Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________ М.Орынханов
2013 жылғы «_____»____________
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»
5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тестке «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.
№ | Тақырыптар мазмұны |
Тапсырмалар саны
|
1
|
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні
|
1
|
2
|
Әдебиетті оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
|
2
|
3
|
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы
|
2
|
4
|
Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы, әдебиет оқулықтары мен оқу құралы
|
2
|
5
|
Әдебиетті оқыту әдістері, жаңа технологиямен оқыту
|
1
|
6
|
Көркем шығарманы талдау. Мәтінмен жұмыс
|
2
|
7
|
Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісі. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқып-үйрену
|
2
|
8
|
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
|
1
|
9
|
Көркем туындыны шығармашылықпен оқып-үйрену, терең меңгерудің жолдары
|
2
|
10
|
Әдебиет сабағы, оның үлгілері
|
2
|
11
|
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмысы, жазба жұмысына төселдіру
|
2
|
12
|
Сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар
|
2
|
13
|
Ғылыми-сын әдебиеттермен жұмыс істеудің жолдары
|
2
|
14
|
Педагогикалық іс-тәжірибенің рөлі
|
2
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны
|
25
|
Тапсырма мазмұнының сипатамасы:
Тест тапсырмалары студенттердің жалпы білім беретін мектепте қазақ әдебиетін оқытудың теориялық негіздері мен практикада қолдануы бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7. Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |