М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



жүктеу 2,01 Mb.
бет5/13
Дата08.02.2018
өлшемі2,01 Mb.
#9055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

* Тақырыптың атауы,

* Дәріс мақсаты,

* Тірек сөздер

* Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

* Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар

* Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтары

* Ұсынылған әдебиеттер тізімі

1 Дәріс

. Омыртқалы жануарлар курсын оқытудың маңызы.

Хордалылар типі (Chordata), омыртқалы жануарларды ЖОО-да оқытып зерттеу жүйесін аяқтайды. Бұлар тірі организмдер ішіндегі ең ынталы қозғалыспен тіршілік кеңістігіне активті әсерімен іс-әрекетке бейімделгендер. Өйткені күрделі дамып, табиғат кеңістіктерін (су ортасы, ауа ортасы, жербетін, топырақ қабатын) мықты игеріп алғандар. Сондықтан да биосфералық кеңістігіне кеңінен тарап, көпшілік түрлер санына (40000 астам) жеткендер.

Осы жетілген қабілеттіліктерін адамзат қоғамы барлық мәдени-экологиялық салаларында кеңінен, өте ерте заманна бері пайдаланып келгеннің нәтижесінде ХХІ ғ. мықты цивилизациялық үдемелі дамуға, ғылымға қолы жеткен. Ол салалардың негізгілері:

1. Үйжануарларының бәрі осы хордалылардан (орытқалылар) шығуы:

2. Омыртқалы жануарлар – дәруменді азық-түлік көзі;

3 Көптеген жаратылыстану ғылымдарының қазына көзі;

4. Медициналық дәрі-дәрмек ресурстар көзі;

5. Табиғат пен адамэволюциялық дамуындағы тарихи шежіресіде, бүгінгімізбен болашағымызда осы жануарлар тіршілігімен тығыз тағдырлас биосфералық байланыста бола береміз (Рио-92).

6. Спорттық, мәдени – тәрбиелік қазына көзі;

Жаңа ғылым салаларының бастау алатын сарқылмас көзіне айналуда. Бионика мен техника, биология мен электроника биотехнология (биология мен жаңа технология), гендік инженерия, зоопсихология негізінде әлеуметтік психологиялардың көптеген бөлімдері өмірге келді.

Хордалылар (омыртқалылар) әлемі табиғатқа, қоғамға өте көп пайдасы болғанмен олардың зияны да бар. Олар көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын ұзақ уақытқа сақтайтындар. Нәтижесінде қауіпті безгек, оба, қантеріс, энцефалит т.б. ауруды жұқтырушылар. Бұл індет аурулары ХХІ ғ. табиғат ортасымен қоғам арасындағы күрделі байланыс күннен-күнге күшейген сайын қауіптілік қысымын күшейте түсуде.

Сондықтан да омыртқалы жануарлардың пайдасы мен зиянын реттеп, олардың адамзатқа, табиғат биосфера ортасына осы заманғы талапқа сай тиімділігін арттырып, зиянын тежеп отыру үшін, оларды жүйелі түрде бақылап, зерттеп, қорғап отыру ХХІ ғ. күн тәртібінің қажеттілігіне айналып отыр. Олардың өніп-өсуіне, жылдық тіршілік ырғағына көңіл аударып, әсіресе сиреп кету және құрып кету қаупінде тұрғандарын «Қызыл кітапқа» енгізгендеріне он жыл сайын санақ жүргізіп отыру алынған. Осыдан «Омыртқалы жануарлар» курсын оқытудың мақсаты туындайды.

Курстың мақсаты:

Біріншіден;

Рио-92. 27 – қағидасына сәйкесті 21 ғ. күн тәртібіне байланысты бүкіл адамзат жер планетасында тіршілікті сақтап қалуы үшін,оның генефондысын сақтай отырып, тұрақты дамуға қолы жетуі үшін биологиялық көптүрлілікті қорғап, келер ұрпаққа сақтауға міндетті. Себебі ол тек бүгінгі ұрпақ емес келер ұрпақтардың ішініп киінетін асыл қазына көзі болғандықтан.

Екіншіден; Жануарлар жылдық тіршілік ырғағында миллиярдтаған тонна бағалы органикалық заттармен энергияны биосфера кеңістігіне бере отырып жер беті экономикасын құнарын үдемелі байытушысы екені ғылымға белгілі. Осыны пайдалану басты мақсат.

Үшіншіден; Жануарлар әлемі адамзат тәрбиесінің дидактикалық және рухани қазынасы болғандықтан, болашақ мәдениетті азаматтың жануарлардың қатынасынсыз саналы дамуы мүмкін еместігі белгілі болып отыр. Бұл жас ұрпақтың туған табиғатымен тығыз байланыстылығы дамыта түсуін оған ықпал жасауына туған өлкесіне деген патриоттық сезімін қалыптастыратын болады. өзі өскен сырласқан табиғатына жаны ашыр азамат болып өсуіне ықпал жасайды.

Төртіншіден, болашақ ұрпаққа адамзаттың бірден-бір қалдыратын осы қазынасы – жануарлар әлемі болғандықтан олардың тұрақты өсуімен қадағалап қорғауға сауатты қазақстандық әрбір азаматтың алдында тұрған абыройлы міндеті. Бұл міндетті Қазақстан Респбуликасының Конституциясында оның 38-ші бабында «Әрбір қазақстандық азамат Қазақстан территориясының табиғи қазына байлығын фауна, флорасын тиімді пайдалана отырып келер ұрпаққа сақтау үшін ат салысуға міндетті»-деп жазылған.

Осы курстың маңызы мен мақсатын туындайтын

Курстың міндеттері:


  1. Омыртқалы жануарлардың осы заманғы ғылымға белігілі 40 мыңнан астам түрлерін 840-қа тарта (оның 450-460 түрлері БҚО территориясында) Қазақстан территориясында кездесетіні белгілі. Бұлар Қазақстан территориясының жер беті болашақ ұрпаққа қалар негізігі байлығымыз. Олардың түр ерекшеліктеріне биологиялық ерекшеліктеріне жете көңіл аудару. Бұлар 41 (35 ) отрядтар өкілдерін құрайды.

  2. Қазақстан территориясында әртүрлі табиғи аймақтар бар. Осылардың табиғат еркшеліктеріне байланысты омыртқалы жануарлардың бейімделіп таралуына көңіл бөлу.

  3. Қазақстанның 1978 жылы бірінші «Қызыл кітабы» шықты. Бұл кітапта Қазақстан бойынша 87 жануралар, 45-і БҚО. 1996 жылы екінші басылымында – 129 түрлері (48 –і БҚО-да) енген болатын. Демек 18 жыл ішінде «Қызыл кітапқа» 42 түрлі омыртқалы жануарлары енген екен. Орташа жыл сайын 2-3 түрлері омыртақлы жануарларымыз сиреп кету немесе құрып кету қаупіне келіп отырғанын байқаймыз. Олай болса, болашақ ұрпаққа қалдыратын тірі қазбамызбен рухан байлығымымыздың тағдыры бүгінгі таңда бізді ойландыруда. Демек, бұларды жете білуге жергілікті жағдайда бақылауға алуға, қорғауға алуға ат салысуымыз керек. әрбір аудан өз жануарларын қорғауға нақты көңіл бөлуіміз керек.

  4. БҚО-ның бағалы кәсіптік жануарлары: бекіре тұқымдас балықтар ( бекіре, қорытпа, шоқыр, пілмай, сүйрік), киік, құндыз және жерсініп келе жатырған ақдөңмайдай бағалы кәсіптік балығын түрлік биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін жақсы білу оларда қорғауға әзірлену.

5.3. Тип хордалыларға сипаттама.

Хордалылар типі (Chordata) қазіргі кезде жер шарында кеңінен тараған. әртүрлі авторлар деректеріне сүйенсек 40-43 мың аралығында түрлері ғылымға белгілі. Олардың пішіндері (формасы) алуантүрлі болуына қарамастан, бәріне ортақ жоспармен қалыптасқанын байқаймыз. Ол ортақ белгілер мыналар:

1. Хордалылардың бәріне ортақ ішкі өстік қаңқа – хордадан тұрады. Хорда, немесе арқа желісі, тірек қызметін атқаратын, өте күшті қоймалжың заттарға толы клеткалардан тұратын ерекше ұлпалардан құралған. Хорда төменгі сатыдағыларға өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларға эмбриондық кезінде болады да, кейіннен хорданы қоршап жатқан дәнекер ұлпадан қалыптасатын шеміршекті немесе сүйекті омыртқалармен алмасады. Хорданың өзі гаструляцияның ақырғы кезеңінде арқа жағындағы хорда алды тақтайша клетка тобынан қалыптасып, эндодермалық қабаттан пайда болады.

2. Орталық жүйке жүйесі (ми мен жұлын) арқа жақта орналасқан және оның түтік тәріздес пішін бар. Түтік іші қуысты – невроцель деп атайды. Барлық омыртқасыздардың орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) негізінен құрсақ жағында орналасып және ганглиялар жүйесін құрайтын болса, ал хордалылардың жүйке түтігі ұрықтың арқа жағының ұзына бойына төмпешіктену барысында эктодермадан (бластула – бір қабатты кезеңінде нейробласт клеткалар тобынан) пайда болады. Сол себептенде ОЖЖ хорда түтігінің үстінде орналасады.

3. Ас қорыту жолы хорданың астында орналасқан. Осы түтіктің алдыңғы бөлімі жұтқыншақты желбезек саңылаулары тесіп, оның қуыстарын сыртқы ортамен байланыстырады. Бұдан жұтқыншақтың екі жақты функциясын байқаймыз: Жұтқыншақ асқорыту жолының және тыныс алу мүшесінің қызметтерін атқарады. Суда тіршілік ететін хордалылардың желбезек саңылаулары (қандауыршалар, дөңгелекауыздылар, балықтар) өмір бойы сақталады. Оларда суда тыныс алу мүшелері – желбезектері дамиды. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда саңылаулары – ұрықтың уақытша мүшелері болып қалады (эмбриондық, дернәсілдік кезеңдерінде ғана). Ауа мен тыныс алу мүшелері өкпе – жұтқыншақтың артқы бөлімінің құрсақ жағында қос төмпешіктену арқылы дамиды.Бұл қосмекенділерде (тек ересектерінде),рептилияларда, құстар мен сүтқоректілерде, өкпе (ауа оттегісімен) тыныс алу дамыған.

4. Қан тасымалдаудың орталық мүшесі – жүрек дененің құрсақ жағында, асқорыту түтігінің астында орналасқан. Хордалылырдың жүрегінің шығу тегі жағынан веноздық.

Сонымен, барлық хордалылар екінші қуысты (целом құрсақ қуысы ішікі мүшелердің орналасу қуысы) жатады. Хордалылардың денесі бунақталған қосжақты симметриялы жануарлардың ерекше бұтағы болып табылады.

Хордалылар үш тип тармағынан тұрады: 1.Бассүйексіздер (Acronia)

2.Қабықтылар (Tunicata)

3.Омыртқалылар (Vertebrata)



5.4. Қолданылатын көрнекіліктер тізімі

1. Табиғи көрнекіліктер

1.Балық тұлыбы (көксерке)

2.Балық қаңқасы (алабұға,жайын)

3.Көлбақасы ылғалды

4.Сұр кесіртке ылғалды

5.Қаңқалар (бақа, кесіртке)

6.Көгершін (тұлыбы)

7.Көгершін қаңқасы

8.Борсықтың қаңқасы.

2. Жасанды көрнекіліктер

Кесте-1. БҚО Омыртқалы жануарлары (үлкен)

Кесте-2. Омыртқалы жануарлар және адамзат

Кесте-3 Қазақстан «Қызыл кітабына» енген БҚО жануарлары

Кесте-4. Карта охрана природы ЗКО(БҚО)

Кесте-5. Жануарлар әлемін қорғау т.б. туралы халықаралық ұғымдар.



3. Әдебиеттер:

1.Н.П.Наумов,Н.Н.Карташев Зоология позвоночных 1-2 том М.,«Просвещение», 1979 г.

2.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., «Просвещение» 1960.1965,1973,1982

3.С.П.Наумов Омыртқалылар зоологиясы Алма-Ата, «Мектеп» 1970ж.

4.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных М., «Академия», 2000,2004

5.К.Б. Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы.

Алматы «Қазақ университеті». 1-2 том 2007ж.

6.Красная книга Казахской ССР. Алма-Ата «Ғылым» 1978 Позвоночные, Насекомы.

7.Ковшарь А.Ф. Мир птиц Казахстана. Алма-Ата «Мектеп» 1988

8.Бекенов А.Б.Есжанов Б. Махмутов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. Алматы «Ғылым» 1995



5.5 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

5.4.1 Кіріспеден:

1.Жануарлар әлемін оқытуда хордалылар қай сатыда тұрады?

2.Хордалылар тіршілік кеңістігінде қандай ерекшелігемен көзге түседі?

3.Хордалылардың табиғат ортасында таралу кеңістіктерін атаңыз?

4. Хордалылардың қазіргі ғылымға белгілі түрлер саны?

5.Хордалылы жануарлардың табиғат ортасына жетілген қабілеттіліктерін, бейімділіктерін адамның пайдалануы қашаннан бері?

6.Ит адамға серік болғанына қанша мыңдаған жылдар болды?

7.Қойды адамдар қанша мыңдаған жылдардан бері қолға ұстап келген?

8.Осы заманда жануарларды қолға үйретуде қандай түрлерін (құс,аң т.б.) атар едеің?

9.Жануарлардан бастау алатын қандай негізгі ғылымдарды білесің?

10.Жануарлардан бастау алған соңғы кездерде қандай жаңа болашағы мол аралық ғылымдарды білесің?

11.Медицинада жануарлардың қандай заттарынан бағалы дәрі-дәрмек жасап келген?

12.Адам тарихын зерттеуде жануарлар тарихының әсері барма?

13.Адам мен жануарлар тарихын қандай ғылымдар зерттейді?

14.Рио-92. 27-қағида дегеніміз не?

15.Қазақстанның бірінші «Қызыл кітабы»қашан шықты? Онда неше түрлі омыртқалы жануарлар енді? (БҚО бойынша)

16.Омыртқалы жануарлар қандай жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын сақтап, таратады?

17.Жұқпалы ауру қоздырғыштары бар жануарларды атаңыз?

18. Қазақстан (БҚО) территориясында қанша омыртқалы жануарлардың түрлері бар?

19.Хордалылар типіне жатқызу үшін оларға ортақ неше белгі бар?

20.Екіжақты немесе билатериалды симметирия деген не?

21.Хордалылар типінде неше тип тармағы бар? Оларды атаңыз.

22.Погонофор және тікенділер дегеніміз қандай ауызды теңіз жануарлары?

23.Хордалыларды қандай ауызды жануарларға жатқызамыз?

24.Жануарлардың нерв жүйке жүйесі қандай эмбриональды қабаттан пайда болған?

25.Жануарлардың хордасы қандай эмбриональды қабаттан пайда болған?

26.Жануарлардың асқорыту түтігі қалай орналасып, эмбриональды қабаттың қайсысында пайда болған?

27.Асқорыту жолының қай бөлігі екі жақты қызмет атқарады?

28.Желбезекпен тыныс алатын су жануарлар топтарын атаңыз.

29.Өкпе мен тыныс алатындар қай ккеңістіктің жануарлары?

30.Су мен құрлық арасында қалған аралық формадағы жануарлар тобын атаңыз?

31.Қан тамырларының орталық мүшесі қай жерде орналасқан?

32.Хордалылардың шығу тегі жағынан қай тақырып?

33.Хордалылар жүйесін жүйелеуде үлкен еңбек қалдырған ғалым кім? Осы еңбегіне дейін бассүйексіздер мен қабықтылар қалай орналасқан?

5.6 әдебиеттер:

1.В.М.Константинов и др. Зоология позвоночных. Москва «Академия» 2000 стр.4-8

2.Н.П.Наумов,Н.Н.Карташов Зоология позвоночных М.«Высшая школа»1979 т1 стр.5-30

3.С.П.Наумов Зоология позвоночных М., «Просвещение» 1982 стр.8-11

4.К.Б. Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы. Алматы «Қазақ университеті» 1-2 том 2007ж. 3-8 бет.

2 Дәріс



1.Тақырыбы: Типтармағы -3. Омыртқалылар (Vertebrata),немесе Бассүйектілер (Craniata)

2.Қарастырылатын сұрақтар:

2.1 Жалпы бассүйектілер немесе омыртқалыларды сипаттау

2.2 Жалпы құрылысын сурет-1,6-7,8 (Константинов бойынша 2000) қысқа салыстырмалы сипаттау.

2.3 Анамния. Амниота топтарының жіктелуіне тоқталу



3.Дәріс мақсаты

4.Дәріс мазмұны

5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

6.Пайдаланылатын әдебиеттер.

2.1.2.4 Жалпы омыртқалылар немесе бассүйектілерді сипаттау (Дәріс мазмұны орнына)

Бассүйексіздер (1 – типтармағы) және қабықтылар (2 – ші тип тармағымен салыстырғанда Омыртқалылар (3-ші типтармағы) – Неғұрлым жоғары деңгейдегі хордалылар болып саналады: Оның себептері:

1-ден Осы омыртқалыларға жататын осы заманғы - 6 класс: дөңгелекауыздылар,балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер ішінде отырып қозғалыссыз тіршілік ететіндері жоқ.

2-ден Омыртқалы жануарлар табиғи тіршілік ортасында, кеңістігінде ынталы қозғалысқа қабілетті

3-ден Қоректі заттарын активті іздестіріп, оларды ұстау тәсілдеріне жетіліп алғандар.

4-ден Ұрпақ қалдыратын ыңғайлы аймақшаларды, қолайлы жерлерді (уылдырық шашатын аймақша, ұя салатын,ін қазып көбйетін, үйшік т.б.) тауып алуға қаблеттілігі мол.

5-ден Қауіпті жағдайда жауларынан құтылып кетуге бейімділіктері дамығандар.

Осы көрсетілген жалпы биологиялық бес қасиеттер омыртқалы жануарлардың бәріне тән қасиеттер екенін ұмытпауымыз керек. Бұл қасиеттер әрбір түрдің ұрықтанған жұмыртқасынан (эмбрион) бастап дернәсіл,шабақ, бір жаздық, екіжаздық, жыныс заты пісіп жетілген кезі, жылдық ырғағындағы миграциясы, қыстауы кезеңдердің бәріне осы қасиеттердің морфофизиологиялық ерекшеліктеріне тікелей үнемі байланысты болып отырады.

Морфофизиологиялық ерекшелігі күшті жетілгендер-жоғарғы сатыдағы хордалыларда – жүйке жүйесі күрделене түскендер, яғни басмиы дамығандар. (3-ші тип тармағындағылар), басмиы дамымай тек жұлынмен тіршілік ететіндер. 1- 2 тип тармағы: Бассүйексіздер; Қабықтылар – төменгі сатыдағы хордалылар.

Жануарлардың жоғарғы жүйке жүйесіне жетуі – олардың табиғат ортасындағы мінез-құлықтарының жаңа бейімділіктерге жетуге мүмкіндіктер берді. Осының салдарынан омыртқалы жануарлар күрделі құрылыстағы сезім мүшелеріне жеткен. Осы сезімдердің нәтижесінде жануарлар өздерін табиғат ортасында өздері қалаған кеңістікте жақсы бейімделуіне жеткен, табиғатта биологиялық түрлердің дамуына, кең таралуына жеткен.

Басмиының дамуы, онда сезім мүшелерінің күрделеніп жетілуі (12 басмиы Ж.Ж.,иіс сезу, көру, есту,дәм сезу) мисауытының қалыптасуына әкелген.

Бассүйек үлкейді, кеңейді, ауырлады, нәтижесінде омыртқа жотасы күрделеніп, өстік қаңқаның қалыптасуына әкелген, оның ішкі қуысы жұлынның орналасатын қорабына айналған.

Шек түтігінің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы ауыз қуысы қалыптасып,ал көптеген омыртқалыларда – қозғалмалы жақ аппарат қаңқасы пайда болған. Бұл аппарат қоректік заттарын ұстауға, жұтуға көмектесетін болған. Ал жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға ұстаған қоректік заттарын ұсақтауға дейін дамыған. Қоректік заттарының ұсақталынуынан ағзада заттармен энергия алмасуына үдемелі жағдай жасалды. Нәтижесінде жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда жалпы заттармен энергия алмасуы төменгі сатыдағы хордалыларға қарағанда өте жоғары дамыған. Бұны жұрек құрылысымен қан айналымды қалыптастыруынан байқауға болады. Жүрек құрылысымен қызметі күрделенген сайын (2,3,4) денеден қанның айналымымен жылдамдығы арта түседі де, зат алмасудағы басты мүше – бүйрек қызметі жетіле түскен. Осы мүшелердің орналасуымен күрделенуін 8-суреттегі Омыртқалы жануарлардың ұзыннан қимасы (1), көлденең бас бөлімінің қимасы (2), тұлға бөлімі (3), құйрық бөлімінің көлденең қимасы кесіндісінен (4) (Константинов,2000) байқауға болады.

Сонымен хордалылар әлемі Ордавик Силур дәуірінен бастап белгілі болса, 5000млн. ал осы заманғы белгілі омыртқалы жануарлары Юра дәуірінен (200 млн.ж.) бастап пайда болған. Омыртқалы жануарлар қазіргі кезде ғылымға белгілі- 40000 тарта түрлері анықталған.

2.2. Жалпы құрылысын сурет – 1, сурет -6,7,8, пайдалана отырып салыстырмалы суреттеу



Басхордалылар (1 т.т)

1.Сырт пішіні - балықтәріздес жартылай мөлдір

2.Тері жабындысы – эпидермис, кутис – бір қабатты (борпыл ұлпа)

3.Бұлшықеті-нашар дамыған, миомер қапшықтармен байлан.-миосепті сигментті.

4.Қаңқасы-хорда, дәнекер ұлпамен қапталған.

5.Жүйке жүйесі-түтікті, іші қуыс-невроцель.Ішкі ЖЖ сигменттері – 2.

6.Сезім мүшелері-жарық сезгіш Гессе. Иіс зезі шұң. Денесі-сезімтал.Клетки

7.Қоректенуі және Тыныс алуы – қарапайым. Эндостиль желбезек саңылауы – 100жұп.

8.Қан айналу жүйесі тұйық қарапайым.Жүрегі жоқ,қаны түссіз.

9.Зәр шығару жүйесі-90 жұп нефридиялар,нефротсомдар,соленоциттер.

10.Көбею мүшесі-дара жынысты-25 жұп жұмыртқа безі 0,1 мм.

Омыртқалылар (3 т.т)

1.Өте күрделі алуан түрлі:шардан құсқа дейін

2.Эпидермис-эктодермальды кутис-мезодермальды ш.т. 10түрлі функциясы бар.

3.Тері асты еті бұлшықет (сомдық ет)-көлденең жолақ,сегмент жоқ. Бас, кеуде, қол-аяқ еттері біріңғай салалы ішкі ет.

4.Ішкі қаңқа:омыртқа жотасы,кеуде қуысы қабыртқалар.

4.1 Бассауыты

4.2 Висцеральды қаңқа

4.3 Қол-аяқ және олардың белдеулері

5.Жүйке жүйесі: орталық, шеткі автономды.

6.Сезім мүшелері: Иіссезу,көру,есту,дәм,сипап сезу.

7.Асқорыту: ауыз қуысы, жұтқыншақ,өңеш,қарын шек, а\қ безі: сілекей,бауыр,ұлтабар

8.Тыныс алу:желбезекті, өкпе 1% терімен тыныс алу.

9.Жүрек 2→3→4 камералы,қаны қызыл 2 қан айналу шеңбері.Қан жүрек индексі кесте:№1, №2 (30-31 б.Конспект.

10.Зәр шығару мүшесі Басбүйрек,дене бүйрек,жамбас бүйрек.

11.Жыныс мүшесі:жұп, жыныс жолы:вольфов канал,мюллеров канал.

2.3 Анамния және амниота топтарының осы заманғы жіктелуі

Анамния-бастапқы су организмдері. Олардың тыныс алу мүшесі өмір бойына желбезек, немесе дернәсіл мезгілінде сақталады. Олардың жұмыртқасы даму кезінде ұрық қабы қалыптаспаған.Эмбрионға керекті жылуды табиғат ортасынан (су жылуын) алады.

Амниота- жербеті төрт аяқты жануарлары.Олар өкпемен тыныс алатындар.Олардың жұмыртщасының дамуында арнаулы ұрық қабығы (сұр,амниот, аллантоис) қалыптасқандар. Эмбрионның дамуына осы қабықтың үлкен маңызы бар.

Бөлімі А. Жақсыздар (Agnatha)

1 класс үсті Жақсыздар (Agnatha)

Класс Дөңгелекауыздылар (Cyclostomata)

Бөлімі Б. Жақауыздылыр (Gnathostomata)

2 класс үсті Балықтар (Disces)

Класс Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes)

Класс Сүйекті балықтар (Osteichthyes)

3 класс Жербеті немесе төртаяқты омыртқалылар (Tetrapoda)

Класс Қосмекенділлер, немесе Амфибиялар (Amphibia)

Амниота тобына 3 класс жатады:

Класс Бауырмен жорғалаушылар (Reptilia)

Класс Құстар (Aves)

Класс Сүтқоректілер (Mammalia)



3.Дәріс мақсаты: Осы заманғы омыртқалы жануарларына олардың 1-ші,2-ші азғана топтарымен Басхордалылар және қабықтылармен салыстыра отырып Омыртқалылардың табиғат ортасына мықты бейімделгенін дәлелдеу көзжеткізі.

Ол үшін омыртқалылардың ғасырлар бойы денесіндегі морфофизиологиялық белгілірі (5), мықты дамыған мінез-құлқын жоғары сатыға көтерілген орталық жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аудару.

Омыртқалылардың көбеюіндегі үлкен прогресс қағанақты тобының полеоген дәірінен бері пайда болуына орай жер бетінде мықты дамыған сүтқоректілер келді. Жер беті құстарының осы заманғы нағыз құстар үштің кезеңнің палеоцен дәірінен бастап пайда болуынан және осы сияқты ірі-ірі прогресті әсіресе көбеюдің прогрестік дамуы жағынан бауырмен жорғалаушылардан – қабыршақтыларды, қосмекенділерден- құйрықсыздарды, балықтардан-сәулеқанаттыларды айтуға болады.Осындай прогрестік эволюциялық дамуды айта 21 ғ. биосферадағы адамның іс-әрекетінен туындап отырған экологиялық күйзеліс жағждайларына көңіл аударып, табиғат ортасын қорғау, жануарлар әлемін қорғауға, оның ішінде Қазақстан территориясы (БҚО) омыртқалы жануарлары туралы мысал келтіру.

Батыс Қазақстан облысы территориясындағы шешімі қиындап бара жатырған бекіретұқымдас балықтар, даламыздың эмблемасына айналған киіктер, жаңа жерсінген ақдөңмаңдай бағалы балығы т.б. сөздерге тоқталы. Табиғат қорғау, Жануарларды қорғау, олардың өсіп-өну жай-күйін жақсартуға атсалысу, экологиялық кодекстің талабын орындауға бірауыздан ұмтылу, броконерлікті азайту, жоюға көңіл аудару негізгі мақсатымыз болмақ.



5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Хордалылар типіндегі омыртқалылардың орны?

2.Омыртқалылардың табиғат кеңістігін игерудегі активті жетістіктерін атаңыз?

3.Бассүйексіздердің азаю себептері?

4.Омыртқалылардың дамуында орталық жүйке жүйесінің жетілуінің орны қандай?

5.Сезім мүшелерінің күрделенуі оларды (омыртқалыларды) қандай жағдайға жеткізді?

6.Көбеюге сапалы қабілеттіліктер: шеміршекті балықтарда және сүйекті балықтарда қандай?

7.Көбеюдің сапалы жағы қосмекенділердің қай отрядында: Құйрықтылар, аяқсыздар, құйрықсыздар жетілген?

8.Бауырмен жорғалаушылардың кең таралуына олардың көбеюінде қандай ерекше жағдайды айтар едіңіз?.

9.Анамния дегеніміз не?

10.Амниота дегеніміз не?

11.Жылы және салқын қандылар ненің әсерінен болатын құбылыс?

12.Бассүйексіздің (қандауыр) құрылысы сурет-1 мен омыртқалы жануарлар сурет-8 құрылысынан нені байқаймыз?

13.Көпшілік су жануарлары немен және қалай тыныс алады?

14.Жербеті жануарлары немен және қалай тыныс алады?

15.Зат пен энергия алмасу қаблеттіліктеріне орай омыртқалы жануарларды 6-класты ретіне қарай атаңыз?



6. Әдебиеттер.

1.В.М.Константинов идр. Зоология позвоночных М.2000 стр.21-24

2.Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.1979 стр. 24-41

3.К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов Омыртқалылар зоологиясы Бөлім 1. Алматы. «Қазақ унверситеті», Алматы.2007 т.1 9-12 б.



Дәріс – 3

1.Тақырыбы: 1.Омыртқалылырдаң ұрыққабы жоқтары (Anamnia)

Класс үсті жақсыздар (Agnatha)

Класс дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)

2.Жақауыздылар (Gnathostomata)

Класс үсті балықтар (Pisces)

Класс шеміршекті балықтар (Chondrichtyes) жалпы сипаттамалары

2.Қарастырылатын сұрақтар:

2.1 Ұрық қабы жоқ омыртқалылар. Жақсыздар. Дөңгелек ауыздыларға жалпы сипаттама

2.2 Жақауыздылар шеміршекті балықтарға жалпы сипаттама

2.2.1 Тақтажелбезектілер (Elasmobranchi)

2.2.2 Бүтінбастылар (Holocephali)

3.Дәрістің мақсаты

4.Дәрістің мазмұны

5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

6.Пайдаланылатын әдебиеттер

2.1 Ұрыққабы жоқ омыртқалылар.

Жақсыздар өкілі Дөңгелек ауыздыларға жалпы сипаттама

Осы кездегі белгілі омыртқалылар ішіндегі ең қарапайымдылары. Бұлар Силур-девон дәуірінде кең және әртүрлі формада дамыған. Сол 450-480 млн. жылдардан кейін жылт етіп кездескен мезгілі- кайназойдың антропогені. Қазіргі кезде сондықтан бұларды геологиялық жылнамада алғашқы пайда болған балықтәрізді жануарлар тобы. Олардың негізгі ерекшеліктері егер басхордалылао (қандауырша) мен салыстырсақ:

1.Нағыз жақтары болмайды

2.Ішкі қаңқа шеміршекті (Хордалы)

3.Дара қанаттары ғана дамып, жұп қанаттары қалыптаспаған

4.Сорғыш ауызды

5.Дара танау қуысы (бірақ іштей екі қос иіс сезу жүйкесімен байланысқан)

6.Ішкі құлағында екі жарты каналшасы ғана қалыптасқан.

7.5-7-15 жұп желбезек қапшықтары қалыптасқан, олардың шығу тегі эндодермальды.Геологиялық дәуірлерде бұлар теңіздерде тіршілік еткен, ал қазіргі заманда тек теңіздік формалары ғана емес тұщы сулық өкілдері де кездеседі.

Жақсүйексіздер клас үсті екі кластан тұрады:

1.Қалқаншалар класы (Ostracodermi)

2.Дөңгелекауыздылар класы (Cyclostomata)



жүктеу 2,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау