М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



жүктеу 2,01 Mb.
бет8/13
Дата08.02.2018
өлшемі2,01 Mb.
#9055
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4.Қайталау сұрақтары:

1.Тіршіліктегі организмдердің қандай биологиялық ортақ заңдық қасиетін білесің?

2.Жалпы биологиялық процесс дегеніміз не?

3.Қосмекенділер класы – тетраподаларды қай эра, қай кезеңнен бастау алған?

4.Биосфера кеңістігінен осы заманғы биокөптүрлілікті қалыптастыруда қосмекенділердің ролі болды ма?

5.Ихтиостегидтер деп, неге атаған? Қай кезеңде пайда болған?

6.Таскөмір кезеңінде қосмекенділердің қандай ата-тегі қалыптасты және олардың аталауы қалай?

7.Лепосондиялар қай кезеңде пайда болғанда және олардан осы заманның қай отрядтары өкілдерін берген?

8.Стегостефалдар деген кімдер? Бұлардың ертедегі саусаққанатты балықтармен ұқсастықтары бар ма?

9.Осы заманғы қосмекенділерді ерте заманғы қосмекенділермен салыстырып сипатта?

10.Су ортасына екінші мәрте оралғанда тетраподада бар ма?

11.Қазіргі заманғы қосмекенділердің қанша түрі неше класс тармағы бар?

12.Неотения құбылысы дегеніміз не?

Әдебиеттері:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.120-136

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.116-130

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 стр.269-280, 312

4.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Алматы «Қазақ университеті», Алматы – 2007, 98-115 б.

8 Дәріс



1.Тақырыбы: Амниота тобы. Ұрық қабы бар омыртқалылар. Класс бауырымен жорғалаушылар.

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4. Сұрақтар: 4.1.Рептилия класына сипаттама

4.2. Құрылысына шолу

4.3. Систематикасы

4.4. Шығу тегіне шолу

4.5. Практикалық маңызы және қорғау

5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

6. Әдебиеттер

2.Дәріс мақсаты: Жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ортақ сипатын дәлелдеу

Жер бетіне түгелдей тіршілікке бейімделген омыртқалы жануарлар тобын бастаушысы ретінде рептилиялар, немесе бауырмен жорғалаушылардың маңызы зор;



  • біріншіден, атмосфера ауасымен 100 % тыныс алуға бейімделуінен жер беті кеңістігіне кең таралуына мүмкіндік алды.

  • Екіншіден, іштей ұрықтануғма жеткен, бұл осы топтағы жоғарғы сатыға жеткен (құс, сүтқоректі) омыртқалыларға ортақ

  • Үшіншіден, осы жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға ортақ қасиет, олардың эмбрирональдық даму кезінде айрықша ұрық қабы пайда болған; біреуінің аталуымен осы жер беті омыртқалыларын – амниоттық тобы деп, атаған. Сондықтан, дәрістің мақсаты осы үш ортақ қасиетті игерудегі прогрессивті бейімділіктерін метериалистік негізде түсіндіру.

3.Дәріс мазмұны:

Жоғарғы сатылы омыртқалылар тобын бастаушы-бауырмен жорғалаушыларға сипаттама беру, яғни амниоттық ортақ қасиеттерін рептилиялардан дәлелдеу:

1.Қарапайымнан күрделенуге қарай желбезекті-терілі-өкпелі тыныстан тек өкпемен 100 % тыныс алуға жетуі.

Ол үшін көкірек қуысының қалыптасып, жаңадан кеңірдек мүшесі пайда болып ауаны көкірек қуысының қозғалысы нәтижесінде сыртқы ортадан насос сияқты сорып алуы.

2.Терідегі бездерін тастап, тері жабындысының қасаңдануынан қабыршақты пластинкасы сырт пішінін алуынан денедегі ылғалдың булануын толық тоқтатуы.

3.Бауырымен жорғалаушыларда ет жүйесі де, ішкі қаңқа жүйесінде үлкен күрделенгендіктен төртаяқты тік тұрып, жерден денесін көтеріп алып, прогрессивті қозғалуға мүмкіндік алған, қозғау жылдамдығы ( қосмекенділерге қарағанда) біршама жорғалаған, кең таралуға жағдай жасады.

4.Ұрпаққа қамқорлығы (қосмекенді мен салыстырғанда) өсуін іштей ұрпақтанып, жұмыртқасы сыртында ізбес қатты қабығы мен бірге ішіндегі; сұр амниет, аллантоиыс қабаттары ортасында ұрықтың орналасуынан және жұмыртқасын табиғат ортасының ең жылы жеріне (күн көзіне, ыссы құмға т.б. көбеюге) салып кетуімен дәлелдейміз.

Осы төрт ерекшелігіне қарамастан бауырмен жорғалаушылардың кейбір қарапайым жағынан шыға алмай қалған.

1.Денесіне жылылықты ұстап тұра алмауы болып табиғат орта жылуына маусымдық тәуелділігі

2.Заттар мен энергия алмасуы да қарапайымдылық маусым ырғағы мен тәуелділігі. Осы аталған ерекшелікті қарастырылатын сұрақтарда сатылы дәлелдеу. Студенттердің көзін жеткізу.



4. Қаралатын сұрақтар:

4.1.Бауырмен жорғалаушылар класына жалпы сипаттама. Жоғары сатыдағы омыртқалыларға тән үш қасиетіне қоса өзіндік прогрессивті жетілу жақтарын барлық мүшелер жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктерінен тауып, дәлелдеу. Бұған жалпы сезім мен жүйке жүйесі күрделенуі мен табиғат кеңістігіне кең таралуы мен

4.2. Бауырымен жорғалаушылар құрылысына шолу мысалға сұр кесірткені ала отырып, туысынан мынадай ерекшеліктерді байқаймыз.

1.Тері жабындысы эпидермис беті қасаңданып үздіксіз түлеп отыруға жеткен. Меншікті тері үстіне сүйекті клеткалар нәтижесінде булануды тоқтатқан.

2.Қаңқа күрделенген: ми сауытында 33 сүйек ал омыртқа жотасы: мойын бөлігі – 8, кеуде, тұлғада – 22, сегіз көз – 2, құйрықта бірнеше ондық омыртқалылардан қалыптасқан.

3.Ет жүйесі метамерлік орналасуын жозғалтып, бессаусақты аяқ қозғалуына орай а) қозғалыс мүшелерінің ет жүйесі әсіресе б) көкірек қуысы қалыптасуына орай қабыртқа аралық еттерінің жетілуі ерекше орны бар.

4.Асқорыту жүйесінде де күрделенуі бар: ауыз қуысы, онда екі сүйекті таңдай жұтқыншақ етті тіл, жоқ тістері, айқындалған қарын, ащ шек, соқыр шек тұқысы, тоқ шек, клоако (артқы қуыс). Асқорытуға қатысты: Бауыр, оның еті, қарын асты безі.

5.Тыныс алу мүшесі - өкпе, мойынының ұзаруынан көмекей, оның жалғасы – кеңірдек пайда болған

6.Қанайналу мүшесі: 3 камералы жүрек (колтырауында – 4)

7.Зәр шығару мүшесі: жамбас бүйрек (метанефрос) көпшілігінде БЖ. Зәрі қоюланған зат тәрізді болып, азоттық алмасу өнімі – зәр қышқылы болып келеді. Суда аз ериді.

8.Көбею мүшесі: шағылысу мүшесі (гаттериядан басқа) дамыған. (қолтырауындармен тасбақада – дара)

9.Жүйке жүйесі қосмекенділерге қарағанда неғұрлым күрделеніп жетілген. Алдыңғы ми қабаты қалыңдаған.Төбе көзі жетілген. Мишық күшті дамыған. Мидан 11 жұп жүйке жамыған.

10.Сезім мүшелері: қосмекенділерге қарағанда күрделі жетілген,қалыптасқан.Әсіресе иіс сезуінде – якобсон мүшесі, көруде қозғалмалы қабақтары, естуінде үш құлақ: ішкі, ортаңғы, сыртқы; ішкіде –жарты сақиналы каналдарды біріктіріп тұрған – улитка; ортаңғыт құлақта үзеңгі сүйекші пайда болған; сыртқыда –есіту түтігі қалыптасқан. Рептилиялар дыбысты 20-6000 герц арасында қабылдай алады.

4.3.Бауырмен жорғалаушылардың осы заманғы систематикасын В.М.Константинов, 2000;2004) жүйесі бойынша беруді ұйғардық..Бұнда 3 кластармағын 4 отрядқа топтастырған:

Анапсидтер кластармағы

Отр.Тасбақалар – 250 түрлері.

Лепидозаврлар кластармағы

Отр.Тұмсықбастылар 1 түрі

Отр.Қабыршақтылар 4300+3000 түрлері

Архозаврлар кластармағы

Отр.Қолтырауындар 25 түрлері
Жалпы БЖ: Тау биіктігі – 5000 м бойлық бойынша таралуы, ендік бойынша түстіктен экваторға дейін: 2; 12; 30;50;68; 150-200 түрлер жиілігі деңгейінде таралған.


    1. Практикалық маңызы және қорғау

Бауырмен жорғалаушылар өте пайдалы жануарлар. Олардың көпшілігі кесірткелер (4300 тарта), жыландар (3000 тарта) зиянкес насекомдар мен ұсақ кеміргіштерді құртып, әлеуметтік ортамызға шаруашылықтарымызға қалыпты жағдай жасайды.

Кеңестік кезде жылан уының 1 гр. кепкен кристалы -350 сом болатын, ал алтынның 1 гр. 40 сом еді. Одан көптеген дәрілер майлар жасап, буын, сүйек ауруларын емдейді. Қазірде одан маңызы жоғарыламаса, төмендеген жоқ. Кеңалқым (Кобра), гюрза, сұржылан, эфа т.б. улы жыландардан питомниктерде уын алу (серпантерия) ертеден ұйымдастырылуда. Бұлар бағалы медициналық өндіріс көзі қазіргі кезде бизнес көзіне айналуда. Бұларда қыстап шыққаны болмаса, серпантерияларда улы жыландар көбеюге қаблетсіз. Олар табиғат ортасында ғана көбеюге қаблетті.

Қолтырауындардан олардың терісінен галантериялық буындар т.б. тұрмыстық заттар жасалатындықтан. Оларды қолдан өсіру формалары тропиктик аймақтарда соңғы жылдары жиі өндіріске айналуда. Тасбақаның тостағандарынан, пластрондарынан да экзотикалық бұйымдар да жататындықтан, оларда көптеп бизнестік қадеге жарайтын болып жатыр. Осы бизнестік қажеттіліктен біздің Қазақстандық дала тасбақасы соңғы жылдары бизнестік броконерлік шабуылға ұшырады 1934 ж. Галапагосс аралының піл тасбақаларын ХТҚК (МСОП) Қызыл кітабына енгізіп, ұлттық парк ашуы; 1964 ж. бері Ч.Дарвин атындағы биологиялық станция деп атайтын болды. Қазақстан «Қызыл кітабына» (1978,1996) Республика территориясында кездесетін 33-35 түрлі бауырымен жорғалаушылар ҚК-қа енген. Батыс Қазақстан облысында кездесетін 18 түрлі рептилияның 2 түрі: төртжылдықты қарашұбар жылан, сарбауырлы қарашұбар жылан енген (1978,1996).

5.Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Амниота дегеніміз қандай топтың жануарлары? Аталу себебін айтыңыз?

2.Амниоттар тобындағыларды омыртқалы жануарларды жоғарғы сатыдағыларға жатқызады. Неге? Бұларға жататындардың қандай ортақ қасиеттерін айта аласыңдар?

3.Бауырмен жорғалаушылардың тері жабындысы, күрделенуі? Тері безі?Ылғалды үнемді буландыратындар қайсылары, ал денесінің ылғалының 75% тері жабындысы арқылы шығаруға бейімделгені қайсысы?

4.Қосмекенділердің омыртқа жотасын, кесіртке омыртқа жотасымен салыстырып айтыңыз. Неше түрлі бөлімнен, қанша омыртқадан тұрады?

5.Бақаның және кесірткенің мойын омыртқаларын салыстырып айтыңыз, сонда қозғалмалы мойын қайсысында. Неге олай? Дәлелдеңіз.

6.Бақаның тұлға омыртқаларымен, кесірткенің кеуде-белдік омыртқаларын салыстырып айтыңыз? Өзгешеліктері қандай?

7.Бақаның және кесірткенің сегізкөз омыртқаларын, жамбас белдеулерін, байланысын айтыңыз?

8.Бақамен кесірткенің көкірек қуысы қайсысында жетілген? Қалай дәлелдей аласыз?

9.Бақамен кесірткенің қозғалысы, активтісі қайсысы? Дәлелдеңіз? Неге жылдам қозғалуға қаблетті?

10.Сүйекті екінші таңдай рептилиялардың қандай экотоптарында дамыған?Қандай мақсатпен, дәлелдеңіз?

11.Жақтарындағы тістері бәрінде де альвиолды қапшыққа орналасқан ба?Дәлелдеңіз? Қайсыларында?

12.Бақа мен кесірткенің ет жүйесін, ерекшелігін айтыңыз? Неге өзгерістерге түскен? Тыныс алуға қатысатын қандай ет?

13.Бақа тілімен салыстырғанда рептилия тілі қызметі артуы қалай?

14.Көмекей, кеңірдек дегендер тынысалуға қосмекенділермен рептилияның қайсыларында қатысады?

15.Жүрек индексі дегеніміз не? 3 және 4 камерлі жүрек рептилияның қайсыларында?

16.Рептилия зәрінің қоймалжың зат болып шығу неден?Амияк – мочевина-зәр қышқылы осы үш түрлі бөліну заттарының қайсысы рептилияға тән?

17.Шағылысу мүшесі жұп және тақ болып келген? Дәлелдеңіз: тасбақамен қолтырауында қайсысы?

18.Ми жүйесі бөліктерінің рептилияда қай бөлімдері күрделі дамыған?

19.Төбе көзі рептилиялардың қайсыларында жақсы жетілген?

20.Яковсонов мүшесі деген не? Қандай мүшеде, функциясы қандай?

21.Осы заманғы рептилиялардың қанша түрі белгілі. Оларды неше кластармағына, отрядтарға біріктірген?(Константинов бойынша)



6.Әдебиеттер

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.163-175

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.154-165

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2 стр.8-54

4.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Алматы «Қазақ университеті», 2007, 127-180б.

9 Дәріс



1.Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі мен эволюциясы

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4.Қаралатын сұрақтары:

4.1.Бастапқы рептилиялар

4.1.1.Тегіс самайлы Бауырымен жорғалаушылар

4.1.2.Самайында екі ойысы барлар

4.1.3.Самайында бір ойысы барлар

5.Қайталауға арналған сұрақтар:

6.Әдебиеттер:

2.Мақсаты: Мезозой эрасында дамыған жербеті омыртқалыларының күрделі даму жолына әкелген ертедегі бауырымен жорғалаушылар болса, қазіргі кайназой эрасында да күрделі өзгеріске түссе де, осы заманғы мықты таралып, көптүрлерінің саны жағынан төртаяқтылардың көпшілігі болып отырған жануарлардың эволюциялық дамуын табиғат орта мен байланыстыра отырып дәлелдеу.Бұдан, студенттер төртаяқты омыртқалы жануарлардың құрлық кеңістігін игеру мақсатындағы экспанциясы барлық мүмкіндікті (қарапайым жолы, прогрессивті жолы т.б.) толықтай құлаш ұрғанын байқауы керек, көз жеткізуге тиіс. Осындай мықты базалық жануарлар тобы жербетінде қалыптаспағанда, бұлардан дамыған, әсіресе жер бедеріне, табиғаттың климат жағдайына мықты бейімділікті көрсеткен сүтқоректілер тобы пайда болуы мүмкін болмаған болар еді. Осы логикаға студенттердің пікірін тұтату.

3.Мазмұны: Қарастырылатын сұрақтардағы алынған мәселелерді сатылы, үйлесімді дәлелдей отырып, жердің геохронологиялық кестесіндегі жер тарихы мен байланыстыра сипаттау. Бұдан, студенттер осы заманғы жануарлары мен байланысты түсінуге мүмкіндік алады.Рептилиялардың шығу тегін олардың ертедегі алғашқыларынан қалған самай шұңқырлары белгілеріне сүйене отырып дәлелдеуді жөн көрдік.

4.1.Ертедегі алғашқы рептилиялар

Рептилиялардың эволюциясы өте тез де және жан-жақты жүрген. Өйткені олар палеозойдың перм кезеңі аяқталмай жатып, сол уақытқа дейін суқоймаларында және су жағалауларында үлкен қожалыққа жеткен төртаяқтыларды-стегоцефальды ығыстырды. Бұлар катилозаврлар болатын. Кейбір белгілеріне қарағанда стегоцефалдарға ұқсастығы бар. Олар суда көбеюін, құрлықтан (жағалаулық кеңістік өсімдіктері мен) қоректенуін жалғастырған мен құрлыққа шығуда денесіне тез қозғалуға, әсіресе жауынан қорғануға, климаттық құбылысқа төзуге мәжбүр болды. Бір ғажабы осындай күрт әсерлерге бейімделуі шапшаң да, тез жүрді. Оған бірінші прогресс фактор болған сол кездегі омыртқалы жануарлар аяғы тимеген табиғаттың көпшілік кеңістігі бұларға айқара есігін ашқан болатын. Сондықтан сол кездегі қалың өскен өсімдіктер дүниесін бұлардың емін-еркін қоректік базасы алдын-ала дайындалғандықтан, осындай әзіс келуші алғашқы рептилиялар-котилозавралар – эунотозаврлар (перм кезеңіндегі қазіргі тасбақалардың ататегі), пеликозаврлар (котилозаврлардың активті ұрпақтары); терапсидтер (немесе Theromorpha – аңтәрізділер); болған.

Перм кезеңінің ортасына таман пеликозаврларды бұлардан да, жоғары жетіліп активті бейімделген аңтістілер ығыстырып шығара бастаған. Олардың тістері ерекше дамыған, күрделенген. Екінші сүйекті таңдайлары болған. Бір желке сүйегі екі желке сүріншегіне айналған. Төменгі жақтарында тістері жетілген. Шынтағы (локоть) – артқа, ал тізесі – алға қарай орналасқан да, нәтижесінде төртаяқты денесінің астында тік орналасып сүтқоректілердің қозғалыс мүшелеріне ұқсап келгенде шынтақтары мен тізелері екі бүйір бетінен шығып тұратын рептилиялық қозғалыс мүшелерінің келбеті жойылған. Бұлардың қаңқаларында сүтқоректілерді қаңқасына ұқсас келбет алған. Аң тістілердің көпшілігі жыртқыштар болған. Кейбірі өсімдік қоректілер немесе аралас қоректілер болған.

Перм қабатынан котализаврлар мен терапсидтер қалдықтары солтүстік АҚШ, Батыс Европа, Ресей, Қытай, Шығыс Европа жерлерінен табылған. Солардың ішінде ұзындығы – 3 метрлік өсімдік қоректі пареозаврлар болған.

Анапсидтық котилозаврлардан оқшауланып бөлініп шыққан диапсидтық (екі самай шұңқыры бар) рептилиялар болған. Олар палеозойдың соңына таман (пермь) кең таралып, екі түрлі систематикалық тобын қалыптастырған. Оларды екі инфра кластармағына біріктірген: 1 Лепидозавроморфалар. 2.Архозавроморфалар: біріншісінен: Гаттерия, кесіртке, жыландар тараған. Мезозойдың ортасына таман осы лепидозавроморфалардан алғашқы кесірткелер (первоящери) шыққан. Бұрлардан қалған жалғыз ұрпақ – гаттерия, немесе сфенодон Жаңа Зеландияның кішігірім аралдарында ғана сақталып қалған. Кейде алғашқы кесірткелерді, қынжал тістер деп атаған. Шынында өткір (үшкір) қынжалға ұқсас тістерді жақсүйектері және таңдай, өре сүйектерінде (амфибияларға ұқсас) орналасқан.Тістері тек жастарында ғана болады да, ересек гаттерияларда тістері болмайды. Бастың үстіңгі бетінде төбе сүйектері аралығында тістері болмайды. Бастың үстіңгі бетінде төбе сүйектері аралығында төбе көзі қалыптасқан. Оның қабығы болады. Қарашығы және торқабаты жетілген. Барабан қуысында барабан жарғағы жоқ. Шағылысу мүшесі жоқ. Бұл рептилиялар әлеміндегі жалғыз жағдай.

Гаттериялар – баяу қозғалып, көпшілік жағдайын мұхиттың альбатрос т.б. жағалау құстар ұясында мекендейді. Олар жұмыртқа салғанда да бір семья болып тұра береді (Сембиоздық жағдайда). Қоректігі – құрттар, насекомдар, қошқар мүйізді (улитка). Оңтүстік жарты шарда-қараша, желтоқсан айларында, жалпы көбеюге көктемнен бастайды. Жұмыртқаларын жерқуысына (камераларға) салады: 8-12 кейде 15-17 жұмыртқа салып болғаннан кейін жұмыртқалар астын қазып, жерге тереңірек батырады да, оны топырақ жауып тастайды. 12-14 ай инкубацияда көміліп жатады. Жас гаттериялардың жыныстық жетілуіне 20 жыл уақыт керек.

Кесірткелер , жыландар, құбылғылар – осы заманғы ілгерінген продвинутый рептилиялар тобы. Бұлар барлық рептилиялардың 95% осылардан. Әсіресе кесірткелер, жыландар. Осы үшеуі де - қабыршақтылар отрядын біріктіреді. Осы кесірткелермен гаттерия арасында белгілі ұқсастықтарына соңғы кезде көңіл бөліп келеді әсіресе морфологиялық ұқсастықтары ішінде – интертерзалдық (буынаралық байланыс) буынның болуында. Сонымен, лепидозавромерфалардың яғни екі самай ойысы барлар - диапсидтық, осы заманның көпшілік гүлденген рептилиялар тобын қалыптастырған.

Енді, архозавроморфтар тағдырына келсек, олар осы заманға ертеден қалған тамаша жоғары ұйымдасқан азғана рептилиялар тобы. Бұларға: қолтырауындар, тетрозаврлар, динозаврлар жатады. Қолтырауындар (крокодилдер) осылардан бүгінгі таңда жалғыз сақталып қалған тарихи ескерткіш деуімізге болады. Қолтырауындар триастың соңына таман пайда болған. Олардың, сол кезде омыртқалары қосмекенділер сияқты амфицельді болған. Осы заманғы қолтырауындарда омыртқалары процельді болып, екінші сүйекті таңдайы қалыптасқан, бұлар ерте заманғы архозаврлардан яғни псевдозухилардан қалыптасқан.

Сонымен, рептилияға тән қасиет самай шұңқырларының қалыптасу эволюциясы бойынша қысқаша шолу жасайтын болсақ.:

4.1.1.Тегіс смайлы рептилиялар пайда болуы, орта карбон кезеңінде осыдан 300-320 млн. жыл бұрын стегоцефалдардан пайда болған. Оларды антрокозаврлар деп атаған. (сурет-2 Н.П. наумов т.2 1979) кейде эмболомерлер деп те атаған. (сурет-114 Константинов, 2000). Бұлар, қазіргі заман тасбақалардың ататегі анапсидтар болатын. Себебі, бұлардың (тасбақаның) самайлары тегіс, ешбір ойыс, шұңқыры жоқ тегіс болып келген, яғни перм қазбаларынан табылған катилозаврлардан бастау алған.

4.1.2.Екі самай шұңқыры бар рептилиялардың пайда болуы: Сол Перм кезеңіндегі мықты дамыған катилозаврлардан екі самай шұңқыры бар рептилиялар бұтағы қалыптасқан.Олардың бас сауытының самайында екі шұңқыры болған (сурет – 16 Н.П.Наумов т.2. 1979), (33 сурет К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов т.1. 2007). Бас сүйектің мұндай типі стегальды деп аталған (стегоцефаль деген сөзден) және котилозаврлар оны өздерінің арғы тегі ежелгі сауытты қосмекенділерден сақтап қалған.

Қос самай шұңқырларымен оларға сәйкесті қос шықшыт доғаларының түзілуі – бас сүйектің диапситі типін өмірге әкелген. Бұлар – қолтырауын, диназаврлар, петрозаврларға тән – бұл.

4.1.3.Самай аймақтарының артқы жоғарғы бөлімінде бір самай шұңқырының бойда болуы, шықшыт және қабыршақты сүйектерден тұратын ғана самай доғасының қалыптасуына алып келген – бұл бас сүйектің синаптидті типі пайда болған. Мұндай алғашқы бір ғана самай доғасы бар синапсидті бас сүйек аңтісті қазба рептилияларға және олардан пайда болатын сүтқоректілерге тән.

Перм кезеңіндегі эозухиладан – тұмсықтылар бөлініп шыққан. Бұлар юра кезеңінде құрып біткен, ол олардан қалған жалғыз түр – гаттерия сақталып қалған. Осы перм кезеңінің соңына таман қарапайым диапсидтерден – қабыршақтылар бөлініп шыққан. Бұлар, бор кезеңінде гүлдену деңгейіне келген, көпшілік болып тараған. Осы бор кезеңінің соңына таман кесірткелерден – жыландар бөлініп шыққан. Қабыршақтылардың жалпы гүлдену заманы кайназой эрасында болған.

5.Қайталуға арналған сұрақтар.

1.Нағыз жербеті рептилиялардың прогрессивті бейімделуіне ірі жетістігінің бірі көбеюіндегі эмбриондық қалдықтарды таңыз? Олардың әрқайсысының қызметі қандай?

2.Неғұрлым ерте заманда қалыптасқан рептилиялар қалдығына қанша млн. жыл болған.?

Кезеңнің қабатынан табылған.

3.Антрокозаврлар деген қандай рептилиялар?

4.Сеймуроморфтар қандай рептилиялардан пайда болған?

5.Самай сүйегінде ойыс шұңқырлары жоқ, тегіс бастыларды қандай заврларға жатқызамыз?

6.Жоғарғы карбон кезеңінде катилозаврлардан рептилиялардың неше кластармағы бастау алған?

7.Тасбақалар қай кезеңде, ертедегі қандай рептилиялардан пайда болған?

8.Неғұрлым қарапайым диапсидтер дегеніміз кімдер? Перм кезеңінде осындай қарапайым эозухилардан осы заманғы өкілін айтыңыз?

9. Қабыршақтылар – кесірткелер қай кезеңде пайда болды?

10.Қай кезеңде жыландар, кімдерден бөлініп шықты?

11. Лепидозаврлар дегеніміз қандай рептилиялар?

12.Мезозой эрасында экологиялық мамандалған қандай кластармағы неғұрлым көпшілік

формасын көрсеткен еді?

13.Бір самай шұңқыры болатын рептилияларды атаңыз?

14.Құбылғылар (хамелеондар) қай кезеңнен бері пайда болғандар?

15.Гаттерия мен кесірткелердің қандай морфологиялық белгілері таң қалдырады?

16.Қолтырауныдар туыстас динозаврлармен қай кезеңнен қош айтысты?

17.Осы заманғы қолтырауындар ерте заманғы Юра туыстастарынан қандай морфо-анатомиялық белгілерімен айырмашылығы бар?

18.Бор эрасының (осыдан 200 млн ж. бұрын) кезінде тұщы су псевдозухиларынанпайда болған атын атаңыз?

19.Динозаврлардың қандай ерекшеліктері болған, сол ерте кезде?

20.Динозаврлардан бастау алған екі рептилиялар тобын қалай атаған?

21.Кесірткежамбастылар дегеніміз қандай рептилиялар?

22.Құсжамбастылар дегенім қандай рептилиялар?

23.Ақтістілер деген қандай рептилиялар? Ерекшеліктері қандай?



Әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М.,2000 стр.195-206

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., 1982 стр.182-191

3.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М., 1979 т.2 стр.8-17

4.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Алматы «Қазақ университеті», Алматы – 2007, 127-182 б.

10 Дәріс



1.Тақырыбы: Класс Құстар. Жалпы сипаттама.

2.Мақсаты:

3.Мазмұны:

4.Сұрақтары:

4.1.Құстар класына жалпы сипаттама

4.2.Морфологиялық шолу

5.Қайталауға арналған сұрақтар:

6.Әдебиеттер:

2.Мақсаты: Әлемдегі жылы омыртқалы жануарлардың ең активтілерінің бірі. Кейде осы ынталы тіршілігіне орай, оларды айрықша, немесе оқшауланған жануарлар тобына жатқызады. Себебі ауа кеңістігін пайдалана отырып биосфераның барлық кеңістігіне таралып игеруге мүмкіндігі жеткен жануарлар класы. Сондықтан құстардың жер планетасына оның заттармен энергиясының алмасуы үшін үлкен маңызы болып отыр. Құстар тіршілік үшін күрестің тамаша үлгілерін, бейімділіктерін көрсетіп отыр. Жолдың бір-ақ маусымы ішінде жер планетасының ешбір жануарлар бара алмайтын жерлерге, көбейіп, ұрпақ қалдыруына мүмкіндікке жеткендер.

Материалистік көзқарастың жануарлар әлемінде тіршілік құбылысын дәлелдеудегі теңдесі жоқ мысалы және материалы. Сол себептенде құстар жер экономикасын айбынды жасаушысы, адамзат экономикасы және рухани байлығын прогрессивті дамытушыларының бірі болып қоғамды цивилизацияға жетелеушілерінің біріне айналған.Осы тығыз байланыстылықты студенттерге үйлесімді түсіндіру. Туған табиғатымыздағы бағалы қазынамыздың бірі-құстарымыз. Оларды терең зерттей отырып ұрпақтарға сақтау міндетіміз.



3.Мазмұны: Қарастырылатын сұрақтарға жүйелі жауап бере отырып құстардың биологиялық көптүрлілігін дәлелдеу.Олар жылы қандылар (гомотермальды) ішіндегі көптүрлілікке қолы жеткен. Салқынқандылар ішінде балықтар болса, құстар жылы қандылар ішінде – 8000 астам түрлері бар.Әлемдегі осындай түрлі құстардың 4800-ге тарта Қазақстан территориясында кездесетін болса, Батыс Қазақстан облысы жер-суында олардың 300-ден астам кездеседі. Өлкемізде (БҚО-да) 450 ден астам омыртқалы жануарларымыз бар десек, соның -66% дан астамы құстар екен. Демек, біржылдық тіршілік ырғағымызда құстармен байланысымыз көпшілік екен.

Табиғатымыздың экологиялық келеңсіз жағдайында да көбеюіне зиян көрішілерде, осы құстар болып отыр. Өлкеміздегі Қазақстан «Қызыл кітабына» енген (1978,1996) омыртқалы жануарларымыз – 48 түр, болса осының 37- сі құстар үлесіне тиеді. Сонда, өлкеміздегі «Қызыл кітап» жануарларының 77% құстар екен. Бұл, әрбір 8-ші құсымыз «Қызыл кітап» бетінен орын алғанын байқатады. Бұл мәселе өлке адамдарын, әсіресе биологтар, экологтарда ойландыруға тиіс.



жүктеу 2,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау