Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет44/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Зерттеу сұрағы
Категория
Дескриптор
НЗМ мұғалімдері 
CLIL педагогика-
сын қалай түсініп,
тұжырымдайды?
Мұғалімдердің интегра-
цияны және өздерінің 
кәсіби рөлін қабылдауы
Мұғалімдер оқытудың дуалды бағда-
рын қалай қабылдайды, интеграци-
яны қалай түсінеді, өздерін қалай 
таниды: тек пән мұғалімі ретінде 
ме, әлде тілге де, пәнге де жауапкер-
шілікті бірдей сезіне ме?
Мұғалімдердің тілге на-
зар аударуды және тілді 
үйренуді қабылдауы
Мұғалімдер тіл және академиялық 
тіл ұғымдарын қалай қабылдайды? 
Мұғалімдер оқушылардың тіл дағды-
ларын дамытудағы өздерінің рөлін 
түсіне ме?
CLIL педагогикасының 
мақсаттары мен негізде-
месінің тұжырымдалуы
Мұғалімдер екінші/үшінші тіл 
арқылы оқытуға көшудің мәні мен 
себептерін қалай түсінеді, мұндай 
оқытудың мақсатын түсіне ме?
НЗМ мұғалімдері өз 
сабақтарында CLIL 
әдісін қалай пайда-
ланады? 
CLIL сабағын жобалау 
және жоспарлау 
Мұғалімдер CLIL сабақтарын қалай 
жоспарлайды, тілдік мақсаттарды 
қалыптастыра ма? CLIL сабақта-
рының дәстүрлі сабақтардан айыр-
машылығы неде? 
Кіріктіруді жүзеге 
асыру: тәжірибесі мен 
стратегиясы
Пән мен тілді кіріктіру үшін қандай 
тапсырмалар қолданылады, сабақта 
қандай педагогикалық стратегиялар 
пайдаланылады?
CLIL сабақтарындағы 
өзара байланыс және 
коммуникация 
Сабақтағы іс-әрекетті ұйымдастыру 
формасы қандай? Сабақта қандай 
тілдер қолданылады? Коммуникация 
қалай ынталандырылады?
2.4-кесте 
Зерттеу сұрақтарының, концептуалдық категориялар 
мен дескрипторлардың сәйкестілік үлгісі


74
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Санамаланып көрсетілген категориялар деректерді кодтау 
үдерісіне бағытталады, нәтижесінде төмендегідей тақырыптар қа-
лыптасады: 
1. Мұғалімдердің пәнге бейімделуі 
2. Тілдерді оқытуда тікелей жауапкершіліктен бас тарту 
3. CLIL педагогикалық ұстанымдарын білудің жетіспеушілігі 
4. CLIL стратегияларының жүйесіз қолданылуы 
5. Сode-switching стратегиясын қажетсіз тіл тәжірибесі ретін-
де қабылдау 
6. Мұғалімдердің көзқарасы, қабылдаулары мен тәжірибелері 
арасындағы қарама-қайшылық.
Әдебиетке шолу жазу барысында есте ұстайтын белгілі бір ере-
желер бар: 
1. Негізделген нақты дәлелдерді пайдаланыңыз. Дәлел-
деріңіздің барлығы дәйектелген және дәлелдемелермен расталған 
болуы керек.
2. Талғамшыл болыңыз. Әдебиетке шолуда тақырыбыңызға 
тікелей қатысты ақпараттарды (тақырыптық, әдіснамалық немесе 
хронологиялық) ғана енгізу қажет.
3. Өз айтатын пікіріңізді есте ұстаңыз. Әдебиетке шолуда өз-
гелердің идеяларын ұсынғаныңызбен, өзіңіздің айтар ой-пікіріңіз 
басты назарда болуы қажет. Басқаша айтқанда, ойыңызды өз иде-
яңызбен бастап, өз идеяңызбен аяқтауға болады, ал дереккөздерді 
олардың дәлелі ретінде пайдалану керек.
4. Өзгелерді сілтемелеп беруде абай болыңыз. Дереккөздерді 
пайдалануда олардың ойларын дұрыс, бұрмаламай, толығымен өз 
сөзіңізбен жеткізіңіз, авторларға сілтеме жасауды ұмытпаңыз. 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау