Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет137/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

9.2 Сандық деректерді талдау
Сандық деректерді талдау – ішінара позитивистік дәстүрден 
туындайтын зерттеудің түрі. Ол кең ауқымды зерттеулермен тығыз 
байланысты, дегенмен кішігірім көлемдегі зерттеулерде де пай-
даланылуы мүмкін (Cohen et al., 2011). Сандық талдауды жүргі-
зу үшін статистика негіздерін және кем дегенде бір бағдарламаны 
білу қажет. Мысалы SPSS (Statistical Package for the Social Sciences, 
SPSS) бағдарламасын. SPSS-ді қалай пайдалануға болатындығы 
жөніндегі толық ақпаратты мына кітаптардан табуға болады: Jullie 
Pallant «SPSS Survival Manual» және Daniel Muijs «Doing Quantitative 
Research in Education with SPSS». Бұл бөлімде статистикалық тал-
дау әдістерінің кең түрде қолданылатын кейбір түрлері қысқаша 
сипатталып беріледі.


214
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Айнымалылар түрі
Сандық деректерді талдау әдістерін талқылауға көшпес бұрын, 
айнымалылардың түрлерін түсініп алған маңызды болмақ. Айны-
малы – аты айтып тұрғандай, бір жағдайдан екіншісіне қарай өз-
геруі мүмкін шарт, фактор немесе сапа; бұл жағдайдан-жағдайға 
өзгермейтін тұрақтыға қарама-қарсы мән (Cohen et al., 2011). 
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар
Ғалымдар сандық зерттеулер жүргізу барысында айнымалылар-
ды жиі басқарады (Thomas, 2013). Мысалы, зерттеуші түрлі типтегі 
мектеп мұғалімдерінің үш тілдік білім беруге деген көзқарасын са-
лыстыра алады. Бұл жағдайда айнымалы «мектеп түрі» болып табы-
лады. Ал айнымалыны эксперимент жүргізуші басқарғанда, ол тәу-
елсіз айнымалы деп аталады. Эксперимент тәуелсіз айнымалының 
(«мектеп түрі») тәуелді айнымалы «мұғалімдердің үш тілде білім 
беруге қатынасына» қалай ықпал ететінін анықтауға бағытталған. 
Не болмаса, мысалы, оқуға кеткен уақыт тест нәтижелеріне қалай 
әсер етеді? Бұл мысалда оқу көлемі тәуелсіз айнымалы болады да, 
тест нәтижесі тәуелді айнымалы деп танылады. Тестке қойылатын 
бағалар тестке дейінгі оқу көлеміне байланысты. Зерттеуші, мы-
салы, тестіленушілердің жасы немесе жынысы тест нәтижелеріне 
қалай әсер ететінін бағалау арқылы тәуелсіз айнымалыны өзгерте 
алады. Әдетте зерттеуші тәуелсіз айнымалыны басқарады да, оның 
тәуелді айнымалыға ықпалын бағамдайды (Thomas, 2013).

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау