Министерство труда и социальной защиты


§ 23. РАДИОҚЫШТЫ ҚАЛЫПТАУШЫ



жүктеу 2,38 Mb.
бет28/38
Дата31.01.2020
өлшемі2,38 Mb.
#27830
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
§ 23. РАДИОҚЫШТЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Гипстен кап, қалыптар, күрделілігі орташа ажыратпа қалыптар мен кеспелтектерді құю. Әр түрлі пішінді жұқа қабатты бөлшектерді гипс қалыптарда құю. Гипс ерітіндісін дайындау. Гипс кеспелтектерін қалыптау машинасымен қалып өлшеміне дәлме-дәл келтіре отырып түзету. Шаблондарды үлгі бойынша орнату және оларды қалыптау машиналарында бекіту. Ішкі саңылауы бар гипс қалыптау кеспелтектерін орналастыру беріктігін және оларды орталықтау дұрыстығын айқындау. Қалыптар мен шаблондардың кейін пайдалануға жарамдылығын айқындау. Ірі көлемді және күрделі пішінді капсельдерді қалыптау және нығыздау. Капсель массасын дайындау жөніндегі механикаландырылған тізбекке қызмет көрсету және баптау.

Білуге тиіс: капсель массасын дайындау жөніндегі механикаландырылған тізбектің құрылысы және баптау тәсілдері; шаблондарды орнату және бекіту, гипс кеспелтектерін өлшем бойынша келтіру ережесі; қыш массаның құрамы мен қалыптаушы қасиеттері (ылғалдығы, тұтқырлығы, түйіршіктігі); гипс құймаларын: каптарды, қалыптар мен күрделілігі орташа ажыратпа қалыптарды қабылдау, сондай-ақ қыш массадан күрделі бұйымдарды жасау тәсілдері; гипс ерітіндісін дайындау тәсілдері; гипс кеспелтектерінің мақсаты; гисптен қалыптарды құю кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері.

Жұмыс үлгілері

1. Білеулер, лерге арналған қабырғалық тақташалар - дайындамаларды белгілеу және өлшемдерді сызба бойынша келтіре отырып өңдеу.

2. Қалыптауға арналған гипс кескен дөңбек - құю, түзету, орталықтау және өлшемге келтіру.

3. Науалар, тақташалар, қалқалағыштар, капсельдер – жиналмалы қалыптарда жасау.

4. Дөңгелек және сопақ, ірі және кедір-бұдыр оқшаулауыштар, сыртқы диаметрі бойынша бұрандасы бар жұқа қабатты түтіктер – қыш массадан әр түрлі гипс қалыптарда жабыстырып жасау.

5. Беті кедір-бұдыр диаметрі 200мм қалып, ұзындығы 25мм және диаметрі 10 мм конус оқшаулауыштар - гипс қалыптарда қалыптау.

6. Алунд құндақ – қолмен қалыптау, кептіру және белгіленген өлшемдерге дейін жеткізу.

7. Радиобөлшектерді күйдіруге арналған отқа төзгіштер - автомат желілерде жасау.

8. Бөлшектердегі саңылаулар – шаблон бойынша ою.

9. Диаметрі17-70 мм, ұзындығы 1 м дейінгі алунд түтік - жасау.

10. Радиофарфордан жасалған цилиндр бөлшектерді қалыптауға арналған гипс қалыптар – қалыптау стаканы мен қыш құюшы дөңгелекте жасау.

11. Қыш массадан жасалған кедір-бұдыр оқшаулауыштарды қалыптауға арналған құрастырмалы қалыптар - гипстен құю.


§ 24. РАДИОҚЫШТЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі пішінді кап, қалып, және ажыратпа қалыптардың гипстерінен құю. Күрделі гипс қалыптарда автоматтарда, қалыптаушы шпиндельді машинада және қыш құю дөңгелегінде қыштан бұйымдар қалыптау. Қалыптау үшін әр түрлі қыш массаларды дайындау. Бөлшектердің ылғалдылығы дәрежесін күйдіруге дейін және күйдіруден кейін шөгуге дейін анықтау. Қалыптау машинасы мен қыштау дөңгелегінің жұмысқа жарамдылығы мен дайындығын тексеру.

Білуге тиіс: қыш бөлшектерді қалыптауға арналған автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылысы; қалыптауға арналған әр түрлі қыш массаны дайындау рецептурасы және тәсілдері; гипс қасиеттерінің оны құюдан кейін ұстау ұзақтығына тәуелділігі; гипстен кап, қап және күрделі пішінді ажырату қалыптарын құю тәсілдері; күрделі гипс қалыптарында қыштан бұйым қалыптау тәсілдері; бөлшектердің кебу және шөгу дәрежесі.

Жұмыс үлгілері

1. Фасонды бөрене, мундштуктер - жасау.

2. Ілмекті оқшаулауыштар - ажыратушы қалыпта қалыптау.

3. Радиофарфордан жасалған шөгінді оқшаулауыштар – күрделі ажыратпа қалыптарда бұранда белгілермен қалыптау.

4. Қаптар және күрделі пішінді бұйымдарды құюға арналған қалыптар (оқшаулауыштар, күрделі бұранда белгілері бар қаңқалар) – гипстен құю.

5. Құндақтар, құндақтардың қондырмалары – қолмен қалыптау.

6. Алунд көп арналы түтіктер - қалыптастыру және өңдеу.
§ 25. РАДИОҚЫШТЫ ҚАЛЫПТАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әр түрлі қыш бұйымдарын, шыны ыдыстар мен сыйымдылығы әр түрлі боттарды қолмен және қалыптар арқылы жасау. Қалыптау материалының сыртқы түрі бойынша жарамдылығын анықтау. Қолмен және қалыптарда қалыптау. Қалыпталған бұйымдарды өңдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикасы және электр схемасы; ірі бұйымдарды қолмен жасау ережесі; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі; күрделі бөлшектерді бекіту және салыстыру тәсілдері; қалыптау-қыштау процессінің теориялық негіздері.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі



Р/с№



Осы бөлімшеде көрсетілген кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

2002 жылы БТБА-ның қолданыста болған

бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары



Разряд диапазондары

БТБА басылымының №

Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қыш пленканы жаныштаушы

1-3

Қыш пленканы жаныштаушы

1-3

20

Радиобөлшектер өндірісі

2.

Радиоқыш және ферриттерді құюшы

2-5

Радиоқыш және ферриттерді құюшы

2-5

-//-

-//-

3.

Ферриттегі жады элементтерін монтаждаушы

2-6

Ферриттегі жады элементтерін монтаждаушы

2-6

-//-

-//-

4.

Радиоқышты, пьезоқышты және ферриттерді күйдіруші

2-5

Радиоқышты, пьезоқышты және ферриттерді күйдіруші

2-5

-//-

-//-

5.

Радиоқыш және ферриттерді кесуші

1-3

Радиоқыш және ферриттерді кесуші

1-3

-//-

-//-

6.

Радиоқышты өңдеуші

2-3

Радиоқышты өңдеуші

2-3

-//-

-//-

7.

Радиоқышты қалыптаушы

2-5

Радиоқышты қалыптаушы

2-5

-//-

-//-

5. СЕЛЕН ЖӘНЕ КУПРОКС ТҮЗЕТКІШТЕР ӨНДІРІСІ


§ 1. АППАРАТШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Химиялық-сумен тазалау процессін жүргізу, суды дайындаушы құрылғыға және конденсатты тазалау аппараттарына, тұндырғыштарға, сатураторларға, катионит құрылғыларға, жалпы өнімділігі 100 т/сағ. деаэраторларға қызмет көрсету. Суды термохимиялық жұмсарту. Аппаратура өнімділігін реттеу, оны зарядтау және үрлеу. Химиялық бақылау және талдау жүргізу. Реагенттерді регенерациялау, аппаратураны тазалау және жуу. Сорғыларды іске қосу және тоқтату. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Реактивтерді өлшеу және дайындау. Химиялық тазартылған судың кермектігін, сілтілігін және басқа да сапа көрсеткіштерін айқындау.

Білуге тиіс: ауыз суды мөлдірлету, жұмсарту, пассивтендіру және қышқылдандыру негізгі химиялық процестері; суды тазалау схемасы, сүзгілердің, қыздырғыштардың, мөлшерлеуіштердің, сорғылардың, деаэраторлардың, сатураторлардың, тұндырғыштар мен басқа да аппараттардың құрылысы және жұмыс қағидасы; химиялық-сумен тазалау процессінде қолданылатын химиялық реагенттер мен реактивтердің атауы мен мақсаты; сүзгілерді регенерациялау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары.


§ 2. АППАРАТШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен және висмутты алюминий табақтарына вакуум аппараттарда тозаңдандыру. Кадмийді селен түзеткіш материалдар элементтерінің дайындамаларына жағу. Орамадағы фольганы висмуттендіру. Вакуум құрылғыларға ауаның кіретін жерін арнайы құралдың көмегімен анықтау. Селен, висмут, кадмийдің жағылу сапасын сыртқы түрі бойынша айқындау.

Білуге тиіс: вакуум құрылғылары мен кадмий, висмут, селен қабаттарын жағуға арналған аппараттардың құрылысы және жұмыс қағидасы; вакуум құрылғыларының жұмыс қағидасы және басқару пульттерінің құрылысы; вакуум құрылғылары мен аппараттарды жұмысқа дайындау; ағынды анықтағыш пен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидасы; вакуум жүйесінің герметикалығын тексеру ережесі, буландырғышты жұмысқа дайындау және оны вакуум құрылғысына бекіту тәсілдері.


§ 3. АППАРАТШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен түзеткіш материалдар элементтерінің дайындамаларын жоғары вольтті, вакуум құрылғыларында кадмийлендіру процессін жүргізу. Жоғары вольтті құрылғыларын кадмийлендіру үшін жұмысқа дайындау және оған дайындамаларды салу.

Білуге тиіс: селен элементтерінің дайындамаларын кадмийлендіруге арналған жоғары вольтті вакуум құрылғыларының құрылысы және жұмыс қағидасы; кинематика, электр және вакуум схемалары; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; селен түзеткіш элементтерге арналған шақтамалар жүйесі.


§ 4. АППАРАТШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түзеткіш элементтердің дайындамаларына селен, висмут, кадмийді үздіксіз жағу процессін жүргізу. Түзеткіш элементтер өндірісінде әр түрлі жақпаларды үздіксіз жағуға арналған қоректендіргіш пульттер мен автомат желідегі басқа да тетіктердегі электронды термореттегіштерді баптау және реттеу. Вакуум аппараттары мен жоғары вольтті құрылғылардағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: кинематика, электр және вакуум схемалары және дайындамаларға селен, висмут, кадмийді үздіксіз жағудың вакуум және автомат тізбектердің дәлдігін тексеру тәсілдері; вакуум аппараттарының ақаулықтарының себебі және оларды жою тәсілдері; түзеткіш элементтерді қаптау процессінің режимін айқындау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі; вакуум техникасы мен пленкалы жабынның физикасын қолдану негіздері.


§ 5. АППАРАТШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен түзеткіш элементтерінің дайындамаларына селен, висмут, теллур, кадмий, таллийді көп қозғалтқышты синхронды және автоматты жетегі бар, қысым деңгейлестіргіш типті агрегаттардың автомат тізбектерінде үздіксіз жағу процессін жүргізу. Қоректендіргіш пульттердегі электронды термореттегіштерді баптау және реттеу. Автомат тізбектерді басқару пульті арқылы баптау және басқару. Үздіксіз қаптайтын автомат тізбектің жекелеген тораптары мен тетіктерін баптау. Түзеткіш элементтер өндірісінде пленка қабаттардың қалыңдығын реттеу.

Білуге тиіс: синхронды және автоматты жетегі бар, лекті көп шпиндельді тізбектердің кинематикасы, электр және вакуум схемалары; электрониканы қолдана отырып, күрделі электр схемаларды шығару, баптау және реттеу әдістері; автоматты қашықтықтан басқарудың электр схемалары; жеке жұмыс режимінде (автоматты және қол) күрделі басқару схемалары бар электр жетектері; түзеткіш элементтерді қаптау процессін жүргізудің режимін айқындау тәртібі; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесі; вакуумды техниканың қолданылу негіздері; жартылай өткізгіштер физикасы теориясының негіздері; селен түзеткіштер өндірісіндегі материалдардың химиялық қасиеттері.


§ 6. СЕЛЕНДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селенді балқытушы аппараттарда балқыту процессін жүргізу. Селені бар қалыптарды дайындау және бөлшектеу, айдау аппараттарын тазалау. Реакциялық астауда селенді қалдықтардан алу процессін жүргізу. Бақылау орындарынан сынамаларды құрамында селеннің болуын анықтау үшін іріктеу.

Білуге тиіс: балқытушы аппараттардың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен қолданылу шарттары; селен, натрий сульфаты, күкірт қышқылының негізгі физикалық-химиялық қасиеттері және оларды сақтау ережесі.


§ 7. СЕЛЕНДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селенді вакуумдық қалпына келтіру, екінші сортты грат селенді реакторда еріту, селенді молекулярлық тазалау құрылғысында тазалау процессін жүргізу. Тұндырылған селенді кристаллизатор мен бейтараптандырғыштан алу.

Білуге тиіс: селенді айдауға арналған аппараттың, реакциялық астауларды реактордың және селен мен басқа да жартылай өткізгіш материалдарды тазалау жөніндегі аппараттардың құрылысы және баптау тәсілдері; қалпына келтірілген селеннің сапасын айқындау тәсілдері; каустика содасының, күкірт қышқылының, натрий бисульфатының, күкірт қышқыл газының, пергидрольдің қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.


§ 8. СЕЛЕНДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен мен басқа да жартылай өткізгіш материалдарды жоғары вакуум аппараттарында тазалау үшін іріктеу. Қоректендіргіш пульттердегі электр термореттегіштерді баптау және реттеу. Жоғары вакуум аппараттарындағы ақаулықтардың себептерін айқындау және оларды жою.

Білуге тиіс: жартылай өткізгіш материалдарды тазалауға арналған әр түрлі модельді вакуум аппараттарының құрылысы; электр және вакуум схемасы; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; аппараттар ақаулықтарының себептері және оларды жою тәсілдері; тазартылған селен мен басқа да жартылай өткізгіш материалдардың сапасын айқындау тәсілдері.


§ 9. КҮКІРТТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңделген күкіртті тазалау және қалпына келтіру процессін жүргізу. Күкіртті айдау аппаратына салу. Таза күкіртті жуу және кептіру. Бірінші фракцияны екіншісінен бөлу. Айдау аппаратын тазалау және ондағы азын-аулақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: күкіртті тазалау және қалпына келтіруге арналған айдау аппаратының құрылысы және жұмыс қағидасы; күкіртті айдау және тазалау режимдері; күкіртті айдаудың жылу режимін реттеу тәсілдері; бірінші фракцияның екінші фракциядан айырмашылығы; күкірт жанған кезе оны сөндіру тәсілдері; күкірт сапасын айқындау тәсілдері.


§ 10. КҮКІРТТЕНДІРУШІ -АППАРАТШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтерін автоматтарда немесе жартылай автоматтарда күкірттендіру процессін жүргізу. Автоматтар мен жартылай автоматтарға күкірт салу және өңделген күкіртті арнайы ыдысқа ағызу.

Білуге тиіс: селен элементтерін күкірттендіруге арналған басқару пульттерінің, автоматтар мен жартылай автоматтардың маңызды бөлшектерінің атауы мен мақсаты және жұмыс қағидасы; бақылау-өлшеу аспаптары және олардың мақсаты; температура мен уақыттың күкірттендіру сапасына әсер ету сипаты; күкірттендіру үшін қолданылатын күкірттің негізгі қасиеттері; селен элементтерін күкірттендіруден кейін орналастыру ережесі.

§ 11. КҮКІРТТЕНДІРУШІ -АППАРАТШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өлшемдері әр түрлі селен элементтерін күкірттендіру кезінде температура мен уақыт режимін белгілеу және реттеу. Автоматтарды қайта баптау. Электр өлшемдерін өлшеу үшін сынақ партиясын іріктеу.

Білуге тиіс: селен элементтерін күкірттендіруге арналған автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылысы мен баптау тәсілдері, оларды қайта баптау ережесі; электр өлшемдерін өлшеу үшін сынақ партиясын іріктеу тәртібі.


§ 12. СЕЛЕНДІ ПІСІРУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік селенді пісіру. Пісірілген селенді қалыптарға құю және селені бар қалыптарды бөлу. Дәнекерлеу аппаратын жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: пісіру аппараты мен тарту диірмендерінің жұмыс қағидасы; селенді пісіру режимі; тұнба материалдар мен селенді сақтау ережесі; талдаушы таразылар мен техникалық термометрлердің мақсаты мен қолданылу шарттары.


§ 13. СЕЛЕНДІ ПІСІРУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тұнба селенді пісіру аппаратында және арнайы ыдыста пісіру. Селен сынамасын талдау үшін іріктеу. Пісірілген селенді қалыптарға құю және селені бар қалыптарды іріктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері; селенді пісіру рецептурасы мен режимі; талдаушы таразылар мен техникалық термометрлердің құрылысы; тұнба материалдар мен селеннің негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; өндірістік селеннің сапасын айқындау ережесі.


§ 14. СЕЛЕНДІ ПІСІРУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сұйық бром мен селеннен бромды селен дайындау. Селенді элементтердің әр түрлі серияларына химиялық құрамы бойынша таңдау.

Білуге тиіс: селенді пісіруге арналған жабдықтың құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және дәлдігін тексеру ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты және қолданылу шарттары; өндірістік және тұндырылған селеннің сапасын айқындау ережесі; селен құрамындағы қоспалардың әр түрлі серияда түзеткіш элементтердің электр өлшемдеріне тигізетін әсері.


§ 15. ВАКУУМ ҚАБАТТАРЫН СЫНАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен, кадмий және басқа да материалдардың салмағын талдаушы таразыда анықтау. Кесте бойынша вакуум қабаттарының қалыңдығын айқындау. Бақылаудың негізінде режимдерге қажетті түзету жасау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының мақсаты және қолданылу шарттары; пленка қабаттардың шақтамасының көлемі туралы негізгі мәліметтер; жартылай өткізгіш түзеткіштердің квалитеттері; кадмий, висмут, селен жағу операцияларының мақсаты; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.


§ 16. ВАКУУМ ҚАБАТТАРЫН СЫНАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кадмий, висмут, селенді қаптағаннан кейін салмағын вакуумда бақылау. Селен элементтердің электр өлшемдерін өлшеу. Вакуумда селен, висмут, кадмийдің катод тозаңдандырғыштарын вакуумда жағу бойынша жекелеген технологиялық режимдерді өлшеу негізінде түзету. Вакуум қабаттың қалыңдығын есептеу және салмағына байланысты ол бойынша кесте жасау.

Білуге тиіс: селен түзеткіш элементтердің техникалық шарттары мен МЕМСТ-ры; технологиялық цикл бойынша өңдеудің негізгі түрлері; селен элементтерін сынау және тексеру тәсілдері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы; салмақ ауырлығын өлшеу нәтижесі бойынша және селен, висмут, кадмийдің осы партиясына арналған электр өлшемдерін өлшеу бойынша вакуум қабаттарының режимін түзету ережесі.


§ 17. ВАКУУМ ҚАБАТТАРЫН СЫНАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Спектральті талдау нәтижесі бойынша селен сапасын айқындау. Селен элементтерін жасау үшін спектральді және химиялық талдау нәтижесі бойынша селен партиясын оларға қойылатын талаптарға байланысты іріктеу. Селен партиясының жекелеген технологиялық режимдері бойынша ұсыным беру және олардың селен элементтерінің соңғы партиясын жасау процессінде орындалуын бақылау.

Білуге тиіс: селен мен висмуттың вакуумда катодтық тозаңдандырылу, термикалық булануы құрылғысының құрылысы, электр және вакуумдық схемасы, дәлдігін баптау және тексеру ережесі; селеннің химиялық қасиеттері және жекелеген қоспалардың селен элементтерінің электр өлшемдеріне тигізетін әсері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар және МЕМСТ.


§ 18. СЕЛЕН ӨНДІРІСІН СЫНАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Селен элементтерден жасалған түзеткіштерді қарапайым сынау схемаларының сұлбасы мен сызбалары бойынша құрастыру. Түзеткіштерге олардың электр өлшемдері бойынша бақылау өлшемдерін жасау. Электр элементтерін оқшаулау сапасын тексеру. Селен элементтері мен селен түзеткіштерінің ылғалдығына олардың электр сипаттамаларына бақылай отырып климаттық сынақ жүргізу. Электр элементтерін лакпен, эмальмен және басқа да электр оқшаулауыш компаундтармен оқшаулау. Төмен вольтті трансформаторларға қарапайым сынақ жүргізу. Оқшауланған электр элементтерін бақылаулы сынау. Трансформаторлардың орауыштарындағы қысқа тұйықталған орамдарды тексеру. Селен элементтері мен селен түзеткіштердің механикалық қасиеттерін созылуын, соққы жүктемесін, дірілін, майысуын сынау арқылы тексеру. Сынау үшін үлгілерді жасау кезінде температуралық режимдерді жүргізу. Селен элементтерін электр өлшемдері бойынша таңдау, сынақ нәтижелерін тіркеу.

Білуге тиіс: электротехниканың негізгі заңдары; трансформаторлардың, өлшеу аспаптарының құрылысы мен мақсаты; төменгі вольтті жабдықтарға сынақ жүргізу ережесі; автоклавтар мен барокамераларды, вакуум-сіңдіргіш құрылғыларды, гидравликалық нығыздауыштарды және басқа да лабораториялық-сынақ жабдықтарын пайдалану ережесі; айнымалы тоқты түзету схемалары туралы, түзеткіштердің түрлері туралы негізгі түсініктер; айнымалы және тұрақты тоқ табиғаты, түзеткіштердің жұмыс қағидасы; өлшеу аспаптарының атауы, мақсаты және қолданылу шарттары, олардың квалитеттері; механикалық сынақ әдістемесі, үлгілерді механикалық сынауға арналған құрылғылардың жұмыс қағидасы.


§ 19. СЕЛЕН ӨНДІРІСІН СЫНАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Температуралық сынақтарды, тоқтың көп жүктемесіне беріктігіне сынақ, селен элементтерінің қызмет ету мерзімі мен беріктігіне сынақ жүргізу. Селен элементтерін сақтау және қалыптауға сынақ жүргізу. Аспаптардың жүйесін өлшенетін өлшеміне байланысты іріктеу, аспаптың қажетті сыныбын іріктеу. Селен элементтері мен түзеткіштерді өлшеу схемаларын құрастыру. Түзеткіштердің әр түрлі схемаларын сынау кезінде қажетті есептерді жасау. Сынақ нысандарындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: сынақ әдістемесі бойынша есеп формулалары, мемлекеттік стандарттар; қолданылатын өлшеу аспаптары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары және өлшеу техникасы; температураны өлшеуге арналған аспаптармен (термопарамен және т.б.) жұмыс істеу ережесі; әр түрлі сериялы селен элементтерінің негізгі айырмашылықтары; селен түзеткіштердің сипаттамасы; электр өлшеу аспаптарының жүйесі; аспаптың өлшеу қателіктерін бағалай тәсілдері; селен түзеткіштерге қойылатын жалпы ТУ; селен түзеткіштердің германий және кремний түзеткіштерден негізгі айырмашылықтары; 2-3 разрядты слесарь-электр монтаждаушы біліктілігінің деңгейіндегі электр слесарлық іс; селен түзеткіштердің жұмыс қағидасы және кезең-кезеңмен сынақ жүргізудің жүйелілігі.


§ 20. СЕЛЕН ӨНДІРІСІН СЫНАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі электромеханикалық аспаптар мен электронды тораптарды тексеру, баптау және тапсыру. Аспаптардың негізгі өлшемдерін әр түрлі климаттық жағдайларда тексеру. Күрделілігі орташа электронды тораптарды түзету және баптау. Жоғары вольтті электр жабдықтарды сынау. Түзеткіштердің жиілік сипаттарына сынақ жүргізу, қолданылу мерзіміне, беріктігі мен сақталуына жүргізілген сынақтың деректерін өңдеу. Бұйымдардың тропикалық нұсқаларына толық көлемде климаттық сынақ жүргізу. Өлшемнің осы түріне арналған бір типті тиімді аспапты таңдау. Вакуум камералары мен нығыздау жабдықтарын баптау және реттеу. Монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетіне жабдықтың электр және радиотехникалық схемасы; айнымалы тоқты түзетудің күрделі схемаларының жұмыс қағидасы; бұйымның өлшемдеріне жүргізілген өлшеудің қателіктерін бағалау әдістері; әр түрлі сериялы селен элементтерінің технологиялық ерекшеліктері; барлық сериялы селен элементтеріне қойылатын ТУ; әр түрлі технология бойынша жасалған селен элементтерінің айырма ерекшеліктері; жекелеген электр элементтерінің беріктігі туралы түсінік; селен өндірісінің өлшеу жабдығы; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары; жартылай өткізгіш элементтер базасындағы электр түзеткіштер өндірісінің технологиясы негіздері.



жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау