«Ґмір тіршілік ќауіпсіздігініѕ негіздері» пјні бойынша дјрістіѕ конспекті пјнніѕ аќпараттыќ мјліметінен ќўрылады жјне адам аєзасына негативті факторлардыѕ јсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік жјне тґтенше жаєдай пайда болу кезіндегі



жүктеу 0,76 Mb.
бет2/5
Дата14.01.2018
өлшемі0,76 Mb.
#7556
түріКонспект
1   2   3   4   5

Психологиялық сыйысушылық адамның психикалық ерекшеліктерімен байланысты. Адамның қажу күйіне және басқа да психикалық түсу маманның қызметінің қауіпсіздігін азайтады. Адамның тиісті тиеуі 40-60% максималды тиеудің аспау керек.

Әлеуметтік сыйысушылық қоғамдық топтың нақты адамға және адамның нақты қоғамдық топқа қатынасын ескереді. Әлеуметтік сыйысушылық адамның психологиялық ерекшеліктерімен байланысты, сондықтан оқшауланған топтардағы экстремалды жағдайды көрсететін әлеуметтік-психологиялық сыйысушылық деп атайды.

Технико-эстетикалық сыйысушылық адамның техникамен қатынасынан қанағаттанушылығын қамтамасыз етуінде көрінеді.

[1, с. 27-47; 2, с. 62-77; 3, с. 12-44]




3 Еңбек физиологиясының негіздері


Еңбек физиологиясы – еңбек қызметінің әсерінен адам ағзасының функционалды күйінің өзгеруін зерттейтін ғылым.

Адам еңбек қызметінің үрдісі барысында әр түрлі жұмыс түрлерін орындайды. Ол физикалық және ой еңбегі болып бөлінеді. Қазіргі уақытта өндірістік үрдістердің автоматизациясы мен механизациясымен байланысты еңбек қызметінде физикалық кедергісі азаяды және жоғарғы жүйке қызметі жоғарлайды.



Жұмыс қабілеттілігі деп анықталған көлемі мен сапасы бар жұмысты берілген уақыт аралығында жеткілікті эффективтілігімен орындайтын адамның потенциалды мүмкіншілігін түсіндіреді.

Ауырлық ұғымы физикалық еңбекке (қолмен көтерілетін жүктің максималды өлшемі, ауысымына қолдық жүк айналымының мөлшері және т.б.) жатады.

Кедергілеу ұғымы ой еңбегіне жатады (бір қалыпты жұмыс, эмоционалды, интеллектуалды кедергі және түб)

Демалыс дәне еңбек режимін рационалды ұйымдастыру, еңбек әдетін жылдам меңгеру жағдайларын жасау, еңбек үрдісін рационалды ұйымдастыру негізгі болып есептеледі. Осы міндеттердің шешуімен эргономика айналысады. Эргономика жұмыс орның ұйымдастыру, құрал-сайман мен жабдықтарды құрастыру бойынша ұсыныс береді.

Негізгі назарды тұрмыс үйлер мен өндірістің микроклиматына аудару қажет. Микроклимат термо реттеуге әсер етеді. Термо реттеу – адам денесінің температурасы қалыпты болуына әсер ететін жылуөнімі мен жылуберу арасындағы тепе-теңдігін қамтамасыз ететін үрдістердің жиынтығы.

Жұмыскерлердің кызып және салқындап кету мүмкіндігінен қорғау мақсатында жұмыс орынға келу уақыты (сағатпен) белгіленген.

Микроклиматтың қолайлы параметрлерін қамтамасыз ету рационалды жылытуы, желдетпенің дұрыс құруы, ауа салқындатуы, жылы көздерінің жылу изоляциялауы, жарықтандыруы болып табылады. [3, с. 44-80]
4 Өмір сүру ортасының қауіптің деңгейі мен көздері

4.1 Атмосфераның ластануы. Адам қызметі табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті өзгертеді. Атмосфераның жоғарғы ластануы үлкен қалаларда байқалады.

Атмосфералық ауаның негізгі ластану көздері – әр түрлі салалы өнеркәсіптердің кәсіпорындары, автокөлік және жылу энергетика. ҚР өнеркәсіптерінен атмосфераға жыл сайын 2 млн.т зиянды заттар түседі, 49,5% энергетикаға, 22,7% - түсті энергетикаға, 15,7% - қара металлургияға келеді.

Ластанудың негізгі көлемі Павлодар мен Қарағанды облысына келеді. ҚР ірі қалаларында 60-80% көлікке , ал Алматы қаласына – зиянды заттардың бүкіл көлемінен 90% келеді. Ластанудың аса қауіпті нәтижесі смог болып табылады.

Смогтың екі түрі бар:

-өндірістің газды қалдықтары немесе түтін қоспасы бар қою бұлдыр;

-фотохимиялық смог – күннің ультракүлгін сәулелену әсеріндегі газды қалдықтардағы фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болатын жоғарғы концентрациялы ащы газдар мен аэрозолдер жамылғысы.

Смог көз көрерлікті азайтады, ғимарат және метал коррозиясын жоғарлатады, денсаулыққа кері әсер етеді және халықтың өлім мен науқастылықтың жоғарлауының себебі болып табылады.

- Қышқыл жаңбырлар атмосферадағы (күкірттік және азоттық қышқылдар) күкірт пен азот қосылыстардың физикалық және химиялық өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Аэрозольдердің бөлшектерімен немесе бұлт тамшыларымен сіңірілген қышқыл булары мен молекулары құрғақ немесе дымқыл тұнба түрінде жерге түседі.

Биосфераға қышқыл тұнбаның әсері тұра және жанама деп бөлінеді. Тұра әсері ағаш және өсімдіктердің өлуімен, дем алу мүшелері науқасымен зардап шегетін халықтың денсаулығының нашарлаумен көрінеді. Қышқыл жаңбырлардың жанама әсері су мен топырақ қышқылдықтарының өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады.топырақ қышқылдығының өзгеруі құнарлықты төмендетеді. Тұшы суқоймасының қышқылдықтарының жоғарлауы кезінде тұшы судың қорын азайтады.

Атмосфераның құрамы мен күйі орташа +15° сақталатын жер мен космос арасындағы жылу алмасу үрдісіне әсер етеді. Соңғы он жылдық бойы биосфераның орташа температурасының жоғарлауы байқалады.

-Парникті эффект. Атмосферада газ және басқа да қоспалар концентрациясының жоғарлауымен байланысты жер бетінен жылудың аз мөлшері космосқа кетеді және жылу биосферада жиналады, сондықтан климаттың жылуына әкеледі. Осы үрдісте негізгі орның көмірқышқыл газы алады. Алғашқыда жердегі климатын және температураны біз үшін әдетті болуына мүмкіндікберетін көмірқышқыл газдың концентрациясы 0,03% құрайды. Соңғы он жылдық бойы көмірқышқыл газдың мөлшері әр бір 10 жыл 2% өседі.

2050 жылына қарай жердегі орташа температурасы 1,5-4,5°С жоғарлайды, ол поляр және тау мұздардың еруіне әкеледі және 0,5-1,5 метрге әлем мұхиттың деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Климаттың жылуы 2100 ж Әлемдік мұхиттың 2 м деңгейінің көтерілуіне әкеледі.



- Озон қабатының бұзылуы. Техногенды ластанудың анықталған мөлшері озонды қабатқа түсіп, оны бұзады. Озон қабатының бұзылуы қысқа толқынды ультро күлгін сәулелердің жердің өтуіне мүмкіндік тұғызады. Ультро күлгін сәулелену өсімдік үшін қауіпті, онкологиялық және көз науқастарының саны жоғарлайды.

Озон қабатының бұзылуына әкелетін негізгі заттар хлор мен азот қосылыстары болып табылады.Озондық қабатқа хлор мен азот түсуінің негізгі көздері: ұшақтар, ракеталар, жанартаугаздары, фреон қолданылатын технологиялар, атомдық жарылыстар.

2050 жылына 10% озон қабатының бұзылуы байқалады. [1, с. 51-63]
4.2 Гидросфераның ластануы. Гидросфера ұғымы деп қатты, сұйық және газ күйінде болатын Жердегі барлық сулардың қосындысын айтуға болады. Жердегі барлық су қорынан 97,5% ащы су құрайды.

Ауыз су қоры шамалы, сондықтан таза судың сапасын сақтау адамзат үшін маңызды орын алады. Адам тамақсыз, бірақ сумен 2 ай бойы, ал сусыз – бірнеше күн өиір сүру мүмкін.

Судың гигиеналық маңызы зор. По данным ІАН 80% инфекционды аурулар судың нашар сапасымен байланысты.

Жыл сайын Қазақстанда халықты сапалық ауыз сумен камтамасыз етуі нашарлайды. Халықтың 16,5% ашық су қоймасының суымен қолданылады. Ол тырысқақтың, гепатиттың және басқа да ішек инфекциялар санының өсуіне әкеледі. Оңтүстік Қазақстан тырысқақ аурудың жоғары тәуекелі бар территориясы болып табылады.

Жер бетіндегі су қоймаларының ластағыш көздері тазаланбаған канализациялық жуынды сулар, теңізге қалдықтардың көмуі мен жоюы, су көліктермен қолданылуы жәнетанкерлердің апаттары болып табылады.

Әлемдегі су ресурстарды адаммен қолдануында екі бағытты бөледі: сумен қолдану және сумен тұтыну.



Минералды тыңайтқыштардың (нитраттардың) молшылығы маңызды қауіп төндіреді. Олар қанға сіңіп гемоглабинмен қосылады, осында метагемоглобин заты пайда болады. Метагемоглобин оттегінің тасымалдайтын қасиетін жоғалтады, нәтижесінде адамда оттек аштығы болады.

Ласанудың зардаптары ауыз судың сапасын ғана нашарлатпайды, сонымен қатар оның қорын азайтады, биосферадағы көптеген заттардың айналымын бұзып, адам мен барлық тірі ағзалардың науқастығына әкеледі.[1, с. 63-69]


4.3 Литосфераның ластануы. Топырақ – литосфераның үстіңгі қабаты. Топырақтың үстіңгі қабаты көптеген өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан құрылған, олардың бөлінуі гумустың пайда болуына әкеледі. Гумустың құрамында өсімдіктердің көректенетін негізгі элементері бар.

Адам қызметінің барысында топыраққа тура және жанама бұзушылық әсері пайда болды:

- Құнарлы жерлердің орындарында үйлер мен ғимараттардың құрылысы, көлік магистральдары, пайдалы қазбаларды шығару қалдықтарының үйіндісі және террикондар пайда болды;

- Тоғайлардың жойылуы топырақ эрозиясына әкеледі;

- жасанды суқоймалары егістік жерлердің үлкен аудандарын алды;

Жердің қалдықтармен, газ тастамаларымен, мұнаймен, қышқылды жаңбырлармен, пестицидтермен және минералды тыңайтқыштарымен ластануы жер құнарлығының төмендеуіне әкеледі. Көкөністердің ас құндылығы төмендейді, қанда холестериннің саны жоғарлайды, мутагенді және канцерогенді заттардың әсеріне ағзаның тұрақтылығы төмендейді

Қара және түсті металлургияның негізгі ластануларға никель, қорғасын, сынап және т.б жатады. Сонымен қатар қоқыс жандыратын зауыттардың, ЖЭЦ қалдықтары қауіпті болып табылады.

Дәлелденді, Сырдарья ө. суарылатын топырағы қорғаныспен, мыспен, кадмиймен, фтормен және бормен ластанған. Қарағандының бойындағы топырақ – ванадиймен, Өскемен – мыспен, қалайымен және т.б. ластанған. Адам ағзасына осы заттар тиетін болса, физикалық және психофизикалық дамуындағы аномалияны, тумыстан кемтарлықты туғызады. [1, с. 69-75]


5 Табиғи негативті факторлардың көздері

Органикалық әлемнің толық құбылысынан Күн белсенділігінің тәуелділігі туралы куәландыратын 20 ғасырдың ортасына мәліметтер жиналды: астықтың өнімі, өсімдіктердің өсуі және ауруы, жануарлар және балықтар аулаудың көбеюі, адамдағы инфекционды науқастардың және келеңсіз жағдайлардың көп болуы.

Жер өміріне күн радиациясы үлкен әсер етеді. Күн айналымы кезінде белсенді аудандар Жерде көрінеді де жоғалады, ол жер айналасындағы кеңістікте магнитті дауылды туғызады.

Осы кезендерге жер айналадағы кеңістіктің магнитті дауылдың саны тәуелді болады. Дауылдың максималды саны наурыз-сәуір және қыркүйек-қазан айларында болады.

Магнитті дауыл кезінде жүрек-тамырлы және жүйке-психикалық науқастар жоғарлайды, көлік апаттардың саны 30 % өседі, сонымен қатар эпедемияның жоғарлауы көрінеді.

Өзгеретін магнитті дауылдар қосымша токтың өткізгіштерде пайда болуына жол береді. Магнитті дауыл кезінде артық ток мүмкін деңгейін жоғарлатады, ол энергожүйелер мен байланыстың кабелдік желілерді тепе-теңдіктен шығарады.

Тәжірибеге геофизикалық жағдайлар бойынша жағымсыз күндер туралы халыққа хабар береді.

Ауа райының өзгеруі атмосфералық қысым, температура және ылғалдылықпен қоса болады. Климаттың қалыптасуында желдер басты рөл атқарады. Атмосферадағы ауа қозғалысы құйынды сипаттамасы бар ағыстың бір біріне қосыла келгендімен жинақталады.[3, с. 140-145]

ҚР Қазгидромет халыққа осындай қауіп-қатер кезінде хабар береді:

Дауыл (жел ұзақтылығы - 32 м/с жылдамдығынан аса), теңіз дауылы (теңіздің толқындауына әкелетін қатты жел – 20 м/с жылдамдығынан аса), боран (тез арада қысқа уақытта желдің 20-30 м/с дейін жоғарлауы оның бағытының өзгеруімен қоса байқалады), қатты жел (14 м/с аса), құйын (100 м/с аралығындағы ауаның айналу жылдамдылығы), күшті құйын (жылдамдығы 100 мс және одан да көп 1000 м диаметрлі қатты жел), ұзақты жаңбыр (бірнеше тәуілік бойы үзіліссіз болуы), қатты қар (12 сағ 20 мм аса тұнба), қатты дауыл (12 сағ және одан да көп болатын ұзақтылығы, 15 м/с аса желдің жылдамдығы), қатты мұзтайғағы (20 мм және одан да көп даиметрлі өткізгіштерінің үстіңдегі мұздың болуы), бұршақ, құйын, найзағай, үсік (ауаның тәуілікті температурасының оң болуы кезінде 0°С дейін), ауа температурасының лезде төмендеуі, жоғарлауы (1-2 тәулікте 10°С ауа температурасының өзгеруі), қатты тұман (12 саң ішінде 100 м дейін көріністің нашарлауы), шанды дауыл (12 сағ болатын ұзақтылығы, жел жылдамдығы 15 м/с), құрғақшылық (25°С аса ауа температурасы, 30% кем ылғалдылық)[4, с. 25-27]
6 Тұрмыстық ортадағы негативті факторлардың көздері

Тұрмыстық орта деп тұрмыстағы адамға әсер жасайтын элементтер мен факторлардың жиынтығын айтады.

Қазіргі үйлер экология жағынан онды деп айтуға болмайды: құрылыс және өндеу материалдарымен қоса жабдықтар және жиғаздармен ағза үшін зиянды физикалық және химиялық факторларды енгізеді; желдетпе жүйелері пәтерлер ауаның тазалау міндеттеріне жауап бермейді; микроклимат және шу режимі бұзылады; қоқыстың эффективті жою сұрақтары шешілмеген. Ауадағы зиянды заттардың концентрациясы бөлмеде он немесе жүз есе даладан қарағанда жоғары.

Негізгі ластанушы формальдегид болып табылады – синтетикалық материалдардың құрамына кіретін түссіз газ. Синтетикалық материалдар винилхлорид, күкіртсутек, аммиак, ацетон және т.б қосындыларды шығарады. Осының барлығы көздердің шырышты қабаттарын, жоғарғы дем алу жолдарын тітіркендіреді, бас ауруына және жүрек айнауына әкеледі.

Өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттармен абайлап қолдану керек: еріткіштер, ацетон, жанар май, сонымен қатар ауру тудыратын өсімдіктерден, арам шөптен, құртқұмырсқалармен күресу үшін у химикаттары.

Тазалғыш және жуғыш синтетикалық заттар бу мен ұнтақ демін ішке тарту кезінде аллергиялық реақциялар тудырады.

Қауіп газдың ағып кету сонымен қатар өнімдердің жану мүмкіндігінен болатын газды жабдықтары боп көрсетіледі. Адамға электр өрісі әсер етеді. Телевизор алдында көп уақыт бойы тұруға болмайды, өйткені тибиғи фонымен салыстырылатын сәулелену мөлшерін алуға болады.

Жоғары радиобелсенділігі бар материалдар тұрмыс үйлердің құрылыс конструкцияларына өту мүмкін.

ДСӘҰ мәліметі бойынша 70 % зиянды компоненттер ас тағамдарымен адам ағзасына түседі, сонымен қатар алкоголь құмар адамдардың денсаулығы үшін зиянды болып табылады.

Темекі түтін дем алу зиянды болып табылады. АҚШ санауы бойынша, жыл сайын 500-5000 өлімі пассивті темеку тартумен байланысты. [3, с. 145-152]


7 Өмір сүру ортасына және адам ағзасына негативті факторлардың әсері

Бүкіл факторлар ағзаға әсер ету дәреже мен сипаттамасы бойынша зиянды және қауіпті болып табылады.

Зиянды – анықталған жағдайларда науқасқа, қауіпті – анықталған жағдайларда жарақаттануға әкелетін негізгі себебі болып табылады.

Табиғатының әсері бойынша қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:



- физикалық – барлық қозғалатын, кесетін, қулайтын; барометрикалық қысымның, температураның жоғарлауы-төмендеуі; жоғарғы – түтіндеуі, газдануы, шу, діріл, ультродыбыс, инфрадыбыс, ионды, электромагнитті сәулелену, ультрокүлгін және инфрақызыл радиация; жарық ағымының пульсациясы, жарқылдылығы, жарықтылығы; жарық түсудің аздығы, жарықтану қарсыластығының төмендеуі.

- химиялық – технологиялық процестерде қолданылатын зиянды заттар; өнеркәсіп улары; у химикаттары; тағайындауы бойынша дұрыс қолданылмайтын дәрі-дәрмектер құрылғылары.

Биологиялық – бактериялар, вирустар, микроағзалардың ерекше түрлері және олардың өмір тіршілігі үшін қажетті тағамдары; өсімдіатер және жануарлар; қоршаған ортаның биологиялық ластанулары.

Психофизикалық – еңбекті ұйымдастыру және сипаттама ерекшеліктерімен ескертілген өндірістік факторлар; ой жоғары кернеулігі, анализаторлардың аса кернеулігі, еңбектің бірқалыпта болуы, эмоционалды шаршауы. [3, с. 153-156]


    1. жүктеу 0,76 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау