Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет84/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Онлайн-сұхбат
Онлайн-сұхбатты белгілі бір нақты уақытта компьютерлік ком-
муникацияның әртүрлі құралдарын (Skype, Zoom, Adobe Connect 
және т.б.) пайдалана отырып жүргізуге болады. Әдетте бейнебай-
ланыс арқылы өтетін бұл ауызша сұхбат «тікелей» сұхбатқа көбірек 
ұқсайды. Сұхбат телефон арқылы да жүргізілуі мүмкін. 
Синхронды онлайн-сұхбаттың баламасы асинхронды сұхбат, 
яғни электрондық пошта немесе фокус-топтағы сұхбаттар болып 
табылады. Асинхронды сұхбатқа әдетте мәтінге негізделген сұх-
бат немесе жазбаша сұхбат жатады. Мұнда өзара түсінісу біршама 
қиынырақ болуы мүмкін, өйткені тек мәтін (мысалы, электрондық 
пошта) пайдаланылады, көрнекі символдар болмайды. Оған қоса 
сұхбатқа қатысушылар электрондық пошта сұрақтарын байқамай 
қалуы немесе синхронды түрде жауап берілуі тиіс кейбір сұрақтар-
ды өткізіп алуы мүмкін. Екінші жағынан, электрондық поштаға 
келген мәтіндік сұхбаттың зерттеушіде дайын стенограммасы бо-
лады. Ол сұхбат барысында бейвербалды символдар немесе үзілі-
стер болмаса да, айтылған нәрсені құжаттауды жеңілдетеді. Ондай 
электронды «стенограмма» зерттеушінің аудиожазбаны тану уақы-
тын үнемдей алады.
Дерек жинаудың басқа да кез келген әдісі сияқты онлайн-сұх-
баттың да күшті және әлсіз жақтары бар. Оның ең күшті жағы-
ның бірі – зерттеушіге географиялық жағынан шектеу болмайды, 
ол әлемнің кез келген нүктесінен қатысушылар тартып, сұхбат ала 
алады, тіпті барлық тарап бір-бірін көре алатын фокус-топпен де 
сұхбат жүргізе алады. Тағы бір күшті жағы – компьютерлік комму-
никация платформаларының көбі кейінірек қарауға немесе бей-
вербалды символдарды үйренуге болатын пайдалы бейнежазбалар 
жасауға мүмкіндік береді. Ал әлсіз жағы – дыбыс жазу жабдығына 
байланысты ақаулардың туындау қаупі деуге болады. Ол жайт сұх-
бат алушының да, сұхбат берушінің де көңілін қалдыруы мүмкін. 


134
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Сонымен қатар интернет арқылы байланыс құралдарын пайдала-
ну кезінде құпиялылықты бұзу қаупі орын алады. Сонымен, сапа-
лы сұхбат жүргізу барысында компьютерлік коммуникация құрал-
дарының күшті және әлсіз жақтарының бәрін ескеріп отыру қажет.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау