Безгек Plasmodium қарапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттерлеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың қайталануымен сипатталатын жедел антропонозды трансмиссивті ауру



жүктеу 45,05 Kb.
бет1/13
Дата02.06.2020
өлшемі45,05 Kb.
#30826
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
безгек


Безгек – Plasmodium қарапайымдылармен шақырылатын, дұрыс  интермиттерлеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың қайталануымен сипатталатын жедел антропонозды трансмиссивті ауру.

Безгек өте кең тараған паразитарлық аурулардың бірі. 2 млрд-тан аса адам немесе планета тұрғындарының 30% артығы сырқаттану қаупіне ұшыраған. Ал олардың 500-600 млн жыл сайын осы қауіпті аурумен ауырады. Безгектен жылына 1,5-2,7 млн адам өледі. Оның 80% Африка елдерінің тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл инвазия жер шарының 100-ден аса (ДДҰ, Женева, 1997; 2000)   елдерінде тіркелді. ДДҰ сарапшыларының байқауынша безгектің таралуы әрбір аймақта қалыптасқан табиғи, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тән. Ең пәрменді эпидемия ошақтары Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың тропикалық және субтропикалық бөліктерінде орналасқан. Белсенді ошақтар ТМД-нің кейбір елдерінде – Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда бар, ол аурулар Ресейде, Қырғызстанда және Қазақстанда кездеседі. Аталған жерлерде инвазияның кішкентай жергілікті ошақтары бар. Көптеген аймақтары да, оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағының  безгек өршіп тұрған республикаларында, безгекпен күресудің кең көлемді бағдарламасы іске асырылды, соның нәтижесінде безгек ареалы күшті қысқартылды. Безгекпен күресу сәтті өткен Еуропа, Солтүстік Америка аймақтарында бұл ауру ұмытыла бастады. Бірақ, 80 - әсіресе 90-жылдары безгекпен ауыратын эндемиялы елдермен қарым-қатынастың үдеуіне байланысты, ел ішіндегі эпидемиологиялық жағдай біраз нашарлады. Саяси және экономикалық тұрақсыздық, адами араластың күшеюі және оны болдырмау шараларының әлсіреуі т.б. себептер жағдайды күрт қиындатты. Безгектің өршуі Азербайжанда, Тәжікстанда, Түркияда орын алды. Сырқаттану Грузияда, Ресейде, Молдовада, Арменияда, Өзбекстанда және Қазақстанда да тіркелді. ДДҰ-ның (Женева, 2000) ресми деректеріне сәйкес аталған елдерде 1997ж. 78000-ға жуық безгек тіркелген. Соңғы жылдарда Евразияда безгектің эпидемиялық процесінің негізінен басқа жерден әкелетіні анықталды. Бұрын сәтті болған аймақтарда (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және бұл жағынан тұрақты сәтсіз, эпидемиялар болып тұратын, жергілікті дау-жанжалы көп, халықтың жаппай көші - қоны кездесетін (Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркияның оңтүстік шығысы) аудандарда жанданғаны байқалады. Осыған байланысты 1998 ж. ДДҰ «Безгекті кейін қайтару« (БКҚ) деп аталатын, әрі бұл инвазиямен күресудің күрделі шараларын қамтитын ауқымды бағдарламаны қабылдады. ДДҰ-ның Еуропалық бюросы 1999 ж. аймақтық, оның ішінде Орта Азия мен Кавказда безгекпен сырқаттануды төмендетудің стратегиясын жасады. Ол бұл инвазиямен сырқаттылықты эпидемиялық аймақтарда төмендетуді, кейбір жерлерде (Армения, Түркмения, Қазақстан) толық жоюды көздейді. БКҚ-дың аймақтағы түпкі мақсаты безгектің таралу жолдарын болдырмау, ал 2010 жылы тропикалық безгекті мүлдем жою.

Безгек ежелден белгілі. Ежелгі Египет, Қытай қол жазбаларында осы ауру туралы жазылған. Аурудың ғылыми зерттеу тарихы 1640 ж. Хуан дель Вего «хин» ағашының тұндырмасын осы ауруды емдеу үшін қолдануынан басталды. Мортон 1896 ж. аурудың клиникалық белгілерін сипаттап жазды. Алжирде француз дәрігері Laveran 1880 ж. безгек қоздырғышын ашты. Goldgi 1888 ж. Pl.vivax пен Pl.malaria бар екенін анықтады. 1889 жылы Сахаров Н.А., Marchifpavy және Cell 1890 ж. P.falciparum туралы сипаттап жазды. 1891 ж. Д.А. Романовский бояу әдісін ұсынды. 1897 ж. Ronald Ross Үндістанда безгектің тасымалдаушысы маса екенін эксперимент жүзінде дәлелдеді. 1922 ж. Африкада  Stephens Pl.ovalе ашты. Ағылшын зерттеушісі Shote, Garnham, Covell волонтерлердің бауырынан  P.vivax-ң тіндік формаларын анықтады. 1976 ж. А.Я. Лысенко P.vivax спорозиттердің генетикалық әртүрлілігі туралы ой айтты. Кейін Чех зерттеушісі Krotovski оны эксперимент жүзінде дәлелдеді. Pl.vivax 1890 ж.Glassi және Fellet, Pl.ovale -  1922 ж. Stephens,  Pl.malaria – 1881 ж. Laveran, Pl.falciparum –1897 ж. Welch ашты.


жүктеу 45,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау