А Л Ғ Ы С Ө З
5
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
зу, әдетте, университеттерде немесе ғылым академияларында жұ-
мыс істейтін ғалымдардың артықшылығы болып табылады деген
«ғылыми зерттеулер» туралы негізсіз ойды (мифті) жоққа шығару-
дың ұжымдық әрекеті деуге болады. Әртүрлі зерттеу дәстүрлерін,
оның ішінде эпистемология мен зерттеушінің өз-өзіне сенімі мәсе-
лелерін танудың маңыздылығын атап көрсету үшін біз «ғылыми
зерттеу» немесе «педагогикалық зерттеу» сияқты жалпыға ортақ
терминдердің орнына әдейі «білім беру зерттеулері» терминін қол-
данамыз (Furlong, 2012). Білім беру әлеуметтік ғылымдарға ти-
есілі. «Білім беру зерттеулері» терминін қолдануда біз білім беру-
ге қатысты мәселелердің кең ауқымын түсінеміз. Осыған сәйкес,
инклюзивтілікті ұстануға тырыстық және монография студенттер-
ге, магистранттарға, докторанттарға ғана емес, сонымен қатар
мектептер мен колледждерде қолданбалы зерттеу жүргізуге қы-
зығушылық танытатын практик-мұғалімдерге де қызықты болады
деп үміттенеміз. Мысалы, монографияда мектеп мұғалімінің реф-
лексиялық практик ретіндегі зерттеушілік қызметін ұйымдасты-
рудың Action Research («іс-әрекетті зерттеу») инновациялық әдісін
талқылауға ерекше маңыз беріледі.
Авторлардың отандық және батыс зерттеушілері арасында «ди-
алог құруға» ұмтылуы аталмыш монографияның өзіндік ерекшелі-
гі болып табылады: олар білім беру зерттеулерінің негізгі элемент-
терін атап көрсетуден бөлек отандық және шетелдік авторлардың
зерттеулерінен де мысалдар келтіреді.
Монография 9 тараудан тұрады. Оның бірінші бөлімі еңбек
жолын жаңадан бастаған зерттеушілер бетпе-бет кездесетін: өзекті
зерттеу мәселелерін әзірлеу мен қою, зерттеу мақсатын айқындау,
зерттеу сұрақтары мен әдістерін зерттеуді ұйымдастырумен сәйке-
стендіру секілді негізгі мәселелерге арналады. Бірінші тарауда біз
білім беру зерттеулерінің философиялық-әдіснамалық қырларын
қарастырамыз; онда сонымен қатар қоғамды дамытудың маңызды
саласы ретіндегі білім берудің әлеуметтік ғылымдар бағытындағы
зерттеу әдіснамасының басты ұғымдары ұсынылады. Біз оқырман
назарын білім беру зерттеулерін жүргізудегі зерттеушінің сенімі
мен дүниетанымының атқаратын рөліне аударамыз. Бірінші тарау
оқырманды эпистемология, онтология және зерттеу әдіснамасы
арасындағы байланысты қарастыруға шақырады. Одан әрі қарай
6
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
зерттеуді ұйымдастырудың үш негізгі: сапалық, сандық және ара-
лас тәсілінің өзіндік ерекшеліктері ашылады.
Екінші тарауда біз білім беру зерттеулерін әзірлеудегі маңыз-
ды қадам ретіндегі әдебиетке шолу жүргізудің басты ұстанымда-
рын баяндаймыз. Аталмыш тарауда отандық авторлардың ғылыми
еңбектерінен мысалдар беріле отырып, сіздің зерттеу жұмысыңы-
здың түйінді деректері мен теориялық негізін құруға қажетті тақы-
рыптық әдебиеттерді таңдап, талдауға арналған практикалық
кеңестер беріледі.
Монографияның екінші бөлімінде (3, 4, 5, 6-тараулар) сауал-
нама, іс-әрекетті зерттеу және «кейс-стади» сияқты зерттеу әдістері
талқыланады. «Сауалнама сандық зерттеудің әдісі ретінде» деп ата-
латын 3-тарау сандық мәліметтерді жинауды жоспарлайтын зерт-
теушілер үшін тиімді әрі пайдалы болуы мүмкін. Тарауда сауал-
наманы әзірлеудің негізгі кезеңдері ретінде мәліметтерді жинау
әдісі, сауалнама құрылымының ерекшеліктері және жабық, ашық,
жартылай жабық сұрақтар келтіріледі. Одан әрі қарай авторлар бо-
лашақ респонденттерді іріктеудің негізгі түрлері мен сауалнаманы
жүргізу әдістерін талдайды.
«Іс-әрекетті зерттеу» деп аталатын 4-тарауда көптеген ел-
дің практик-мұғалімдерінің өз педагогикалық шешімін дәлелді
мәліметтер негізінде қабылдауы үшін және олардың рефлексиялық
қабілеттерін дамытып, түрлі педагогикалық жағдаяттарды жақсар-
туы үшін кеңінен пайдаланатын әдістің мәні сипатталады.
«Кейс-стади сапалық зерттеудің әдісі ретінде» деп аталатын
5-тарауда білім беру зерттеулерінің әдіснамасындағы кейс-стади-
дің негізгі сипаттары беріледі. Кейс-стадиге негізделген зерттеу ди-
зайны, мысалыға, сіздің зерттеу жүргізуіңізге тиімді кейсті таңдау
мәселесі талқыланады. Тарауда, сондай-ақ, аталмыш әдістің білім
беру саласындағы үлгі-мысалдары келтіріліп, одан соң әрбір мысал
талқылауға түседі. Егер кейс әдістері әлеуметтік, экономикалық,
іскерлік жағдаяттарды талдауда менеджмент және экономика са-
лаларында кең қолданыс тапқан болса, ал білім беру зерттеулерін-
де кейс-стади зерттеу әдісі ретінде халықаралық жақтын енді ғана
мойындала бастады.
«Сұхбат сапалық зерттеудің әдісі ретінде» деп аталатын 6-тара-
уда сұхбаттасудың әдіснамалық мәні сипатталып, түрлері ұсыны-
7
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
лады. Сұхбат құрылымын ұйымдастырудағы түрлі ұсынымдар қа-
растырылған. Сұхбатты ұйымдастырудың әдіснамалық және әдеп
мәселелері талқыланады.
Монографияның үшінші бөлімі білім беру зерттеулеріндегі
мәліметтерді жинау және талдау мәселелеріне арналған. Бұл бөлім
де үш тараудан тұрады. 7-тарауда білім беру зерттеулеріндегі әдеп
мәселелері талданады. Онда әдеп кодексін құрудың тарихи негіз-
дері мен зерттеу әдебінің басты қағидаттары ұсынылады. Тарау
білім беру зерттеулерінде зерттеу әдебі қағидаттарын ұстанудың
философиялық-әдіснамалық қырларын талдауға негізделеді.
«Білім беру зерттеулеріндегі сапалық деректерді жинау» деп
аталатын 8-тарауда деректерді жинаудың өзекті мәселелері қа-
растырылады. Зерттеуші аталмыш кезеңге өтуден бұрын зерттеу
әдебінің бұзылуына қатысты ықтимал тәуекелдердің барлығын
тексеріп алуы керек. Деректерді жинау болашақ зерттеуге қаты-
сушылардың құпия болуын қамтамасыз етуді білдіреді. Сәйкесін-
ше, бұл тарауда зерттеу мәліметтеріне қол жеткізудің әдеп мәселе-
лері талқыланады, содан соң зерттеудің әлеуетті қатысушыларын
іріктеу стратегиялары, сапалық зерттеулер бойынша дерек жинау
жолдары қарастырылып, ақпаратты келісім үлгісі келтіріледі.
«Деректерді талдау және интерпретациялау» деп аталатын
9-тарауда сапалық және сандық зерттеулердің мәліметтері талда-
нып, интерпретациялаудың басты ерекшеліктері мен кезеңдері
ұсынылады. Тарауда зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен сәй-
кестілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері көтеріледі. Автор
оқырманына сандық зерттеудің негізгі ұғым-түсініктерімен және
әлеуметтік ғылымдарда жиі қолданылатын сандық деректерді тал-
даудың түрлі статистикалық әдістерімен танысуды ұсынады.
Білім беру зерттеулерін
ұйымдастырудағы алғашқы
қадамдар
Достарыңызбен бөлісу: |