NМ – қысымды-жең жұйесіндегі жұмысты бақылаудағы адамдар саны (машина саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік постындағы адамдар саны (ГТҚҚ буындарының саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – таратқыштар және т.б. жұмыс жасаушылардың саны.
15. Негізгі тағайындалған бөлімдердің қажетті санын анықтау және гарнизонды кесете бойынша өртке шақыру номерін анықтау: (4.45)
NОТД = NЛС/4
NОТД = 37/4 = 10 отд.
16. Өрт сөндіру құралдарын беру бойынша шекті арақашықтықты анықтау:
(4.46)
LПР = [HН - (HР ± ZМ ± ZСТ)/SQ²]*20
мұндағы: HН – сорғыштағы қысым, м.;
HР – таратқыштағы қысым, м., (HР = HПР + 10);
ZМ – шекті арақашықтықтағы жергілікті жердің аса жоғары көтерілу (+) немесе түсу (-), м.;
ZСТ – таратқышты орнату орынынан немнсе өрттегі жергілікті жердің аса жоғары оқпандардың көтерілуі немесе түсуі, м.;
S – бір өрт жеңінің кедергі келтіруі;
Q – бір аса жүктелген магистралды жең сызығының суммарлы су шығыны, л/с.;
SQ² - бір магистралды жең сызығындағы қысымның жоғалуы, м.
LПР = [90 - (50 + 0 + 4)/0,015 * 10,52]*20 = 436 м.
17. АЦ-да ӨСБ-2 қарауылы екі бөлімше құрамында бере алатын өрт сөндіру құралдарын анықтаймыз. ӨСБ-2 қарауылы түтінденген бөлмеге бір оқпаннан бере алатын екі ГТҚҚ буыны ғана бар, сонда: (4.47)
Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 2 * 2 * 3,5 = 14 л/с,
мұндағы: Nотд – өрт орынына келген АЦ-дағы бөлімше саны;
qст – оқпандағы су шығыны, л/с;
nотд.ст – өрт сөндіруге бір бөлімше бере алатын оқпандар саны (немесе қорғауға); Qф = 14 л/с Qтр = 56 л/с
Сәйкесінше, өртке бірінші келген бөлім өрт сөндіруге қажетті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші келген бөлімнің күш пен құралдарды кіргізу сәтіндегі өрттегі жағдай және бірінші ӨСБ қабылданған шешімдер:
барлау барысында анықталды:
жанып жатқан бөлмеде адамдар жоқ, бірақ басқа қабаттарда адамдар бар, қауіпті факторлар олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін;
өрт ауданы 346 м2 құрады;
өрттің тарау жылдамдығы 1 м/мин.
Бірінші өрт бөлімі келгенге дейін шешуші бағыт күш пен құралдары құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жұмсалады.
Бірақ бірінші бөлім күш пен құралдарды өрт сөндіруді қамтамасыз ете алмайды.
Өрттегі жағдайды және ӨСЖ жеке құрамының тактикалық мүмкіндіктерін есекре отырып адамдарды құтқару бойынша шараларды жүргізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өрт сөндіруге 1 РС-70 оқпаны берілді. 1-ші ӨСБ КҚЖБО-қа қосымша күш пен құралдардың келуі үшін шақырудың жоғарылатылған номерін хабарлайды.
4.4 Дәріс залында өрт сөндіруін ұйымдастыру.
№2 шақыру бойынша шығу кестесіне сәйкес өрт орынына келесі техникалар келеді:
№ 2 ӨСБ
АЦ-40-8-7 (43118)
АЦ-3,2-40 (433112) 8ВР
№ 1 МӨСБ
АЦ-5-40 (43114)
АЛ-30-131(531300)
АСА-20-43(114)
ҚР ІІМ ТЖК КТИ
АЦ-5-40 (4320)
Жеке құрам 56 л/с шығынымен су беруді қамтамасыз етеді, яғни сөндіруге ГТҚҚ буындарымен РС-70 5 оқпанын және қорғауға көрші бөлмелерге РСК-50 6 оқпанын береді. Сәйкесінше аға ӨСБ КҚЖБО-қа күш пен құралдардың жеткілікті екендігі туралы хабарлайды.
Өртке аға жедел кезекшінің келуімен оған ӨСЖ өртте қалыптасқан жағдайды, қабылданған шешімдерді баяндайды. Аға жедел бастығы өзі барлау әдісімен жағдайды анықтайды және ӨСБ әрекетін бағалайды.
Барлау барысында аға жедел бастық анықтайды:
адамдарға қауіптің төнуін;
олардың орналасу орынын, құтқару жолдары мен әдістерін;
өрт орыны мен өлшемін, оттың тарау жодарын;
мүмкін күш пен құралдарды енгізу жолдары мен бағыттарды;
ғимаратта кернеудің шешілуі жүргізілгенін;
конструкцияны бұзу және ашу қажеттігін және орынын;
шешуші бағыттың дұрыс таңдалғанын;
көшіру жолдарын қорғау қажеттігін және жану өнімдерін шығару мүмкіндігін;
қымбат қондырғыны қорғауды немесе көшіруді ұйымдастыру.
Аға жедел бастық өрт сөндіру басшылығын өзіне алып өртте қалыптасқан жағдайды және №2 жоғарылатылған шақыруды КҚЖБО-қа ақпаратты хабарлайды.
Өрт сөндіруді басқару және ұйымдастыру үшін ӨСБ өрт сөндіру жедел штабын құрамында құрайды:
штаб бастығы;
тыл бастығы;
объект әкімшілігінің өкілдері;
қаланың өзара қызмет өкілдері.
Штаб бастығы болып ӨБ бастығының орынбасары тағайындалады. ӨСБ жедел штаб құрамына тапсырмалар қояды. Бөлімдерді жақсы басқару үшін штаб орыны негізгі кіруден 15-20 м қашықтықта болады.
Өртті сөндіру әртүрлі бағытта жүргізілетін болғандықтан ӨСБ алты жауынгерлік аймақ құруы туралы шешім қабылдайды.
1-ЖУ Дәріс залының кіре беріс есігі жағынан
Тапсырма: Адамдарды көшіру, өртті жою, жануды дәлізге тарауына жол бермеу. Аймаққа өртті сөндіруге - 2 ГТҚҚ буыны dн = 19 мм 2 РС-70 қол оқпанын беріледі.
2-ЖУ Оқу залы, дәріс залының қосымша бөлмесінен және дәріз жағынана
Тапсырма: Өрттің оқу залына, дәріс залының қосымша бөлмесіне және дәрізге тарауына жол бермеу, көршілес бөлмелерді өрттен қорғау. Аймаққа 4 ГТҚҚ буынымен 4 РСК-50 dн = 13 мм беріледі.
3- ЖУ Дәріс залының сыртқы терезесі арқылы
Тапсырма: өртті жою. Аймаққа өртті сөндіруге dн = 19 мм 3 РС-70 қол оқпанын беріледі.
4 - ЖУ бірінші қабатта
Тапсырма: Адамдарды көшіру, бірінші қабат бөлмелерін өрттен қорғау. Аймаққа берілген 1 ГТҚҚ буынымен 1 РСК-50 dн = 13 мм оқпандары беріледі.
5- ЖУ шатырға.
Тапсырма: шатырды өрттен қорғау. Аймаққа берілген 1 ГТҚҚ буынымен 1 РСК-50 dн = 13 мм оқпандары беріледі.
6- ЖУ шатырға.
Тапсырма: Оқу корусындағы қабаттарынан адамдарды құтқаруға 2 ГТҚҚ буыны.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік аймақ бастықтарын тағайындайды.
ӨСБ штаб бастығына өрт сөндіруге күш пне құралдарды енгізуі туралы анықтап тапсырмалар қояды. ӨСБ штаб бастығына тапсырмалар қояды: өрт сөндіру үшін күш пен құралдарды орналастыруын жүргізуді; өртте байланысты үйымдастыруды; өрт туралы мәліметтерді КҚЖБО-қа хабарлауды; жедел құжаттарды жүргізуді.
ӨСБ тыл бастығына өзі немесе штаб бастығы арқылы тапсырмалар қояды: №2 жоғарылатылған шақыру бойынша келген техникаларды күтіп алуын және су көзіне орналастыруын ұйымдастыруды; өрт сөндіруге dн = 13 мм 5 РС-70 оқпан және қорғауға 6 РС-50 оқпан беруді ұйымдастырады.
Күш пен құралдар әртүрлі бағытта келгендіктен ӨСЖ № 2 ӨСБ бөлімше командирі тыл бастығы көмекшісі етіп тағайындайды.
Бұйрықтарды бергеннен кейін ӨСБ міндетті:
барлауды жүргізуге және өрттегі жағдайды бағалауға; тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға және өзі басқаруға, бар күш пен құралдарды пайдаланып үрейді басуға;
шешуші бағытты, қажетті күш пен құралдарды, жауынгерлік әрекеттер әдістерін анықтауға;
бөлімдерге тапсырмалар қоюға, олардың өзара әрекеттерін ұйымдастыруға және қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге;
үзіліссіз өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалауға және сәйкес шешімдерді қабылдауға;
өрт орынына келісімен оның сырт көрінісі бойынша ақпараттар беруге; шешімдерді қабылдап және бұйрықтар бергеннен кейін өрт мекен-жайын, не жанып жатқанын, қандай күш пен құралдар әрекетке кіргізілгенін, қосымша күш пен құралдар қажет екендігін хабарлауы керек; КҚЖБО -пен үзіліссіз байланыта болуға, жиі-жиі өрттегі жағдайларды және қабылданған шешімдер туралы хабарлап тұруға;
қосымша күш пен құралдарды бөлек-бөлек емес бір мезгілде шақыруға, және оларды қарсы алуды ұйымдастыруға;
өртке аға бастық келісімен жағдай туралы, өрт сөндіру бойынша қабылданған шешімдер туралы, өрт орынында қандай күш пен құралдар бар екендігін, әрекетке кіргізілгендерді, қосымша шақырылғандары туралы баяндауға;
жағдайға байланысты өртте жедел штабты ұйымдастыруға және оның орналасу орынын анықтауға;
жедел штабқа оның орналасу орынын және оған барлық қабылданған шешімдерді хабарлакға;
күш пен құралдардың резервін ұйымдастыруға, жұмыс жасаушыларға дем алуға, жылынуға және құрғақ киімге киінуге мүмкіндік беріп жиі-жиі ауыстыруға;
басқарушы құрам арасынан қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіні тағайындауға; қажет жағдайда медициналық көмек пунктін ұйымдастыруға;
өртке күш пен құралдар әртүрлі бағыттардан келген жағдайда тыл бастығына қозғалыс және байланыс құралдарымен көмекшілер бөлуге;
өрт сөндіруге қатыстырылатын қызметтермен өзара әрекет ұйымдастыруға, объекттің инженерлі-техникалық жұмысшыларымен тұрақты байланысты ұстауға және объек нұсқауымен және ұсыныстарды ескере отырып сөндіру құралдары және әдістері туралы шешімдер қабылдауға;
өрт себебін анықтауға шаралар қабылдауға;
нақты өртеу немесе өрттің басқа себептері белгілі болған кезде өрт алғаш пайда болған орынын сақтауға, мемлекеттік өрт бақылау жұмыскерлерін қатыстырып өрт туралы акт толтыру үшін қажетті өрт себебі болған заттар мен мүліктерді сақтауға;
өзі жанудың жойылғандығына көз жеткізуге, жойылған өрт орынын бақылау қажеттігін анықтауға;
құнды матриалдарды көшіру бойынша, төгілген судан қорғауды жэәне полиция қызметкерлері келгенше көшірілген құнды материалдардың күзетіне шеімдер қабылдауға;
өрт орынынан бөлімдердің және өзара әрекетті қызметтердің кету тәртібін анықтауға.
Өрт сөндіру үшін қоымша күш пен құралдардың қажеттігін анықтаған кезінде ӨСБ ескеруі қажет:
шақырылған күш пен құралдарды енгізгенге дейін от қандай ауданға тарау мүмкіндігін;
оқпандарды беру үшін, адамдарды құтқару бойынша жұмыс көлемін, ғимарат конструкциясын бұзу мен ашу және мүліктерді көшіру бойынша қажетті күштер санын;
арнайы қызметтердің қатыстыру қажеттігін;
суды автоцистерналармен жеткізу қажеттігін немесе суды айдаумен беруді ұйымдастыруды.
ӨСБ-нан штаб бастығы тапсырма алып ӨСБ шешімін жүргізуді қамтамасыз етеді және штаб жұмысын ұйымдастырады. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ-мен, тыл бастығымен және жауынгерлік аймақ басшысымен байланыс үшін штаб бастығы өзімен алып жүретін радиостанция пайдаланады, ал КҚЖБО-пен байланыс үшін АЦ-2,5-40 радиостанциясын және жергілікті ауданның телефонын пайдаланады. ӨСБ бұйрықтарын бөлім бастықтарына жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨСБ қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Өрт сөндіру барысында штаб бастығы өрттегі жағдайды меңгереді, үзіліссіз барлауды қамтамасыз етеді және жауынгерлік аймақ бастықтарынан және объект өкілдерінен мәліметтер алады; ӨСБ барлау қорытындысы туралы және өрт сөндіру барысын хабарлайды. Штаб бастығы тұрақты ӨСБ бұйрықтарын орындалуын бақылауды қамтамсыз етеді, жедел құжаттарды жүогізеді.
Тыл бастығы ӨСБ тапсырма алып келген техникаларды күтіп алуды және жақын су көздеріне орнатуды ұйымдастырады. Жақын су көздері гидранттар болып табылады.
Үзіліссіз су беру үшін тыл бастығы сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс барысында тыл бастығы тахниканы толық қуатында пайдаланады, жең сызықтарын күзетуді қамтиды және полиция қызметкерлері көмегімен өрт ауданын қоршауды жүргізеді, су жүйесінде қысымды жоғарылату бойынша шаралар қолданады және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
1. Өрт сөндіруді жеке құрам ТОЖҚҚ-да жүргізуі керек. ТОЖҚҚ-дағы жұмыс «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру» жөніндегі тәлімдемені №446 ҚР ТЖМ бұйрығымен 22.12.2010 жылы бекітілген қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
2. Автомобильдерді және үш иінді сатылардың орынын ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тоқ және жарықтандыру жүйесін сөндіру қажет.
4. Өрт сөндіру кезінде әр жұмысшы құрылыс конструкцияларының жағдайын қадағалап отыруы қажет.
5. Өртті жою кезінде техника қауіпсіздігіне жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әртүрлі материалдарды лақтыруға ғимарат жанындағы жұмыс жасаушыларға ескертпей тыйым салынады.
7. Жүргізуші өрттегі жұмыс кезінде ӨСБ бұйрығысыз суды беруге немесе тоқтатуға, автомобильді сорғыш жұмыс жасап тұрған кезінде қозғалтуға тыйым салынады.
4.5 Зардап шеккендерді көшіруге күштер мен құралдарды есептеу
Университет тәрізді нысан адамдар көп келетін нысандар қатарына жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты тапсырмасы – бұл зардап шеккендердің денсаулығы мен өмірін құтқару. Бұл сұрақ өте маңызды болып табылады, өйткені мұнда 1600 адам бар, бұл өртке қарсы жағдайда және көшіру жұмыстарын тез арада жүргізуде қиындықтар туғызады. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, өздік спецификасы бар болғандықтан, үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады.
Қажетті көшіру уақыты - өрт кезінде жұмыс аймағының деңгейінде өрттің қауіпті факторлары пайда болатын уақыт аралығы.
Қажетті көшіру уақытын анықтау үшін өрттің қауіпті факторларының критикалық мәндерін білу қажет, бұдан басқа өрт кезінде бұл мәндердің пайда болу уақытын анықтай білу қажет.
Өрттің қауіпті факторлар санына орта температурасы, сәулелік ағындар, улы жану өнімдері және түтінденудің әсерінен көрудің жоғалуы жатады.
Орта температурасы. Ең үлкен қауіптілікті үстіңгі демалу жолдарының зақымдалуына әкелетін қыздырылған ауаны жұту, қылқындыру және өлім төндіреді. Осылайша, 1000С артық температура әсері естен тануға және бірнеше минуттан кейін өлімге әкеледі. Сол сияқты деенің күйюі де өте қауіпті. Күйюлерді емдеу медицинаның үлкен жетістіктеріне қарамастан, дененің 30 % бөлігінде күйдірулерді алған адамның аман қалуында күмән бар.
Кесте 4.3
Кестеде орта температурасынан 2-ші дәрежелі күйдіруді алу уақытының тәуелділігі келтірілген.
Орта температурасы,0С
|
1093
|
371- 482
|
176
|
100
|
71
|
2-ші дәрежелі күйдіруді алу уақыты, с
|
<1
|
3
|
7
|
15
|
26
|
Канадада өткізілген зерттеулерден анықталғаны, ылғалды атмосферада еікнші дәрежелі күюді 550С температура 20 секунд ішінде әсер ету кезінде тудырады және 700С әсер ету кезінде 1 секунд ішінде, өрт жағдайында экспозиция уақыты кезінде 69-710С температура бірнеше минут адам өмірі үшін қауіпті болып табылады.
Сәулелік ағындар. Кейбір жағдайларда адамдар үшін қауіптілікті сәулелік ағындар төндіруі мүмкін. Зерттеулермен дәлелденгендей, сауда кәсіпорындарында көшіру жолдарының жанында орналасқан заттар мен материалдар жанған кезде, сәулелік ағындар көшіруші тұлғаларға өрттің 0,5 мин кейін қауіп төндіреді. Ең үлкен сәулелік ағындардың қарқындылығы түрлі технологиялық қондарғылардың өрттері кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда адам арнайы қорғану құралдарынсыз мұндай қондырғыларға 10 м жақын жақындай алмайды
Кесте 4.4
Кестеде адам үшін сәулелік ағындардың қауіпті мәндері келтірілген.
Жылулық радиация қарқындылығы,
Вт/м2
|
840
|
1400
|
2100
|
2800
|
3500
|
7000
|
8750
|
Шыдау уақыты, с
|
360
|
150
|
40-60
|
30-40
|
10-30
|
5-11
|
3-8
|
Улы жану өнімдері. Полимерлі және синтетикалық материалдар көп мөлшерде болатын сауда кәсіпорындарындағы өрттер кезінде адамдарға улы жану өнімдері әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінде улы әрекетті көрсететін химиялық қосылыстардың 50-100 түрі бар болуына қараматан, түрлі елдердің ғалымдарының пікірлері бойынша, өрттер кезінде адамдар өлімінің негізгі себебі көміртегі қышқылымен улануы болып табылады.
Көміртегі қышқылы, оттегіге қарағанда қан гемоглабинімен 200-300 есе жақсырақ әрекеттеседі, осының әсерінен қызыл қан денешіктері организмді оттегіме қамтамасыз ету қабілеттілігін жоғалтады. Оттегі аштығы, талшықтар гипоксиясы басталады, ойлау қабілеті жоғалады, адамның сезу қабілетігі төмедейді, қауіптіліктен құтылуға ұмтылмайды, бас айналу, қозғалыс координациясы бұзылады, ал тыныс алу тоқтаған кезде – өлім.
Айта кету керек, өрттің қауіпті факторының критикалық мәні ретінде қауіпті өлім мәнін емес, қозғалу қабілеттігі жоғалған кезде болатын мәнді қабылдау қажет.
Кесте 4.5
Кестеде өрттің қауіпті факторларының критикалық мәндері жобалап келтірілген.
Өрттің қауіпті факторлары
|
Өлшемділігі
|
Критикалық мәні
|
Орта температурасы
Сәулелік ағындар
Ортаның әлсіреу коэффициенті
Ауадағы заттар концентрациясы:
цианистті сутегі
фосген
азот қышқылы
күкіртсутегі
хлорлы сутегі
көміртегі қышқылы
күкіртті ангидрид
көміртегі екі оксиді
оттегі
|
0С
Вт/м2
м-1
г/м3
|
70
3000
0,46
0,2
0,2
1
1,1
3
3,6
8
162
214 (немесе 15%)
|
Қазіргі заманғы оқу мекемелері қиын жоспарлы, тармақталған инфрақұрылыммен, бір уақытта бірнеше жүз оқушыны оқытуға есептелген көп қабатты ғимараттар түрінде болып келген. Өрт жағдайында бұл ғимараттардан көшіру жеткілікті түрдегі қиын тапсырманы қояды, аз қозғалатын адамдарды көшіру одан да қиынырақ және үлкен қауіппен байланысты. Қазіргі уақытта аз қозғалатын адамдар өрт қауіпсіздігі сұрақтарында үлкен назарға ие болып отыр.
Алынған берілгендер анализі қозғала алмайтын адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындыларда жасауға мүмкіндік береді.
Үздіксіз қозғалыстың максималды уақыты – адамдарды носилкаларда тасымалдау – 2-3 мин құрайды; аралық үзілістермен (5-10 с) - 5 мин; өте үлкен үзілістермен (30 с дейін) - 10 мин;
Жұмыстың 10 минуты өтуімен жұмыс қабілеттіліктің дереу түсуі байқалады, оның әсерінен жұмыстарды орындау мүмкін емес, бірақ организм функциясының бұзылуымен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі жұмыстың 1 минутында шамамен 10 % құрайды.
Жүкті тасымалдау адамның қозғалыс жылдамдығына қатты әсер етеді, бұың әсері қозғалыс жылдамдығының адамдардың физикалық дайындығына тәуелділігі болып табылады.
Зардап шеккендерді көшіру уақытын есептеу
Өртте адамдарды құтқару жауынгерлік іс-қимылдардың ең маңызды түрі болып табылады және қауіпті факторлар әсер ететін аймақтардан адамдарды көшіру бойынша іс-шаралар жиынтығы түрінде болып келеді.
Құтқару жұмыстары мынадай жағдайларда ұйымдастырылады және өткізіледі, егер:
адамдарға от, жоғары температура, жарылыс қауіптілігі немесе конструкциялардың құлатылуы қауіп төндірсе, олар орналасқан бөлмелер түтінмен немесе зиянды газдармен толтырылса;
адамдар өздігінен қауіп жерлерден шыға алмаса немесе үрей күйінде болса;
көшіру жолдары бойынша от пен түтіннің таралу қауіптілігі бар болса; адам өмірі мен денсаулығына қауіпті от сөндіргіш заттар мен құрамдардың қолданылуы қарастырылса.
өрт кезінде адамдарды құтқару, ең үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен әдістерді қолданылумен өткізілуі тиіс, және қажеттілік кезінде үрейді болдырмау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен.
Өртте адамдарды құтқару, ереже бойынша, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдардың бір уақытта қанат жаюымен өткізіледі.
Адамдарды қауіпсіз құтқару жағдайларын қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті түрде, егер адамдарға от қауіп төндірсе және құтқару жолдары бөгеттелген және отпен қамтылса.
Егер адамдарды құтқару және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды бір уақытта өткізу үшін күштер мен құралдар жетіспесе, адамдарды құтқару үшін өртке қарсы қызметінің барлық жеке құрамы қолданылады, және қосымша күштер мен құралдар шақыртылады, басқа жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілмейді.
Адамдарды құтқару үшін қысқа және қауіпсіз жолдар қолданылады:
негізгі кірулер мен шығулар;
қосымша шығулар;
терезе ойықтары, балкондар, лоджиялар мен галереялар;
жабындылардағы люктер, егер олар арқылы ғимараттан шығу мүмкінділігі бар болса;
өрт сөндірушілермен жасалатын арабөлгіштер мен қабырғалардағы, аражапқыштардағы ойықтар.
Бұл жағдайда келесі құралдар қолданылады:
стационарлы және қолды өрттік сатылар; автосатылар ме автокөтергіштер;
апаттық-құтқару жабдықтары және құралдары; құтқару құралдары (құтқару жеңі, жіптер, траптар, жеке құтқару құралдары); үрлемелі және амортизациялық құрылғылар; ТОЖҚҚ; ұшатын аппараттар.
Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылады:
Өртке қарсы қызметінің қызметкерлері көрсеткен адамдардың қауіпсіз бағытта өз беттерімен шығуы; құтқару жолдары түтінденген жағдайда өрт сөндірушілердің жетекшілігімен құтқарушыларды шығару, немесе құтқарылатындардың күйі мен жасы қауіпті аймақтан өз беттерімен шығуға күмән келтіреді; қауіпті аймақтан өздігінен шыға алмайтын адамдарды шығару; техникалық құтқару құралдарының көмегімен құтқарылатындарды стационарлы және қолды өрттік сатылармен, автосатылармен немесе автокөтергіштермен түсіру, құтқару жолдары отпен, түтінмен немесе құлатылумен және құтқарудың басқа да әдістері қолайсыз болған жағдайларда.
Адамдарды құтқарудың әдістері мен тәртібі өрттегі жағдайға және көмекті қажет ететін адамдардың күйіне байланысты ӨСБ анықталады.
Құтқару жұмыстарын өткізу кезінде қажет етілетіні:
ішкі хабарландыру жүйесін немесе басқа да құралдарды қолданумен үрейді болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдау; әкімшілікті, қызмет көрсетуші тұлғаларды, өртке қарсы құрылымдар қызметкерлерін жұмылдыру; жедел медициалық көмекті шақырту. Оның келуіне дейін зардап шеккендерге өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жеке құрамымен және өртте болатын медициналық қызметкерлермен алғашқы көмекті көрсету; құтқарылатындарды уақытша орналастыру үшін орындарды қарастыру;
Егер адамдар орналасқан орындар туралы мәліметтер бар болса және құтқарушылар оларды сол жерлерден таппаса, онда адамдар болатын барлық түтінденген және жанып жатқа бөлмелерме көршілес бөлмелерді мұқият қарау және тексеру қажет.
Адамдарды іздеуді тоқтату құтқару қажеттілігі болмаған кезде тоқтатылады.
5 Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
1-ші нұсқа бойынша өрт сөндірудің экономикалық шығыны
Экономикалық тиімділікті анықтау:
Э = П1 – П2, мұнда П1 – 1-ші нұсқа бойынша шығындар, П2 – 2-ші нұсқа бойынша шығындар.
П1 = Е К1 + С1 + У1
П2 = Е К2 + С2 + У2
Мұнда К1, К2 - 1-2 нұсқа бойынша өрт сөндіруге кететін шығындар; С1, С2 - 1-2 нұсқа бойынша эксплуатациялық шығындар ; У1 и У2 – 1-2 нұсқа бойынша өрттен келетін шығын.
I нұсқа
Жылжымалы күш пен құралдардың көмегімен өрт сөндіру.
Өртті сқөндіру уақытын шамамен 4 сағатқа тең деп аламыз
Эксплуатациялық шығындарды анытау формуласы:
С1 = Стр×то + С3×п + Со×с + Сгсм
мұндағы:
Сзп – төлем ақыға шығындар;
Стрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
Сос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
Сгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Су шығыны:
Qобщ = 70 л/с. Жұмысістеу уақыты t = 4 сағ немесе 240 мин
W = Qобщ ×tт × 60 = 0,70 ×240 × 60 = 10 080 м3
1 м3 су шамамен 165 тенге. Суға кеткен жалпы шығын:
Сос = 10 080 × 165 = 1663200 тенге.
Кесте 5
Жанар-жағар майға кеткен шығын. Жалпы 8 АЦ:
ӨА маркасы
|
Мөлшері
(шт.)
|
Жұмыс уақыты
(мин.)
|
жағармайдың шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ
|
8
|
240
|
0,33
|
950,8
|
АИ-80
|
88
|
55757
|
Қорытынды:
|
|
|
|
19,8
|
|
|
55757
|
Майлауға кететін шығынды ескерсек:
Сгсм =55757 × 1,25 = 69696 тенге
Техникалық қызмет көрсетуге кететін шығын:
Стр×то = 2000 . 12 = 24000 тенге
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
3 бөлімшеге қарауыл бастығы 115 000 * 7 = 805 000теңге
Бөлімше командирі 90000 * 13 = 1170000 тг.
Жүргізушілер 80000 * 12 = 960000 тг.
Өрт сөндірушілер 70000 * 40 = 3220000 тг.
Қорытынды: 6 155 000 теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
6 155 000 : 30 = 205166 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
205 166 : 8 = 25646 теңге;
Жалпы жұмыс істеу уақыты 4 сағат:
25646 * 4 = 102583 теңге;
Сонда, С1 = 24000 + 102583 + 1663200 + 69696 = 1 859 479 тенге
Өрттен келетін шығынды анықтаймыз.
Университетте өрт болған жағдайда жиһаздар және оқу құралдары өрттен жойылады.
Жалпы шығын: У1 = 3 000 000 теңге.
Орташа есеппен алғанда тоқыма өндіріс орындарында өрт 3 жылда 1 рет болатынын ескерсек:
1-ші нұсқадағы өрттен келетін шығын:
3000000
П1 = 1 859 479 + ────── = 2 859 479 тенге
3
2-ші нұсқа бойынша өрт сөндірудің экономикалық шығыны
”БУРАН-8” ұнтақпен өртті сөндіру модулі
|
Техникалық мінездемесі
Іске қосылу температурасы ± 50
Өрт сөндіру көлемі 48,0 м3
Өлшемдері диаметр/биіктік 250 ± 2 /350 ± 10
Жұмыс істеу уақыты, сек 5
Заряд салмағы 7,5
Толық салмағы 12 ± 0,3
|
Бағасы: 12000 теңге
|
Дәріс залын жабдықтауға кететін шығынды анықтаймыз:
Көлемі: 3,3*15*30=1485 м3
Жабдықтауға қажет модуль саны: 1485 / 48 = 31 модуль
Шығын: 31*12000=372000 тенге
Экономикалық үнем:
Э=П1-П2 = 2 859 479 – 372000=2 487 479теңге (5.8)
Анықталған үнемділікті ескере отырып, ғимараттың бөлмелерін ”БУРАН-8” ұнтақпен өртті сөндіру модулдерімен жабдықтау дұрыс шешім болып табылады.
Сонымен қатар қосымша ғимаратты стационарлы құтқару жеңдерімен жабдықтау дұрыс шешім болып табылады.
Қорытынды: Жоғарыда көрсетілген теңдеулердің нәтежиесінде өздігінен өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру әдісі үлкен экономикалық үнемге алып келіп қана қоймай, сонымен қатар адамдардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.
6 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау мен техика қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар нысан мамандарымен бірге өңделеді және жедел жоспарда қарастырылады, онда техика қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері бейнеленуі тиіс. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғауға қажетті конструкциялар бұзылуларының мүмкін аймақтары белгіленуі тиіс.
Өртті сөндіруге жұмылдырылатын қарауылдың жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық үйретулерді өткізу кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары өңделуі тиіс.
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінде техника қауіпсіздігі ережелерінде баяндалған талаптардан басқа, ӨСБ техника қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы газдалған, қатты түтінденген және температурасы жоғары, жоғарылатылған жылулық радиация аймақтарында жұмыс істеуші адамдарды қорғау бойынша іс-шараларды қабылдау қажет. Жеке құрам түтін люктерін, шынылануды тез ашуға жаттықтырылуы тиіс.
Конструкциялардың, стеллаждардың бұзылу қауіптілігі кезінде, қауіпті аймақтан жее құрамды көшіру шараларын уақытында қабылдау қажет.
Қоғамдық тағайындаулы ғимараттарда табысты өрт сөндіру жағдайларын қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық іс-шараларын өткізу керек. Бұл іс-шаралар автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерімен өртті анықтау және тоқтату мүмкінділігін, өртті сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды тез жұмылдыруды, сол сияқты өрт бөлімдері жеке құрамдарының тактикалық дағдыларын қамтамасыз етуі тиіс.
Өртке бөлімшелер келісімен жеке құрамға барлауды, жауынгерлік қанат жаюды және өртті сөндіру кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан болуы тиіс, және ең жақсы даындалған адам – командирмен басқарылады.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды өткізу кезінде, құрамында үш адамы бар ГТҚҚ буындарымен өткізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы өздігінен құтқару және құтқару құралдарымен, байланыс және жарықтандыру құралдарымен, конструкцияларды ашу жабдықтарымен, сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Барлауды жүргізушілер барлау нәтижелерін баяндай отырып, ӨСБ, жедел штабпен тұрақты байланысты қолдаулары тиіс. ӨСБ газтүтіннен қорғаушылар резервін құрып, оқшаулағыш тұмылдырықта жұмыс істеуші жеке құрамды уақытында ауыстырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жеке құрам жалынның немесе қызған газдардың мүмкін лақтырылуы кезінде күюден қорғалу үшін есік ойықтарын қолдана отырып, жанып жатқан бөлмелерге апаратын есіктерді мұқият ашулары, құрылыс конструкцияларының мүмкін бұзылуларынан қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
Өртті сөндіру кезінде шашыранды суды беру жолымен жоғары температураны төмендетуге іс-шараларды қабылдау қажет. Судың артық төгілуін болдырмау мақсатында жабылатын оқпадарды қолдану қажет.
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі.
Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады.
Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы көрсетеді.
Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады.
Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
ӨТЖ, штаттық аспапты, жеке және топтық құтқару құралдарын қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың тиісті тарауларында жазылған. Тиісті сертификаты бар штаттық емес техникалық құралдарды қолдану кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады.
Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі.
Лифт кабинасында бір мезгілде көтерілетін (түсірілетін) адамдар (жүк массасы) саны автосатыны пайдалану жөніндегі зауыт белгіленген нұсқаулықтың шамасынан (салмағынан) артық болмауы қажет.
АХҚЗ сақтайтын, жұмыс істейтін немесе ықтимал бөлінетін үй-жайларда (учаскелерде) жанған кезде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жұмысы тек арнайы қорғағыш жинақтарда және ТОЖҚҚ-да жүзеге асырылады. Бу қосылымдарын төмендету үшін үй-жайлардың (учаскелердің) ішін шашыранды сумен сулау қажет. Өрт сөндіру автомобильдері жанып жатқан объектіден кемінде 50 м қашықтықта ық жатқан орналасуы қажет.
МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамын жылу радиациясы мен механикалық факторлардың әсерінен жеке қорғау үшін жылу шағылдыратын костюмдер, жауынгерлік киім мен жарақ, суландырғышы бар қорғағыш металл тор, оқпандарға бекітілген асбест немесе фанер қалқандар, жерге орнатылған асбоцемент табақтар, оқпаншыны шашыранды ағыспен суландырғышы бар мақталы киім қолданылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын және күшті жылу радиациясы учаскелерінде жұмыс істейтін техниканы топтық қорғау турбиналы және желпуіш түріндегі бүріккіштің көмегімен құрылатын су бүркемелерімен (экрандарымен), ал жеке қорғау бүріккіш оқпандармен қамтамасыз етіледі.
Жануды жою кезінде сөндіруге қатысушылар жағдайдың өзгеруін, құрылыс құрылымдарының барысын, технологиялық жабдықтың жай-күйін қадағалауы қажет және қауіптілік туындаған жағдайда жауынгерлік учаскедегі барлық жұмысшыларға, ӨСЖ мен басқа да жедел лауазымды тұлғаларға дереу ескерту қажет.
Жабында (төбеде) және үй-жайдың ішіндегі далдаларда жұмыс істеу кезінде көтергіш құрылымдардың жай-күйін қадағалау қажет. Қирау қаупі болған жағдайда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы дереу қауіпсіз жерге кетуі қажет.
Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.
Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет.
Биікте жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың құлауын болдырмайтын сақтандыру бұйымдарын қолданып, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
оқпанды (қайшысы бар және т.б.) өрт сөндіретін қол сатысымен тек жұмысшыны саты баспалдағына өрт белдігі карабинімен бекіткеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады;
жабында жұмыс істеу кезінде өрт сөндірушілер сақтандыру үшін ғимарат құрылымына құтқару арқанымен бекітілуі қажет, бұл ретте құтқару арқанын қоршау құрылымдарына бекітуге тыйым салынады;
биіктерде және жабындарда оқпанмен жұмысты кемінде екі адам жүзеге асыруы қажет;
желі желісі жең ысырмаларымен бекітіледі.
Өрт оқпанын су беруді тоқтатқаннан кейін де қараусыз қалдыруға, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының салбыраңқы жабындарда және жану белгілері бар далдалардың учаскелерінде болуына тыйым салынады.
Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.
Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай:
газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;
электр энергиясын беруді тоқтату;
температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;
табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.
Ғимарат ішінде жарылу қаупі бар қосылымдардың түзілуі болдырмас үшін ұйымдардың әкімшіліктерімен келісімсіз аппаратура мен құбырлардан қысыммен шығатын (ағатын) жанғыш газдардың жалынын немесе жанғыш сұйықтықтардың буын сөндіруге болмайды. Қажет болған жағдайда және ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан тікелей бақылау болғанда газ бен будың ағуын тоқтату шаралары қолданылады, сондай-ақ жалынның және күшті жылу сәулесінің әсер ету аймағында орналасқан өндірістік жабдықты және ғимарат (құрылыс) құрылымдарын салқындату қамтамасыз етіледі.
ӨСЖ, лауазымды тұлғалар және өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өрт сөндіру кезінде су немесе басқа да өрт сөндіргіш заттарды (2-қосымша) қолдану қауіпті болатын заттар мен материалдардың түрлері мен типтерін білуі қажет.
Хауыздарда өртті жою кезінде тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оларды:
жеке құрамды пиролиз өнімдерінің ықтимал ұшқындауы кезінде және жалын лапылдағанда қорғау үшін есікке сүлгіні қолдана отырып;
турбина түріндегі саптамасы бар оқпандардан шашыранды су ағысын міндетті түрде беру арқылы;
құбырларға су беруді қосу арқылы ашу қажет.
Едәуір көлемде жанғыш тозаң бөлінуі ықтимал өндірістік үй-жайларда, қоймаларда өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш заттарды беру оларды тұндыру және жарылысты болдырмау үшін шашыранды ағыстармен жүзеге асырылуы қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін жанып жатқан аспаптар мен жабдықтарды, сондай-ақ көбікпен араласқанда қайнауы, ашылуы, жалынды күшейтуі мүмкін заттар мен материалдарды сөндіру үшін көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға тыйым салынады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы өртте оқпаншылардың шебінде, ғимарат құрылымдарын бөлшектегенде, өрт сөндіретін қол сатыларды орнатқанда және жең желілерін төсегенде электр желілерінің жай-күйін тұрақты қадағалауға және ол жөнінде ӨСЖ мен басқа да лауазымды тұлғаларға дер кезінде баяндауға, сондай-ақ қауіпті аймақта жұмыс істейтін өрт сөндіруге қатысушыларға ескертуге міндетті.
Табылған сымдардың токтан ажыратылғандығы анықталмайынша оларды кернеулі деп санап, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.
Ұйымда жасырын немесе транзитті электр өткізгіш болса, жұмысты ұйымның барлық жабдығын токтан ажыратқаннан кейін ғана жүргізу қажет.
Еден тәріздес материалдар болған жағдайда олардың астынан төселген сымдар мен салынған құбырлардың мақсатын анықтау қажет.
Радиациялық қауіпті объектілерде реакторлық қондырғыны басқаруды мүмкін емес тікелей қауіп болған жағдайда объектінің бас инженерінің (станция ауысымы бастығының) келісімімен 6,3 кВ дейін қоса алғандағы кернеумен жұмыс істейтін жабдықты сөндіруге болады. Мұндай жағдайда токтан ажыратылмаған электр қондырғысына дейін кемінде 5 м қашықтықта бүрку диаметрі 13 мм аспайтын өрт сөндіретін қол оқпандарымен берілетін шашыранды су ағыстары қолданылады.
Өрт кезінде жұмыс істегенде жүргізушілерге (моторшыларға) ӨСЖ және лауазымды тұлғалардың нұсқауысыз өрт сөндіру автомобильдерін, мотопомпаларды орнынан ауыстыруға, автосатылар мен автокөтергіштерді қандай бір орнынан қозғауға, сондай-ақ автомобильдерді, мотопомпаларды және жұмыс істеп тұрған сорғыштарды қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
Жолда жүк пойыздарының жануын жою кезінде өрт орнына келген ӨСЖ және лауазымды тұлғалар машинистен жанып жатқан және көршілес вагондағы жүктің түрін анықтауға, машинистен авариялық карточканы талап етуге және МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға міндетті.
Электрлендірілген учаскеде жылжымалы құрам өртін жою кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлға МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының сымдар мен байланыс желісінің және әуе желілерінің басқа да бөліктеріне кемінде 2 қашықтықта, ал байланыс желісі мен әуе желілерінің үзілген сымдарынан оларды жерге қосу орнына дейін кемінде 10 м қашықтықта жақындауын болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.
Өрт сөндіруге су мен көбік беруге байланыс желісі мен әуе желілерінен кернеуді алғаннан, оларды белгіленген тәртіппен жерге қосқаннан және осы үшін уәкілетті тұлғадан өрт сөндіру құқығына рұқсат алғаннан кейін ғана беріледі.
ТТС, ЖС, сұйытылған көмірсутек газдары бар теміржол цистерналары мен автоцистерналарындағы өртті жою үшін қуатты тасымал, жылжымалы және тұрақты лафетті оқпандарды қолдану қажет. Оқпаншылардың жауынгерлік шептері жарылыстың ықтималдығын ескере отырып, барынша алыс қашықтықта болуы және іргелес жер бедерінің, ғимарат пен құрылыстың жабындарының, сауытты қалқандардың, сауытты техниканың, қауіпті жүктері жоқ көлік құралдарының (вагондардың, автомобильдердің және т.б.) далдаларының астынан орналасуы қажет. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы жылу шағылдыратын және жылудан қорғайтын костюмдерде және шашыранды су ағысымен жұмыс істеуі қажет.
Ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, биологиялық қауіпті заттарды сақтайтын және олармен жұмыс істейтін ұйымдарда өртті сөндіру кезінде ӨСЖ және лауазымды тұлғалар ұйым әкімшілігінің МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын ықтимал зақымданудан қорғау бойынша ұсыныстарын мүлтіксіз орындаулары қажет.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өртті жою кезінде ӨСЖ ұйым әкімшілігінен сақталатын заттардың (материалдардың) сипатын және оларды сақтау орындарын (секцияларын) анықтауға, жұмыс істеу үшін жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға міндетті.
Улы химикаттар (химиялық реактивтер, минералды тыңайтқыштар және т.б.) қоймаларында өрт сөндіру кезінде мынадай қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет:
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ пайдалануы қажет;
өрт сөндіргіш заттарды беру және өрт техникасын орнату ық жақтан жүзеге асырылады;
қорғағыш костюмдерді (сыртқы киімдерді) шешкеннен кейін ғана ТОЖҚҚ-дан ажырату қажет.
Қажет болған жағдайда улы химикаттар (химиялық реактивтерді) мен тыңайтқыштарды бөлшектеу және эвакуациялау тек ұйым әкімшілігімен келісім бойынша және ол қажетті қорғану құралдарымен қамтамасыз еткеннен және жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Улы химикаттар сақталатын және олармен жұмыс істейтін объектіде өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы медициналық тексеруден және санитарлық өңдеуден өтеді, өрт техникасын, ТОЖҚҚ; ӨТЖ және мүлікті арнайы алаңдарда газсыздандыруды жүзеге асырады.
Химиялық заттар мен АХҚЗ бар ғимараттар мен үй-жайларда өртті жою кезінде ұйым әкімшілігінен оның сипатын анықтап, осы заттармен реакцияға түскенде жарылыстың, ұшқынның шығуына әкелуі мүмкін өрт сөндіргіш заттарды пайдалануға жол бермеуі қажет.
Жылжымалы өрт сөндіретін лафетті оқпандармен жұмыс істеу кезінде:
оны орнату үшін тегіс алаңды таңдау;
оқпанның лафетте мықтап бекітілуіне көз жеткізу;
оқпаншы мен көмекші оқпаншы жұмысқа әбден дайын болғанына көз жеткізгеннен кейін ғана оның жұмысын қамтамасыз ететін жең желісіне су беру қажет.
Жоғары қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар (ыдыстар) бар ұйымдарда немесе ғимараттарда өртті жою кәсіпорын әкімшілігінен қондырғылардың (ыдыстардың) түрі туралы, олардың ішіндегі зат туралы ақпарат алғаннан кейін жүргізіледі.
Өрт сөндіру барысында:
қондырғылардың (ыдыстардың) қабырғаларын күрт салқындату мүмкіндігіне жол бермей, қауіпті шекке дейін қызуын болдырмау шараларын қабылдау;
ұйым әкімшілігінен мүмкіндігінше қондырғылардағы (ыдыстардағы( қысымды қауіпсіз шекке дейін төмендету шараларын қабылдауды талап етуі қажет.
Газ баллондары мен коммуникациялардың жарылуы ықтимал жағдайларда басқа да қауіпсіздік шаралары мен МӨҚҚО бөлімшелерінің іс-қимыл жасау тактикасы тиісті ұсыныстармен белгіленген.
Электр қондырғылары бар үй-жайларда, жарылыс қауіпті ортадағы үй-жайларда, сондай-ақ жер асты метрополитен құрылыстарында өртті жою кезінде өрт сөндіруге қатысатын МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамына электр желілері мен электр қондырғыларын токтан ажырату бойынша өздігінен қандай да бір іс-әрекеттер жасауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен ұйым әкімшілігінен өрт сөндіруге жазбаша рұқсат алғанға дейін өрт сөндіргіш заттарды қолдануға тыйым алынады.
Кабельдер мен резина мен пластмасса оқшаулағыштары бар сымдар едәуір көп мөлшердегі үй-жайларда өртті жою кезінде лауазымды тұлғалар МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының жану барысында бөлінетін заттармен улану мүмкіндігін болдырмау шараларын қолдануға міндетті. МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы ТОЖҚҚ-мен жұмыс істеуі керек.
Улы реакторларды, радиоактивті материалдар сақтайтын және онымен жұмыс істейтін кәсіпорындарды, радиоактивті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын немесе ионды сәулелену көздерін қоса алғанда, радиациялық қауіпті объектілерде (бұдан әрі - РҚО) өртті және төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында МӨҚҚО басқару органдары мен бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары объектінің әкімшілігімен бірлесіп, радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес РҚО аумақтарында, ғимараттары мен үй-жайларында өрт пен ТЖ жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық әзірлейді.
Нұсқаулықта мынадай негізгі мәселелер қамтылуы тиіс:
объектідегі радиоактивті заттардың белсенділігін көрсете отырып, олардың тізбесі;
объект әкімшілігі келгенге дейін ТЖ жою, өрт сөндіру (мүлікті эвакуациялау және т.б.) бойынша қандай да бір жұмыс жүргізу мүмкіндігі мен жағдайлары;
дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету құралдары;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамын қорғау шаралары мен тәртібі;
радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының аса жоғары сәуле алуының болжалды деңгейлері;
қалыпты жағдайларда және радиация деңгейінің өзгеру мүмкіндігін ескере отырып ТЖ болған жағдайда, әр түрлі санаттағы үй-жайларда МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамының рұқсат етілген келу уақыты;
әр түрлі санаттағы ғимараттар мен үй-жайларда ТЖ жою құралдары мен тәсілдері;
ТЖ кезінде және оны жойғаннан кейін жеке құрамға алғашқы медициналық көмек көрсету және техниканы, жабдықты, ӨТЖ және жауынгерлік киімді дезактивациялау тәртібі, орны мен құралдары;
РҚО-да жануды, ТЖ жою үшін қосымша күштер мен құралдарды жұмылдыру, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелерімен, ішкі істер органдарымен, атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
РҚО-да ТЖ жою және өрт сөндіру кезінде МӨҚҚО қызметкерлерінің ерікті қатысу және оларды ықтимал сәулелену дозалары мен денсаулық үшін қаупі туралы ақпараттандыру тәртібі.
МӨҚҚО бөлімшелері жек құрамының мөлшерден тыс сәулеленуімен байланысты ТЖ және оның салдарларын жою жұмыстары жұмыстың шекті ұзақтығы, қосымша қорғаныс құралдары, қатысушылар мен жұмысты жүргізуге жауапты тұлғалардың аты-жөндері анықталған арнайы рұқсат (өткізу) бойынша радиациялық бақылаумен жүргізілуі қажет.
Персоналдың сәулеленуі мөлшерін жеке бақылау нәтижелері 50 жыл бойы сақталуы қажет. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті дозаларды, кезекті 5 жылға тиімді дозаны, сондай-ақ бүкіл қызмет бойына жиынтық жинақталған дозаны есепке алуды жүргізу қажет.
Жеке сәулелену дозасы кейін жеке карточкаға, сондай-ақ деректер базасын құру үшін машиналы тасығышқа енгізіліп, журналда тіркелуі қажет. Қызметкер сәулелену көздерімен жұмыс жүретін басқа ұйымға ауысқан жағдайда оның жеке карточканың көшірмесі жаңа қызмет орнына берілуі қажет, түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталуы тиіс.
Сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілетін тұлғаларға алған сәулелену дозасы туралы толтырылған жеке карточканың көшірмесі берілуі қажет. Іссапарға жіберілген тұлғалардың сәулелену дозасы туралы деректер олардың жеке карточкаларына жазылуы тиіс.
Өртті жою кезінде өрт сөндіргіш әсерінің жоғары дәлдігін және өрт сөндіргіштерді аз мөлшерде жұмсауды қамтамасыз ете отырып, бұл ретте радиоактивті тозаңның шашырау деңгейі мен өрттің қайта туындауын төмендетіп, едәуір алыс қашықтыққа және тек жанып жатқан алаңға ұсақ шашыранды түрінде қуатты импульстік ағыспен өрт сөндіргіштерді беру қажет.
РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы қажетті жеке құрамды (ауысымдық жұмыс режимі үшін резервті есепке ала отырып) ең аз мөлшерде жұмылдырып және радиацияның әсер ету жағдайында өрт және басқа да бейімделген техникасын қолдана отырып жүргізілуі қажет.
ТТС мен ЖС төгілуінен болған өрттерді, сондай-ақ РҚО-да ТЖ мен өртті жою жұмысы тек ТОЖҚҚ-да және нақты объектілер үшін көзделген қорғану құралдарында ғана жүргізіледі.
ӨСЖ объектінің әкімшілігі арқылы жұмыс істеуге жіберілетін МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық қауіпсіздік бойынша жұмыстың сипаты мен ретін түсіндіре отырып, нұсқаулықтан өтуін ұйымдастыруға, сондай-ақ оның қауіпті болу уақыты мен әкімшілік (дозиметрлік қызмет) белгілеген мерзімде дер кезінде ауысуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
ТОЖҚҚ-ға қосуды және одан ажыратуды, қорғағыш костюмдерді кию мен шешуді белгіленген қауіпсіз орындарда жүргізу қажет. ТОЖҚҚ-дан ажырату қорғағыш костюмдерді шешкеннен кейін ғана жүргізіледі.
Қауіпті аймаққа (ғимаратқа, үй-жайға) кіретін жерде МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының орта немесе аға басшы құрам тұлғасы басқаратын қауіпсіздік бекеті қойылады, онда МӨҚҚО бөлімшелері жеке құрамының радиациялық жағдайда жұмыс істеуін есепке алу журналы толтырылады.
РҚО-да ТЖ, өртті жою кезінде ӨСЖ:
радиациялық барлаудың үздіксіз жүргізілуін;
жеке және ұжымдық қорғау құралдарының, техниканың қорғағыш қасиеттерінің, ӨСЖ және жергілікті жердің дер кезінде және орынды қолданылуын;
радиацияға қарсы дәрі-дәрмектердің, антидоттардың, шұғыл медициналық көмек көрсету құралдарының қолданылуын;
зақымдану аймағында қозғалыс пен өрт сөндірудің едәуір орынды тәсілдерін таңдауды;
зақымданған жерде жеке құрамның белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын бақылауға міндетті.
Әрбір нақты жағдайда көрсетілген іс-шаралардың тізбесі мен мазмұны қалыптасатын жағдаймен анықталады.
МӨҚҚО бөлімшелері РҚО-да радиация деңгейі жоғары болғанда оларда күштер мен құралдар жеткілікті болған және әр өрт сөндірушіге шекті рұқсат етілген дозаның арту қаупі болмаған жағдайда ғана ТЖ жою бойынша өздерінің қызметін орындайды.
МӨҚҚО бөлімшелерінің жеке құрамы қорғағыш костюмдерде жұмыс істеген кезде жылу соққысын болдырмау үшін қорғағыш костюмнің түріне, қоршаған ортаның температурасына және жылу ағысының тығыздығына байланысты костюмдерде болу уақытының шекті рұқсат етілген уақытын есептеу қажет.
РҚО-да ТЖ жою үшін өрт және радиациядан қорғайтын өзге де техниканы пайдалану қажет. Мүмкіндігінше, өрт техникасын радиацияға қарсы құралмен жабдықтау қажет. Бейімделмеген өрт техникасы иондаушы сәулеленуден экран ретінде қызмет ететін зақымданбаған, күрделі қабырғалар немесе ғимараттар жағынан орнатуға болатын учаскеде қолданылады. Күштер мен құралдарды қайта топтастыру радиациялық жағдайларды ескере отырып жүргізілуі қажет. Резервтік күштер мен құралдарды жинау (орналастыру) пункттері радиациялық сәулелену көздерінен ық жақтан орналаспауы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады. Мұндай объекттерде өрт аз болмайды және адамдар өлімі мен үлкен материалды шығын әкеледі. Сондықтан дипломдық жоба тақырыбы «Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бас корпусында өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жауынгерлік іс-шаралар жоспары» маңызды.
Берілген дипломдық жобада Көкшетау Мемлекеттік университетінің өрт қауіптілік анализі жүргізілген. Өрттің тарау жылдамдығы анықталды. Объекттің жалпы сипаттамсы берілген. Университетте өрттің мүмкін даму жобалануы жүргізілді, әртүрлі уақытта өрттің дамуы, орта көлемді температура, бейтарап аймақтың биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.
Өрт сөндіру нұсқаларын, бірінші бөлім келу уақытын, өрттен мүмкін шығынды және адамдар жаппай келетін объектке жататынын қарастыра отырып, «Буран 8» өздігінен ұнтақпен өртті сөндіру құралдарымен бөлмелерді жабдықтап, стационарлы құтқару құрылығысын орантуды ұсыну дұрыс деп санаймын. Оның құрылысы өте оңай және бағасы да тиімді. Бұл құрылғы адамдарға уақытында өрттен қашу мүмкіндігін береді және өрт хабарлағыштары өрттен материалды шығын мен мүмкін болатын өлімдер санын төмендетуге өрт сөндіруге өрт бөлімдерінің ерте келуіне мүмкіндік береді.
Ұсынылған шаралар өртті мағыналы аз материалды шығынмен жоюға және көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Әдебиет тізімі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №267 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №266 бұйрығымен бекiтiлген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы
ҚР ТЖМ-нің 2010 жылғы «22» жетлоқсанда № 446 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесі
ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2005 жылғы «07» Шілдесі № 170 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы «15» қазан № 355 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12 шілде 2010 ж.
Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздат.1979г.
Собурь С.В. «Установки пожарной автоматики» М.спецтехника 2001г.
Собурь С.В. «Установки пожарной сигнализации» М.спецтехника 2001г.
ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы»
СНиП РК 4.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»
Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник руководителя тушения пожара», М. Стройиздат, 1987 г.
Повзик Я.С. «Пожарная тактика», М. Стойиздат, 1990 г., 2001 г.
Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве», М. Стройиздат, 1989 г.
Будасов Б.В. «Строительное черчение», М. Стройиздат 2002 г.
Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалар
«Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 Бұйрығы
1>
Достарыңызбен бөлісу: |