікпен жер планетасының кеңістігіне түгел таралуы мен биосферадағы маңызын, ролін баяндау, түсіндіру. Биологиялық көптүрлілікті сақтау, қорғаумен тұрақты даму- осы заман ХХІ ғ. талабына сай масштабты шараларды іске асыруда, тіршіліктің тұрақты дамуында құстардың ерекшелік жағдайын ескеру.


жүктеу 2,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау