Министерство труда и социальной защиты


ТҰРАҚТЫ ҚҰЙЫЛҒАН МАГНИТТЕР ЖӘНЕ МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕР ӨНДІРІСІ



жүктеу 6,99 Mb.
бет35/38
Дата19.02.2018
өлшемі6,99 Mb.
#10068
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

3. ТҰРАҚТЫ ҚҰЙЫЛҒАН МАГНИТТЕР ЖӘНЕ МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕР ӨНДІРІСІ

§ 1. МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ӨЛШЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Магнитті қатты материалдардың, магниттердің және қарапайым магнитті жүйелердің үлгілерін өлшеуге дайындау (сыртқы байқау, өлшем орамдарын орау, айлабұйымдарды таңдау және т.б.). Электромагниттердің қоректендіретін тогын және күшті тұздардың соленоидтарын реттеу. Түсіру әдісімен коэрцитивті күшін өлшеу. Электр магниттердегі қалдық индукцияны өлшеу. Магнитті жүйенің жұмыс саңылауындағы магнит нейтралын және магнит индукциясында магнитті ағынды өлшеу. Индуктивтілік өлшегіштерде бастапқы және салыстырмалы магнит өткізгіштікті өлшеу. Аспаптар мен айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Нәтижелерін жазу және өлшенетін көлемдерді есептеу.

Білуге тиіс: магнитті қатты материалдарды, магниттер мен магнитті жүйелердің негізгі магниттік сипаттамасы мен параметрлері; қорытпалардың үлгілері; қызмет көрсетілетін аспаптар мен құрылғылардың жұмыс принципі; өлшеу әдістемесі бойынша нормативтік құжаттардың мазмұны; бірліктер жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Феррит бұйымдар – бастапқы және салыстырмалы өткізгіштігін өлшеу.

2. Магниттер және қарапайым магнитті жүйелер – «нейтральдегі ағын» параметрлері және жұмыс саңылауында «магнит индукция» бойынша сынақтар жүргізу.

3. Магнитті қатты материалдардың үлгілері – «қалдық индукция» және «коэрцитивтік күш» параметрлері бойынша сынақтар өткізу.
§ 2. МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ӨЛШЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өлшеу катушкалары мен потенциалометрлерді градуирлеу. Магнитті қатты материалдардың қиялай магнитсіздендіру және қиялай қайтару үлгілерін өлшеу. Холл және феррозонд датчиктермен жартылай күшті алаң автоматты коэрцитиметрлеріндегі магниттің коэрцитивті күшін өлшеу. Фотоэлектрлік флюксометрді және Холл датчикті аспапты пайдаланып күрделі нысандағы магниттердегі магнит ағындары мен әлеуеттерді өлшеу. Роторлы, статорлы және оларға ұқсас магнитті жүйелердегі магнит индукцияларды өлшеу. Өлшеу қатарындағы деректерді өңдеу және орташа арифметикалық және орташа шаршылық қателерін есептеу. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес аспаптардың көрсеткіштері бойынша магнитті күшті желілерді өткізу үшін арнайы оправкадағы құрылғыда сақиналарды магниттеу процесін жүргізу. Игнитронды салқындату. Басқару пульты арқылы құрылғы жұмысының режимін қайта қосу. Сақиналарды магниттеуге дайындығын есту арқылы айқындау. Феррит бұйымдардың үлгілерін өлшеуге дайындау (өлшеу орамдарын орау, айлабұйымдарды таңдау және т.б.), аспаптар мен айлабұйымдарды теңшеу.

Білуге тиіс: феррозондтар мен Холл датчиктерінің құрылымы; қызмет көрсетілетін аспаптар мен құрылғылардағы қателердің теориялық элементтері, өлшеу қателерінің негізгі көздері; магниттік көлем өлшемдерін беру жүйесі; резина эластикалық сақиналарды магниттеуге арналған құрылғылардың құрылымы және баптау тәсілдері; магниттеу сапасына қойылатын талаптар; сақиналарды магниттеу жолдары.

Жұмыс үлгілері

1. Эластикалық резина сақиналар – магниттеу.

2. Түрлі нысандағы магниттер – магниттік параметрлер бойынша сынақтар өткізу.

3. Магнитті қатты материалдар – параметрлерді өлшеу.

4. Магнитті қатты материалдардың үлгілері – «ВН max» параметрі бойынша сынақ өткізу.

5. Тұрақты магниттік потенциометр – эталонды магнит алаңда өлшеу.

6. Роторлық, статорлық және соларға ұқсас жүйелер – магнитті индукцияның көлемі бойынша сынақ жүргізу.
§ 3. МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ӨЛШЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электромагнитті күшті алаңдар мен реттегіш құрылғыларымен жартылай автоматты құрылымдардағы магнитті қатты материалдар үлгілерінің негізгі сипаттамасын өлшеу. Механикалық координатты құрылымдар мен Холл датчигімен реттейтін аспаптарды қолдана отырып магнитті жүйелердегі магнит алаңның топографиясын өлшеу. Коэрцитивтік күштің температуралық байланысы мен материал үлгілерінің қанықтық индукциясын өлшеу. Айналып тұратын сәт әдісімен анизотропия константын өлшеу. Жылу және суық камераларға орналастырылған статорлық, роторлық және соларға ұқсас магнитті жүйелердегі магниттік индукцияларды өлшеу. Жүйелер осі бойынша магнитті индукцияны тарату кестесін құру. Құрылғылар мен коэрцитиметрлердің өлшеудегі қателіктерін айқындау. Магниттік жүйелерді өлшеуге дайындау. Электр магниттердің қоректендіру тогы мен күшті алаңдардағы соленоидтарды реттеу.

Білуге тиіс: Холл датчиктерінің қателіктерін (алаңның, бағдардың, температура әсерінің біркелкі болмауынан); магнитті қатты материалдардың коэрцитивті күші мен қалдық индукциясының температуралық коэффициенттерінің кестелік мәні; анизотропияның физикалық мағынасы; Мемлекеттік өлшеу бірлігін қамтамасыз ету қызметі мен Мемлекеттік нормальды үлгілер қызметінің нормативтік құжаттары.

Жұмыс үлгілері

1. Магнит өткізгіш бөлшектері – магниттік сипаттамаларды өлшеуді жүргізу.

2. «Дон» бұйымдары – КСз және бейнелеу коэффициентін өлшеу.

3. Анизотропия константасы – Акулов анизометрінде өлшеу.

4. Тұрақты магниттер мен магнит сақиналар – магниттеу және магнитсіздендіру процесін жүргізу, аспаптарға орнату.

5. Магнитті жүйелер – жұмыс көлемінде ұзына және көлденең магнитті индукцияны құрайтын көлемі бойынша сынақтар жүргізу.

6. Статорлық, роторлық және соған ұқсас магниттік жүйелер – НО.000.015 нормалі бойынша климаттық сынақтар жүргізу.

7. Үлгілердің магниттік сипаттамасы – У5022 құрылғысында өлшеу.

8. Магниттер мен магниттік жүйелер – «ауа саңылауындағы магниттік индукция» параметрі бойынша өлшеу жүргізу.

9. Электр вакуум аспаптар – тұрақты магниттерді магнит алаңында түзету.

10. Эпитаксиалды гранат ферритінің құрылымы – магнитті бір осьті пленкалардың коллапс алаңы мен коэффициенттігін өлшеу.
§ 4. МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ӨЛШЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күшті алаңдағы электромагнит токтарын бағдарламалық реттеуі және реттейтін құрылғысы бар автоматты құрылғыларда магнитті қатты материалдардың үлгілерінің гистерезисі статистикалық ілмегін өлшеу. ЯМР, ФМР және ЭПР аспаптарын пайдаланып магнит жүйелердегі магнит индукцияларды өлшеу. Жылу және суық камераларда орналастырылған күрделі магниттік жүйелер магниттік алаңының топографиясын өлшеу. Магниттеу сызықтары мен үлгілік материалдарды қайтару сызығына температуралық байланысын өлшеу. Температура диапазонындағы Холл датчигімен аспаптарды өлшеу қателіктерін экспериментальды айқындау. Магнитті қатты және магнитті жұмсақ материалдардың үлгілерін өлшеуге дайындау (геометриялық өлшемдерін алу, магниттеу тогын өлшеу). Аспапты қосу, В және Н бойынша масштаб магниттері тогының есептеу мәнін есептегіштер бойынша шығару. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Білуге тиіс: магнитті материалдардың статистикалық сипаттамасын алу шарттары, ЯМР, ФМР және ЭПР датчиктерін қолдану саласы; беріктілік теориясының элементтері, Мемлекеттік стандарттар және деректер анықтамалығы қызметінің нормативтік құжаттары.

Жұмыс үлгілері

1. Магнитті интегралды тәсімдер – пермаллой жұқа магнитті пленкаларының коэффициенттігі мен анизотропия алаңын өлшеу.

2. Магнит жүйелер – ФМР аспабының көмегімен магнит алаңының біркелкілігі бойынша сынақтар жүргізу.

3. Е11-3 аспаптар – Е11-2 үлгілік аспабында салыстыру әдісімен тексеру.

4. Күрделі магнит жүйелер - ұзына және көлденең магнитті индукцияны құрайтын көлемді өлшей отырып НО.000.015 нормалі бойынша климаттық сынақтар жүргізу.

5. Гистерезис ілмегі үлгілерінің статистикалық параметрлері – «Магинт 11» құрылғысында өлшеу.

6. Материалдар үлгісінің «ВН max» параметрлерінің температуралық байланыстығы – «Меркурий» құрылғысында өлшеу.

§ 5. МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРДІ ӨЛШЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Магнит ағындардың, магниттердің және магниттік жүйелердің, гальваномагниттік және магнитоколориялық эффектілердің, магниттік тұтқырлығының, магнитострикциялардың, ФМР және т.б. тұрақтылығы мен температуралық коэффициенттерін презиционды өлшеу. Оптикалық-механикалық координаттық құрылғыларды пайдалана отырып күрделі магниттік жүйелердің топографиясын өлшеу. Негізгі магниттік көлемнің үлгілік және жұмыс шараларын салыстыру, координатты құрылғылардың қателіктерін экспериментальды айқындау.

Білуге тиіс: гальваномагниттік, магнитоколориялық және басқа магнитті материалдардың эффектілері туралы негізгі ұғымдар; магниттер мен магниттік жүйелердің магниттік тұрақтылығы коэффициенті мен температуралық коэффициентінің кестелік мәні; алмастырулар мен бұрыштарды өлшеудің оптикалық әдістері негіздері; магниттік көлемдердің үлгілік шараларының тұрақтылығын қолдау ережесі.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Магниттер мен магниттер жүйесі – «магнит ағынның температуралық коэффициенті» параметрі бойынша сынақ жүргізу.

2. Магниттік интегралды тәсімдер – магнитті резисторлар эффектін өлшеу.

3. Көп камералы термостатқа орналастырылған магнитті қатты материалдардың үлгілерін магниттеу кезіндегі магнитті колориялық эффектілері.

4. Прецизионды магнитті жүйелер – оптикалық-механикалық координаттық құрылғылардың көмегімен ұзына және көлденең магнитті индукцияны құрайтын көлем бойынша сынақтар жүргізу.

5. Механикалық координатты құрылғылар – оптикалық әдіспен тексеру.


§ 6. КРИСТАЛДАУ ПЕШТЕРІНДЕ МАГНИТ ҚҰЮШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сұйық магнит қорытпа қол шөміштен немесе басқа қорытпалардан қабық қалыптарға, құм қалыптарға, құрғақ қалыптар немесе қалыптарға құю. Отқа төзімді қыш қабықтардың түпкі бөлігін қайрау станогында немесе қолмен қайрау. Арнайы отқа төзімді саз балшық дайындау. Тоңазытқышты дайындау және тоңазытқышқа қалыптар орнату. Шөміштерді құюға дайындау. Тоңазытқыштан құйылған қалыптарды алу және шынықтырылған құммен толтыру. Жұмысқа бағытталған кристалдау пештерін дайындау (қарау, тазалау). Пештің жиынтық саңылауындағы қыш құйғышты алмастыру. Құйылған қалыптарды ажырату және құймаларды таңбалау. Жоғары білікті құюшының басшылығымен кристалдауға бағытталған пештерге қарапайым қалыптар құю.

Білуге тиіс: кристалдауға бағытталған пештердің құрылымы және оларды пайдалану жөнінде нұсқаулық, кристалдауға бағытталған пештердегі қабық қалыптарын құю ережесі, сондай-ақ құю алаңдарында басқа қалыптарды құю; қорытпаларды негізгі құю және магнитті сипаттамалары; кристалдауға бағытталған пештерде құюға арналған қабық қалыптарын дайындау ережесі; көтергіш-көлік құралдарын пайдалану ережесі, отқа төзімді саздың құрамы мен дайындау тәсілдері, кристалдауға бағытталған пештерде бағана құрылымын алудың негізгі шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Кесігі 20 артық және биіктігі 200 мм-ге дейінгі тікбұрышты формадағы магниттер – құю.

2. Кесігі 200 артық және биіктігі 200 мм-ге дейінгі дөңгелек формадағы магниттер – құю.

3. Кесігі 20х30 мм тікбұрышты формадағы магниттер – құю.


§ 7. КРИСТАЛДАУ ПЕШТЕРІНДЕ МАГНИТ ҚҰЮШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кристалдауға бағытталған жұмыс аймағында орнатылған түрлі құю қалыптарына сұйық магнит қорытпаны немесе басқа да қорытпаларды қол шөміштерімен құю. Конфигурациясы бойынша күрделі қыш қабаттарын никель қабықтарға қалыптау. Отқа төзімді балшық немесе бояудың түрлі құрамдарын әзірлеу. Шөміштерді құюға дайындау және футерлеу. Құю көлеміне байланысты кристалдауға бағытталған пештерде құйылған қалыптарды ұстау уақытын айқындау. Құйылған қалыптарды ажырату және кристалдауға бағытталған құюдың түрлі ақауларын айқындау. Кристалдауға бағытталған пештердің жұмыс аймақтарындағы температурасы мен балқытылған метал температурасын бақылау.

Білуге тиіс: кристалдауға бағытталған пештердің құрылымы, тоңазытқыштардың электр тәсімін, сондай-ақ су жіберу жүйесін; кристалдауға бағытталған пештердегі күрделі құю қалыптарының конфигурациялары бойынша құю ережесі; түрлі мақсаттағы отқа төзімді бояулардың құрамы мен әзірлеу тәсілдері, конфигурациялары бойынша жұқа қабатты немесе күрделі құймалардың бағаналық құрылымын алу шарттары; түрлі магнит қорытпа шикіқұрамдарының құрамы; қорытпалардың құрамы және таңбалау.

Жұмыс үлгілері

1. Қабырғасының қалыңдығы 15 мм және биіктігі 50-60 мм бос цилиндрлік магниттер – құю.

2. Қалыңдығы 10-15 мм пластикалық магниттер – құю.
§ 8. КРИСТАЛДАУ ПЕШТЕРІНДЕ МАГНИТ ҚҰЮШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пештердің жұмыс аймағында жоғары температурада кристалдауға бағытталған, сұйық магнит қорытпа немесе басқа қорытпа пештерінде орнатылған құю қалыптарының күрделі конфигурациясына қол шөміштермен құю. Кіші кесу немесе күрделі конфигурациядағы құймалардың бағытталған құрылымдарын алуға арналған кристалдауға бағытталған пештерін дайындау. Жоғары температурадағы қорытпаны құюға тоңазытқышты дайындау. Жоғары магниттік энергиясы бар конфигурациясы бойынша күрделі магниттерді құю режимін бақылау.

Білуге тиіс: түрлі құрылымдағы кристалдауға бағытталған пештердің құрылымы және жекелеген тораптардың қызметі, түрлі трансформаторларды пайдаланғанда қыздырғыштарды қосу электр тәсімі; пештің жұмыс аймағында жоғары температурада күрделі қалыптарды құю температурасы мен жылдамдығы; бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кристалдауға бағытталған пештердегі температураны бақылау әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Қабырғасының қалыңдығы 15 мм-ден кем және биіктігі 60 мм-ден артық цилиндрлік қалып магниттері – құю.

2. Қалыңдығы 100 мм-ден кем пластикалық қалып магниттері – құю.

3. Кесігі 30 мм-ден кем және биіктігі 200 мм-ден артық магниттер – құю.


§ 9. МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ-ТЕҢШЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қалыптағы магниттерде раковиналарды, сынықтарын және басқа ақауларды бормашинада жою. ТУ-ға сәйкес өлшемдерін және өңдеу тазалығын сақтай отырып тазарту. Фаскаларды алу, үшкір қырларын тегістеу.

Білуге тиіс: бормашинаның маңызды бөліктерінің атауы, қызметі және қолдану принципі; магниттік қорытпалардың таңбалары мен негізгі механикалық қасиеті, абразивтік құралдар; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану шарттары; қорғалған магниттерді тазартуға қабылдау шарттары.

Жұмыс үлгілері: Түрлі қалыптағы роторлық және статорлық магниттер - раковиналар мен сынықтарды тазарту, фаскаларын шешу, үшкір қырларын тегістеу.
§ 10. МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ-ТЕҢШЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Магнит алаңның кернеулігін өлшеу және сертификатқа сәйкес магниттік қасиеттері бойынша магниттерді құрастыруға іріктеу. Эпоксидті компауд және силуминді желімдеу және құюға магниттерді, магниттерді секцияларды және оправкаларды дайындау. Магниттердің жұмыс бетін ацетонмен және бензинмен қайрау, тазарту және майсыздандыру. Эпоксидті және бакелитті желімдер мен лактарды әзірлеу. Магниттік секцияларды технологиялық нұсқаулықтар бойынша іріктеу және құрастыру. Импульсті құрылғыларда циркулярлы әдіспен және индуктивті катушкалар жиынтығымен жүйелерді магниттеу. ФЛ-1 үлгісіндегі тұрақты ток электромагнитіндегі түрлі қалыптар магниттерін магниттеу. Бұйымдарды электротехникалық стендіде магниттеу. Бақылау құрылғысында және милливеберметр көрсеткіштері бойынша алаң кернеулігінің магниттік параметрлерін бақылау. Холл датчигімен магнитті алаңның кернеулігін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылғысы және баптау тәсілдері (импульсті құрылғы, магнитті қыздыруға арналған және алаң кернеулігінің магниті параметрлерін бақылауға арналған құрылғылар); жұмыс және өлшеу аспаптарының атауы, қызметі, құрылымы және қолдану шарттары; тұрақты магниттердің және магнит жүйелердің негізгі қасиеті және оларды пайдалану ережесі, ацетонды, карбинолды, бакелитті желімдер мен лактардың негізгі қасиеттері; оларды пайдалану ережесі мен сақтау шарттары, желімдеудің термиялық және механикалық режимдері; магнитті жүйе құрылымы және құрастыру ережесі; магнит алаңның кернеулігінің, қалдық индукцияның, коэцитивті күштің негізгі ұғымдары; өлшеу бірліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Сақиналық және орташа көлемдегі магниттер – секцияға іріктеу.

2. Магнитті жүйе – механикалық төзімділікті қамтамасыз ете отырып желімдеу, магниттік параметрлерді бақылау; миллевеберметрдің көрсеткіштері бойынша магнитті токтың және алаңның кернеулігі.

3. Магнитті жүйе және секциялар – қаныққанға дейін магниттеу.


§ 11. МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ-ТЕҢШЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі бірнеше элементтерден магнитті жүйелер құрастыру. Көп секциялы жүйелерді магниттеу және тұрақтандыру, магниттік параметрлерді индукциялық датчиктермен және Холл түрлендіргіштерімен (С және М зондтар) бақылау (магнитті индукция және магнитті ағын). Ағынды теңдестіру мақсатында блок секцияларын ішінара магниттеу. Арнайы аспаптар және айлабұйымдар арқылы магнитті жүйелердің жекелеген элементтерін желімдеу және дәнекерлеу, жүйенің бөлшектері мен тораптарын қиыстыру. Магнитті жүйе арматурасының бөлшектерін қиыстыру. Бақылау картасы бойынша жүйе өлшемдерін тексеру. Өлшемдерді берілген мәніне дейін жеткізу.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану шарттары, магнитті жүйенің температуралық сынақтарына арналған құрылғылардың қызметі және принципиальді құрылымы; құйылған, өзгертілген, пісірілген материалдардан, төмен көміртекті болат бөлшектерден және ерекше физикалық қасиетті қорытпалардан жасалған магниттерді дәнекерлеу және желімдеу ережесі және технологиялық режимдері; бөлшектерді белгілеу тәсілдері және оларды өңдеу технологиясы; жұмыс құралын қайрау және жеткізу тәсілдері, рұқсат беру, отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлық квалитеттері және параметрлері; электр техникасының негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Магнитті құрастырылған жүйе – түрлі сипаттамадағы материалдардан құрастыру және теңшеу.

2. Магнитті жүйе – құрастыру; дәнекерлеу; магниттерді, магнит сымдарды және полюстік ұштарын өз арасында желімдеу; магниттік индукциялардың мәнін магниттеу, тұрақтандыру, түзету және бақылау.

3. Магниттік жүйелер – полюстік ұштарын, магнит сымдарды, өтпелерді, бұғауларын, башмақтарын, қақпақтары, фланецтерін, қабықтары мен бекітілетін қабатты қиыстыру.

4. Пермаллойдан жасалған экрандар – магниттік сипаттамаларды өлшеу.
§ 12. МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ-ТЕҢШЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Магниттік индукцияларды барынша біркелкі бөле отырып көп байланысты фокустайтын және басқа жүйелерді құрастыру. Магниттік индукциялардың берілген бөлу мәнін меңгеру. Магниттік параметрлерді, магниттік индукциялардың осьтік және радиальды құрамын бақылау. Жабдық пен аппаратураны (аспаптың, түзету айлабұйымының, термокамераның қоректендіру блогын) теңшей және реттей отырып, барынша тиімді параметрлер бойынша ток өткізу аспабымен магниттік жүйені түзету. Магниттердің магнитті параметрлерін жанама бақылау. Түрлі материалдардан жасалған магниттерден жинақталған құрамалы магниттік жүйені құрастыру, теңшеу және түзету. Ірі көлемді және салмақты түрлі мақсаттағы күшті магниттік жүйелерді құрастыру және теңшеу. Магниттік жүйелерді термоөтеу және тұрақтандыру. Магнитті өлшеу құрылымдарында және стендісінде магнитті жүйенің саңылауы мен аспаптың ток өткізгіштігінің жұмыс көлемінде магнитті индукцияны бөлудің магниттік параметрлерін бақылау. Магнитті ағынның жүйеде шашырауының сипатын және бөлінуін айқындау. Гистерезис ілмегін алу.

Білуге тиіс: түзету құрылғылары мен магнит өлшеу аспаптарының қолданылу принципі, құрылымы және қолданылу шегі (Ш1-1, Ш1-8, ЭМ 2-14, ЭМ 2-17 үлгідегі); магнитті фокустаушы жүйеге қойылатын негізгі талаптар; магнитті алаңның «түзеткішінің» қызметі мен қолдану принципі; электр техника, магнетизм және радиотехниканың негізгі принципі және заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Магниттік жүйе – магнитті индукцияның берілген бөлігі мәнін алуға арналған түзеткіштерді құрастыру, теңшеу және магнитті жүйе саңылауының жұмыс көлемінде магнитті индукциялардың мәнін барынша біркелкі бөлуді алу арқылы түзету.

2. ППГ ферриттер: бұзылмаған бірліктер, бұзылған бірліктер сигналының амплитудасын өлшеу; балластикалық құрылғыда гистерезис ілмегін шешу; қалдық магнит индукцияны өлшеу; коэрцитивті күшті және оның температуралық коэффициентін айқындау; Кюро нүктесін айқындау.
§ 13. МАГНИТТІ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ-ТЕҢШЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Магнитті индукцияның, экранды, шунтты, термошунтты магниттік жүйелердің және магнитті индукцияның көлемін реттегіштердің берілген мәнін бөле отырып магнитті кезеңді, реверсивті жүйелерді, құрастырылған бір бағыттағы магниттік жүйелерді құрастыру, теңшеу және түзету. Түрлі магнитті динамикалық аппаратураға арналған күшті магниттік жүйелерді құрастыру, теңшеу. КПУ-ге арналған магнитті индукцияны аса жоғары біркелкі бөлумен магнитті жүйелерді құрастыру, теңшеу және түзету. Кескінді экрандар мен ұштарын арқылы магниттік индукцияның аса жоғары біркелкі бөлуімен магнитті жүйелерді меңгеру. Автоматталған құрылғылардағы магниттік параметрлерді бақылау. Желілік модельде, ЭГДА құрылғысында және электролитті бұлауда электрлік модельдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, қолдану принципі және құрылымдық ерекшеліктері (ЭВ, ЭГДА және т.б. құрылғылар); фокустайтын кезеңдік реверсивті құрамалы және динамикалық магниттік жүйелерді қолдану принципі, экранды және шунтты магнит жүйелерді ауыстыру тәсімдері; қолданылатын материалдардың физикалық сипаттамасы; шунттарды қолдану принципі; жоғары магнитті өткізгішті материалдардан армирленген материалдардың, магниттік тізбегін модельдеу негіздері; электрлік аналогтармен магнит тізбектерді модельдеу негіздері; электротехника, магнетизм, радиотехника негіздері.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. «Беличья клетка» үлгісіндегі көп версиялы жүйе – құрастыру, түзету және теңшеу.

2. Екі жүрісті шунтты магниттік жүйе – түзету және теңшеу.

3. Эталонды магнитті жүйе – құрастыру.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімі бойынша атаулары көрсетілген тізбесі




р

с



Осы бөлімшеде орналастырылған кәсіптердің атауы

Разрядтар диапазоны

2002 жылы БТБА-ның қолданыстағы бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разрядтар диапазоны

БТБ шығарылымының



Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Магниттік қасиеттерді өлшеуші

2-6

Магниттік қасиеттерді өлшеуші

2-6

20

Электр

вакуумды өндіріс



2.

Кристалдау пештерінде магнит құюшы


2-4

Кристалдау пештерінде магнит құюшы


2-4

-//-

-//-

3.

Магнитті жүйелерді құрастырушы - теңшеуші

2-6

Магнитті жүйелерді құрастырушы - теңшеуші

2-6

-//-

-//-



жүктеу 6,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау