Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет136/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Сәйкестілік 
Сәйкестілік сандық зерттеудегі сияқты сапалық зерттеудің 
маңызды құрамдастарының бірі болып табылады. Сандық зертте-
уде зерттеуші өз зерттеуінде қолданатын өлшеу әдістері мен тех-
никаның жоғары сапалы болуын және олардың ол анықтағысы 
келетін нәрсені дәл өлшеуге бағытталғандығын қамтамасыз етуі 
керек (Cohen et al., 2011). Бұл әдістер мен техника мұқият зерде-
леніп, бар білімге негізделуі керек (Cohen et al., 2011). Сапалық 
зерттеуде сәйкестілік нәтижелердің дәлдігін зерттеушінің, қаты-
сушының немесе оқырмандардың көзқарасы тұрғысынан анықта-
уға бағытталған. 
Бұл бөлімшеде Кресуэллдің (Creswell, 2009) сапалық зерттеу 
нәтижелерінің сәйкестілігін арттыруға арналған кейбір стратеги-
ялары ұсынылады:
1. Түрлі дереккөздердің триангуляциясы, олардағы дәлелдерді 
зерттеу және оларды тақырыптардың дәйекті негіздемесін 
құру үшін пайдалану. Егер тақырыптар бірнеше дерек-
көздің немесе қатысушылар пікірлерінің үйлесімі негізінде 
белгіленсе, онда бұл үдерісті зерттеудің негізділігін артты-
ру ретінде қарастыруға болады.


213
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
2. Жиналған деректер мен нәтижелердің дұрыстығын қайта 
тексеру үшін респонденттердің кері байланысы. Бұл ре-
спонденттерге олардың дұрыстығын тексеру үшін өңделме-
ген транскрипттерді ұсыну керек дегенді білдірмейді. Зерт-
теуші респонденттерге тақырып, кейс талдау, мәнмәтінді 
сипаттау және т.б. секілді өңдеуден өткен өнім бөліктерін 
ұсынады. Бұл шара зерттеуге қатысушылардан қайта сұх-
бат алуды және оларға нәтиже бойынша пікір білдіруге 
мүмкіндік беруді қамтуы мүмкін.
3. Оқырмандарға тиісті жағдай жасап, өз тәжірибесін түйсіну-
ге жетелейтін нәтижелерді егжей-тегжейлі сипаттау. Зерт-
теушілер тақырып бойынша жан-жақты сипаттама немесе 
көптеген пікір ұсынғанда, нәтижелер шынайы әрі қанық 
шығады. Бұл жайт қорытындылардың сәйкестілігін артты-
руы мүмкін. 
4. Зерттеушінің дүниетаным мен ұстаным сипаты. Өзіндік 
рефлексия ашық та шынайы баяндайды, ол оқырмандарға 
жол табады. Сапалы жасалған зерттеуде зерттеушілердің 
нәтижелерді интерпретациялауы олардың шығу тегіне, жы-
нысына, мәдениетіне, тарихына және әлеуметтік-экономи-
калық жағдайына байланысты пікірлерінен көрініс табады.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау