Министру обороны


бөлім. Әскери токсикология, радиобиология және жаппай



жүктеу 1,19 Mb.
бет3/4
Дата15.05.2018
өлшемі1,19 Mb.
#13918
түріБағдарламасы
1   2   3   4

8 бөлім. Әскери токсикология, радиобиология және жаппай

қырып-жою қаруынан медициналық қорғану
Оқу мақсаты:

Жаппай қырып жою қаруының әскердің жеке құрамын және де медициналық бөлімшелер, бөлімдер жаралылар мен науқастарды медициналық қорғанудың негіздерін, улағыш заттардан, иондық сәулелерден зардап шеккендердің клиникалық көріністерін, патологиясын, антидоттық терапиясын және симтоматикалық емдеуді оқу.

Бағдарлама бойынша оқыған студенттер

білуге тиіс: токсикологияның негізгі ұғымдарын;

әскери токсикологияның негізі ұғымдарын;

радиобиологияның мақсаты мен міндетін;

жергілікті сәулелі зақымданудың негіздерін;

ішке түскен радиоактивті заттардан зақымданудың негіздерін;

сыртқы сәулеленуден медициналық қорғануды;

ядролық және химиялық қарудан зақымданған ошақтардың медициналық-тактикалық сипаттамасын;

улы заттармен, техникалық сұйықтықтармен және зымырандық отындар құрамдарымен зақымданғандардың клиникасын, патологиясын және емдеу шараларын білу;

ошақтағы және медициналық тасымалдау кезеңіндегі санитарлық өңдеуді ұйымдастыруды, санитарлық өңдеудің негіздерін;

химиялық және радиациялық барлауды өткізу шараларының ұйымдастыру негіздерін;

химиялық және радиациялық жағдайларды бағалау негіздерін;

жекелеген және ұжымдық қорғаныс құралдарын;



әскери медициналық қызмет бөлімшелерін, мекемелерін, оның ішіндегі науқастарды және жаралыларды ядролық және химиялық қарудан қорғау шараларының негіздерін.

істей білуі керек: зақымдалған ошақта және науқастарды тасымалдау кезеңінде медициналық көмек көрсетуді;

арнайы қорғаныс құралдарын пайдалануды, дала оттегі құралдарын және өкпеге жасанды тыныс алдыру құралдарын пайдалануды;

ядролық және химиялық қарудан бригаданың медициналық ротасын, сондағы жаралыларды және науқастарды қорғау шараларын ұйымдастыруды;

бригаданың медициналық ротасында арнайы санитарлық өңдеу алаңының жайылуын және жұмысын ұйымдастыруды;

улы заттарды индикациялауды, радиоактивті сәулеленуді тексеруді.


Әдістемелік нұсқаулар:

Әскери токсикология, радиобиология және жаппай қырып жою қаруынан медициналық қорғану пәнін оқыту арнайы әдістемеліктер бойынша ұйымдастырылады. Бұл студенттердің болашақ әскери – медициналық мамандықтарын есепке алып, олардың жалпыәскери, тактикалық дайындықтарынан, медициналық қызметті ұйымдастыру мен тактикасынан алған білімдері мен және жоғары оқу орны ішіндегі басқа әскери-медициналық пәндермен байланыстырылып өткізіледі.

Жаттығу сабағында студенттердің тәжірибелік сабақтан алған білімдеріне баса көңіл бөлінеді:

улағыш заттармен зақымданғандарға диагноз қойып, медициналық көмек көрсету (№ 7 – 12 тақырыптар);

жаттығу сабағында улы заттармен зақымданғандарға жасанды өкпеге тыныс алдыруды және оттегін жіберу әдістерін үйрету (№ 14 тақырып).

«Медициналық қорғану» бөлімін оқытқанда ерекше көңіл аударылатын мәселелер:

жаппай қырып жою қаруынан қорғануда медициналық заттарды пайдалана отырып, тәжірибелік дағдыны дамыту, тыныс алу мүшелері мен теріні қорғайтын арнайы заттарға;

радиациялық және химиялық барлау сабағында дозиметриялық аспап (ДА)-5Б (В), химиялық барлау аспабы медициналық ветеринарлық және химиялық барлау медициналық аспаптарын қолдануға (тақырып №№ 23 – 24);

ошақта және әскери медициналық тасымалдау кезеңінде, арнайы санитарлық өңдеуді ұйымдастырып өткізуін үйретуге (тақырып № 25);

жаппай қырып жою қаруынан жараланғандарды, науқастарды медицина бөлімшелерінде, мекемелерде қорғау негіздеріне.

Оқу барысында қазіргі заманғы техникалық оқу құралдары қолданылады. Муляждар, кестелер, плакаттар, үлгілер. № 14 тақырыпты өткенде улағыш заттар бойынша оқиғалық-бақылау есептері шығарылады; улағыш заттарды индикациялау кезінде бақылау жұмысы өткізіліп, зерттеу хаттамасы толтырылады.



№ 24 және № 25 тақырыптағы сабақ кезінде радиациялық ластану деңгейіне және оны өлшеу әдістеріне баса назар аударылады. Ауыз су және тағам құраманыдағы улағыш заттарды зерттеуде, химиялық реактивтер кеңінен қолданылады.

Жаппай қырып жою қаруынан медициналық қорғану сабағы, барлық тақырыптарды оқығаннан кейін өткізіледі. № 23, 24, 25 тақырыптар бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілгенде табельді медициналық жарақтар, санитарлық техникалар кеңінен қолданылады.
№ 1 тақырып. Токсикологияның пәні, мақсаты, міндеттері мен құрылымы.

Токсикология пәні, токсикологиялық үрдіс, медициналық токсикологияның мақсаты, медициналық токсикологияның негізгі бағыты.

№ 2 тақырып. Әскери токсикологияның негізгі ұғымдары.

Әскери токсикология пәні, мақсаты. Улы және жоғарғы уыттық заттар. Пестицидтер. Диверсия улары. Күшті әсер ететін улы заттар. Улы және жоғарғы уыттық заттардың патофизиологиялық жіктелуі. Химиялық жағдай туралы түсінік. Медициналық химияға қарсы қорғану. Уыттану, заттардың жіктелуі. Неорганикалық қосылыстардың табиғи пайда болуы. Органикалық қосылыстардың табиғи пайда болуы. Улану. Транзиторлық, уыттық реакция. Аллобиоз. Арнайы уыттық заттар.

№ 3 тақырып. Токсикометрия, токсикокинетика және токсикоди-намика.

Токсикометрия түсінігі. Токсикокинетиканың жалпы түсінігі. Резорбция. Улағыш заттардың түсу жолдары. Таралуы, сорылуы, экскрекциясы. Биотрансформациясы. Токсикинетика мөлшерінің сипаттамасы. Уыттық әсердің механизмі. Ақуызбен, нуклеиндық қышқылмен, липидпен, қоздырғыш мембрананың реактивті құрылысымен удың әрекеттесуі. Цитотоксиканттықтың жалпы механизмі. Биоэнергетика үрдісінің бұзылуы. Тіндегі бос радикалды үрдістің белсенділігі. Мембрана құрылысының зақымдануы. Тін ішілік калий гомеостазасының бұзылуы. Ақуыз синтезі және тіндердің бөліну үрдістерінің зақымдануы. Уыттық үрдістің дамуы.

№ 4 тақырып. Антидоттар. Уланғандарға шұғыл жәрдем көрсетудің жалпы қағидаттары.

Өткір түрде уланғандарға қолданатын кейбір дәрілердің әсер ету механизмдері. Улағыш заттармен зақымданғандарға этиотроптық, патогенетикалық және симптоматикалық заттарды пайдаланудың әсері. Заманауи антидоттардың сипаттамалары. Уға қарсы заттарды пайдалану. Жаңа антидоттар. Өткір түрде уланғандарға алғашқы дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің негізгі ұстанымдары.

№ 5 тақырып. Жүйке- сал қылып әсер ететін улы заттар.

Зарин, зоман, V-газының физикалық, химиялық, токсикологиялық қасиеттері. Әр түрлі жолмен түскен улағыш заттардың клиникалық көріністері мен ерекшеліктері. Зақымданудың алдын-алу шаралары. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.

№ 6 тақырып. Цитоуытты әсер ететін улы заттар.

Иприт пен люизиттің физикалық, химиялық уыттық қасиеттері. Зақымданудың клиникалық көріністері және оның ағзаға түсу жолдарына байланысты ерекшеліктері. Иприт пен люизиттің теріні зақымдағандағы салыстырмалы диагностикасы. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.

№ 7 тақырып. Жалпы улы әсер ететін заттар.

Синильді қышқылы және көміртегінің физикалық-химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі, уланудың патогенезі. Клиникалық көріністері. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның мазмұны.

№ 8 тақырып. Тұншықтыра әсер ететін улы заттар.

Фосгеннің физикалық, химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы.

№ 9 тақырып. Психомиметикалық әсер ететін улы заттар.

Bz және диэтиламид лизергин қышқылының физика-химиялық қасиеттері. Әсер ету механизмі және уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Bz және диэтиламид лизергин қышқылының салыстырмалы диагностикасы. Антидоттық және симптоматикалық емдеу. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы. Атропин тәрізді заттармен улану, алдын алу және емдеу шаралары.

№ 10 тақырып. Тітіркендіре әсер ететін улы заттар.

Хлорацетофенонның, адамситтің, CS, CR физикалық, химиялық және уыттық қасиеттері. Уланудың патогенезі. Зақымданудың клиникалық көріністері. Ошақта және медициналық тасымалдау кезеңінде зақымданғандарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру және оның маңызы.

№ 11 тақырып. Зымыран отын құрамдары. Әскерде қолданатын техникалық сұйықтар.

Зымырандық отындар құрамының қысқаша физикалық-химиялық және токсикалық қасиеттері (азот тотығының, гидразиннің). Улану клиникасының айырмашылығы. Бірінші медициналық көмек және негізгі емдеу жолдары. Этил спиртінің, этиленгликольдің, дихлорэтанның, трихлорэтиленнің қысқаша физикалық-химиялық және уыттық қасиеттері. Бірінші медициналық көмек және негізгі емдеу жолдары. Табиғи улардың қысқаша сипаттамалары. Өсімдік және жәндіктердің уларымен зақымданғандардың клиникалық айырмашылықтары. Бірінші медициналық көмек және емдеу негіздері.

№ 12 тақырып. Далалық оттектік тыныс алу аппаратурасы.

Улы заттардан пайда болатын уыттық гипоксияның түрлері. Табельді оттегі аспаптары және өкпеге жасанды тыныс алдыру құралдары. Зақымданған ауада оттегін беру және жасанды тыныс алдыру құралдары. Олардың арналуы, құрылысы, жұмыс істеу тәртібі. Оттегі құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздікті сақтау шаралары.



№ 13 тақырып. Радиобиологияның пәні, мақсаты және міндеттері. Иондаушы сәуле түрлері және олардың қасиеттері.

Радиобиология пәні. Радиобиологиялық зерттеулердің мақсаты. Электромагнитті иондаушы сәулелену, олардың қасиеттері. Корпускулярлық иондаушы сәулелену. Тығыз иондаушы және сирек иондаушы сәулелену. Иондаушы сәулеленудің ауқымын бағалау. Дозиметрияның негіздері. Иондаушы сәулеленудің негізгі көздері. Радионуклидтер-радиациялық қауіп көзі.

№ 14 тақырып. Радиобиологиялық әсерлер.

Радиобиологиялық әсерлердің жіктелуі (қалыптасу деңгейі, пайда болу мезгілі, сәулеленген ағзаның тағдыры). Иондаушы сәулеленудің әсер ету кезіндегі алғашқы биологиялық кезеңдері. Тіннің сәулеленуден кейінгі реакциясы. Сәулеленудің тінге, ағзаға және жүйке жүйесіне тигізетін әсері. Тіннің радиосезімдігі.



№ 15 тақырып. Ядролық жарылыста және радиациялық аварияларда әскердің жеке құрамына зақым келтіретін факторлар. Сәулелі зақымданулар.

Сыртқы сәулеленуден зақымдану. Ядролық қарудың зақымдау себептері. Ядролық жарылыстың радиациялық емес себептері. Сәулемен зақымданудың сипаты. Сыртқы сәулеленудің түрінен және әсер ету жағдайына байланысты сәулемен зақымданудың сипаттамасы.

№ 16 тақырып. Сыртқы сәулеленуден медициналық қорғану.

Радиопротекторлар, олардың тиімділігі, әсер ету механизмі. Радиопротекторларды пайдалану тәртібі. Ағзаның радиорезистенттігін ұзақ уақытқа жоғарылататын сүйемелдеуші заттар. Сәулеленудің алғашқы реакциясына қарсы және алдын ала ескертуге пайдаланатын заттар. Өткір түрдегі сәуле ауруын ерте емдеуге пайдаланылатын заттар.

№ 17 тақырып. Жергілікті сәулемен зақымдану.

Терінің, шырышты қабатының жергілікті сәулемен зақымдануы. Радионуклидтермен сыртқы тері жабындысы зақымданғандағы жергілікті сәулелену ерекшелігі.

№ 18 тақырып. Радиоактивтік зақымдану нәтижесіндегі зақымдану.

Ағзадағы радионуклидтер кинетикасы. Радиоактивті заттардың биологиялық әсерлері. Радионуклидтермен зақымдануды алдын ала ескерту. Ерте емдеуге пайдаланатын медициналық қорғану заттары. Ішке түскен радиоактивті заттарды, ерте диагностикалау және медициналық тасымалдау шаралары.

№ 19 тақырып. Байланысты және аралас радиациялық зақымданулар.

Байланысты радиациялық зақымдану. Аралас радиациялық зақымдану. Медициналық қорғану шаралары.

№ 20 тақырып. Жекелей және ұжымдық қорғанудың техникалық құралдары.

Қорғаныш құралдарының жіктелуі. Арнайы қорғаныш құралдары туралы

түсінік және олардың маңызы. Тыныс жолдарын қорғайтын құралдар. Жалпыәскери сүзгіш газқағарлар: олардың құрамы, қорғайтын мерзімі. Респиратор. Бастан жарақат алғандарға арналған «шлем-маска». Гопкалиттық патрон. Оқшаулағыш газқағарлар: оның міндеті, құрылысы, пайдалану тәртібі және оны физиология – гигиеналық бағалау. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарды тексеру мен таңдау. Газқағармен жаттығудағы медициналық бақылау. Сүзгіш газқағарды пайдаланудға қарсы дәлелдер. Теріні қорғайтын құралдар, арнайы құрамы, оны физиология – гигиеналық бағалау. Ұжымдық қорғану құралдары туралы түсінік, арнаулы мақсаты, түрлері, құрамдары. Арнайы жасырын паналау ғиаратының санитарлық – гигиеналық талаптары. Ұжымдық қорғану құралдарын медициналық тасымалдау кезеңінде пайдалану.

№ 21 тақырып. Радиациялық барлау, радиометрлік және дозиметрлік бақылау құралдары.

Дозиметриялық бақылаудың мақсаты мен шешетін мәселелері. Радиациялық барлау, радиометриялық бақылау құралдары. Радиациялық барлау, радиоактивті зақымдануды және сәулелену мөлшерін өлшейтін құралдардың құрылысы және жұмыс істеу ережелері. Су және тамақтардағы және басқа заттардағы шектеулі радиацияның көлемі. Жеке құрамдардың, әртүрлі объектілердің беттеріндегі, судағы және тағамдардағы гамма сәуленің радиациялық зақымдану дәрежесін есептеу және өлшеу әдістері. Радиометриялық зертхананың құрылысы, жұмыс істеу ұстанымдары.

№ 22 тақырып. Химиялық барлау және улы заттарды индекстеу құралдары.

Химиялық барлаудың мақсаты және шешетін мәселелері. Улағыш заттарды индикациялау. Химиялық барлаудың техникалық құралдары және далалық жағдайда улағыш заттарды индикациялау, олардың құрылысы және арнаулы мақсаттары. Ауыз су мен азық-түліктің улы заттармен зақымдануы. Талдау жасау үшін сынақ алу ережелері. Тексерудің нәтижесі бойынша құжаттарды дайындау. Ауыз судағы, азық-түліктердегі алкалоидтарды, ауыр металлдардың тұздарын химиялық медициналық ветеринарлық барлау аспабымен (химиялық барлау медициналық аспабы) барлау арқылы анықтау. Ауыз судағы улы заттарды, алкалоидтарды және ауыр металлдардың тұздарына зертханалық сараптама жасау(медициналық далалық химиялық зертхананың көлемінде). Улы заттармен токсикология зертханасында жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау.

№ 23 тақырып. Медициналық қызметтің бөлімдері мен бөлімшелеріндегі арнайы өңдеу.

Арнайы тазалаудың түрлері мен шешетін мәселелері. Санитарлық тазалауды, дегазациялауды және дезактивациялауды жүргізудің табельді құралдары. Бригаданың медициналық ротасының арнайы тазалау алаңының, арнайы медициналық отрядтың арнайы тазалау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру және оның сызба үлгілері. Жартылай және толық арнайы тазалауды ұйымдастыру. Медициналық мүлікті және техниканы дегазациялау, дезактивациялау. Арнайы тазалауды жүргізу кезінде қауіпсіздікті сақтау және медициналық бақылауды атқару.

№ 24 тақырып. Радиациялық және химиялық жағдайды бағалау негіздері. Медициналық қызметтің медициналық қызмет әскерлерінің, бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамын жаппай қырып жою қаруынан қорғау шаралары.

Радиациялық және химиялық жағдайды бағалаудың әдістері мен мақсаты. Бастапқы деректер. Зақымданған аумақты картаға түсіру. Жағдайды бағалап, тұжырымдап және шешім қабылдау. Әскерлерді және нысандарды жаппай қырып жою қаруынан қорғау туралы түсінік. Медициналық қызмет әскерлерін жаппай қырып жою қаруынан қорғау шаралары және оның маңызы. Медицина қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерін қорғау.

9 бөлім. Әскери-далалық хирургия

Оқу мақсаты:

Соғыс кезінде бригаданың медициналық ротасы дәрігеріне қажетті әскери-далалық хирургия мәселелері бойынша студенттерді теориялық және тәжірибелік дайындау.

Курс бағдарламасын аяқтаған соң студенттер

білуге тиіс: соғыстағы жаралыларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы ұстанымдары;

заманауи ату қаруынан жараланғандарды емдеу, диагностикалау, залалданған жаралылардың, жабық жарақаттардың, құрама және күйік жарақаттардың клиникасын;

арнайы медициналық отрядтағы хирургиялық көмектің мазмұны мен ауқымын;

істей білуі керек: бригаданың медициналық ротасында жаралылар мен науқастарға медициналық сұрыптауды ұйымдастыруды;

бригаданың медициналық ротасында жаралылар мен науқастарға диагностика және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шараларын жүргізуді;

бригаданың медициналық ротасында таңудың (авто таңу – АП-2) жайылуын және жұмысын ұйымдастыруды.


Әдістемелік ұсыныстар:

Дәрістік курста әскери-далалық хирургияның жеке және жалпы мәселелері баяндалады. Тәжірибелік сабақтар хирургиялық және жансақтау бөлімдерінде өткізіледі. № 2 – 11 тақырыптар сынақ зертханасында жануарларға жасалынады. Одан басқа, бейбіт уақытта жарақаттанғандарға және науқастарға медициналық көмек көрсету, диагностика және емдеу әдістері, ұрыс жағдайында ұқсас синдромды жаралылар қаралады.

Сабақтан тыс уақытта студенттер ауруханадағы кешкі кезекшілікке тартылады, жедел жәрдем бойынша жаралылар мен науқастарды қабылдауға қатысады. Осы арқылы олар жарақаттың және жедел хирургиялық аурулардың диагностикасын, ауруды емдеу тәсілін, ауыр механикалық жарақат алған ауруларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді тәжірибелік біліммен шыңдайды, диагностикалық манипуляцияларды орындап, операцияға жәрдемдеседі.

Жара және жарақаттар туралы оқыту кезінде әскери-дәрігерлік сараптау сұрақтары да қарастырылады. Барлық сабақты оқыту кезінде алғашқы дәрігерлік көмек және білікті хирургиялық көмек көрсетуге арналған әскери-медицина қызметінің жинақты-табельді жасақтарымен танысуға ерекше көңіл бөлінеді.


№ 1 тақырып. Әрекет етуші әскердегі жаралыларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру негіздері.

Әскери далалық хирургияның анықтамасы мен мазмұны. Н.И. Пирогов әскери далалық хирургияның ғылыми негізін қалаушы. Жаралыларды кезеңмен емдеу, сырқатына байланысты тасымалдаудың заманауи жүйесін ұйымдастыруда хирургтердің (Н.А. Ахутин, Н.Н. Бурденко, П.А. Куприянов, С.И. Банайтис, Н.Н. Еланский, В.Н. Шамов) орны. Соғыстан кейінгі уақытта әскери далалық хирургияның дамуы. Соғыста жарақаттанғандарға хирургиялық көмек көрсетуді, одан әрі жетілдіру және дамыту.

Қазіргі кездегі әскери хирургиялық жарақаттар. Қазіргі қарулар мен қазіргі әскери зақымданудың жалпы сипаттамасы. Заманауи жарақаттар мен зақымданулардың ауруларды кезеңмен емдеу жүйесін ұйымдастыруға тигізетін әсері. Қазіргі соғыста санитарлық шығындардың болуы және оның ерекшеліктері. Тактикалық және медициналық жағдайға байланысты медициналық көмектің жұмыс көлемі. Жарақаттанғандарды кезеңмен емдеуді ұйымдастыру кезіндегі медициналық сұрыптаудың маңызы. Қазіргі таңдағы әскери-далалық хирургияның өзекті мәселелері.

№ 2 тақырып. Оқ жарақаты.

Атыс қаруының заманауи түрлері. Жарақаттаушы снарядтың әсер ету механизмі және жарақаттау баллистикасы. Жарақаттаушы снарядтардың тура және бүйірінен соғу теориясы. Атыс қаруынан жарақаттанғандағы тіндердің функционалдық және морфологиялық өзгерістері. Заманауи атыс қаруының, жоғары дәлділік, миналық-жарылыстық және басқа қару түрлерінің зақымдау ерекшеліктері.

Атыс қаруынан жарақаттанғандағы тіндердің зақымдану аймағы. Жара өзегінің морфологиясы. Жараның бастапқы және кейінгі микробты зақымдануы туралы түсінік.

Атыс қаруынан жарақаттанғанда соғыс алаңында және тасымалдау кезеңінде медициналық көмек көрсету.

Хирургиялық өңдеуге қатысты заманауи көзқарастар. Жараларды хирургиялық өңдеу көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері. Жараның ерте, кешеуілдеген және кеш хирургиялық өңделуі. Жараның бастапқы және кейінгі тартылу арқылы жазылуы. Атыс қаруынан болған жараларды хирургиялық өңдеуден кейін жабу әдістері. Бастапқы, кешеуілдеген және кейінгі тігістер. Жараға бастапқы тігісті қолдану көрсеткіштері. Жараны хирургиялық өңдеу кезіндегі жиі кездесетін қателіктер. Жеке медициналық отрядтың хирургиялық өңдеуді жүргізу мүмкіндігі. Әскери далалық хирургиялық госпитальда жалпы хирургиялық түрдегі жарақаттанғандарға көмек көрсетудің маңызы, мәні және мүмкіндіктері.

№ 3 тақырып. Аралас радиациялық және химиялық зақымданулар.

Аралас радиациялық зақымданулар туралы түсінік, олардың тіркесулері. Аралас радиациялық зақымданулар кезінде және радиоактивті заттардың жараларға, күйік бетіне түскендегі жарақаттардың, сүйектер сынғанында, термиялық күйіктер ағымының ерекшеліктері, өзара ауырлату синдромы. Радиациялық күйіктер ағымының ерекшеліктері. Бригаданың медициналық ротасында радиациялық зақымдануға медициналық көмек көрсету және емдеу. Фосфорорганикалық заттармен залалданған жаралардың, термиялық күйіктердің ағымының ерекшеліктері. Улы заттармен залалданған жаралардың диагностикасы. Аралас химиялық зақымданулар кезіндегі залалдану ошағында және әскердің медициналық тасымалдау кезеңіндегі медициналық көмек.

№ 4 тақырып. Қансырау және қан жоғалту.

Қансырау көзі, оның даму мерзімі және қан жоғалту дәрежесіне байланысты қан кетудің жіктелуі. Қансырау мен жедел түрде қан жоғалтудың клиникалық көрінісі. Далалық жағдайда қансырау көлемін анықтау.

Соғыста қан құю көрсеткіштері. Қанның құюға жарамдылығын тексеру. Қан құю әдісі. Трансфузиялық және инфузиялық сұйықтардың түрлері және оларды қолдану көрсеткіштері. Қан құю кезінде болатын асқынулар, оның алдын алу және емдеу. Соғыс даласында, батальонның медициналық пунктінде, бригаданың медициналық ротасында, жеке медициналық отрядта қансырауды уақытша тоқтату әдістері. Бригаданың медициналық ротасында қан және қан аламастырғыштырды құю көрсеткіштері. Қан және қан алмастырғыштарды қажетті мөлшерінде есептеу әдісі.

№ 5 тақырып. Жарақаттық шок және ұзақ жаншылу синдромы.

Жарақаттық шок түсінігінің анықтамасы. Соғыста шоктың жиілігі мен ауырлығы. Қазіргі уақыттағы жарақаттық шоктың этиологиясы және патогенезі туралы түсінік. Жарақаттық шоктың ауырлығы бойынша жіктелуі. Шокты емдеудегі реаниматология және анестезиология жетістіктерінің маңызы. Гемодинамиканың, тыныстаудың, зат алмасудың бұзылуын қалпына келтірудің жаңа әдістері. Әскери медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі шокқа қарсы шаралардың мазмұны. Шокты алдын ала ескерту. Гемотрансфузияның маңызы.

Ұзақ жаншылу синдромының этиологиясы және патогенезі. Жіктелуі. Даму сатысы. Клиникасы. Клиникалық көріністердің зақымданған тіндер көлеміне, жаншылу себебінің күшіне, оның әсер ету ұзақтығына тәуелділігі. Әскери медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі емдеудің жаңа тәсілдері.


№ 6 тақырып. Ұрыстық жарақаттардың инфекциялық асқынуы.

Жаралық инфекция туралы түсінік. Жаралық инфекцияның дамуына әсер ететін себептер. Жара микрофлорасы. Жергілікті іріңді инфекция. Сепсис пен улы-резорбтивті қалтыраудың сипаттамасы. Сепсистің клиникасы. Атыс қаруынан болған жаралардың іріңді асқынуларын емдеу.

Жаралардың анаэробты инфекциясы. Даму мерзімі және жалпы көріністері. Әртүрлі клиникалық қалыптардың сипаттамасы. Анаэробты инфекцияның алдын алу. Арнайы және арнайы емес ем. Антибиотиктердің емдеу және алдын ала қолдану кезіндегі пайдасы. Емдеу нәтижесі.

Сіреспе, оның этиологиясы мен патогенезі. Жергілікті және жалпы симптомдары. Диагностика, алдын алу, әскери медициналық тасымалдау кезеңдерінде сіреспені емдеу ұстанымдары. Асқынулары және нәтижелері.

№ 7 тақырып. Термиялық зақымдану.

Термиялық зақымданудың жалпы және жергілікті патологиялық көріністері. Зақымдану тереңдігіне байланысты күйіктердің жіктелуі. Күйік дәрежелері. Терең күйіктердің жалпы аймағын анықтау. Күйік ауруының кезеңдері. Күйік шогы. Өткір токсемия. Күйіктік септикотоксемия. Реконвалесценция. Ядролық жарылыс сәулесімен, жанғыш қоспалармен зақымдану. Ұрыс даласындағы медициналық көмек. Медициналық сұрыптау, медициналық тасымалдау кезеңіндегі көмектің көлемі және оның мәні.

№ 8 тақырып. Бас сүйектің, мидың, омыртқа тірегінің және жұлынның жарақаттануы (жаралану).

Бас сүйек пен мидың ашық жарақаттануының кездесу жиілігі мен жіктелуі. Бас миының шайқалуының, соғылуының және жаншылуының клиникалық көріністері. Бас сүйектің жарылуы және сынуы. Бас сүйектің оқ-дәріден жарақаттануы, олардың сипаттамасы, клиникасы. Ұрыс даласында алғашқы медициналық көмек көрсету. Бригаданың медициналық ротасында және жеке медициналық отрядта көрсетілетін медициналық көмек көлемі. Жұлын және омыртқаның зақымдануы, жарақаттардың жіктелуі. Ұрыс даласында бірінші медициналық көмек көрсету. Бригаданың медициналық ротасында және жеке медициналық отрядта көрсетілетін медициналық көмектің көлемі. Жұлын және омыртқаның атыс қаруынан зақымдануы. Клиникалық көрінісі мен диагностикксы. Клиникалық көрініс кезеңдері. Ұрыс даласында бірінші медициналық көмек көрсету. Бригаданың медициналық ротасында және жеке медициналық отрядта көрсетілетін медициналық көмектің көлемі. Тасымалдауға дайындау ерекшеліктері. Тасымалдауға жарамсыздық туралы түсінік.

№ 9 тақырып. Кеуденің жаралануы (жарақаттануы).

Кеуде жарақатының жиілігі және жіктелуі. Клиникалық көріністері және диагностикасы. Алғашқы көмек түрлері. Ұрыс даласында, медициналық тасымалдау кезеңіндегі көрсетілетін медициналық көмек.


№ 10 тақырып. Іштің, жамбастың және жамбас астауы мүшелерінің ашық және жабық жаралануы мен жарақаттануы.

Іштің жарақаттары мен зақымдануларының жиілігі мен жіктелуі. Іштің ашық зақымдануының клиникалық көрінісі. Ішке кірген зақымдардың симптомы. Шок, қан кету және перитонит, олардың ішке кірген жарақаттар нәтижесін анықтаудағы маңызы. Іштің жабық зақымдануының клиникалық көрінісі. Ішке кірген жарақаттардың және жабық зақымданудың диагностикасы. Іш жарақаттанғанда көрсетілетін бірінші дәрігерлік көмектің көлемі. Жамбастың және жамбас астауы мүшелерінің жарақаттануы. Жамбас жарақаттарының жіктелуі. Оқ жарақатынан болған жамбас астау мүшелерінің зақымданған, жамбас сүйегі сынықтарының симптомдары мен диагностикасы. Жамбастың атыс қаруынан жарақаттанғандағы асқынулары. Жамбастың жабық зақымдануы мен жарақаттану кезіндегі бірінші медициналық көмек. Бірінші дәрігерлік көмектің көлемі.

№ 11 тақырып. Аяқ, қолдың және буындардың оқтан жаралануы.

Оқ жарақатынан сүйектің сыну жиілігі мен жіктеулі. Клиникалық көріністері мен диагностикасы. Алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі және бірінші дәрігерлік көмектердің көлемі. Оқ жарақатынан болмаған аяқ, қолдың ашық және жабық сынықтары. Ашық және жабық сынықтардың клиникалық көріністері мен диагностикасы. Алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі және бірінші дәрігерлік көмектердің көлемі. Аяқ, қол буындарының оқжарақаттары, оның жіктелуі. Буын жарақатының жалпы және жергілікті клиникалық көріністері. Буын жарақаттарының асқынуы. Алғашқы медициналық, дәрігерге дейінгі және бірінші дәрігерлік көмектердің көлемі. Қол-аяқ ұштарының оқ жарақаты және оны кезеңді емдеу. Қан тамырларының жаралануы мен зақымдануы, жіктелуі, клиникалық көріністері, ірі қантамырларының оқ жарақатының диагностикасы. Ұрыс даласында, бригаданың медициналық ротасында, жеке медициналық отрядта қан тоқтату әдістері мен тәсілдері. Жүйкенің зақымдануының симптомдары мен диагностикасы. Жүйке зақымданғанда иммобилизация ерекшеліктері және бірінші дәрігерлік көмек көрсету.



жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау