Министерство труда и социальной защиты



жүктеу 2,38 Mb.
бет16/38
Дата31.01.2020
өлшемі2,38 Mb.
#27830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
§ 137. ТҮПТЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс позициясына бөлшектерді бункерлік беретін арнайы бұранда тегістейтін станоктың көмегімен түпшедегі бұранданы тегістеу. Бұйымдарды түптеуге дайындау. Шықпаларды түзету, түпшеге үш шықпаға дейін өткізу. Дәнекерленген аспапқа түпшені отырғызу. Аспаптардың түбін алу.

Білуге тиіс: бұранда тегістейтін станоктардың құрылғысы, оның маңызды бөліктерінің атауы мен қызметі; айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының атауы және пайдалану шарттары; шықпаларды түпшелердің ұяшықтарына өткізу; өңделетін бөлшектер материалдарының атауы және таңбалау; түптейтін мастиканың қасиеті және құрамы.

Жұмыс үлгілері

1. Қарапайым жарық беретін лампалар – түпшелерді және дәнекерленген лампаларды түптеуге дайындау.

2. Латун және әртүрлі маркадағы темір түпшелер – таңба басу.

3. Е-10 үлгісіндегі түпше – бұранда басу.

4. 5-10 үлгідегі түпше – бункер басу.

5. Штивтер – таңбалау.


§ 138. ТҮПТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түпшеге бес шықпаға дейін өткізе отырып аспаптарды түптеу. Түпшені отырғызу, теңдестіру және бағдарлау. Электро және газ дәнекерлегіштің немесе электр немесе газ жылытқышты бұлаулардың көмегімен шықпаларды дәнекерлеу. Аспаптардың түбін алу, арнайы айлабұйымдарда түпшелерді қысу және тегістеу. Түпшелерге мастика жағатын автоматтар және жартылай автоматтарға қызмет көрсету. Аспаптарды құрғату. Түптеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: аспаптарды түптеуге арналған станоктарды, машиналар мен айлабұйымдарды пайдалану принципі және құрылғысы; бақылау аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары; дәнекерлеу режимін реттеу әдістері; дәнекерлеуге арналған дәнекерлер мен флюстар; түпшелерде шықпалардың орналасу тәсімі; шықпаларға кигізілетін түптеу және оқшаулау қызметі; түптейтін мастикалардың рецептілері мен қасиеті, оларды кептірудің режимдері; түптеу сапасы бойынша бұйымдарды бақылау ережесі; қызмет көрсету тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Металл аспаптардың шықпалары – түзету.

2. Түптеу лампаларының шықпалары – қолмен түзету.

3. Қыздыру лампалары – жартылай автоматтарда және қолмен түптеу; түпшелерге шықпаларды дәнекерлеу және жапсыру.

4. Фокустаушы қыздыру лампалары – сыртқы түпшелерді дәнекерлей отырып «қызу денесін» фокустау.

5. Миниатюралы патрон – газ жанбасында баудың ұштарын дәнекерлеу.

6. СВЧ аспаптары – қолмен түптеу.

7. 5 шықпаға дейін электр вакуумды аспаптар – түптеу.

8. Пьезорезонатор – аяқтарын қалайылау; түпшені шыны баллонға желімдеу.
§ 139. ТҮПТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бесеуден көп шықпаны түпшеден өткізе отырып аспаптарды түптеу, электр доғалық дәнекерлеу аппаратында түпшеге шықпаларды дәнекерлеу. Түрлі түптегіш мастикалар мен құрамдарды даярлау, түпшеге мастика және желімді қолмен жағу. Түптеу құрылғыларында режимді басқару және реттеу, режимді дербес іріктей отырып мастикаларды кептіру. Дербес жөндейтін айлабұйымдарда түпшелерді жаншу.

Білуге тиіс: түптеу жұмыстарына арналған түрлі станоктарды, машиналарды, айлабұйымдар мен аспаптардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және жөндеу тәсілдері; мастикалардың, дәнекерлер мен флюстардың маркалары мен қасиеті; түрлі құрамдағы мастикаларды кептірудің температуралық режимдері; бекіту габариттері және сапасын бақылау ережесі; жарылғыш электровакуум аспаптарын ұстау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Клистрондар - теңшеу винтін құрастыру.

2. ЛБВ - габариттерді тексеретін қоректену шықпаларын герметизациялау.

3. ПУЛ аспаптары - түпшені оправкаға орнату және станокта кептіру.

4. ТГИ2-400/16 үлгісіндегі аспаптар - түптеу.

5. Бестен астам шықпалармен электровакуумды аспаптар – түптеу.

6. Бірнеше түпшелі электровакуум аспаптар – түптеу және фокустау.

7. Қабылдағыш-күшейткіш металл лампалар – «Байерд» жартылай автоматында колба күмбезін күйдіретін түпшені жаншу.

8. Радиатор – МКЛ тетродта дәнекерлеу.

9. Сынап-кварцты, металлоголоидті лампалар – электр доғалық дәнекермен түпшеге шықпаларды дәнекерлеу.

10. Жоғарғы түпше – арнайы айлабұйымдарда отырғызу және нығыздау.

11. Металл түпшелер – БФ-88 желімімен шыны аспаптарға жапсыру.


§ 140. ТҮПТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жетеуден көп шықпаны түпшеден өткізе отырып аспаптарды түптеу. Шыны қабықты СВЧ аспаптарын түптеу. Түпшелерді герметикпен сығымдау. Электродтарды байланысты электр пісіру станоктарында электродтарды пісіру; түпшелерге мастика, желім, индикатор қолмен жағу. Аяқтарының кесілген шықпаларына оқшаулағыш қабат жағу. Агрессиялық ортада қысыммен арнайы жабдықта түпшелердің сапасын герметикалыққа тексеру. Түптеу құрылғыларын басқару және режимін реттеу. Түпшелерді сығымдауға арналған герметиктерді даярлау. Түптеу сапасын бақылау.

Білуге тиіс: түрлі станоктарды, түптеу жұмыстарына арналған машиналардың жұмыс істеу принципі, құрылғысы және жөндеу тәсілдері; нүктелік дәнекерлеу жолдары; дәнекерлеуге негізгі талаптар; электрмен дәнекерлеу режимін реттеу әдістері; арнайы жабдықтарды және айлабұйымдарды түпшелерді герметикалау кезінде пайдалану ережесі; агрессиялық ортада қысыммен герметикалауды тексеру ережесі; бақылау аспаптарының қызметі және қолдану шарттары; мастика, дәнекер, флюстар, желімдер, индикаторлар, оқшаулағыш қабаттың маркалары мен қасиеттері; тез тұтанатын сұйықтықтармен жарылғыш ЭБП ұстау ережесі; электр жабдықтармен жұмыс істеудің қарапайым ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жетеуден астам шықпасы бар электр вакуумды аспаптар – түптеу.

2. Металл түпшесі және сегізден астам қақпақтары бар электр вакуумды аспаптар – түптеу.

3. СБЧ, ЛБВ аспаптары – шықпаларды герметизациялау.

4. СВЧ және ЛБВ аспаптары – түпшелерді герметикпен сығымдау; герметикалығын қысыммен тексеру.
§ 141. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша магниттерге арналған керамика және феррит радиобөлшектер, термоемес өңделген дайындамаларды тегістеу станоктарында дөңгелетіп және жазық тегістеу. Станок айлабұйымдарына бөлшектерді орнату және алу, тұтқышпен немесе шаблонмен өлшеу, арнайы бұлауда шаю. Айналып тұратын металл дискілердегі бөлшектердің өлшемдерін қолмен түпкілікті жеткізу. Тегістеу станоктарын жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы; оның маңызды бөліктерінің атауы және қызметі; кеңірек таралған қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының атауы және қолдану шарттары; магнитке арналған керамикалық және феррит бөлшектер мен дайындамалардың өлшемдері мен нысандары; тегістеу ұнтақтары; салқындататын сұйықтықтар, олардың қасиеті мен қызметі; қолмен планшайбада бөлшектерді түпкілікті жеткізу әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Магниттерге арналған дайындамалар – тегістеу.

2. Керамика және феррит радиобөлшектер - диаметр бойынша тегістеу.

3. П-тәріздес феррит жүрекшелер – қолмен жазықтық бойынша тегістеу, надфильмен жеткізу.


§ 142. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша түрлі үлгідегі тегістеу станоктарында керамика және феррит бөлшектерді тегістеу. Технологиялық карта бойынша тегістеу режимін орнату. Тегістеу дөңгелектерін, ұнтақтарын және салқындататын сұйықтықтарды тегістегенде іріктеу. Тегістеу дөңгелектері мен айлабұйымдарын орнату. Пьезокерамикалық дайындамалар мен қарапайым конфигурациялы бұйымдарды айналып тұратын планшайбада қолмен тегістеу. Пьезокерамикалық бұйымдарды тегістеуден алдын және кейін желімдеп жапсыру және ажырату. Бөлшектер мен дайындамалардың сыртқы түрі және өлшемдері бойынша бөлшектердің және бақылау-өлшеу аспаптары дайындамаларының сапасын айқындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың қолданылу принципін; кеңінен таратылған орташа күрделіліктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылу шарттары; 9-11 квалитеттер бойынша магниттерге арналған керамикалық, пьезокерамикалық бөлшектер мен дайындамаларды өңдеу режимі және кезектілігі; сызбалардағы мүмкіндіктер мен белгілер; керамиканың, ферриттің және магниттердің негізгі қасиеті; салқындататын сұйықтықтардың қасиеті және олардың квалитеттер мен кедір-бұдырлық параметрлеріне әсері; абразивтердің атауы, маркалары және қасиеті; орындалатын жұмыстарға арналған тегістеу станоктарын теңшеу ережесі.

Жұмыс үлгілері: Тең осьті магниттік қатты материалдан жасалған термоемес өңделген магниттер үшін дайындамалар – тегістеу.
§ 143. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 8-10 квалитеттер бойынша және бетінің кедір-бұдырлығы 2,5-1,25 мкм тең осьті қорытпалардан, керамикалық және пьезокерамикалық бөлшектерден жасалған ферриттерді, термоөңделген магниттерді дөңгелек тегістеу, ішкі тегістеу, жазық тегістеу, кіндіксіз тегістеу және басқа да станоктарда бөлшектерді орната және бекіте отырып тегістеу және жеткізу. Цилиндрлі ішкі және сыртқы бетін тегістеу. Станокта тегістеу дөңгелегінің индикаторы бойынша орнату және тексеру. Соғу 0,01-0,02 мм «фортуна» тегістеу дөңгелегінде тексеру. Шаблондарды пайдалана отырып тегістеу дөңгелектерінде теңдеу және түзету. Тегістеудің ең пайдалы режимінде бекіту.

Білуге тиіс: станоктың құрылғысы және оны жөндеу әдістері және дәлдікке тексеру ережесі; дөңгелек тегістеу және ішкі тегістеу станоктарында конустықтың болмауын тексеру ережесі; тегістеу станоктарының кинематикасын, электр тәсімін; станоктарды баптау; дөңгелектердің жол берілетін айналу жылдамдығы; станокқа әмбебап тігінен тегістеу айлабұйымдарын пайдалану шарттары; бақылау-өлшеу аспаптарының (микрометр, пассаметр, алдыңғы индикатор), соғуды өлшейтін аспаптардың құрылғысы және қолдану ережесі; бөлшектерді өңдеу режимдері мен кезектілігі; жіберу және отырғызу жүйесін; тегістеу дөңгелектерінің, жылтыратылған дөңгелектердің, жылтыратылған ұнтақтар мен абразивті пасталардың маркалары.

Жұмыс үлгілері

1. Пьезокерамикалық брусоктар – жазықтығы бойынша тегістеу.

2. Ұзындығы 150 мм-ге дейін қиғаш және қиғаш емес жапсырмалар – феррит және керамика пластиналар дайындау.

3. Конусты жапсырмалар (конус ұзындығы 140 мм-ге дейін, диаметрі 4-50 мм) – тегістеу.

4. Керамика төлкелер, өзекшелер, сақиналар, стакандар - сыртқы диаметрі және тігінен тегістеу.

5. Пьезокерамикалық дискілер, тіктөртбұрыштар, сақиналар, призмалар, шайбалар мен пирамидалар – тегістеу.

6. Пьезокерамикалық дискілер – жазықтығы және сыртқы диаметрі бойынша арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып тегістеу.

7. Керрографиттен, кристалды кремнийден, кремний карбидтен жасалған бұйымдар (сыналар, жұтқыштар, жүктемелер, пластиналар) – 0,2 мм-ге дейін немесе бірнеше бұрыштарды өлшемге жіберіп, желілік мөлшерді ұстай отырып дөңгелетіп тегістеу.

8. Сақиналар, цилиндрлер, оқшаулағыштар – эксцентриситетті сақтай отырып сыртқы және ішкі диаметр бойынша тегістеу.

9. Керамикалық монолитті конденсаторлар – арнайы жартылай автоматта, тегістеу станоктарында өлшемі бойынша тегістеу.

10. Көпіршелер, реле, УВ, УНУ, МЛТ түтікшелері – тегістеу станоктарында тегістеу.

11. Сақиналардың жиынтығы – 300 мм-ден жоғары ұзындықта сыртқы диаметр бойынша тегістеу.

12. Ұзындығы 40 мм-ден жоғары және 0,2-0,012 мм соғатын осьтер – диаметрі бойынша тегістеу.

13. МЛТ және МТ үлгісіндегі резисторлар үшін керамикалық тұғырлар, орнататын керамикалық бұйымдар – тегістеу.

14. Орнатылған керамикалық конденсаторлар пластиналар мен тұғырлар – диаметрі бойынша тегістеу.

15. Пьезокерамикалық тік бұрышты нысандағы пластиналар – қисықтығына және сыртқы түріне қарай алдын-ала сұрыптап тегістеу.

16. Роторлар – тегістеу станогында сыртқы жұмыр бетін өңдеу.

17. П-тәріздес жүрекшелер – тегістеу.

18. Диаметрі 5-40 мм өзекшелер – ортаны дәлдемей тегістейтін станокта тегістеу.

19. Магниттік қатты материалдардан жасалған термоөңделген магниттер – қиығынан 0,01 параллельдік және перпендикулярлықты қамтамасыз ете отырып тегістеу; тегістеу кертпесінің нысаны бойынша тегістеу шеңберін құйып роторлық магниттердің кертпесін тегістеу.

20. Түтікшелер, дыбыс өлшегіштің қалпағы – арнайы ортаны дәлдемей тегістейтін автомат станокта сыртқы диаметрі бойынша өлшемімен тегістеу.

21. Марганец мырыш ферриттер – тегістеу әдісімен берілген номиналға дейін қиыстыру.


§ 144. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жазықтықтарды, цилиндрлік, конусты, монокристалдардың сыртқы және ішкі беттерін, ферритті, керамикалық және пьезокерамикалық пластиналарды, дискілерді, сақиналар мен басқа үлгідегі бұйымдарды 6-7 квалитеттер бойынша және 0,63 мкм сыртқы бетінің кедір-бұдыры бойынша тегістеу станоктарында, арнайы жабдықталған аппаратурада (уақыт релесі, электронды бергіштер) тегістеу және жеткізу (жылтырату). Моно және поликристаллды ферриттер мен пьезокерамикадан жасалған салаларға бөлшектерді орнатып, тексеріп және бекітіп тегістеу. Монокристалды бағаналы құрылымдағы қорытпалардан жасалған термоөңделген магниттердің барлық үлгілерін станоктарда тегістеу. Бөлшектерді бірнеше жазықтықта және қырларда орнату және тексеру. Микроскоппен және бақылау-өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу.

Білуге тиіс: құрылымын, кинематикалық және электр тәсімдерді, түрлі үлгідегі тегістеу станоктарын жөндеу және дәлдікке тексеру ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылғысы және қолдану шарттары; бақылау-өлшеу аппаратурасы мен құралдардың құрылғысы және қолдану ережесі; Моно және поликристалды бағаналы құрылымымен, тегістеуге 10-12 мм-ге дейін арттырылған әдібі бар феррит пластиналар мен термоөңделген магниттерді тегістеу режимін айқындау ережесі; монокорунддан жасалған өңделетін бөлшектерге қойылатын тазалық және дәлдік талаптары, тегістеу шеңберлерінің нысанына және қаттылығына, байламына, түйіршігіне байланысты, сондай-ақ өңделетін материалға байланысты сипаттамасы; микроскоппен жұмыс істеу құрылымы және ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жанаспа керамикалық конденсаторлардың статорлары мен роторларының блоктары – периметр бойынша тегістеу; бұрышын алу; тұғыры жағынан тегістеу.

2. Брусоктар (призмалар), пьезокерамикалық пластиналар – кесіктерді және жазықтығына қарай тегістеу.

3. Брусоктар (призмалар), «резол» әдісімен алынған пьезокерамикалық пластиналар – тегістеу.

4. Брусоктар (призмалар), трапециялы пластиналар – 16 минутқа дейін тұғырға қатысты бұрыштың симметриялылығына қарай бұрыштарын тегістеу.

5. Брусоктар (призмалар), түтікшелер (қуыс цилиндрлер) – жазықтай тегістеу және ішкі тегістеу станоктарында фаскаларды тегістеу.

6. Есте сақтау кубтарының дешифраторлары – жетілдіре отырып тегістеу.

7. Пьезокерамикалық дискілер – диаметрі 0,20-дан 0,10-ға дейін қалыңдықтағы арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып жазықтығы және сыртқы диаметрі бойынша тегістеу.

8. Титан қос тотығы және мырыш тотығының негізіндегі варисторларды дайындау – жазықтығы бойынша тегістеу.

9. Диаметрі 19......80 мм массасы ВК 94-1 керамикалық бұйымдар – кесу тереңдігі 0,01-0,025 мм және қалыңдығы бойынша 0,03 мм 6-7 квалитеттер бойынша тегістеу.

10. Салалық нысандағы пьезокерамикалық бұйымдар – тегістеу.

11. Индуктивті катушкалар – тегістеу.

12. Сақиналар, шайбалар – жазықтай тегістеу станоктарында жазықтық бойынша тегістеу, ішкі диаметрінің өлшемі 60 мм-ге дейін және 100 мм-ге дейінгі сыртқы диаметрі бойынша тегістеу.

13. Есте сақтау кубына арналған матрица – тегістеу және жеткізіп қиыстыру.

14. Моно және поликристар құрылымды қорытпалардан жасалған магниттер мен магнит жүйелер – цилиндрлі магниттердегі ұзына бойы тура тегістеу; түзі емес паздарды тегістеу және теңгерімсіздікті жою үшін паз материалдарын таңдай отырып роторлы 4, 6, 8, 12-полюсті магниттерді статистикалық теңгеру; полюстерді, 6-7 квалитеттер бойынша орташа полюс өлшемді Ш-үлгідегі магниттерді тегістеу.

15. Қиғаштай және фаскалы, цилиндрлі феррит және керамика микрожапсырмалар – даярлау.

16. Пьезокерамикалық қалыңдығы 0,25 мм пластиналар мен дискілер – қалыңдығы бойынша ±0,002 мм және контуры бойынша ±0,01 мм жазықтығы және контурына қарай тегістеу және жеткізіп қиыстыру.

17. Қалыңдығы 0,2 мм пьезокерамикалық пластиналар – шаблонды пайдаланбай фаскаларды тегістеу.

18. Қалыңдығы 0,2 мм пьезокерамикалық пластиналар мен дискілер - ±0,01 мм шегінде жазық параллельділікті сақтай отырып 6-7 квалитеттер бойынша жұқалап тегістеу.

19. Пьезокерамикадан жасалған пластиналар, дискілер, цилиндрлер, сақиналар, трапециялар – бетінің кедір-бұдырлығы 0,63 мкм жылтырату станогында жылтырату.

20. Қалыңдығы 2 мм-ге дейін ұзындығы 200 мм-ге дейін синтетикалық монокристалдардан жасалған пластиналар – оптикалық осі ±30 минут бағдарлау дәлдігімен тегістеу.

21. Жанама керамикалық конденсаторларға арналған пластиналар мен тұғырлар – жазықтығына қарай тегістеу, жеткізе қиыстыру.

22. Керамика өзекшелер және ТШ үлгісіндегі түтіктер – тегістеу.

23. Бұрандалы өзекшелер – 8-9 квалитеттер бойынша тегістеу (бұрандалар үшін).

24. «Гентель» үлгісіндегі пазды, «скалка» үлгісіндегі өзекшелер – тегістеу.

25. Өзекшелер (цилиндрлер), қалыңдығы 1 мм-ден астам дискілер – ортаға дәлдемей тегістейтін станокта сыртқы диаметрі бойынша тегістеу.

26. Ішкі диаметрі ± 0,6 мм ±0,05 мм, ұзындығы 100 мм-ге дейін корундтан жасалған түтікшелер – ішін тегістеу.

27. Призматикалық элементтер – арнайы айлабұйымдардың бұрыштарын бақылай отырып, берілген мөлшер бойынша бұрыштарды тегістеу.

28. Ұзындығы 320 мм-ге дейінгі синтетикалық монокристалдардан жасалған цилиндрлер – тегістеу.
§ 145. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық монокристалдардан, көп конусты сыртқы және ішкі беттерінен, аз төзімді микробөлшектерден жасалған әртүрлі нысандағы және конфигурациядағы қатаң бағдарланған бұйымдарды 5-6 квалитеттер бойынша кедір-бұдырлығы 0,32-0,16 мкм түрлі үлгідегі сирек тегістеу станоктарында және бағдарламалық басқарылатын станоктарды қосқанда арнайы электронды аппаратурамен жабдықталған станоктарда тегістеу және жеткізу. Жазықтығына және тік бұрыштылығына қарай бұйымдарды іріктей отырып, 16-дан 5 минутқа дейінгі тұғырға байланысты бұрыштың симметриялылығына трапециялы брусоктар мен пластиналарда алмас аспаппен тегістеу. Түрлі нысандағы жұқа қабатты термоөңделген магниттерді, күрделі конфигурациялы магнит жүйелерді тегістеу. Жазықтығына, қырларына және айналу бетіне қарай бөлшектерді орнату. Күрделі айлабұйымдардың көмегімен бұйымдарды бақылап өлшеу.

Білуге тиіс: тегістеу станоктарының құрылымын, кинематикасын, электро тәсімдерін, баптауды және дәлдігін тексеру ережесін; электронды аппаратурамен жабдықталған станоктардың құрылымын; станоктарды баптаумен байланысты есептерді; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымын; магнитті және кристалды құрылымды бағдарлайтын жентектелген, құйылған және өзгермейтін материалдардан жасалған магниттерді тегістеу ережесі; арнайы айлабұйымдарды пайдаланбай күрделі конфигурациялы магниттерді тегістеу ережесі; тегістеу станоктарында пьезоэлементтерді даярлау технологиясының ерекшеліктері; алмас және абразив шеңберлерді түзету, теңгеру және орнату әдістері, түрлі түйіршікті алмас шеңберлермен жұмыс істеуде тегістеудің оңтайлы режимдерін айқындау; тегістеу шеңберлерінің маркалары; микроскоппен және басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен оларды ұстау ережесі; монокристалдарды оптикалық, радиоспектрлі және рентген әдістерімен бағдарлау негіздері; кесу теориясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Жанаспалы керамика конденсаторлар статорлары мен роторлар блоктары – жазықтығына қарай тегістеу және жылтырату.

2. Цилиндр жапсырмалар – кристалл осінен ауытқыған және кесіктері 0,002 мм параллель емес монокристалдардан әзірлеу.

3. Керамика жапсырмалар – сыртқы және ішкі диаметріне қарай тегістеу.

4. Феррит бөлшектер – күрделі нысандағы гироскопқа арналған дайындама.

5. «Микроскал» үлгісіндегі бөлшектер - әзірлеу.

6. Қалыңдығы 1 мм-ден кем дискілер – сыртқы диаметрі бойынша ортасын дәлдемей тегістейтін станоктарда тегістеу және екіжақты тегістеуге арналған станоктарда ±0,01 мм. жазықтығы бойынша жеткізу.

7. Пьезокерамикалық дискілер – диаметрі 0,10 –нан 0,05-ке дейін қалыңдыққа қатысты тегістеу.

8. Керамикалық бұйымдар – берілген мөлшерге дейін паздарды өткізу және тегістеп жеткізу.

9. Пьезокерамикалық бұйымдар – паздарды өткізу, арналарды кесу.

10. Сақиналар – ішкі диаметрді 60-тан 90 мм-ге дейінгі мөлшерде және сыртқы диаметрді 100-ден 120 мм-ге дейінгі мөлшерде тегістеу.

11. ЛБВ-ға арналған сақиналар, жұқа қабатты сақиналар – кесіктер, сыртқы және ішкі диаметрлер бойынша тегістеу.

12. Күрделі нысандағы, қиғаш пазды жұқа қабатты магниттер және магнит жүйелер - әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып тегістеу.

13. Қалыңдығы 1 мм-ден асатын ұзындығы ±30 минут бағдарланған пластиналар - оптикалық осьті дәлме-дәл бағыттай әзірлеу.

14. Түрлі мөлшердегі корундтан жасалған пластиналар – оптикалық осі 120 минутқа дәлме-дәл бағдарлай отырып тегістеу.

15. Германий монокристалдарынан жасалған пластиналар мен линзалар – тегістеу және жылтырату.

16. Призматикалық элементтер – кесетін жабдықтар мен айлабұйымдарды алдын-ала теңшелей және геометриялық мөлшерлерді бақылай отырып паздарды кесу; бұрыштарды берілген шекке дейін және үлкенірек тұғырға қатысты бұрыштың симметриялылығына қарай тегістеу.

17. Диаметрі 50 мм-ге дейін салалық нысанды пьезокерамикалық бұйымдар – тегістеу.

18. Өзекшелер, пластиналар және басқа керамикалық бұйымдар – тегістеу.

19. Монокристалдардан жасалған салалар – даярлау.

20. Ұзындығы 150 мм-ге дейінгі корундтан жасалған түтікшелер – тесіктерін 6-7 квалитеттер бойынша ішінен тегістеу.

§ 146. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ТЕГІСТЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі үлгідегі тегістеу станоктарында 4-5 квалитеттер бойынша синтетикалық монокристалдардан жасалған қатаң бағдарланған бұйымдарды тегістеу және жеткізу. Желілік өлшемі ±0,005 мм шектелген тәжірибедегі бұйымдарды даярлау. Үлкенірек тұғырға қатысты бұрыштарды симметриялылығын 5 минуттан кем берілген шегіне дейін трапециялы брусоктарда және пластиналарда бұрыштарды алмас аспаппен тегістеу. Бұрыштарға кемінде 10 минуттық дәлдікпен бұрыштық паздарды кесу. Диаметрі 50 мм-ден жоғары немесе 10 мм-ден төмен: 0,6-0,8 диаметр радиусқа қалыңдығы 0,1 мм-ден кем қатынаста, қалыңдығының диаметрі 0,10 кем қатынаста салалық нысандағы бұйымдарды тегістеу. Қабырғасының қалыңдығы 15 мм-ден кем ішкі және сыртқы диаметр бойынша, сыртқы диаметрі 100 мм-ден жоғары ірі көлемді сақиналарды тегістеу. Қалыңдығының мөлшері кемінде 0,05 мм: қалыңдығы кемінде 0,2 мм, бұрышына кемінде 50-минуттық қатынаста жазық бөлшектерді тегістеу. Монокристалдарға оптикалық, радиоспектрометрлік және рентгендік әдістермен бағдар беру. Жабдыққа қызмет көрсету және ақаулықтарды анықтау.

Білуге тиіс: тегістеуде қолданылатын жабдықтар мен аспаптарды, бақылау өлшемдерін пайдалану ережесі; айлабұйымдарды пайдалана отырып, синтетикалық монокристалдардан жасалған түрлі нысандағы және өлшемдегі бұйымдарды тегістеу процесін; дәлме-дәл салалық бөлшектерді өңдеудің және жеткізудің оңтайлы тәсілдерін; барлық күрделі және нақты керамикалық бөлшектерді осы және келесі операцияларда өңдеудің технологиялық процестері; жабдықтар мен айлабұйымдарға қызмет көрсету және баптау тәртібі; орындалатын жұмыс көлемінде кристаллография негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Дискілер, пластиналар - үлкенірек мөлшерге кемінде 0,05 қалыңдықтағы қатынаста тегістеу.

2. Сақиналар – сыртқы диаметрі 120 мм жоғары және ішкі диаметрі 90 мм-ден жоғары тегістеу.

3. Брусоктар (призмалар), трапециялы пластиналар - бұрыштың симметриялылығына кемінде 5 мм үлкенірек қатынастағы шекте тегістеу.
§ 147. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ ТҮЗЕТУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Радиобөлшектерді ток өткізетін қабатты тегістеу әдісімен номиналға дейін түзету (ірілей тегістеу). Кедергінің (резисторлар) көлемі мен сыйымдылығын (конденсаторлар) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындау. Тегістегеннен кейін шықпаларды түзету.

Білуге тиіс: радиобөлшектердің номиналдарын жеткізуге арналған станоктардың атауы және маңызды бөлшектерінің қызметі, қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың қызметі мен пайдалану шарттары; берілген номиналды омикалық кедергіге, сыйымдылығына байланысты алу әдістемесі; керамика және ток өткізетін қабаттың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Керамика конденсаторлар – сыйымдылығы ±5-10% көлемдегі ауытқумен берілген номиналға дейін станокқа сыйымдылықты тықсыру.

2. Құрамында күміс электродтары бар түрлі үлгідегі конденсаторлар пакеттері немесе дайындамалар – ыдысты шақтау.

3. Қалыңдығы 1 мм пьезоэлементтер – айдаушы машиналарды пайдаланып тықсыру; жиілікті өлшеу.

4. Тұрақты және ауыспалы резисторлар - ±10-20 % ауытқумен берілген номиналға дейін станоктарда тықсыру.


жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау