«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»



Дата14.11.2018
өлшемі53 Kb.
#19713

Мұнайлы аудандық әкімдігінің

«25» желтоқсан 2012 жылы

№ 354-қ қаулысымен бекітілген

Қосымша 13



«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер.
1. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданының аумағында халықты жұмыспен қамту, және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, 130006, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
13. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, аудан халқын әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру.

14. Міндеттері: гендерлік теңдіктің қағидаттарына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Функциялары:

1) жұмыспен қамту саласында :

мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:

халықты жұмыспен қамту, кедейшілікті төмендету және нысаналы топтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмектесуде аймақтық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру;

халықты жұмыспен қамтуда азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында қосымша шаралар ұйымдастыру;

жұмысқа орналасу сауалдарымен жолыққан азаматтарды қабылдау, есеп және тіркеу жүргізу;

азаматтарды жұмысқа орналастыру, жұмыссыздарды соның ішінде оралмандарды кәсіптік даярлау және әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;

келісімі бойынша жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау;

ақылы қоғамдық жұмыс жүргізуге кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды таңдау, еңбек рыногының сұранысына сәйкес мамандықтарға даярлау, жұмыссыздардың ақылы қоғамдық жұмыстар мен кәсіби даярлаудан өтуіне шарт жасау;

жергілікті атқару органдарына халықты, соның ішінде, нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін қысқарту туралы ұсыныс жасау;

жұмыссыз азаматтарға өзіндік жұмыспен қамтуды және жұмыспен қамтудың басқа түрлерін ұйымдастыруға көмектесу;

еңбек рыногының хал-жағдайы мен болжамы, еңбек рыногы бойынша базалар жиынтығын қалыптастыру.

2) әлеуметтік әріптестік саласында:

мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:

өз уәкілеттігі шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету.

3) халықты әлеуметтік қорғау саласында:

мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер:

әлеуметтік көмекті қажет ететін тұлғаларды анықтау және олардың дербес есебін жүргізу;

азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, отбасыларын қолдау, аналарды, балаларды, мүгедектер мен олардың отбасы мүшелері халықтың басқа да қатарларын қорғау;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

тұрғын үй коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қажет ететін жеке санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;

мемлекеттік және мемлекеттік емес негіздерден тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз қатарларынан, аз қамтылған азаматтар, көп балалы аналар тұрғындардың басқа да әлеуметтік қорғау санатындағы азаматтарға көмек көрсету және есебін жүргізу;

мүгедектерді әлеуметтік, психологиялық-медициналық оңалту аймақтық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру және олардың қоғамға енуі үшін жүргізілетін негізгі шараларды жүзеге асыру;

ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға отын алуға әлеуметтік көмек көрсету;

әлеуметтік қорғаудағы азаматтарға телефонға абоненттік төлем көрсеткіштерінің өсуіне байланысты үстемақы төлеу;

аудандық, аудан маңындағы және жергілікті қатынас жолдарының барлық түрлерінде жүруге жеңілдіктер жасау;

үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арқылы қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік- тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

аудан бойынша үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімше арқылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың ішінде мүмкіндігі шектеулі өзге адамның көмегін қажет ететін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясының қорытындысы бойынша мүгедек балаларға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

денсаулығына байланысты құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілеттілігі бар кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық тағайындау;

облыстық, қалалық, аудандық өкілетті органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мекемелер мен ұйымдар, қайырымдылық қорлары және басқа әлеуметтік-мәдени құрылымдармен зейнеткерлерді, кәмелетке толмаған балалары бар мемлекеттік қолдауды қажет еттетін тұрғындардың барлық топтарын қолдау мақсатында қарым-қатынастарды үйлестіру;

ардагерлер мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметтеріне қолдау жасау және көмек көрсету;

қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;

еңбекақы жүйесі, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларына ақпараттық технологияларды, ақпараттарды өңдеу жүйелерін енгізу, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен шағын бағдарламалардың әкімшісі қызметтерін атқару;

әлеуметтік көмек көрсету саласындағы өзге де қызметтер.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сонымен қатар басқа да мекемелерден «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында құжаттар, қорытындылар, анықтама және басқа материалдарды сұрату және қабылдап алуға;

2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар қабылдауға талаптар белгілеуге;

3) атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдарге тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

4) халықты жұмыспен қамту сауалдарына тиісті түсініктемелер беруге;

5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу туралы қажетті түсініктемелер беруге;

6) халықты жұмыспен қамту Заңдарының орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыруға;

7) Заңда қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

8) Белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге.

9) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
17. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын, Мұнайлы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;

2) Заңға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) бөлім құрылымын әзірлейді және бекітуге аудан әкімдігіне ұсынады;

4) ағымдағы жоспарларды бекітеді;

5) Заңға белгіленген тәртіп бойынша көтермелеу, материалдық көмек көрсету, бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза білгілеу сауалдарын шешеді;

6) өз құзыры шегінде бұйрықтарға, актілерге қол қояды, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің өкілеттілігін ұсынады;

7) атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үйді пайдаланғаны және коммуналдық қызметті қолданғаны үшін, әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімдерге, жергілікті өкілетті органдардың жеке санаттардағы азаматтарға көмек көрсету туралы хаттамаларына, басқа да әлеуметтік төлемдерге жеке қол қоюға құқылы;

8) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өкілеттігіндегі өзге де жұмыстарды жүзеге асырады;

«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландару жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
23. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау