Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет82/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

6.2 Сұхбаттың типтері мен түрлері 
Білім беру зерттеулерінде сұхбаттың кеңірек тараған мынадай 
үш типі кездеседі: 
• құрылымдалған/стандартталған; 
• жартылай құрылымдалған;
• құрылымдалмаған/бейресми. 
Құрылымдалған сұхбатта сұрақтар мен олардың реті алдын ала 
анықталады. Сондықтан құрылымдалған сұхбат жазбаша сауална-
маның ауызша түрі болып есептеледі (Merriam & Tisdell, 2015). 


130
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Алдын ала құрастырылған сұрақтарды қою тәртібін қатаң сақтау 
сұхбатқа қатысушылардың пікір білдіруіне шектеу қоюы мүмкін 
екендігін айта кеткен жөн. Зерттеуші сұхбатқа қатысушылардан 
пікір емес, зерттеушінің мәселе жөніндегі біржақтылығына деген 
көзқарасын алуы мүмкін. Құрылымдалған сұхбат сұрақтарды сұх-
батқа қатысушылардың барлығы бірдей түсінеді деген болжамға 
негізделеді. Сапалық зерттеулерде сұхбаттың бұл түрі әдетте көп 
адамнан сұхбат алу кезінде жүзеге асырылады. Өйткені бір типті 
жауаптарды талдау оңай, мысалы демографиялық деректерді (жас, 
жыныс, ұлт, білім және т.б.) жинау жеңілірек.
Дегенмен сапалық зерттеулердегі сұхбаттар ашық әрі аз 
құрылымды болады. Онда жекелеген сұхбат берушілердің зерт-
теліп отырған мәселе бойынша өз пікірлерін білдіріп, зерттеу жұ-
мысына деген көзқарастарын танытуы мүмкін.
Жартылай құрылымдалған сұхбатта сұрақтар икемдірек 
құрылымдалады. Сұхбаттың құрылымдылығы белгілі бір нақты 
мәліметтерді жинауға байланысты. Сұхбаттың басым бөлігі зерт-
теу сұрақтарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі, алайда сұрақтар-
дың нақты қалпы да, реті де алдын ала белгіленбейді. Сұхбаттың 
бұл түрі зерттеушіге сұхбат барысында ағымдағы жағдайға, сұх-
батқа қатысушының көзқарасына, сондай-ақ тақырып бойынша 
қалыптасқан жаңа идеяларға жауап беруге мүмкіндік береді.
Құрылымдалмаған сұхбатта сұрақтар алдын-ала жинақталып 
белгіленбейді. Ал сұхбат, негізінен, таныстыру сипатында келіп, 
әңгімеге ұқсайды. Құрылымдалмаған сұхбат мақсаттарының бірі 
– кейінгі сұхбаттарға нақты сұрақтар әзірлеу үшін зерттеліп оты-
рған тақырып туралы жеткілікті ақпарат алу. Сонымен, сапалық 
зерттеудің бастапқы кезеңдеріндегі құрылымдалмаған сұхбат көбі-
несе қатысушылардың бақылауымен кіріктіріледі. Бұл тәсілдің 
көмегімен зерттеліп отырған мәселе туралы түсінік алуға болады. 
Дегенмен зерттеуші түрлі көзқарастар мен өзара мүлдем байла-
ныссыз болып көрінетін ақпараттарға тап болуы мүмкін. Кейбір 
стандартталған ақпаратты алу мақсатында сұхбатқа қатысушылар-
дың бәріне құрылымдалмаған сұхбат барысында өз ойларын ер-
кін білдіріп, жаңа ақпарат бере алатындай толық жауапты қажет 
ететін (ашық сұрақтар) бірдей сұрақтар қойылады.


131
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Толық құрылымдалмаған сұхбат дерек жинаудың жалғыз құра-
лы ретінде сирек қолданылады. Алдыңғы секілді сұхбаттың бұл 
түрі де кейінгі сұхбаттар үшін нақты сұрақтар құрастыруға бағыт-
талған. Құрылымдалмаған сұхбат, негізінен, этнографиялық зерт-
теулерде және кейс-стадиге қатысушыларды бақылау барысында 
қолданылады.
Зерттеулердің дені сұхбаттың барлық үш түрін біріктіре алады, 
оның ішінде жартылай құрылымдалған сұхбат айтарлықтай кең 
таралған түрі болып есептеледі.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау