Министру обороны



жүктеу 1,19 Mb.
бет2/4
Дата15.05.2018
өлшемі1,19 Mb.
#13918
түріБағдарламасы
1   2   3   4

2. Пәннің мазмұны
Кіріспе

Әскери медицина тарихы соғыс кезіндегі және түрлі қарқындағы қарулы қақтығыстардағы әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қалыптары мен тәсілдерінің түрлілігін әскери медициналық тарихы айқындайды.

Бұл әртүрлілік негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне, ұрыс қимылдарының ауқымына және сипатына, қарулы күрестің қолданылған құралдарына, медициналық қызметтің тасымалдау-көліктік құралдарымен жабдықталуына және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетудің қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгеніне байланысты анықталады. Бірақ-та медициналық қамтамасыз етудің тиімділігі басым түрде адамдық фактормен айқындалады.

Өз саласында жан-жақты дайындалған бірде-бір дәрігер соғыс кезінде, егер соғыс уақытындағы патологияны, әскери-далалық хирургияны, әскери-далалық терапияны, әскери гигиенаны, әскери эпидемиологияны жане басқа да арнайы пәндердің негіздерін білмесе, ал ең бастысы әскерилердің тамақтану, сумен қамтамасыз ету және далалық орналасуды санитарлық қадағалауды ұйымдастыру ұстанымдарын терең түсініп, соғыс кезінде санитарлық-гигиеналық және эпидемия қарсы шаралардың мазмұнын, көлемін және өткізу реті бойынша нақты білімі болмаса, пайдалы бола алмайды. Сондықтан соғыс кезінде әскери медицинаның міндеттерін ұтымды шешудің басты шарты кадрлық офицерлердің және де запастағы медициналық офицерлердің қатарынан жоғары білікті дайындығы бар медициналық мамандардың барлығы болып табылады.



1 бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Оқыту мақсаты:

Тақырыпты оқығаннан кейін студенттер:

білуге тиіс: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері

мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын және әскери қызметшілерге байланысты заңдардың негізгі ережелерін;

бір орында және қарусыз жүріс кезіндегі сап құру тәсілдерін, тұру, жүру, орын алмастыру бұйрықтарын.

істей білуі керек: жалпыәскери жарғылардың талаптарын орындау, әскери тәртіпке бағынуды, бастықтардың бұйрығын қалтқысыз орындауы;

саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыстарды дұрыс орындауы.

Әдістемелік нұсқаулар:

Сабақ үстінде студенттерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, әскери қызметкерлердің қарым-қатынасы мен міндеттерін реттейтін, әскери қызметшілерге оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде маңызды орын алатынын, жауынгердің адамгершілік, батылдық қасиеттерін, тәртібін, қырағылығы мен әскери антына беріктігін тәрбиелеп, шыңдайтын құжат екенін көрсету міндет.

Жалпыәскери жарғылардың теориялық ережелерімен негізінен өздігінен оқып танысады. Жарғы талаптарын орындау мен бекіту тәжірибелік жаттығу кезінде, барлық сабақтар кезінде жүзеге асырылуы керек.

№ 1 тақырып. Әскери қызметшілер және олардың арасындағы өзара қарым-қатынасы.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери шендер, командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар, үлкендер және кішілер. Әскери сәлемдесу. Бастықтарға таныстыру тәртібі. Әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы.

№ 2 тақырып. Әскери тәртіп. Көтермелеулер. Теріс қылықтар мен жазалар. Командирдің (бастықтың) әскери тәртіпті нығайту жұмысының әдістері.

Әскери тәртіп, оның мазмұны мен маңызы. Әскери тәртіпті нығайтудағы әскери қызметшілердің міндеттері. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер және олардың тәрбиелік маңызы. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қолданылатын жазалар және олардың тәрбиелік маңызы. Тәртіп бұзу себептерін анықтау және алдын алудағы бастықтың жұмысының әдістері. Әскери тәртіпті күшейтуде әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың талаптарын пайдалану. Бөлімдегі әскери тәртіпті талдау нәтижелері.

№ 3 тақырып. Бригаданың медициналық ротасы командирінің құқықтары мен міндеттері. Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту.

Бригаданың медициналық ротасы командирінің міндеттері және оның ішкі тәртіпті қадағалау, оқу-тәжірибе сабақтарын жүргізу, кезекшілікті атқару, қару-жарақты, мүлікті түгендеу, тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы. Бригаданың медициналық ротасы командирінің бағыныштыларды көтермелеудегі құқықтары. Тәртіптік жауапкершілік. Бригаданың медициналық ротасы командирінің бағыныштыларды жазалаудағы құқығы. Жауапкершілікке тарту тәртібі және оны есепке алу. Әскери қызметшілерді орналастыру және олардың денсаулығын сақтау мен нығайту.

№ 4 тақырып. Әскери ант және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы.

Әскери ант – сарбаздың Отан алдында адалдығын дәлелдейтін ант. Әскери ант қабылдау тәртібі. Әскери анттың мазмұны. Бөлімнің Жауынгерлік Туы және оны әскери бөлімге тапсыру тәртібі. Жауынгерлік Туды сақтау және оны жоғалтқаны үшін жауапкершілік.



2 бөлім. Әскери топография
Оқу мақсаты:

Әскери топография негізімен жақсы таныс және жұмыс картасын жүргізе

алатын қосалқы топтағы медицина қызметінің офицерін дайындау.

Әскери топографияны оқыған студенттер:

білуге тиіс: 1:50000, 1:100000, 1:200000 масштабты карталардың топографиялық шартты белгілерін және карта жүргізу ережелерін.

істей білуі керек: топографиялық картаны оқу, жер бетіндегі бағыт-бағдарды табу.


Әдістемелік нұсқаулар:

Оқу кезінде студенттер топографиялық картаны оқуды, оған тактикалық жағдайды, өзінің, бастықтың, әскерлерді медициналық қамтамасыз ету туралы шешімін картаға түсіре білу, жер бетіндегі бағыт-бағдарды табу, жұмыс картасын жүргізу ережелерін білуі керек.

Топографиялық шартты белгілерді студенттер өз бетімен оқиды. Оларды тереңірек оқып түсіну үшін оқу бөлмелерінде стендтер, тренажерлер жасалып, тактикалық жағдайлар сызылған карталар ілінеді. Әскери топография сабағында үйренген машық әрі қарай тактикалық және арнайы-тактикалық дайындықтарда шыңдалады.
№ 1 тақырып. Топографиялық карталар. Топографиялық карталарды оқу.

Картографиялық бейнелеудің геометриялық негіздері мен қасиеттері. Топографиялық карта, жоспар, масштаб деген түсініктер. Карталар номенклатурасы. Жинақ сызбалары және оларды пайдалану. Қала жоспарлары мен арнайы карталар, арналуы және пайдаланылуы. Шартты белгілердің түрлері, карталарды түр түске бояу, түсіндірме жазулар, сандық белгілер. Картаны оқу ережелері. Картада жол жүйелерін, мекен-жайларды, гидрографияны, өсімдік жамылғысын және басқа топографиялық белгілерді бейнелеу.

№ 2 тақырып. Картаны жұмысқа дайындау, картадағы өлшемдер, координаттарды табу және нысананы көрсету.

Картаны жұмысқа дайындау. Масштаб мөлшері. Картадағы ара

қашықтықты айқындау. Жұмысқа керекті құралдар. Сандық және сызғыштық масштабтар. Картада бағытты белгілеу. Аумақты белгілеу түрлері. Координаттар туралы ұғым.

№ 3 тақырып. Жұмыс картасын жүргізудің негізгі ережелері.

Әскерді басқарудың негізгі құжаты – командирдің жұмыс картасы.. Медициналық ротасы командирінің жұмыс картасының мазмұны мен арналуы, оны жүргізу ережелері. Шартты белгілер және қысқартылған суреттемелер, жазулар, жағдайды картаға түсіру. Картаны баяндауда, мақсат қоюда, әскери құжаттарды дайындауда картаны пайдалану.

№ 4 тақырып. Жергілікті жерді картасыз бағдарлау және азимут бойынша қозғалу.

Жергілікті жерде картасыз бағыт көрсетудің маңызы. Көкжиек бағытын компас бойынша, күннің көзі және сағат бойынша, Темірқазық жұлдызы арқылы, Ай және жергілікті жердегі белгілер арқылы анықтау. Жергілікті жерде компас бойынша азимутты анықтау. Күндіз азимут бойынша жылжудың тәртібі. Күндіз азимут бойынша жаяу жүріп және қайтудың жолын табу әдістері.

3 бөлім. Әскери заңнаманың негізі
Оқу мақсаты:

Студенттерді Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ұстанымдарымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғаныс туралы», «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы», «Әскери қызметкерлерді және олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік қорғау және дәрежесі туралы» Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 21-наурызындағы №299-шы «Қазақстан Республикасы Әскери доктринасын бекіту туралы» Үкімімен және де халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі ұстанымдарымен таныстыру.

Әскери заңнаманың негізін оқып-үйренудің нәтижесінде студенттер:

білуге тиіс: Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ұстанымдарын және Қазақстан Республикасының әскери құрылыс және Елдің қорғанысын нығайту Заңдарын;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медициналық қызметі өз міндеттерін орындау аумағындағы гуманитарлық құқықтың негізгі ұстанымдарын.

істей білуі керек: бағыныштылармен жұмыс жасағанда, әскери қызмет міндеттерін орындау барысында қорғаныс туралы Заңдардың және халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі ұстанымдары мен ережелеріне бағыну.

Әдістемелік нұсқаулар:

Әскери заңнаманың негізі, студенттермен көрнекілік және техникалық құралдарын пайдалана отырып, дәріс беру арқылы, өздігінен дайындалу, олармен топтық және жекелеген кеңестер өткізу арқылы жүргізіледі.

Студенттер курс жоспарын жақсы түсінуі үшін оларды Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштер ардагерлерімен, академияны бұрын бітірген дәрігерлермен кездестіру, әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру сұрақтары бойынша деректі немесе оқу кино-бейнефильмдерін пайдалану керек.
№ 1 тақырып. Әскери мамандыққа кіріспе

Кафедраның құрылуы мен даму тарихы, оның мақсаттары мен дәстүрі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы, әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы заңдар. Әскери мамандық және оның құрлық әскер міндеттерін орындаудағы орны. Қосалқы топтағы офицер дайындауға қойылатын талаптар. Кафедраның ұйымдастырушылық құрылымы. Кафедраның күн тәртібі. Әскери кафедраның ішкі тәртіп ережесі. Әскери кафедрадағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Оқу пәндерінің тізімі және олардың міндеті. Оқу-сабақ түрлері. Үлгерімді бақылау. Әскери кафедрада оқитын студенттердің құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қосалқы топта болу тәртібі. Қосалқы топтағы азаматтарға әскери шендерді беру.

Жоғары оқу орнында қосалқы топтағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқыған азаматтарды әскери қызметке шақыру, олардың заңнамалық негіздері, әскери қызметті келісім шарт бойынша өту мүмкіндігінің тәртібі.

№ 2 тақырып Қазақстан Республиксының Әскери доктринасы.

Мемлекеттің соғыс қаіуіпсіздігін қамтамсыз етудің негізқұрайтын ұстанымдары. Әскери қақтығыстардың сипаты. Қазақстанның біріккен әскери құрылысқа қатысуы, оның бітімгершілік тіршілігі.

№ 3. Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін негізгі институт ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық база.

Қазақстан Республикасының Конституциясы.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және қорғаныс туралы», «Әскери қызмет және әскери міндеттер туралы», «Әскери қызметкерлерді және олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік қорғау және дәрежесі туралы» Заңдары.

№ 4 тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқықты дамыту және қағидаттары.

Гуманитарлық конвенциялардың дамуы мен оларды пайдалану. Гуманитарлық құқықтың ұстанымдары мен ерекшелігі. Халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі түрлері мен оларға түсінік. Қарулы қақтығыстар кезіндегі медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.

№ 5 тақырып. Азаматтарды әскери қызметке шақыру.

Әскери қызметтің түрлері (мерзімді әскери қызметі, әскери оқу мекемелер курсанттарының әскери қызметі, келісімшарт бойынша әскери қызметі, қосалқы топта болу), әскери қызметті өтеу тәртібі мен мерзімі.



4 бөлім. Жалпы тактика
Оқу мақсаты:

Жалпы тактиканың негіздерімен танысу, қазіргі заманғы ұрыс жағдайында мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды үйрену.

Оқыған студенттер

білуге тиіс: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамын;

мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригада құрылысын, қаружарағын, оларды тылда қамтамасыз ету, қазіргі заманғы жалпыәскери ұрысты жүргізу тәсілдерін;

жаппай қырып жою қаруының ерекшеліктерін, дәл тигізу, күйдіру қаруларының ерекшеліктері мен олардан қорғану әдістерін.

істей білуі керек: әскери бөлімді медициналық қамтамасыз етудегі тактикалық (тылдық) жағдайды бағалауды;

топографиялық картаны оқу және жағдайды түсіруді.


Әдістемелік нұсқаулар:

Жалпы тактика сабағы Қорғаныс Министрінің бұйрықтары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерін жауынгерлік қолдану ережесі негізінде оқытылады.

Топта картамен өткізілетін 7, 8, 9-ыншы тақырыптар медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы сабағымен байланыстырылып жүргізіледі.
№ 1 тақырып. Қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыс негіздері. Орталық – Азия өңірінің әскери-географиялық сипаттамасы.

Қазіргі заманғы жалпыәскерлік ұрыстың мәні. Әскери іс-әрекеттердің түрлері (операция, ұрыстық іс-әрекеттер, ұрыс, соққы). Қару-жарақ түрлері және оларды ұрыс әрекетінде қолдану. Жалпыәскери ұрыс түрлері. Қосалқы бөлімдер. Кіші қақтығыстардағы ұрыста мотоатқыштар бөлімдерінің іс-әрекет ерекшеліктері. Орта Азия стратегиялық ауданының сипаттамасы. Төтенше жағдай салдарын жою кезіндегі әскери бөлімдердің әрекеті.

№ 2 тақырып. Мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасының бөлімшелерін ұйымдастыру және қару-жарағы.

Мотоатқыштар (танк, механикаландырылған) бригадасының құрамы мен жұмыс мақсаты. Бригаданың негізгі бөлімшелерінің тағайындалуы. Олардың құрамы және қару-жарағы (қысқаша сипаттамасы).

№ 3 тақырып. Шет елдері армиясы жаяу әскер бригадасын ұйымдастыру, қару-жарағы мен іс-қимылдары.

Шет ел армиясы мотожаяу бригадасының ұйымдастырылуы, қару-жарағы және ұрыс жүргізу тәсілдері. Бригада бөлімшелерінің құрамы және арналуы. Ұрыстағы басқару құралдары. Қарудың және көліктің негізгі үлгілері, олардың қысқаша сипаттамасы. Бригаданы және оның бөлімшелерін шабуылда және қорғаныста қолдану тәртібі және ұстанымдары.

№ 4 тақырып.Қарулы күрестің қазіргі заманғы құралдары.

Қарапайым қару. Ату және соққы құралдарында қолданылатын зеңбіректік, зениттік, ұшақтық, атыстық, инженерлік, ракеталық оқ- дәрілер. Дәл тигізу қаруы. Ядролық қару. Ядролық қару түрлері мен оны тасымалдап жеткізу және қолдану әдістері. Зақымдаушы себептер, олардың қысқаша сипаттамасы. Химиялық және бактериологиялық қару. Химиялық қарудың түрлері. Химиялық және бактериологиялық қаруды жеткізу және қолдану әдістері. Жаппай қыру-жою қаруынан қорғануды ұйымдастыру.

№ 5 тақырып. Ұрыста бөлімдер мен бөлімшелерді басқарудың негіздері. Әскери бөлімдерді басқару негіздері. Оған қойылатын негізгі ұстанымдар мен талаптар. Басқаруда командирдің, штабтың, әскер түрлері бастықтарының және қызметтердің рөлі. Шешім қабылдау тәсілдері. Шешім қабылдау реті. Басқару бөлімі. Байланысты ұйымдастыру.

№ 6 тақырып. Әскери тылды ұйымдастыру негіздері.

Тылдың құрылысы. Жедел тыл туралы ұғым. Әскери тыл, оның мақсаты мен құрамы, бригада мен батальонның шабуыл және қорғаныс кезіндегі тылдық бөлімдерінің орналасуы мен жылжуы. Тылды басқару және байланысты ұйымдастыру.

№ 7 тақырып. Бөлімшелер мен бөлімдердің қорғанысты жүргізу негіздері.

Қорғаныс мақсаты. Қорғанысқа көшу әдістері. Оған қойылатын талаптар. Бригаданың қорғаныстағы мақсаты мен реті. Қорғанысты дайындау. Бригада қорғанысының аумағын инженерлік қамтамасыз ету. Қорғаныстық ұрыс жүргізу. Қорғаныста қарсыластарды жою. Бірінші қорғаныс шебін ұстап қалу үшін ұрыс. Ішке кірген қарсыласты жою. Қарсы шабуылға шығу. Қорғаныстағы тылдық бөлімдерді орналастыру мен жылжыту.

№ 8 тақырып. Бөлімшелер мен бөлімдердің шабуылды жүргізу негіздері.

Шабуылдың мақсаты. Шабуылға шығу әдістері. Бригаданың әскери реті. Ұрыстық мақсаттың мазмұны. Қарсыластарды оттық зақымдауы туралы түсінік. Қорғаныстағы жауға тереңнен шабуылға шығу. Шабуылға шығу шебінің қозғалысы. Шабуыл. Бригаданың таяу маңға бағытталған мақсатын орындауы. Жаудың қарсы шабуылын тоқтату. Шабуылды дамыту. Келесі мақсатты орындау. Шабуыл кезіндегі тылдық бөлімдерді орналастыру және жылжыту. Қорғаныстағы жауға түйіскен жағдайда шабуыл жасау. Қарсы ұрыстың мақсаттары мен ерешеліктері. Қарсы ұрысты жүргізу.

№ 9 тақырып. Бөлімшелер мен бөлімдердің қозғалу негіздері.

Әскерлердің жылжу әдістері. Жорық, оның мақсаты, түрі, оны дамыту жолдары. Тәуліктік жылжудың мөлшері, орташа жылдамдық. Бастапқы шеп, түзету шептері. Тоқтау, күндізгі (түнгі) демалыс. Жорық реті және оған қойылатын талаптар. Қарсы ұрысты күту кезіндегі жорық. Жаппай қыру қаруынан қорғануды ұйымдастыру. Бригаданы теміржолмен тасымалдау. Әскери эшелонды құрастырудың негіздері. Тиеу, түсіру пункттері. Жолда ұрыстық дайындықты қалыпты ұстау. Тоқтау аудандары, оған қойылатын талаптар. Жорықтағы бригаданың тылдық бөлімдерінің іс-әрекеті.

№ 10 тақырып. Бітімгершілік күштер құрамында жергілікті қарулы қақтығыстарда жалпыәскери бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларға даярлығы және орындау ерекшеліктері.

Әскери бөлімдерді дайындау және оларды тактикалық десантта, тосқауылдарда, күзеттерде, қарауылдарда қолдану. Жалпыәскери бөлімдерді Біріккен Ұлттар Ұйымының операцияларында, бейбіт күштер құрамында пайдалану мақсаттары.

5 бөлім. Саптық дайындық
Оқу мақсаты:

Студенттерге сапта және саптан тыс жылжудың әдістерін үйрету.

Саптық дайындығынан кейін студент

білуге тиіс: сап және оның ережелері;

сап және сапта тұрудың алдында, командирлердің және сарбаздардың міндеттерін;

қарусыз сапта жылжудың әдістерін;

қарумен жылжу және саптық тәсілдер.

істей білуі керек: сапта және саптың алдында сарбаздың міндетін орындауды;

саптық әдістер және қарусыз қозғалыс жасау;

бұрылыстар және қозғалыс жасау;

бөлімшенің, взводтың сапта дұрыс қимылдауын.
Әдістемелік нұсқаулар:

Студенттердің саптық оқуына жеке саптық дайындығы кіреді. Жеке саптық дайындық сабағында оқытушы сап түзеу әдістерінің техникасын көрсетеді. Кейін әдістер әр бөлімшелерде үйретіледі. Саптық әдістер оқу взводының алшақ, бірқатарлық саптарында орындалады.


№ 1 тақырып. Сап және оның элементтері.

Алдын-ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сапта тұру алдындағы және саптағы солдаттың міндеті. Орынында тұрып амандасу.

Жайылған сап. Жорықтық сап.

№ 2 тақырып. Саптық тәсілдер және қозғалыс жасау.

Сапта тұру. «Тұр», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Реттел» бұйрықтарын орындау. Орында бұрылу. Бір қатардан екі қатарлық сапқа ауысу және қайта тұру. Саптық жорық адыммен жүру. Саптан шығу және сапқа оралу. Бастыққа келу және одан қайту. Орнында және жылжуда әскери сәлемдесуді беру.

№ 3 тақырып. Қарумен саптық тәсілдер және қозғалыс жасау.

Сапта қарумен тұру. «Белбеуді-түсір (көтер)». «Автоматты кеудеге-ал», «Белбеуге ал», «Қаруды-арқаға», «Қаруды түзе» бұйрықтарын орындау. Қарумен орнында бұрылу және қозғалу.

№ 4 тақырып. Бөлімше, взвод саптары.

Жайылған сап. Бөлімшенің, взводтың жайылған және жорықтағы сабы. Жорықтық сап. Бөлімшенің лекке бір бірден тұруы. Жайылған саптан лекке тұру әдісі, бір лек бойынша, екі лек бойынша. Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау.

6 бөлім. Атыс дайындығы
Оқу мақсаты:

Қосалқы топтағы медицина қызметінің офицерін атыс қаруымен таныстырып, нысанаға дәл тигізуді үйрету.

Атыс дайындығынан өткен студент

білуге тиіс: автоматтың, тапаншаның құрамын, танкіге қарсы және жарықшақты гранатаның құрылысын және сипаттамасы мен не үшін арналғандығын білу;

атыс қаруымен атудың негізін.

істей білуі керек: атыс қаруын атуға дайындау және оны пайдаланған соң, оны күтуді;

қозғалыссыз және көзге көрінген нысананы жоюды.

Әдістемелік нұсқаулар:

Атыс қарулары жаттығу сабағында оқытылады, олардың бөлшектері мен тетіктері көрсетіледі. Сабақта ойып жасалған қарулар, жаттығу атқыш құралдары, соқпа тетігі макеттері, үлгілер және плакаттар кең қолданылады. Сабақтың көп уақыты студенттердің қаруды бұзып жинау жұмысына және олармен ату жаттығуына бөлінеді.
№ 1 тақырып. Атыс қаруының материалдық бөлігі (АК-74, ПМ).

АК-74, ПМ мақсаты мен атыстағы ерекшеліктері. Жалпы құрылысы. Толық емес бөлшектеу және жинау. Бөлшектер мен тетіктердің арналуы. Жұмыс ұстанымы. Тазалау, майлау, сақтау және баптау. АК-74, ПМ атысқа дайындау. Ату алдындағы тексеріс және дайындық. Ату қаруының оқ- дәрісі.

№ 2 тақырып. Жарықшақты қол және танкіге қарсы гранаталарының материалдық бөлігі.

Танкіге қарсы және қол жарғыш гранаталардың құрамы мен арнайы тұтандырғыш бөлімі. Тұтандырғыштың құрылысы. Лақтырған мезгілдегі тетіктердің жұмысы. Гранатаның жұмысын тексеру. Лақтыруға дайындалу. Лақтыру кезіндегі қауіпсіздік.

№ 3 тақырып. Атыс қаруынан оқ ату негіздері бойынша қысқаша мәліметтер.

Нысананы таңдау. Ату аумағын бақылау және нысананы белгілеу, нысананы таңдау, ату әдістері мен көздеу нүктесін таңдау. Нысанаға дәл тигізу.

№ 4 тақырып. Ату қаруынан ату ережелері мен әдістері.

АК-74, ПМ ату әдісі мен тәртібі. Ату және оның кезеңдері. Оқтау және оқсыздау әдістері. Ату ережелері, оқ атудың бастапқы тапсырмалары және оларды белгілеу ережелері. Атудың тәртібі мен әдістері. Атыс өткізу үшін орын дайындау. Қаруды оқтау және оғын алып тастау. Нысананы белгілеу. Көздеу. Даралап ату және қысқа атыс кезегімен атуды орындау. Атуды тоқтату. Атуды тоқтатқаннан кейінгі қаруды тексеру. АК-74 алғашқы жаттығу, ПМ №1 жаттығу орындаудың жағдайларын зерттеу. Ату кезіндегі қауіпсіздіктерді зерттеу.



7 бөлім. Медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы
Оқу мақсаты:

Арналуына сәйкес қажетті көлемде өз міндеттерін орындау үшін, соғыс уақытында медицина қызметін ұйымдастыру және тактикасы теориялық және тәжірибиелік сұрақтары бойынша студенттерді дайындау.

Студенттер бағдарлама курсын оқу барысында

білуге тиіс: емдеу-тасымалдау, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру;

медициналық бөлімшелердің, бөлімдердің және мекемелердің мақсатын, ұйымдастыру құрылымын, жұмысты ұйымдастыру негіздерін;

қазіргі заманғы соғыс жағдайында бригаданы медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін;

бейбіт мезгілде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерін.

істей білуі керек: соғыс кезінде бригаданы медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ұрыс кезінде медициналық қызметті басқаруды;

бригаданың медициналық ротасын жайып жарақаттанғандар мен ауруларды қабылдап, оларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды.
Әдістемелік нұсқаулар:

Медицина қызметін ұйымдастыру және оның тәсілдері сабағын жүргізу нұсқаулар, ережелер және жарғыларда көрсетілген жағдайларды, ақыл-

кеңестерді және түсіндірмелерді еске ала отырып жүргізіледі.

Барлық сабақ түрлерін жүргізу барысында бөлім мен бөлімшелерді медициналық қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік сұрақтарға, студенттердің өз бетімен функционалдық міндеттерін орындауына ерекше көңіл бөліну керек.

Бөлімдер мен бөлімшелерді медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды үйрету тәжірибелік сабақтың басты мақсаты.Ол үшін, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі қарулы қақтығыстардағы медициналық қамтамасыз ету тәжірибесіне зер салған абзал.

№ 8 тақырып кафедра ғимаратында орналасқан бригаданың медициналық ротасында өткізіледі.

Бұл сабақтардың басты мақсаты студенттерді бригаданың медициналық ротасының функциональды бөлімшелерінің дұрыс жайылуын және жұмысын, тәжірибені шыңдауға, дәріхананы жабдықтауға, медициналық қамтамасыз ету құжаттарының есебін жүргізуді үйрету.

№ 10, № 11 тақырыптар бойынша топты сабақтар жалпы тактика пәнінің № 7, № 8 тақырыптармен бірге кешенді түрде жүргізіледі. Аталған сабақтарды өткізуге бөлінген сағаттардың 50% көбі ұрыс кезінде әскерді медициналық қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге бөлінеді. Оқу сұрақтарын талқылау кезінде студенттерге нақты шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сабақтың келесі сұрақтарына өткен бағдарламаны терең меңгеріп барып, бірақ көшкен дұрыс.


№ 1 тақырып. Әскери медицина туралы түсінік. Медицина қызметін ғылым және оқыту пәні ретінде ұйымдастыру тактикасы.

Әскери медицина туралы түсінік, оның мазмұны мен мақсаты. Әскерді медициналық қамтамасыз ету. Медицина қызметін ұйымдастыру және оның тактикасының қалыптасуы және мазмұны. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі даму кезеңдері. Медициналық қызметтің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің соғысқа қабілеттілігін сақтап, нығайтудағы маңызы.

№ 2. Медициналық қызмет, оның міндеттері және ұйымдастыру.

Әскери–медицина қызметінің жұмыс істеу шарты және олардың әскердің соғыс қимылдары кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға тигізетін әсері. Қарулы Күштердің медицина қызметін ұйымдастыру құрылымы. Бөлімшелер, бөлімдер және медициналық қызмет мекемелері туралы түсінік. Медицина қызметінің жеке құрамының категориялары.

№ 3 тақырып. Қазіргі заманғы қару түрлері және әскердің санитарлық шығындары.

Санитарлық шығынның жалпы жіктелуі және анықтамасы. Ұрыс кезіндегі және ұрыстан тыс санитарлық шығынның сипаты. Ұрыс кезінде ауырған және жарақаттанғандардың гуманитарлық құқық ережелері. Санитарлық шығынның аумағы мен оның әскери іс әрекеттің сипатына, қолданылатын қару түріне байланыстылығы. Санитарлық шығынның құрылымы мен көлемінің әскердің медициналық қамтамасыз етілуіне әсері. Жергілікті жердегі әскери қақтығыста болатын санитарлық шығынның құрылымы мен мөлшері.

№ 4 тақырып. Емдеу-эвакуациялау іс-шараларын ұйымдастыру.

«Емдеу-тасымалдау іс-шараларының» мазмұны туралы түсінік. Емдеу-тасымалдау іс-шаралардың заманауи жүйесінің мәні, оның негізгі қағидалары. Медициналық тасымалдау кезеңдері туралы түсінік, оған жүктелетін міндеттер, үлестіру сызба қағидалары. Медициналық көмектің көлемі мен түрлері. «Медициналық іріктеудің» мазмұны туралы түсінік, оның мақсаты мен міндеттері, аурулар мен жарақаттанғандардың медициналық іріктеуін ұйымдастыруда Н.И. Пироговтың алатын орны. «Медициналық тасымалдау» мазмұнына түсініктеме беру, оның мақсаты мен міндеттері. Медициналық тасымалдауды ұйымдастыру. Жаппай қырып жою қаруы зардабын жою кезінде емдеу-тасымалдау шараларын ұйымдастыру ерекшеліктері.

№ 5 тақырып. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру негіздері.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар ұғымы мен мазмұны. Әскердің жалпы медициналық қамтамасыз ету жүйесінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың маңызы. Әскерлерде соғыс жағдайында эпидемияға қарсы санитарлық-гигиеналық шаралар. Әскери бөлімдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай және оның қимыл жүргізетін аумағына сипаттама. Бөлімде карантин және обсервацияны ұйымдастыру. Әскерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге қажетті құралдар мен күштер. Эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық шараларды жоспарлау.

№ 6 тақырып. Медициналық мүлікпен және техникамен қамтамасыз ету негіздері.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерді медициналық жабдықтауды ұйымдастыру, оның мақсаты, ұстанымдары және мазмұны. Медициналық жабдықтау бөлімдері мен мекемелері. Медициналық мүлік және оның жіктелуі. Медициналық мүлік жиынтығы туралы түсінік. Алғашқы көмек көрсету, дәрігерге дейінгі (фелдьшерлік) және бірінші дәрігерлік көмек көрсету жиынтығына медициналық-техникалық сипаттау; арнайы тағайындалған жиынтық. Жараланғандар және ауруларды тасымалдауға арналған санитарлық көліктердің қысқаша сипаттамасы. Медициналық мүліктерінің қажеттілігін анықтау және оны есепке алу. Қордағы медициналық мүліктермен жұмыс. Бөлімдерді және құрылымдарды жасақтағанда сондай ақ, әртүрлі ұрыс әрекеті кезінде медициналық мүлікпен қамтамасыз ету шаралары.

№ 7 тақырып. Медицина қызметін басқару негіздері.

Медицина қызметін басқару түсінігі және мазмұны. Басқару ұстанымы

және оған қойылатын талаптар. Медицина қызметі бастықтарының бағыныштылығы. Ұрыс алдында медицина қызметінің бастығының бөлімді медициналық қамтамасыз етуді жоспарлау ретінің мазмұны мен тәсілдері. Ұрыс кезінде медицина қызметін басқару. Медицина қызметінің құралдары мен күштерін басқаруды ұйымдастыру. Жоғарыдағы медициналық басшылармен, штабпен, бағыныштылармен байланыс жасау тәртібі.

Медициналық барлау түрлері, олардың мәні және оған қойылатын талаптар. Медициналық барлаудың мақсаты мен мазмұны. Әскердің қозғалыстағы, шабуылдағы және қорғаныстағы медициналық барлауды ұйымдастыру. Медициналық барлау нәтижесін рәсімдеу.

№ 8 тақырып. Мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасы медициналық қызметі.

Мотоатқыш бригадасының медицина қызметінің ұйымдастырылуы және міндеттері. Взводтың санитар-атқышы мен санитар-нұсқаушының міндеті мен ротаны жабдықтау жұмысы. Алғашқы медициналық көмек көрсету іс-шаралары. Батальонның медициналық взводының жеке құрамы мен құралдары және мақсаты. Батальонның медициналық пунктінің бастығы - батальон фельдшерінің міндеттері. Дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмек іс-шаралары. Батальонның медициналық пунктінің шабуыл мен қорғаныстағы жұмыстарының ұйымдастырылуы. Жалпыәскери бөлімшелердің құрамын ұрыс кезінде, елді мекендерді тексеру кезінде, тактикалық десантты, торуылдауды, бекетті, күзеттерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бейбітшілікті орнату операциялары кезінде жалпыәскери бөлімшелерді медициналық қамтамасыз ету ерекшеліктері.

Бригаданың медициналық ротасының жабдықталуы және штаттық-ұйымдастырушылық құрылымының мақсаты. Бригаданың медициналық ротасының жайылуын ұйымдастыру. Бригаданың медициналық ротасының функциональды бөлімдерін жабдықтау және оның жеке құрамының мақсаты. Алғашқы дәрігерлік көмек, оның көлемі. Бригаданың медициналық ротасының функционалды бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру. Жаппай қырып жою қаруынан зардап шеккендегі бригаданың медициналық ротасының жұмысын ұйымдастыру негіздері. Әскердің табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың зардабын жоюға қатысқан бөлімдері мен бөлімшелерін медициналық қамтамасыз ету. Бригаданың медициналық ротасының есеп беру құжаттары, оны толтыру тәртібі.

№ 9 тақырып. Арнайы мақсаттағы медициналық жасақ.

Арнай медициналық отрядтың міндеттері мен ұйымдастыру құрылымы. Арнайы медициналық отрядтың негізгі бөлімшелерінің арналуы, жеке құрамы және жабдығы.

Білікті медициналық көмектің шаралары. Жайылудың ұйымдастырылуы. Қабылдау, медициналық сұрыптау бойынша функциональды бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру негіздері және арналуы, құрамы, құралдары, жабдықтары және жаралылар мен науқастарға білікті медициналық көмек көрсету, медициналық көмектің көлемі. Химиялық қару және бактериологиялық құралдармен залалданғандардың жаппай түсуі кезіндегі арнайы медициналық отряд жұмысының ерекшеліктері



№ 10 тақырып. Қорғаныстағы мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасы медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қорғаныстағы медицина қызметінің іс-әрекет жағдайы. Бригаданың қорғаныстағы санитарлық шығыны. Медицина қызметінің қорғанысты ұйымдастыру кезіндегі іс-шаралары. Қорғаныстағы, шегіну кезіндегі, қоршауда және қоршаудан шыққан кездегі ұрыстың медициналық қамтамасыз етілуі. Жергілікті жердегі әскери қақтығыстағы бригаданың қорғанысын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері.

№ 11 тақырып. Шабуылдаудағы мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасы медициналық қамтамасыз етү.

Медицина қызметінің жағдайы. Бригаданың шабуылдағы санитарлық шығыны. Шабуылға дайындық кезіндегі медицина қызметінің іс-шаралары. Шабуыл кезінде, қарсыласпен қақтығысқанда бригаданың медициналық қамтамасыз етілуі. Қарсыласпен бетпе бет шайқас кезінде және оны қуғанда бригаданың медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру. Жергілікті жердегі әскери қақтығыстағы бригаданың шабуылы кезіндегі медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері.

№ 12 тақырып. Мотоатқыш (танк, механикаландырылған) бригадасы ерекше жағдайларда медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Тау ішінде медицина қызметінің әрекет етуі және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оған ықпал жасау. Қыста медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру ерекшеліктері. Шөлейтті аймақтарда медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері. Бөгеттері бар судан тездетіп өту кезіндегі медициналық қамтамасыз ету. Түнгі ұрыс әрекетін жүргізгенде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері.

№ 13 тақырып. Қозғалыс кезінде әскерлерді медициналық қамтамасыз етуілуді ұйымдастыру.

Жорықты медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Медицина қызметінің жағдайы. Жүру бағыттарында, уақытша тоқтау аудандарында, күндізгі және түнгі демалу орындарында медициналық барлауды ұйымдастыру. Жорыққа дайындалу және жорық кезінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. Жорыққа дайындалу және жорық кезінде емдеу-тасымалдау шараларын ұйымдастыру (қарсыласпен бетпе-бет шайқас алдында және қарсыласпен қақтығысу қауіпі жоқ кезде). Жорық кезінде медицина қызметін басқару. Темір жолмен тасымалдау кезінде бригаданы медициналық қамтамасыз ету. Медицина қызметінің жағдайы. Медициналық барлауды ұйымдастыру. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру. Көлікті күту, тиеу және

жол жүргенде, түсіру аудандарында науқастар мен жарақаттанғандарға

медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Медицина қызметін басқару.

№ 14 тақырып. Жедел бірлестіктердің медициналық қызметі.

Бірлестіктің медицина қызметінің жабдықтары мен күштерінің қысқаша сипаттамасы. Армияның (корпустың) медициналық бригадасының міндеті, ұйымдастырылу құрылымы, қолдану тәртібі. Әскери далалық госпиталді ұйымдастырудың принципиалді сызбасы. Госпиталь базасы туралы түсінік, оның міндеті мен құрамы. Әскери далалық госпитальдерінің жайылу сызбасы, ұйымдастырылу құрылымы және міндеттері.

№ 15 тақырып. Бейбіт уақытта әскери бөлімді медициналық қамтамасыз ету.

Бейбіт уақытта бөлімдердің медициналық қызметінің жұмыс мазмұны. Әскери қызметшілерді диспансеризациядан өткізу. Жауынгерлік дайындықты медициналық қамтамасыз ету. Әскери қызметшілердің гигиена тәрбиесі және әскери-медициналық дайындықты ұйымдастыру. Медицина қызметінің жеке құрамының арнайы және жауынгерлік дайындығы. Медицина құрамының жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру. Әскери бөлімнің медицина қызметі бастығының лауазымын қабылдау және тапсыру тәртібі. Әскерде медициналық қамтамасыз ету шараларын жетілдірудің басты бағыттары.


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау