204
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Тақырыптардың/сипаттамалардың
мәнін түсіндіру
Деректерді талдауды ұйымдастыру
және
дайындау
Деректерді кодтау
(қолмен немесе компьютерлік
бағдарламаның көмегімен)
Бастапқы
деректер
(транскрипттер, жазбалар,
кескіндер және т.б.)
9.1-сурет. Сапалық деректерді талдау (Creswell, 2009)
Ақпараттың
шынайылығын
тексеру
Деректерді түгелдей оқып шығу
Тақырыптар
Сипаттамалар
Тақырыптар/сипаттамалар
арасында
өзара байланыс орнату
(мысалы, кейс-стади)
205
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Кодтауға қатысты мәселенің бірі зерттеуші жасайтын мына
таңдауда жатыр: а) кодтарды тек қатысушылардан алынған жаңа
ақпарат негізінде әзірлеу
33
(9.1-кестені қараңыз), ә) деректер сәй-
кес келетін алдын ала анықталған кодтарды пайдалану немесе б)
алдын ала анықталған кодтардың кейбір комбинацияларын және
қайта пайда болатын кодтарды пайдалану. Әлеуметтік ғылымдар-
дағы дәстүрлі тәсіл кодтардың деректерді талдау арқылы пайда бо-
луына мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеушілер деректерді код-
тау үшін пайдаланылатын алдын ала анықталған кодтар тізімінің
кітапшасын (кесте немесе жазба) әзірлей алады. Код кітапшасының
бір бағанында код атаулары, екіншісінде кодтардың сипаттамасы,
ал үшіншісінде сол немесе басқа код көрсетілген транскрипттердің
(диктофонға жазылып басылған сұхбат мәтіндері) саны көрсетіледі
(транскриптің үлгісі төмендегі (9.1-кестеде келтірілген). Бірнеше
зерттеуші әртүрлі транскрипттерден алынған деректерді кодтаған
кезде ондай код кітапшасының болуы өте маңызды болмақ (код
кітапшасының үлгісі төмендегі 9.2-кестеде келтірілген).
Зерттеу
үдерісінде деректерді жан-жақты талдау негізінде код кітапшасын
толықтыруға және өзгертуге болады. Кресуэлл (2009) өз жобала-
рында қандай да бір теорияны тексергісі келетін зерттеушілерге
сондай код кітапшасын әзірлеп, деректерді талдау нәтижесінде
алынған
ақпарат негізінде оны жаңартып, өзгеріп отыруды ұсы-
нады. Код кітапшасын пайдалану, әсіресе, сандық зерттеулер үшін
өте тиімді және/немесе сапалық зерттеулерге жүйелі көзқарас қа-
жет болған жағдайда пайдалы болмақ (Creswell, 2009).
33
Код – идея немесе ақпаратты қамтитын мәтін бөлігіне берілген атау/белгі (Cohen et al., 2011).
206
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Достарыңызбен бөлісу: