Қазақ тілі сабағында жаңа технологияны қолдану ғ. Ж. Хамитова



жүктеу 48,77 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.03.2018
өлшемі48,77 Kb.
#11864


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 

 

Ғ.Ж.Хамитова  

Орал қ. 

 

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше,  жан-жақты 



маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, 

адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Сонымен  жаңа 

формация мұғалімі қабілетті, кәсіби білікті, жаңа технологияны меңгерген, шығармашылықпен жұмыс 

жасайтын тұлға болуы тиіс.  

Тіл үйрету жұмысы – күрделі процесс. Сондықтан оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың 

барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Оқушыларға біз тек 

тіл үйретіп қана қоймай, олардың сабақ барысында қазақша ойлау дағдыларын қалыптастырып, өмірге 

өзіндік  көзқарасын  қалыптастырып  ұғым-түсінігін  кеңейтеміз.  Біз    өз  оқушыларымыздың  қабілетін, 

қазақ тіліне деген көзқарасын білуіміз керек. 

Бүгінгі  таңда  орыс  сыныптарында  қазақ  тілін  оқытудың  түрлі  жолдары  қарастырылып  жүзеге 

асырылуда. Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда.  

Қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  және  қазақ  тілін  шетел  тілі  ретінде  оқытудың  әдістемесіндегі 

негізгі  бағыт,  ол  –  интерактивтілік.  Бұл  біздің  қарым-қатынастар  орнату  мен  оларды  қолдау  үшін 

қолданатын  тіліміз.Өзара  қарым-қатынасты  қамтамасыз  ету  үшін  сөз  сөйлеуші  интерактивті 

стратегияларды қолданады. 

Интерактивті  сөз  –  өзара  әрекет  ету  бейімділігін  білдіреді  немесе  әңгімелесу,  әлдекіммен 

сұхбаттасу  түрінде  болады.  Демек,  интерактивті  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен,  сұхбаттасып  оқыту,  оның 

барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. 

Интерактивті  әдістердің  мәндік  ерекшелігінің  сипаттамасы  –  бұл  субьектілердің  өзара 

әрекеттестігінің  бір  бағыттағы  белсенділігінің  жоғарылығы,  қатысушылардың  өзара  әрекеттестігі, 

эмоционалдық, рухани бірігуі. 

Бұд  әдістерді  игеру  және  қолдану  үшін  оқытушыға  топтық  өзара  әрекеттердің  әр  түрлі 

әдістемелерін білу қажет.  

Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту 

жатады:  «Ми  шабуылы»,  топтардағы  жұмыс,  рөлдік  ойын,  ойын  жаттығулары,  жобаны  әзірлеу, 

жағдайлық тапсырмаларды шешу және т.б.  

«Ми шабуылы», - берілген сұраққа кез келген оқушы жауап бер алатын әдіс.  

«Ми  шабуылы»  қажеттілігіне  қарай  тиімді  әдіс  болып  табылады:  мәселелерді  талқылау, 

талқылауға  қатысуға  онша  сенімді  емес  қатысушыларды  ынталандыру,  қысқа  мерзім  ішінде  идеяны 

көптеп жинау. 

Топтағы жұмыстың пайдасы:  

- Оқушы  жалпы  жұмысқа  қосатын  үлесін  өзі  анықтайды,  сондықтан  сабаққа  бар  ықыласымен 

кіріседі. 

- Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді. 

- Оқушылардың өздеріне деген сенімі артады. 

- Бірлесе  жұмыс  істеу  балалардың  арасында  ынтымақ-бірлікті,  әдептілік  қасиеттерін 

қалыптастырады. 

Еліміз егемендік алып, Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 

кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда: 

1)  білім  мазмұны  жаңа  біліктермен,  ақпараттарды  қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен,  ғылымдағы 

шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. 

2)  ақпараттық  дәстүрлі  әдістері  –  қазіргі  заманғы  компьютерлік  құралдарға  ығысып  орын 

беруде. 


3)  баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,  оның  жан  дүниесінің  рухани  баюына,  тұлға  ретінде 

қалыптасуына көңіл бөлуде. 

4)  оқушыға орта деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына 

өту;  Осы  мәселелерге  орай  оқытудың  әр  түрлі  технологиялары  жасалып,  мектеп  тәжірибесіне  енуде. 

Мысалы,  академик  В.И.Монаховтың  технологиясы,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту 

технологиясы», профессор Ж.А.Караевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы». 

Әрбір  оқушыға  түбегейлі  білім  мен  мәдениеттің  негіздерін  беру  және  олардың  жан-жақты 

дамуына  қолайлы  да  тиімді  оқыту  технологияларының  бірі  -  Ж.Караевтың  деңгейлеп  оқыту 

технологиясы. 



Оқыту  маңыздылығы:  1)  Сынып  оқушыларының  бәрі  түгелдей  жұмыс  істейді.  2)Бос  отырған 

оқушы  болмайды.  3)Әркім  өз  білім  деңгейінің  мүмкіндігін,  іскерлігін  біліп  қана  қоймай,  оны 

дамытады.4)Қиындықты  жеңеді,  пәнге  деген  қызығушылықтары  қалыптасады.  5)Шығармашылық 

қабілеті дамиды. 

Нәтижесі: 

1) Қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. 

2) Білім деңгейін дамытады. 

3) Шығармашылық тұлға тәрбиелеу. 

Ойымды  толықтай  жеткізу  үшін  өз  тәжірибемнен  5  –  сыныпта  өткізілген  төмендегідей  сабақ 

үлгісі үзінділерін ұсынамын. 



Сабақтың тақырыбы: л/т: «Жыл мезгілдері» 

г/т: «Сан есімдерді қайталау» 

Жалпы мақсаты:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипаттай білу, сан есімдерді қайталау. 

Күтілетін  нәтижелер:  Оқушылар  жыл  мезгілдерінің  ерекшеліктеріне  сипаттама  бере  алады,  жыл 

мезгілдері  туралы  тақпақтар,  мақал-мәтелдер,  халық  болжауларын  біледі,  жұмбақтар  біледі,  семантикалық 

кестені  толтыра  алады,  мәтін  мазмұнын  сурет  арқылы  баяндай  алады,  сурет  бойынша  әңгіме  құрай  біледі, 

тақырып бойынша диалог құра алады. Сан есімге морфологиялық талдау жасай алады. 



Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау сабағы. 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық, жұптық жұмыс, рөлдік ойын әдісі; 

Керекті  жабдықтар,  көрнекілігі:  компьютер,интерактивті  тақта,  рөлдік  ойын  «Төрт  жыл 

мезгілі», «Жаз мезгілі» суреті, бояу қарындаштар. 



Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. 

Кіріспе: -Бүгінгі ауа райы туралы сұхбаттасу. 

Үй тапсырмасын тексеру: 

«Жаз мезгілі» тақырыбына диалог. 



Топқа бөлу: 1-топ «Маусым», ІІ-топ-«Шілде», ІІІ топ- «Тамыз» 

Тұсаукесер: -Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. 

Жұмбақ 

Бір ағашта он екі ұя

Әр ұяда отыз жұмыртқа.(Жыл он екі ай) 

Сабақтың мақсатымен, бағалау өлшемдерімен таныстыру 



Негізгі бөлім: 

«Баяндама» оқыта үйрету ойыны. 

Мен оқушыларға бір мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба, түрінде беруді 

ұсынамын. 

Бұл  «шпаргалканы»  оқушы  оң  жағындағы  көршісіне  береді.  Енді  әрқайсысы  өз  көршісінің 

суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» 

мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған топ Жеңімпаз атанады. 

Мәтін үлестіріледі. 

Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз.  Бір жылда он екі ай бар. Әр жыл 

мезгілі үш айдан тұрады. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары: наурыз, сәуір, 

мамаыр. Жаз айлары: маусым,шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан,қараша. Бір жылда 365 күн 

бар 

 

 



Рөлдік ойын: «Төрт жыл мезгілі» 

Жүргізуші: Бір күні жылдың төрт мезгілі орманда кездесіп қалады. Бір-бірімен амандасып, қал 

сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктерін айтып мақтанады.  

Оқушылар  әр  жыл  мезгіліндегі  мейрамдар  туралы  әңгімелеп,  мақал-мәтелдер,  халық 

болжауларын айтып, жұмбақтар жасырады... 



Ойын: «Адасқан жыл серіктері» 

(тақтада кесте ілулі тұрады) 



Қыс 

Көктем 

Жаз 

Күз 

қыркүйек 

маусым 

желтоқсан 



қазан 

қаңтар 


шілде 

шілде 


наурыз 

ақпан 


сәуір 

мамыр 


қараша 

 

(оқушылардың орындаған жұмысы:) 



 

 

Қорытынды: Семантикалық кестені толтыру. 

Жыл мезгілдері 

Айлары 

Күндері 


Түндері 

Ауа райы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Ой қозғау», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта» стратегияларын 

сабақтың әр кезеңінде енгізу оқушылардың сөздік қорларын байытуға жол ашады. 

Ы.Алтынсариннің  «Екі дос» әңгімесі бойынша топтық жұмыс түрлері. 

«Топтастыру» стратегиясы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Деңгейлік тапсырмалар: 

І деңгей: Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын әңгімелеу. 

ІІ деңгей: Әңгіме кейіпкелерін салыстыру. 

ІІІ деңгей:Әңгіменің негізгі ойын білідіретін сөйлемді тауып оқу. 

Интерактивтік әдіс оқушылардың бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады: 

1. Оқушы өзін-өзі еркін, батыл сезінеді. Үйретіп жатқан тілге деген қызығушылығы артады. 

2. Оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді. 

3. Білімі төмен оқушылар озат оқушылардан кей жерлерде көмек алады. Ал,  озат оқушылар өз 

сыныптастарына қамқорлықпен қарауға үйренеді. 

Дамыта оқыту – оқу процесінде оқушының барлық мүмкіндігін іске асыратын бағдарлы оқыту. 

Ол  тұлғаның  барлық  қасиетін  жеке  бірлікте  дамытуға  негізделген.  Оқушының  ойлау,  қиял,  ес,  сезім 

дүниесі  мәтінді  түсінуге  ерекше  әсер  етеді,  берік  білім  алуға  бағыттайды.  Оқушының  танымдық, 

зерттеушілік  қабілеті,  бақылаушылығы  артады.  Бұл  әдіс-тәсілдерді  мен  көбіне  әдебиет  сабағында 

қолданамын. Дамыту жаттығуларының түрлері: 



Сөз байлығын дамыту: мәтіннен нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді теріп, топтап жазу. Мәтінді 

бөліктерге бөлу, ат қою, өлең шумағын қара сөзге айналдыру. 



Өзіндік  ізденіске  жетелеу:  Оқыған  мәтінге  өзіндік  пікір  жазу,  мәтін  мазмұнын  ашатын  мақал-

мәтелдер келтіру. Өз сабағымда қолданған осындай жұмыс түрінен үзінді: 

Ой қозғау. 

-Балалар, қалай ойлайсыңдар,  өмірде әдепті адамдар көп пе, әдепсіз адамдар көп пе?   

-Бірнеше оқушы өз ойларын айтады. 

Ы. Алтынса 

рин  кім? 

 

Ы.Алтынсар 



иннің 

шығармалары 

Ы.Алтынсарин 

шығармаларының 

тақырыптары 



(жауап екі жақты болды жартысы әдепті, жартысы әдепсіз адамдар көп деп жауап берді, қысқаша 

дәлелдеме берді) 

-Балалар, психологтардың зерттеуінше адамның жақсы болып қалыптасуына 3 фактор әсер етеді 

екен, олар қандай факторлар? 

-Балалар: отбасы, мектеп, достары. 

Негізгі бөлім: Шағын мәтін үлестіріледі. 

(оқушылар топта оқып, талқылайды) 



...Мақпал әжейдің  қолындағы  сөмкелері өте ауыр еді. Ол біраз жүріп барып тоқтады да:  

-Уһ, белі түскір, үзіліп барады, - деп ұзақ тұрды. 

Мұны көрген Марат: 

-Болат, жүр, әжейдің заттарын апарып тастайық, -деді. 

-Қойшы, ойнаймын, - деп Болат бармады. 

Марат әжейге өзі көмектесті.  

-Әжей: 

-Балам, өркенің өссін, үлкен азамат бол! – деп екі қолына екі алма ұстатты...  

Сыныппен сұхбат: 

-Балалар, әңгіменің кейіпкерлері кімдер? 

-Кейіпкерлері: Мақпал әжей, Марат, Болат. 

-Сіздерге осы әңгімеде кім ұнады? 

-Оқушылар: Марат ұнады. 

-Неге? (оқушылар өз ойларын айтады). 

-Себебі Марат тәртіпті, үлкендерге  көмектеседі, әдепті бала, сыпайы. 

-Осы әңгімені қалай атауға болады? 

-«Мақпал әжей мен Марат»; «Әдепті бала», «Екі бала» т.б. 

Тапсырма: екі баланы салыстыру, ұқсастығын табу. 

Әр топқа 10 мақалдан ұсынылады, осы мақал ішінен балалар жұптасып әңгіме мазмұнына сәйкес 

келетін, оның идеясын ашатын мақалды тауып оқып, мағынасын түсіндіреді. 

 

Әдебиеттер 



1.«Жаңа технологияларды оқытудың тиімді жолдары», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс 

мектебінде». №11/ 2011. 

2. Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

3. «Мемлекеттік тілді оқытудың кейбір мәселелері», «Білім кілті» №6/2012. 

4. Смағұлова Ж.Е. «Интерактивті әдіс» Алматы, 2006. 

 

жүктеу 48,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау