Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Сұхбатты ашу және транскрипциялау



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет89/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Сұхбатты ашу және транскрипциялау
Сұхбатты сөзбе-сөз транскрипциялау – көп еңбектенуді әрі бір-
талай уақытты қажет ететін үдеріс. Дей тұрғанмен ол деректерді 
тиімдірек талдауға мүмкіндік береді. Әдетте 90 минуттық ауди-
ожазбаны танып шығу үшін 4-6 сағат кетеді. Жұмысты жаңадан 
бастаған зерттеушілерге кем дегенде алғашқы бірнеше сұхбатты 
транскрипциялау ұсынылады. Содан кейін ғана арнайы агенттік-
тердің қызметіне жүгінуге болады. 
Транскрипциялау үшін жазбаның белгілі бір бөлігін таңдап 
алып, басқаларын өткізіп жіберу ненің маңызды, ненің маңызды 
емес екендігі туралы ертерек пайымдауға алып келеді. Жазбаның 
қандай да бір бөлігі транскрипцияланбаса, деректер ұмытылып, 
ескерілмей қалуы мүмкін.
Транскрипцияға қатысты нақты жазбаша нұсқаулықтар әзірлеу 
маңызды болып табылады (Kvale, 1996). Нұсқаулықтар үдерістің 
дәйектілігіне мүмкіндік бере отырып, зерттеушілерді соған қаты-
сы бар нәрселерді ойластыруға жетелейді және оларға өз түйіндері 
мен ұсыныстарын кейінірек бөлісуге көмектеседі. Жөтелу, күлу, 
күрсіну, үзіліс жасау, бөгде дыбыстар, телефон қоңырауы және жа-
уаптың үзіліп қалуы сияқты бейвербалды символдарды атап өткен 
жөн. Тыныс белгілерінің қойылуы да маңызды, ол материалды тал-
дап, түсіндіру кезіндегі алғашқы қадамдардың бірі болып табыла-
ды (Kvale, 1996).
Сұхбаттың вербалды және бейвербалды материалын қайта жа-
сайтын толыққанды әрі тыңғылықты стенограмманың зерттеуші 
үшін пайдасы көп болуы мүмкін. Оны сұхбат жүргізілгеннен кейін 
бірнеше айдан соң да қарауға болады.
Сұхбат транскриптінің форматы деректерді талдауға ыңғайлы 
болуы керек. Бірінші беттің жоғарғы жағына сұхбаттың қашан, 
қайда және кіммен жүргізілгені туралы ақпаратты тізімдеп беру 
қажет. Зерттеушінің сұрақтарын оңай оқу үшін қаріптерді қалың 
бояумен немесе курсивпен беруге болады. Сондай-ақ әр беттің оң 
жағынан жазбаларға немесе кодтарға арнап жеткілікті түрде орын 
қалдырған жөн.


142
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау