Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет81/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

6.1 Сұхбат жүргізуге дайындық 
Сұхбат жүргізуге дайындық сұхбатқа қатысушыларды анықта-
удан басталады. Сұхбатқа қатысушылар зерттеушінің нақты нені 
білгісі келетініне және кімнен ақпарат алғысы келетініне байланы-
сты таңдалады. Сұхбатқа қатысушыларды зерттелетін құбылысқа 
қандай үлес қоса алатындығы негізінде таңдау мақсатты немесе 
теориялық іріктеуді жүргізуді білдіреді (сапалық зерттеудегі ірік-
теу түрлері туралы қосымша ақпаратпен 8-тараудың 8.2-бөлімінен 
толық танысуға болады).
Сұхбаттың іріктеудің ауқымы мен репрезентативтілігі негізгі 
фактор болып табылатын сауалнама әдісінен айырмашылығы – 
онда шешуші фактор сұхбат алушылардың саны емес, зерттеушінің 
сапалық деректерді талдау негізінде белгілі бір құбылысты тануға 
ықпал ету қабілеті болып саналады. 
Әлеуетті сұхбат қатысушыларын қалай анықтауға болады? 
Сұхбаттасуға тиісті адамдарды анықтау мақсатында бейресми 
талқылауларда сұхбаттасушыларды байқау әдістің бірі ретінде та-
нылады. Ал екінші жолына өзгелер сарапшы деп санайтын әлеу-
етті сұхбат алушыны тауып, содан кейін одан сұхбат алушыларды 
таңдауға қатысты пікірін сұрау жатады. Сұхбат қатысушыларын 
анықтаудың үшінші әдісі белгілі бір іріктеу стратегиясына негіз-
делген (8-тарауды қараңыз). 
Зерттеуші мен сұхбат берушінің өзара қарым-қатынасы әдет-
те өте күрделі болып келеді. Екі тараптың тысқары пікірлері мен 
бейімділіктері, көзқарастары мен физикалық құлқы олардың өзара 
байланысы мен дерек жинауына әсер етеді. 
Сұхбат әдісін пайдалану зерттеушіден бейтаныс әлеуетті сұх-
бат берушілермен байланыс орнатуды және олармен оң қарым-қа-
тынас жасауды талап етеді. Зерттеушінің сұхбатқа қатысушыға/
қатысушыларға деген бейтарап, сыпайы әрі сыйластық ұстанымы 
сұхбаттасу үдерісінің бастау нүктесі болып табылады.
Зерттеуші сұрақтарды сұхбатқа қатысушының түсінетін тілін-
де мұқият құрастыруы керек. Сондай-ақ сұхбатқа қатысушының 
білімі мен сеніміне қатысты бейтараптылықты да сақтау қажет: 
сұхбаттың сәтті өтуі үшін сұхбатқа қатысушының ұстанымы зерт-


129
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
теушінің көзқарасымен қайшы келіп жатса да, дау-дамай, пікірта-
ластан аулақ болған жөн.
Өз кезегінде сұхбатқа қатысушылардан өз ой-пікірлерін, яғни 
зерттелетін тақырыпқа көзқарастарын айқын білдірулері күтіледі. 
Әдетте сұхбатқа қатысушылар өз тәжірибесін қызығушылық та-
нытқан тыңдаушымен бөліскенді ұнатады.
Сұхбатқа қатысушы есеп жарияланғанға дейін сұхбаттың ау-
диожазбалары мен стенограммаларын алуға, бейнематериалдар-
ды қарауға құқылы. Оның сұхбаттан бас тартуына және деректерді 
зерттеуде пайдалануға рұқсат бермеуіне де болады.
Сұхбатқа қатысушы тұлғаның құпиялылығына құқы бар, 
оның/олардың жауаптарының құпия сақталуына кепілдік берілуі 
тиіс. Мәселен қолжетімді құжаттар зерттеу аяқталғаннан кейін 
сайттарға немесе адамдарға сілтеме жасаудан аулақ болу керек. 
Қатысушының жеке басының құпиялылығын қамтамасыз ету және 
алынған сапалы деректердің анонимділігі мәселелері ерттеу әдебін 
сақтау мәселелеріне (7-тарау), сондай-ақ қатысушыға сұхбатты 
зерттеу мақсаттары, зерттеуге қатысу тәуекелдері, қатысушының 
құқығы, қатысушының жеке басының құпиялылығын сақтау тура-
лы барынша толық ақпаратпен ұсыну мәселелеріне, яғни «ақпа-
раттандырылған» үдерістің мәселелеріне жататыны анық келісім». 
Ақпаратты келісім – бұл жай ғана құжат емес, маңызды үдеріс, 
онда әлеуетті қатысушы өз келісімін беруге немесе сұхбатқа қаты-
судан бас тартуға құқылы (8 тарауды қараңыз). 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау