І Стереотиптік (стандартты) қозғалыстар
1.Сандық маңызы бар қозғалыстар (СГС – см.гр.сек жүйесі бойынша бағаланғанда)
Циклдік үлкен екі топқа бөлінеді: а) қуаттылығымен; ә) локомоция түрлерімен ] а) максималді; субмаксималді; үлкен; орташа. ә) аяқпен іске асыру; қолдың көмегімен. ә) коньки тебу, велосипедпен жүру; ескек есу және жүзу.
Ациклдік үш топқа бөлінеді: а) жылдамдық күш; ә) нағыз күш; б) нысанаға алу. А) секіру және лақтыру; Ә) ауыр атлетика; Б) ату, спортттық ойындар түрінде, стандарттық жағдайларды орындау.
2.Қан жүйесі. Әрдайым дене жаттығуларымен айналысу қанда кейбір өзгерістер енгізеді. Олар қанның сапалық және сандық параметрлерін қозғайды. Дене жүктемелерінің әсерінен эритроциттер мен лейкоциттердің сандары көбейуі (эритроцитоз, лейкоцитоз) байқалады.
Бұлшық еттік лейкоцитоз үш фазадан тұратыны анықталған:
бірінші фаза (лимфоцитарлық) дене жүктемелерінің көлемі мен қарқыны салыстырмалы аз болғанда пайда болады. Лейкоциттердің саны – (10 – 12) x 106 / литрге жетеді. Лейкоциттердің санының жалпы өсуі көбінесе лимфоциттердің есебінен болады.
екінші фаза (нейтрофильді) дене жүктемесі едәуір болғанда айқындалады және лейкоциттердің – (16 – 18) x 106 / литрге дейін өсуімен сипатталады. Лейкоциттердің санының өсуі, негізінен, нейтрофильдер есебінен болады.
үшінші фаза (интоксикациялық – улануынан) регенеративті және дегенеративті түрлері арқылы жүреді. Біріншісі лейкоциттердің біршама көбеюімен – (20-50) х 106 / литр, ал екіншісі – (10-15) x 106 /литрге дейін өседі. Бұндай өзгерістер өте жоғары жүктемелер кезінде пайда болады.
3.Cпорттың циклдік түрлері үлкен топ құрайды, олардың ерекшелігі әрбір ұсынылып отырған түрі өзінің қуатымен ұқсас еместігі
Максималді қуаттың бірінші аймағы. Жұмысты орындау уақыты 20-30 секундтанаспайды.
Екінші субмаксималді қуаттылық аймақ. Уақыт диапазоны 20-30 секундтан 3-5 минутқа дейін,
Үшінші үлкен қуаттылық аймақ. Ол 3-5 минуттан 20-30 минут ұзақтығымен сипатталады.
Төртінші орташа қуаттылық аймақ. 20-30 минуттан аса созылады.
Тексеру сұрақтары: Ациклдік (айнымалы) қозғалыстардың негізінде не жатыр? Екпін фазасы деген не? Итерілу фазасы мен самғау және жерге қону фазаларының арасында қандай байланыстар бар? Неге оларды фаза деп атаған? Стандартты емес (ситуациялық) қозғалыстар қандай қозғалыстар? Бұл қозғалыстарға спорттың қандай түрлері кіреді? Жекпе – жек пен спорт ойындарының арасында қандай ерекшеліктер бар? Жүйелердің және бүкіл ағзаның дене жүктемелерінен қандай өзгерістерге ұшырайды?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004.
3.Тақырыптың аты: Бұлшық ет жұмысы кезінде ағзада пайда болатын қызметтік жағдайға физиологиялық сипаттама
Мақсаты: Сөре алдындағы жағдайларға және бой ширатудың маңыздылығына, сонымен бірге тұрақтылық пен орнықтылыққа жалпы сипаттама беріп оны студенттерге толық деңгейде түсіндіру.
Тірек сөздер: Сөре алдындағы жағдай, жауыгерлік, сөре алдындағы безгек және сөре алдындағы енжарлық, бой ширату, жалпы бой ширату, арнайы бой ширату, тұрақтылық жағдай, шынайы тұрақтылық жағдай, байқалатын тұрақтылық жағдай.
Негізгі сұрақтар:
Сөре алдындағы жағдай және оның әртүрлілігі
Бой ширатудың физиологиялық механизмдері
Тұрақты жағдай және оның түрлері
Қысқаша мазмұны:
1.Cөре алдындағы жағдай және оның түрлдері. Ағза жағдайының сыртқы әсерсіз өзгеруі қозғалу, спорт немесе еңбек ету алдындағы іште болып жатқан өзгерістерді көрсетеді. Ол жарысқа бірнеше минут, сағат, күн немесе апта бұрын пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты, ағзаның күй – жайын боксерлер рингінде, күресу кілемінде, стадион жолдарында ж.т.б. тікелей жарыс алдындағы сөрелік жағдай атауы қабылданған.
Осыған байланысты сөре алдындағы және сөре жағдайындағы үш түрін ажыратады:
Жауынгерлік әзірлік – спортшының орталық нерв жүйесінде қозу мен тежелудің оптималді арақатысымен сипатталады. Бұл соматикалық аппарат пен вегетативтік жүйенің қызметтік жағдайының біркелкі жоғарлауын қамтамасыз етеді.
Сөре алдындағы безгек (тынышы кету) – қозу үрдістерінің тежелу процестерінен басым болу салдары. Ондай, орталық нерв жүйесіндегі өзгерістер бөлшектеу процесін бұзады да, тактикалық, ал спортшылардың төменгі дәрежесі барларында техникалық қателікке әкеліп соғады. Одан басқа вегетативті жүйенің қызметі белсенділіктің қолайлы деңгейінен жоғары болады да, жақсы нәтиже көрсетуге себебі тиеді.
Сөре алдындағы енжарлық – орталық нерв жүйесінде тежелу процестері басым болуымен сипатталады. Соматикалық аппараттың да, вегетатитвтік жүйелердің де қызметтік жағдайының деңгейінің төмендегені байқалады.
2.Бой ширатудың жалпы және арнайы бөлімдері. Жаттығудың немесе жарыстың алдында орындалатын дене жаттығулары ағза қызметінің тиімді шарты болып табылатындықтан бой ширату деп аталады.
Алдынала жасалған дене жаттығулары жұмыс қозғалысьтарының тиімділігі жоғарлайтынын көптеген зерттеушілер атап кеткен. Алдынала орындалған бой ширату жаттығулары орталық нерв жүйесінің қызметін өзгертуге мүмкіндік туғызады, және де ол өз кезегінде соматикалық аппаратпен ағзаның вегетативті жүйесінің қызметіне де әсер етеді.
Жалпы бой ширату ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарлатуға бағытталған, оғанкіретіндері жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығулары. Ол бас мидың ми қыртысының сезім аймақтарын қоздырып, сенсомоторлық реакциялардың уақытын азайтады, нерв бұлшық ет аппаратының лабильдігін (орнықтылығын) жоғарлатады, қаңқа бұлшық еттерінің хронаксиясын төмендетеді. Вегетативті жүйелер де өзгерістерге ұшырайды- тыныс алудың минуттық көлемі өседі, жүрек соғу жиілігі көтеріледі, артериалды қысым жоғарлайды, тер бөліну байқалады.
Бой ширатудың арнайы бөлігі алдағы тұрған қызметке сай сипатта координациялық құрылымда, амплитудада, ырғақта, қарқында болған жөн.
Бой ширатудың ұзақтығы өзгермелі көрсеткіш 10 минуттан 60 минутқа дейін созылуы мүмкін.
3.Жұмысқа еніп кету процесі аяқталғаннан кейін орнықтылық (тұрақтылық) жағдайдың пайда болуы байқалады. Ол қозғалыстардың тиімділігінен сезіледі және вегетативті қызметтердің азды – көпті тұрақты деңгейге келуінде. Жұмысқа еніп кету кезеңі аяқтала келе қызметтің тұрақты жағдайға ауысуы ағзаның пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) жоғарлауымен сипатталады. Ол жұмыс бірлігіне оттегінің шығыны азаюында, оттегінің сұранысы төмендеп, оттегіні тұтыну жоғарлап жұмыс істеп тұрған бұлшық еттердің электрлік белсенділігі азая түседі.
Шынайы және байқалатын орнықтылық жағдайлар деп екіге бөлінеді. Шынайы тұрақты жағдай орташа қуатты жұмыстарда пайда болады. Ол қозғалу аппараты мен вегетативті жүйелердің жоғары деңгейде келісімділігімен сипатталады.
Шынайы тұрақты жағдай тек қана әрекет қозғалыстары белгілі бір түрлеріне оттегінің қажеттілігі оттегіні тұтынудан аспайтын жағдайларға тән.
Тексеру сұрақтары: Сөре алдындағы жағдайды қалай түсіну керек? Жауынгерлік жағдай деген не? Безгек жағдайма, не болмаса ауру ма? Енжарлық жағдай деген ол қандай жағдай? Бой ширату не үшін қажет? Бой ширатудың қанша түрлері бар? Жалпы бой ширатуда қандай жаттығулар жасау керек? Арнайы бой ширату деген ол қандай бой ширату? Онда қандай жаттығулар жасаған жөн? Тұрақтылық жағдай ол қандай жағдай? Олардың қандай түрлері болады? Шынайы тұрақтылық жағдай – ол қандай жағдай? Ол қандай жұмыс қуаттылықтарында байқалады? Байқалатын тұрақты жағдай қай уақыттарда байқалады?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004.
4.Тақырыптың аты: Қозғалыс сапаларының физиологиялық негіздері
Мақсаты: Қозғалыс сапаларының физиологиялық негіздерін, күштің, жылдамдықтың және төзімділіктің физиологиялық негіздерін студент қауымға жеткізу. Олардың спортта және жәй өмірде де маңыздылығын жеткізу.
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар:
Қозғалыс сапаларын дамытудың физиологиялық механизмі
Күштің физиологиялық негіздері
Жылдамдықтың физиологиялық негіздері
Төзімділіктің физиологиялық негіздері
Қысқаша мазмұны:
1.Қозғалу сапаларын дамытудың физиологиялық механизмі. Спорт жаттығулары үрдісі кезінде қозғалу дағдыларының құрылуымен бірге қозғалу сапаларының: күштің, жылдамдықтың, төзімділіктің, ептіліктің дамуы да жүреді. «Қозғалу дағдылары және қозғалу сапалары, бөлінбейтін тұтас болып табылады» - деп жазды А.Н.Крестовников.Қозғалу сапаларын, қозғалу дағдыларының құрылуын тығыз байланыста қарастыру спортшының әдейі әзірлігінің айырмашылығын әлдеқайда жақсы түсінуге және спорт жаттығуларының тәсілдері мен амалдарын дұрыс белгілеп, спортшының сапасы мен дағдыларын әбден жетілдіру ең негізгі мақсат болып табылады. Мысалы, жүгірушілерде жылдамдықты дамыту үшін қозғалу координациясын жүгірудің әрбір фазасында міндетті түрде жетілдіру қажет
Қозғалу сапалары бірқатар биологиялық себептерге байланысты.
Біріншіден, қозғалу аппаратының шеткері элементтерімен қамтамасыз етіледі – құрылым ерекшеліктері және бұлшық еттің химиялық құрамымен. Ол дегеніміз, бұлшық ет талшықтарының санымен, олардың жуандығымен, тығыз орналасуымен, капиллярлық тордың тарамдалу дәрежесімен, АҮФ, КФ, белоктардың, ферменттердің құрамымен сипатталады ж.т.б.
Екіншіден нервтің реттеу сипатымен.Ол қозғалу әрекеттерінің сапалы көрсеткіштерінің дамуында маңызды рөл атқарады.Бұлшық еттер қолайлы реттеліп отырса, өте жоғары деңгейде күшті, жылдамдықты, төзімділікті көрсете алады, ал егер бұл реттеу бұзылса, мысалы, ауырғанда, шаршағанда ж.т.б. күш, жылдамдық, ептілік және төзімділік орынддалатын қозғалыстарда төмендейді.
Үшіншіден, вегетативті қызметтердің жағдайымен байланысты. Әсіресе, төзімділікті дамытуда үлкен маңызы бар.
2.Күштің физиологиялық негіздері. Спортта бұлшық еттің белсенділігі әртүрлі жағдайларда қозғалу аппаратының қызмет атқаруына байланысты.
Бұлшық ет күшінің дамуы морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық өзгерістері жаттығу нәтижелерінде пайда болуымен тығыз байланысты. Бұлшық еттің күшінің өсуі оның гипертрофияға ұшырауымен кездеседі. Бұлшық еттердің екі гипертрофиялық түрлерін айырады: саркоплазматикалық және миофибриллярлық. Біріншісі, бұлшық еттің метаболизмдік қорын жоғарлатумен сипатталады. Креатинфосфаттың, миоглобиннің, гликогеннің, азотсыз заттардың ж.б. өскені байқалады. Саркоплазматикалық қуаттың жоғарлауы күш төзімділігінің өсуіне жағдайлар жасайды. Гипертрофияның екінші түрі – миофибриллярлы бұлшық ет талшықтарының өзіндік жиырылу аппаратының ұлғаюымен байланысты. Фибриллдердің санының өсуі олардың көлденең қимасы, тығыз орналасуы ж.т.б. байқалған. Бұлшық еттің өзінің өзгеруінен басқа дене ауыртпалықтарының әсерінен сәйкес мотонейрондардың нерв аяқтамаларының құрылысында да өзгерістер болады – терминалді тармақтардың саны өсіп, мионевралды синапстардың саны да көбейеді. Осының бәрі бұлшық етті әлдеқайда күшті. Шаршауға резистентті жасайды.
Өз еркімен жиырылу және босау кезіндегі бұлшық еттердің қаттылығы әртүрлі спорттық мамандықтар өкілдерінде
Спорт түрлері
|
Екі басты бұлшық ет
|
Үш басты бұлшық ет
|
Жиыры-луы
|
Боса-уы
|
Амплиту- дасы
|
Жиыры-луы
|
Боса-уы
|
Амплиту-дасы
|
Штангішілерде
(спорт шеберлері)
Ескекпен есу (спорт шеберлері)
Жеңіл атлетика (спорт шеберлері)
|
72,0
60,1
65,5
|
9,6
11,0
12,0
|
63,5
49,1
53,5
|
79,0
65,6
70,0
|
14,0
17,6
16,0
|
65,0
49,8
54,2
|
Кестедегі сандар электротонометрдің шкаласының бөліну санын көрсетеді.
Сонымен, күш кернеу дәрежесімен сипатталады, соның арқасында бұлшық ет жиырылу кезінде қатаяды
Жылдамдықтың физиологиялық негіздері. Жылдамдық (тездік) деген мағынаның астында, ол адамның әрекеттерді барынша азғантай уақыт ішінде берілген жағдайда орындау мүмкіншілігін айтады. Күш пен жылдамдық – біртекті түсінік емес. Жылдамдық сапасы келесі жылдамдықтар түрлерімен қамтамасыз етіледі: қозғалу реакциясының латентті кезеңімен, бұлшық еттердің бір – бірлеп жиырылуының жылдам дығы, қозғалыс жиілігімен.
Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығының қасиеті мионевралды аппараттың жағдайына байланысты. Машықтанудың әсерінен ол өзгереді. Бұл ең бірінші биохимиялық өзгерістер сипатына қатысы бар.
Бұлшық еттерде қуаттың потенциалы өседі – гликогеннің, креатинфосфаттың, гликолиз бен аэробты тотығу ферменттерінің құрамдары, мембраналық фосфолипидтердің, жиырылғыш және басқа белоктардың құрылымдары, сонымен бірге ретикулумнің жұмыс қуаттылығы да өседі.
Француз гистологы Л.Ранвье көрсеткендей бұлшық еттің қызметіндегі айырмашылықтар оны құрайтын талшықтарға байланысты, олар екі түрге бөлінген – «шапшаңшыл», ақшыл түспен боялғандар және «жайбасарлар», қарақошқылмен боялғандар. Қазіргі уақытта микрофизиологиялық, гистохимиялық, биохимиялық тәсілдермен, сонымен бірге биопсия тәсілімен талшықтардың төрт типі орнатылған: жайбасарлар – оксидативті (SO), шапшаңшыл – гликолитикалық (FQ), шапшаңшыл – оксидативті – гемолитикалық (FOQ) және өтпелі.
FQ – талшықтар типі өте жоғары қозғыштықпен сипатталады, импульстерді аксон бойымен өткізу жылдамдығымен, өте жоғары жиырылу және босау жылдамдығымен, бірақ тез шаршаумен айқындалады.
SO – талшықтар типі аз қозғыштыққа ие, жиырылу мен босау кезеңдері ұзақ болады, бірақ, олар шаршауға әлдеқайда резистентті болып келеді.
FOQ – талшықтар типі аралық жағдайда орналасады, FQ және SO типтері арасында.
3.Төзімділіктің физиологиялық негіздері. Төзімділік деп белгілі бір сипаты бар жұмысты барынша ұзақ уақыт атқару қабілеттілігін айтады. Төзімділіктің бірнеше түрлерін айырады: жалпы, жылдамдықты және статикалық.
Жалпы төзімділік адамның ұзақ динамикалық жұмыс атқару қабілеттілігін сипаттайды. Ол айнымалы жұмыстың орташа қуаттылығында дамиды.
Жылдамдық төзімділігі берілген жаттығуды қарқынмен орындап және барынша ұзақ уақыт сақтау қабілеттілігімен айқындалады.
Статикалық төзімділік салмақ мөлшерімен ұзақ бір деңгейде күшпен ұстап тұру бұлшық еттің изометриялық қалыпта жиырылу жағдайы арасындағы өзара тәуелділікті көрсету болып табылады.
Шыныққан спортшылардың бұлшық еттеріндегі әртүрлі талшықтардың пайыздық арақатысы
(А.И.Яковлев, У.Берг және басқалары бойынша)
Cпорт түрлері
|
Талшықтар,%
|
|
FQ
|
SO
|
Cпринтерлер
Биіктікке және ұзындыққа секіретіндер
Орта қашықтыққа жүгіретіндер
Дискоболшылар
Бессайысшылар
Ауыр атлеттер
Ескекпен есушілер
Суда жүзгіштер
Стайерлер
|
78
53
48
49
46
45
30
27
26
|
22
47
52
51
54
55
70
73
74
|
ОМТ екі жүйенің қызметтік мүмкіншілігіне байланысты: оттегіні тасу және оттегіні пайдалану жүйелері.
Біріншісіне сыртқы тыныс алу жүйесі, қан жүйесі және жүрек – тамырлар жүйесі кіреді.
Екінші жүйе бұлшық ет аппаратының қызметінің тиімділігімен қанмен жеткізілетін оттегіні пайдалануымен ілеседі.
Тексеру сұрақтары: Күштің физиологиялық негізі неде? Күш қабілеттілігі неде? Абсалютті, тез, қопарылыс күші және күш төзімділігі деген не? Жылдамдықтың физиологиялық негіздері неде? Талшықтардың қандай түрлері бар? «Шапшаңшыл» ақшыл түспен боялғандар ол қандай бұлшық еттер? «Жайбасарлар» қарақошқыл түспен боялғандар ол қандай талшықтар? FQ – талшықтар типі немен сипатталады? SO – талшықтар типі немен сипатталады? FOQ – талшықтар типінің қандай ерекшеліктері бар? Төзімділіктің физиологиялық негіздері неде? Жалпы төзімділік деген не? Жылдамдықтық төзімділік деген не? Статикалық төзімділік деген не?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004.
5.Тақырыптың аты: Жаттығудың физиологиялық негіздері
Мақсаты:
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар:
Спорттық жаттығулар физиологиялық және педагогикалық реттелетін үрдіс
Спорттық жаттығуларды кезеңдерге бөлу
Машықтанғыштықтың тыныштықта, стандартты және шектен тыс жүктемелер орындау кездерінде айқындала түсуі
Қысқаша мазмұны:
1.Cпорттық машықтану – бұл мамандандырылған педагогикалық процесс, адамның жалпы дене жұмыс қабілеттілігін жоғарлатуға бағытталған және де арнайы таңдап алынған сопрт түрінде жоғарғы жетістіктерді қамтамасыз ету. Спорттық машықтану ағзаның қызметтік мүмкіншіліктерін кәдімгі өзгертеді. Ағза спорттық машықтану әсерлеріне өзінің қызметінің фазалық өзгеруімен жауап қайтарады.
Спортпен шұғылдану ағзада бейімделу өзгерістерін туғызады, олар қысқа немесе ұзақ уақыттық сипат алады.
Жаттығу процесі, педагогикалық үрдіс болғандықтан, белсенділік негізінде саналы түрде, жүйелі, дәйекті, қолайлы берікті құрылкуы тиіс
Машықтанғыштық – бұл ағзаның жүйелі жаттығулар әсерінен өзінің қызметтік мүмкіншіліктерін өзгерт у қасиеті. Жаттығулар сабағын ұтымды құру кейбір физиологиялық негіздерді сақтаумен байланысты: табалдырықтылық, ерекшеліктілік, қайтымдылық.
Дене жаттығулары өз кезегінде ағзаға әсер етуші тітіркендіргіш болып табылады және оның қызметтік жағдайын өзгертеді. Жалпы физиологиялық заңдылықтарға сәйкес кез-келген тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен немесе табалдырық деңгейінде және табалдырықтан жоғары деп жіктелуі мүмкін. Және де тітіркендіргіштің күші оның тек абсалютті көрсеткіштерінің мәніне ғана байланысты емес, демек соған әсер етілетін биологиялық объектінің жағдайына да. Сондықтанда жаттығу тиімділігі тек табалдырық және табалдырықтан жоғары жүктемелерді пайдаланғанда болуы ықтимал.
2.Спорт жаттығуларын кезеңдерге бөлу. Рационалды құрылған спорттық машықтануда қызметтік жылжулардың фазалығы және спортшы ағзасының қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері өзінің кескінін табады. Негізгі ұйымдастырушылық және құрылымдық оқу – машықтану үрдісі – машықтану сабақтары, ал басты себеп, ағзаға әсер ететін машықтану сабағының деңгейін сипаттайтын жүктеме мөлшері, шаршау дәрежесімен анықталатын және ағза да өтіп жатқан қалпына келу үрдістерінде өзінің сипатын табады.
Жүктемелердің төрт дәрежесін айырады: азын, орташасын, үлкенін, максималдісін.
Аз жүктемелерде шаршау белгілері жоқтың қасы, қайта қалпына келу тікелей сабақ үрдісінде жүреді, немесе машықтану аяқталғаннан кейін, оншақты минуттан кейін. Ауыртпалық көлемі максимумның 20-30 % ғана құрайды.
Орташа ауыртпалықтарда жасырын шаршаудың пайда болуымен ілеседі. Қайта қалпына келу машықтану аяқталғаннан кейін бірнеше сағатта іске асырылады. Ауыртпалық мөлшері максималді көрсеткіштің 50% құрайды.
Үлкен жүктемелерде ағзада кәдімгі қызметтік өзгерістер болады, шаршаудың басталуымен жүреді. Қайта қалпына келу процестері 1-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ауыртпалық көлемі максималді көрсеткіштің 70-90% сәйкес келеді.
Максималді ауыртпалық едәуір қызметтік өзгерістермен сипатталады, шаршаудың айқын басталғанын көрсетеді. Қайта қалпына келу үрдістері кейбір жүйелерде екі – үш тәулік немесе одан да көпке созылады.
3.Машықтанудың тыныштық кезіндегі көрсеткіштері. Функционалды даярлықты неврологиялық бағалауспортшылардың машықтанғандығын анықтау үшін ажырамайтын құрамы болып табылады. Машықтану ауыртпалықтарына бейімделе келуі мидың қыртыс бөлімдерінің реттеу әсері, ағзаның әртүрлі қызметіне – вегетативті және соматикалық жақсара түсуінде болады.
Машықтанған спортшыларда жүйелі сабақтардың ықпалы арқасында парасимпатикалық нервтермен әсер ету кішкене басым болады да, барлық жүйелер мен мүшелердің қызметінде тиімділігі үнемді болуын өз кезегінде қамтамасыз етеді.
Тыныштық жағдайда гемодинамикалық параметрлерін бағалау қан айналудың минутық көлемі, қанның систолалық көлемі және жүрек жиырылу жиілігі көрсеткіштерімен іске асады. Бұл бағытта жүргізілген көптеген зерттеулердің пайымдауынша, бұл көрсеткіштер дененің жұмыс қабілеттілігімен, спорттық мамандығына және шеберлік деңгейіне байланысты.
Сонымен жттыққандық деңгейді тыныштық жағдайда анықтау қозалыс сапасын талдап есептегеннен кейін іске асуы керек, олардың дамуы спорттық мамандығына байланысты. Сондықтан, мысалы, шаңғышыда жаттыққанықтыңтыныштық жағдайда анықтау қозалыс сапасын талдап есептегеннен кейін іске асуы керек, олардың дамуы спорттық мамандығына байланысты. Сондықтан, мысалы, шаңғышыда жаттыққандықтың тыныштықтағы көреткіштері штанга көтеруші спортшыға қарағанда өзгеше болады, себебі олардың жаттығу үрдістерінің сипаты әртүрлі.
Тексеру сұрақтары: Спорттық машықтану деген не? Спорттық машықтану бұл қанждай процесс? Спортпен шұғылданғанда ағзада қандай өзгерістер байқалады? Спорт жаттығуларының сандық көрсеткіші не болып табылады? Ауыртпалық қарқыны дегеніміз не? Жаттығу процесі бұл қандай процесс? Дене жаттығулары ағзаға не болып табылады?Табалдырық деңгейі деген не? Табалдырықтан жоғары деңгей ол қандай деңгей? Табалдырықтан жоғары деңгейде ағзада қандай өзгерістер жүреді?Жүктемелердің шаршау белгілері қанша? Олар қалай сипатталады?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004.
6.Тақырыптың аты: Кіріспе. Циклдік қозғалыстарға жалпы сипаттама
Мақсаты: Бұл пәннің мақсаты-физиологиялық өзгерістерді біле отырып, таңдалған спорт түріне байланысты спорттық шеберлікті арттыруға көмектесу.
Тірек сөздер: Күшті, епті, шыдамды, сымбатты, физиология заңдылықтары, қор күштері,айналымды қозғалыстар, жүгіру, жүру, ескек есу, конькимен жүгіру, шаңғы, велосипед, аймақтар, қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, қан айналу жүйесі, қан жүйесі, зәр шығару жүйесі.
Негізгі сұрақтар:
Спорттық жүріс
Тірек-қимыл аппараты
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы
Жүрек қан тамырлар жүйесі.
Зәр шығару мен бөлу жүйесі.
Қысқаша мазмұны:
КІРІСПЕ
Адам үнемі күшті, епті, тез, шыдамды жұмыс істеуге, шынығуға, дені сау және сымбатты болуға ынталанады. Осылардың барлығына жету үшін бұлшық ет жұмысы кезінде болатын физиологиялық заңдылықтарды білу қажет. Ал осының негізінде бапкер немесе спортпен шұғылданушы жаттығу үрдісін адам мүшелеріне және жүйелеріне, жалпы ағзаға бұлшық ет жұмысы қалай әсер ететінін түсініп, ойланып жоспарлауы керек.
Физиология заңдылықтарын қолдана отырып, ағза дамуының нәтижелі және жетілдірілген құралдарын, оның қор күштерін дамытудың, қызметтік мүмкіншіліктерді арттыру әдістерін табуға болады. Дене тәрбиесінің негіздерін жаратылыстану-ғылыми тұрғыдан дене тәрбиесінің оқытушысына, бапкер мен спортшыларға түсіндіру-спорттық жетістіктердің үздіксіз өсуінің басты шарты.
Сонымен спорт түрлерінің физиологиясы-спорт физиологиясының бір саласы. Ол әр түрлі дене жаттығуларында ағзаның күйін, мүшелер мен жүйелер қызметінің физиологиялық өзгерістерін және жаттығулардың топтарға бөлінуін физиологиялық тұрғыдан зерттейді.
Бұл пәннің мақсаты-физиологиялық өзгерістерді біле отырып, таңдалған спорт түріне байланысты спорттық шеберлікті арттыруға көмектесу.
І. Циклді (айналымды) қозғалыстарға жалпы сипаттама
Жүру, жүгіру, жүзу, ескек есу кезінде, конькимен жүгіргенде, шаңғы, велосипед жарысында қозғалыстар айналымды қозғалыста болады.
Осы спорт түрлерінің әрқайсысында жаттығу кезінде физиологиялық өзгерістердің ерекшелігі қашықтық ұзақтығына байланысты. Айналымды жұмыс қуаттылығына және ұзақтығына байланысты төрт аймаққа (максимальді, субмаксимальді, үлкен және орташа) бөлінеді.
Әр түрлі қуаттағы айналымды жұмыс кезінде ағзаға әр түрлі талаптар қойылады және жүйелерде әр түрлі құрылымдық-қызметтік өзгерістер болады. Мысалы, орташа қуаттағы жұмысқа машықтану жалпы төзімділікті арттырады және аэробты жұмысты өндіруді жоғарлатады. Үлкен қуаттағы жұмысқа машықтану тездік пен күшті дамытады, анаэробты мүмкіндікті жоғарлатады.
Денелік жаттығулардың айналымды түрі адам ағзасына жасына және дайындық деңгейіне байланысты әр түрлі әсер етеді. Адам ағзасына спорт түрінің әсер етуі жаттығу және жарыс өтетін жердің жағдайына байланысты. Мысалы, шаңғы, коньки тебу және жүзу спорттың басқа түрлерімен салыстырғанда денені шынықтырады.
Спорттық жүріс
Бұл спорттың түрінде жарыс 10-нан 50 км-ге дейінгі қашықтыққа жүргізіледі. Бұл спортшылар орташа қуаттағы айналымды жұмысты орындайды. Спорттық жүрістің жай жүрістен айырмашылығы қозғалыстың күрделі техникасы және едәуір үлкен қашықтық. Жүгіруге өтіп кету-қателік болып есептеледі.
Қимыл аппараты. Спортшының бұлшық еті аэробты жағдайда жұмыс істеуге бейімделген. Ұзақ тірек фазасы аяқтың бұлшық еттерінің қимылдық-қызметтік жағдайына әсер етуі мүмкін. Оларда бұлшық еткернеуі жоғары дәрежеде дамиды.
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы. Тыныс алудың жеделдетілуі минутына 70-80 литр. Оттегінің қажеттілігі-минутына 4 литр. Спорттық жүрісте қуат шығыны өте жоғары. 50 км дистанцияға жүргенде 2000-2500 ккал қуат жұмсалады.
Жүрек қан тамырлар жүйесі. Жүрек соғу жиілігі мәреге жеткенде минутына 150-180 рет соғады, жұмыс қуаты өскенде минутына 200-220 рет соғады.
Қанда эритроциттер және гемоглобин мөлшері көбейеді. Миогенді лейкоцитоздың 2-ші нейтрофильді фазасы басым болады. Сүт қышқылының концентрациясы жоғары. Сілтінің қоры біршама төмендейді.
Зәр шығару мен бөлу жүйесі. Тері бездерінің қызметі өте қарқынды. Судың көп жұмсалуы (терлеу) зәр түзілуінің азаюына әкеліп соғады. Несепте белок пайда болады.
Тексеру сұрақтары: Айналымды қозғалыстар деген не? Жүру қай қозғалысқа жатады? Жаттығу кезінде физиологиялық өзгерістердің ерекшелігі неде? Айналымды жаттығулар адам ағзасына қалай әсер етеді? Спорттық жүріс ол қандай спорт түрі? Қанша қашықтықтан тұрады? Қимыл аппаратында қандай өзгерістер болады? Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы қалай болады? Қан айналым жүйесінде қандай өзгерістер болады? Зәр шығару жүйесінде қандай өзгерістер болады?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004. 3.Ильясова Г. Спорт түрлерінің физиологиясы. Түркістан, 2004.
7.Тақырыптың аты: Циклдік қозғалыстарғ жалпы сипаттама
Мақсаты: : Бұл пәннің мақсаты-физиологиялық өзгерістерді біле отырып, таңдалған спорт түріне байланысты спорттық шеберлікті арттыруға көмектесу.
Тірек сөздер: Күшті, епті, шыдамды, сымбатты, физиология заңдылықтары, қор күштері,айналымды қозғалыстар, жүгіру, жүру, ескек есу, конькимен жүгіру, шаңғы, велосипед, аймақтар, қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, қан айналу жүйесі, қан жүйесі, зәр шығару жүйесі.
Негізгі сұрақтар:
Жүгіру (жеңіл атлетика)
Орталық нерв жүйесі
Талдауыштар
Тірек қимыл аппараты
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы
Жүрек қан тамырлар жүйесі.
Бөліп-шығару жүйесі.
Қысқаша мазмұны:
Жүгіру (жеңіл атлетика)
Жүгіру-жекелей тірек фазасының самғау фазасымен кезекпе-кезек алмасуынан тұратын табиғи қимыл.
Қозғалыс техникасы бойынша қысқа қашықтыққа жүгіру күрделі. Әсіресе сөре жылдамдығын меңгеру қиын.
Жеңіл атлетикада жүгірудің қысқа, орта, ұзын және өте ұзын қашықтықтары-максимальді, субмаксимальді, үлкен және орташа қуаттағы айналымды жұмыстарға тән мысалдар. Әсіресе 100 метр қашықтықта-өте жоғары, 800-1500 метр қашықтықта-жоғары (субмаксимальді), 5000 метр қашықтықта-үлкен, марафондық қашықтықта-орташа қуаттағы жұмыстар айқын байқалады. Қалған қашықтықтар аралық болып табылады. Жүгіру жылдамдығына байланысты олар әр түрлі қуаттағы жұмыс аймағына кіруі мүмкін. Мысалы, 28-29 минутқа тең нәтиже кезіндегі 10 000 метр жүгіру үлкен қуаттағы жұмысқа жақын. Егер бұл қашықтықты созуға 30 минуттан көп уақыт жұмсалса, онда орташа қуаттағы жұмысқа жатады.
Орталық жүйке жүйесі. Жаттығу үрдісі нәтижесінде жүгірушіде жүгіру техникасы негізінде жататын жүйке үрдісінің бір сарынды динамикалық стереотипі қалыптасады.
Талдауыштар. Жарыс жағдайында жүгірушіге қарсыласының әрекетін тез және дәл қабылдауы, спорттық үрдістің барлық жағдайын және бұлшық еттер күшін айқын реттеуі қажет. Ойлы-қырлы жермен және кедергімен жүгіру кезінде көру және проприорецептивті талдау қызметі жоғарлайды.
Тірек-қимыл аппараты. Әр түрлі қашықтыққа жүгіру кезінде бұлшық еттерге әр түрлі талаптар қойылады. Жедел жүгірудің нәтижесінде ең бастысы тірек-қимыл аппаратының құрылымдық-қызметтік жағдайына байланысты. Спринтердің бұлшық еттері жерден итерілу қуатын қамтамасыз ететін күшті игеруі керек, сонымен қатар бұлшық еттің «жарылыс» сапасын анықтайтын тез жиырылу мен жылдамдық-күш сапаны нәтижелі орындауға және жүгірудің ең жоғары жылдамдығына жетуге мүмкіндік беретін тез босаңсуға қабілетті болуы керек.
Жоғары дәрежелі спортшылардың бұлшық ет күші, олардың «жарылыс» сапасы және әсіресе бұлшық еттің тез босаңсу қабілеті төменгі дәрежелі спортшыларға қарағанда жоғары (1-сурет).
Адым ұзындығы мен жиілігі әр түрлі жүгірушілерде әр түрлі. Дистанциядағы адым жиілігі-жылдамдыққа байланысты болатын маңызды себептердің бірі.
Спринт спортшының бұлшық еттері ең бастысы анаэробты жағдайдағы жұмысқа бейімделуі тиіс. Бұндай жағдайда АҮФ-тың қалпына келу қарқыны қашықтық бойында жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды қызмет атқарады.
Орташа қашықтыққа жүгіру кезінде бұлшық еттерге қойылатын талаптар, спринт спортшыға қарағанда өзгеше. Бірақ осы және одан ұзақ қашықтықта бұлшық еттерді тез босаңсыту қабілеті жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін маңызды сапалардың бірі болып табылады. Қашықтық ұзарған сайын, аэробты үрдістер басым бола бастайды. Ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде бұл үрдістер басты болып табылады.
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы. 100 метрге жүгіргенде тыныс алу терең емес және жиі. Өкпенің желдетілуі 8 литр, оттегі қажеттілігі 100 метрге жүгіргенде жүгіру жылдамдығына байланысты – 6-13 литр. Оттегі қарызы 90 %-дан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі және тереңдігі жоғарлайды, өкпенің желдетілуі минутына 150 литр, оттегіні тұтыну минутына 4-5 литр. Барлық оттегінің қажеттілігі 30 литр және одан жоғары. Оттегінің қарызы қашықтық ұзарған сайын өсе түседі. Мысалы, 800 және 1500 метрге жүгірген кезде ең жоғарғы шегіне жетеді, яғни 15-20 литр және одан жоғары.
Орташа қашықтыққа жүгірушілерде анаэробты және аэробты мүмкіншіліктері жоғары дамуы керек.
Б.Салтин және О. Астранд деректері бойынша жоғары дәрежелі спортшыларда орташа қашықтықта оттегіні тұтыну шегі орта есеппен 76 мл/мин/кг, В.Л.Карпман деректері бойынша – 69 мл/мин/кг.
Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу жиілігі, өкпенің желдетілуі орташа қашықтағыдай. Оттегінің сұранысы спортшының деңгейінде ең жоғары шегіне жетеді. Осыған қарамастан оттегінің сұранысы толық қанағаттандырылмайды, сондықтан пайда болатын тұрақты күй жалған болып табылады. Нәтижесінде оттегі қарызы пайда болады. Оның мөлшері жүгіру тактикасына байланысты. Егер спортшы жедел жүгіріп, мәреден тез өтсе, онда оттегі қарызы 12 литр және одан жоғары мөлшерге жетеді. Барлық оттегі қажеттілігі 5000 метрге жүгіргенде 80-90 литр, 10000 метрге – 100-130 литр. Мұндай жұмыста АҮФ-тың қалпына келуі аэробты жолмен жүзеге асады. Сондықтан ұзақ қашықтыққа жүгірушілер үшін ОТШ(оттегіні тұтыну шегі) жоғары мөлшері тән.
Өте ұзақ қашықтыққа жүгіргенде тыныс алу қызметі жоғарлайды, бірақ оттегіні тұтыну жоғары болмайды. Оттегінің сұранысы толық қанағаттандырылады, яғни нақты (нағыз) тұрақты күй пайда болады. Оттегі қарызы қайта қалпына келу кезеңінде пайда болады (4-5 литр).
Басқа спортшылармен салыстырғанда бұл қашықтыққа жүгірушілерде оттегіні тұтыну шегі жоғары деңгейде болады.
Қашықтық ұзарған сайын қуат көп жұмсалады. 100 метрге жүгіргенде 40-50 ккал қуат жұмсалады, 800 метрге жүгіргенде – 150 ккал, 5000 метрге жүгіргенде – 450 ккал, марафондық жүгіру кезінде – 2500 ккал қуат жұмсалады.
Жүрек қан тамырлар жүйесі. Тыныштық күйде жүгірушілерде брадикардия жиі кездеседі. Мысалы, стайер-жүгірушіде жүрек соғу жиілігі тыныштық күйде минутына 48 рет соғады, орташа қашықтыққа жүгірушілерде 56 рет, спринтер – cпортшыда 60 рет соғады.
Жүрек соғу жиілігі жүгіру кезінде минутына – 170-190 рет соғады, мәреге жақындағанда минутына 200-220 рет соғады. Жүрек соғу жиілігінің қалпына келуі жүгірудің ұзақтығына және күштілігіне, спортшының машықтану деңгейіне байланысты. Қысқа қашықтыққа 20-30 минуттан кейін, орташа және ұзақ қашықтыққа бірнеше сағаттан кейін қалпына келеді.
Жүректің көлемі ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде ұлғаяды. Қанның систолалық және минуттық көлемі орташа және ұзақ қашықтықта 180-200 мл-ге жоғарлайды және минутына 35-40 литр құрайды. Систолалық артерия қысымы 180-220 мл сынп бағанасына дейін жоғарлайды. Диастолалық қан қысымы ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгіргенде төмендейді.
Қанда эритроциттер және гемоглобин мөлшері көбейеді. Өте ұзақ қашықтыққа жүгіргенде лейкоциттер саны көбейеді, таяқша ядролы нейтрофилдердің саны жоғарлайды.
Орташа және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде сүт қышқылының концентрациясы жоғарлайды (200- 250 мг/%-ға дейін). Бұл Ph (сілтілі-қышқыл) ортаның төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Қысқа және өте ұзақ қашықтыққа жүгіргенде қандағы сүт қышқылының концентрациясы өзгермейді. Өте ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде қандағы глюкоза концентрациясы төмендейді, ол шаршаудың пайда болуына әсер етеді.
Бөліп-шығару жүйесі. Ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгіргеннен кейін тердің көп бөлінуі нәтижесінде диурез төмендейді. Несептегі сүт қышқылының концентрациясы орташа қашықтықта 450 мг%-ға жоғарлайды, ұзақ қашаықтықта ол 40-50 мг% - кемиді.
Дене салмағы.Жүгіруден кейін ол азаяды. Өте ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде салмақ 4-5 кг-ға кемиді. Орташа, ұзақ және өте ұзақ қашықтыққа жүгіруден кейін әсіресе, машықтанбаған спортшылардың несебінде (зәрінде) белок және эритроциттер пайда болуы мүмкін.
Дене қызуы. Ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде жылудың түзілуі төмен болады. Ыстық ауа райы және ауаның жоғары ылғалдылығы ағзадан артық жылудың шығуын жылу беру үрдісін қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдайда дене қызуы 39-40 C-қа жоғарлайды, нәтижесінде ағзаның қызуы пайда болуы ықтимал.
Тексеру сұрақтары: Жүгіру қандай қозғалыстарға жатады? Неге қысқа қашықтыққа жүгіру күрделі? Жүгірудің қысқа қашықтыққа түрі қандай қуаттағы жұмыстарға жатады? Жүгірудің орта қашықтыққа түрі қандай қуаттағы жүктемеге жатады? Ұзақ қашықтыққа жүгіру қуатты айналымды жұмыстардың қай түріне жатады? Орталық нерв жүйесінде жүгіру кезінде қандай өзгерістерге ұшырайды? Ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде тірек қимыл аппаратында қандай өзгерістер байқалады?
Әдебиеттер тізімі: 1.Мельников В.Л. Физиологические основы физического воспитания. Учебное пособие. – г.Уральск: ЗКГУ, 2007, 136 cтр.
2.Дияров А.С. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері (зертханалық жұмыстар), Орал, 2004. 3.Ильясова Г. Спорт түрлерінің физиологиясы. Түркістан, 2004.
8.Тақырыптың аты: Циклдік қозғалыстарға физиологиялық сипаттама
Мақсаты: Бұл пәннің мақсаты-физиологиялық өзгерістерді біле отырып, таңдалған спорт түріне байланысты спорттық шеберлікті арттыруға көмектесу.
Тірек сөздер: Епті, шыдамды, сымбатты, физиология заңдылықтары, қор күштері,айналымды қозғалыстар, жүгіру, жүру, ескек есу, конькимен жүгіру, шаңғы, велосипед, аймақтар, қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, қан айналу жүйесі, қан жүйесі, зәр шығару жүйесі.
Негізгі сұрақтар:
Жүзу
Қимыл қызметінің ерекшелігі
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы
Қуаттың жұмсалуы
Жүрек қан тамырлар жүйес
Зәр шығару және жылу реттеу
Қысқаша мазмұны:
Жүзу
Тірек-қимыл қызметінің ерекшелігі. Жүзушінің денесі суда болған кезде жердің тартылыс күші «тұншықтырушы» күш болып табылады. Бірақ бұл күшке суға түскенде дене салмағының жоғарлауымен анықталатын «көтеруші» күш қарсы тұрады. Ағысы жоқ суда «тұншықтырушы» күш «көтеруші» күшке қарағанда 0,8-1 кг-ға жоғары болады, ал теңіз суында «көтеруші» күш жоғары болады. Бұнда жүзушінің салмағы жеңіл болады. Дене салмағының азаюы жүзушінің қимылын жеңілдетеді. Бірақ суда қозғалудың өзіне тән қиындығы бар, ол: ауаға қарағанда су тығыздығының жоғары болуы. Суға түскенде жүзушінің денесі су қысымын сезеді, ол су тереңдеген сайын арта түседі.
Әр түрлі қашықтыққа жүзу кезінде әр түрлі қуаттағы жұмыс орындалады. 25-50 метрде – максимальді, 100, 200, 400 метрде – субмаксимальді, 1500 метрде – үлкен, 1500 метрден жоғары орташа қуаттағы жұмыстарға жатады. Жүзу кезінде жүзушнің бұлшық еттері динамикалық жұмысты орындайды.
Талдауыштар. Жаттығу үрдісі нәтижесінде жүзушіде «су сезімі» деп аталатын әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау қалыптасады. Ол тактильді, температуралық, проприорецептивті және есту рецепторларының тітіркенуі кезінде пайда болатын сезіммен байланысты қалыптасады. Жүзушілер осы сезім арқылы температурасында, қысымында және қарсылығында болатын өзгерістерді жақсы талдайды, ал ол оның қимылының жақсы болуына әсер етеді.
Жүзу кезіндегі жаттығу, әсіресе кроль әдісімен жүзуде кіреберіс аппаратының қызметтік тұрақтылығын жоғарлатады. Ол тыныс алу және шығару кезінде басты бұру кезіндегі тітіркенумен және суық тітіркендіргішінің кіреберіс аппаратына әсер етуімен байланысты. Егер кіреберіс тұрақтылығы жеткіліксіз болса, бас айналу және тепе-теңдікті жоғалту байқалады.
Тірек қимыл аппараты- жаттығу әсерінен жүзушіде бұлшық ет күші дамиды. Жүзу кезінде жұмысқа барлық бұлшық еттер қатысады. Кроль және дельфин жүзу әдістерінде қол және иық бұлшық еттері жақсы дамиды.
Жүзушінің бұлшық еттері аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс жасауға тиіс. Қашықтық ұзарған сайын, аэробты процестердің мәні жоғары болады.
Тыныс алу жүйесі және қуаттың жұмсалуы. Жүзу кезінде тыныс алу ерекше жағдайда өтеді. Тыныс шығару кезінде су қарсылығын жеңуге тырысады. Сондықтан жүзу – тыныс алу бұлшық еттерін дамытатын әдістердің бірі. Өкпенің тіршілік сиымдылығы басқа спортшыларға қарағанда жүзушілерде жоғары болады. Жүзуші ер адамда ол 6055 ± 410 мл болады, яғни қажетті мөлшерден 30%- ға жоғарлайды (Г.И.Куреньков).
Тыныс алу жиілігі минутына 50-60 рет. Шапшаңдық жоғары болған сайын, тыныс алу жиілігі жоғары болады, тыныс алу циклінің ұзақтығы төмендейді. Мысалы, шапшаңдық 0,9 – 1,7 метрге өскенде, тыныс алу циклі 2,15 – 1,08 секундқа азаяды. Бұл тыныс алудың қысқалылығына байланысты.
Өкпенің желдетілуі минутына 120-150 литр.
Жүзу кезінде жоғары дәрежелі спортшы ерлерде оттегіні тұтыну орта есеппен минутына 5-6 литр.
Жүзу кезінде ағзаның аэробты мүмкіншілігінің мәні өте жоғары. Бұл қашықтықты жүзіп өту жылдамдығы мен аэробты алмасу деңгейінің арасындағы тікелей байланыстылықпен түсіндіріледі. Ең жоғарғы аэробты жұмыс өндіру 400 және 1500 метрге жүзуге жаттығатын жүзушілерде байқалады. Ең жоғарғы анаэробты мүмкіншілік спринтер жүзушіні сипаттайды. 100 және 200 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегіні тұтыну шегі 65,2 мл/мин/кг/, ең жоғарғы оттегі қарызы – 158 мл/кг, ал 400 және 1500 метрге жаттығатын жүзушілерде оттегіні тұтыну шегі 72,6 мл/ мин/ кг, ең жоғарғы оттегі қарызы – 138 мл/кг(Н.И.Волков авторлармен бірге).
Аэробты мүмкіншілік кроль әдісімен жүзушілерде біршама жоғары. Н.И.Волковтың деректері бойынша кролист – спорт шеберлерінде оттегіні тұтыну шегі минутына 6,26 литрге жетеді (немесе 77 мл/мин/кг). Брассист жүзушілерде бұл шама аздау – минутына 5,61 литр (немесе 69 мл/мин/кг). Ең жоғарғы оттегі қарызы, керісінше, брассистерде (14,3 литр) кролистерге (11,5 литр) қарағанда жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |