Министерство науки и высшего образования республики казахстан


«Жалпы және теориялық физика» кафедрасы меңгерушісі: _______ Биболов Ш.Қ. 2009ж. «__»



жүктеу 393,04 Kb.
бет2/2
Дата11.12.2017
өлшемі393,04 Kb.
#3953
түріБағдарламасы
1   2

«Жалпы және теориялық физика»

кафедрасы меңгерушісі: _______ Биболов Ш.Қ. 2009ж. «__»___




1. Оқытушы туралы мәліметтер

Нұрғазина Балқаш Қадылбековна «Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы,

Қабылдау уақыты: Кеңес беру кестесіне сәйкес А1-102 ауд.
2. Пән туралы мәліметтер

Курс 1 семестрге есептелген. Семестрде 15 сағат дәрістік сабақтар, 22,5 сағат тәжірибелік, 15 сағат зертханалық, 90 сағат студенттердің өздік жұмысы қарастырылған. Бақылау түрі - емтихан.

Сабақтардың, межелік бақылаулардың және емтихан сессиясының кестелерін деканат қояды. Сабақтар сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Курстың мақсаты - оқушыларды келешекте алгоритмдеу әдістері мен программалауды қолдану және меңгеру үшін білім беру, қажетті іскерлік дағдыны игерту, олардың іс-әрекеттерін бағдарламалау саласында маман ретінде пайдалануға оқыту.


    1. Курстың міндеті - қолданбалы есептерді шешу кезінде студенттерге алгоритм әдістері және берілгендер құрылымы туралы жүйелі түсінік беру, студенттерді тану процесі кезінде және математикалық аппараттар арқылы практикалық іс-әрекеттерде нақты әлемнің заңдылықтарын пайдалануда кездесетін әртүрлі есептердің шешімін ЭЕМ–нің көмегімен есептелетін алгоритмдерді қолдануға және құруға студенттерді даярлау.


Курстың оқылу нәтижесінде студенттер білуі қажет:

  • негізгі алгоритмдік құрылымдарды;

  • мәліметтер түсінігін, мәліметтер құрылымын және типін;

  • есепті шешудің әртүрлі алгоритмдік технологиясын жасауды.


Курстың оқылу нәтижесінде студенттер істей білуі қажет:

  • әртүрлі типтік есептерге кіретін және шығатын берілгендердің типін және санын анықтауды;

  • әртүрлі типтегі есептерді шешудің алгоритмін құруды және нақтылыққа тексеруді;

  • дайын алгоритммен бағдарлама құруды.


Курсты оқуға қажет пәндер тізімі:

Осы курсты оқыту студенттердің орта мектеп курсындағы “Информатика” пәнінен алған біліміне негізделген.



3. Тақырыптық жоспар




Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәжір

Зертх.

СӨЖ

1

Компьютердің программалық құралдары

1







4

2

Есептерді алгоритмдеудің негіздері

1

4

1

4

3

Негізгі процедураларға бағытталған алгоритмдік тілдерде программалау. Алгоритмдік тілдің негізгі сипаттамалары

2

6

1,5

10

4

Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру

2

4

1,5

10

5

Программаның құрылымы

2







20

6

Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар

2

2

1,5

10

7

Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыларында көрсету

2

4

1

12

8

Графиктік операторлармен жұмыс

2

2,5

1

8

9

Программаларды ұйымдастыру

1







12




Барлығы

15

22,5

7,5 (15)

90


4. Пән мазмұны
4.1 Дәрістік сабақтың мазмұны
1. Компьютердің программалық құралдары

Программалаудың автоматтандырудың әдістері. Алгортимдік тілдер. Алгоритмдік тілдің қолдануы және оған қойылатын талаптар. Процедураға бағытталған тілдер және объектілерге бағытталған программалау туралы түсініктер. Компьютерді программалық қамтамасыз етудің жалпы жалпы түсінігі. Операциялық жүйелердің құрамы. Компьютермен пайдаланушының диалогын ұйымдастыру. Программалаудың интеграцияланған жүйелері.



2. Есептерді алгоритмдеудің негіздері

Алгоритмнің анықтамасы. Алгоритмді баяндаудың тәсілдері. Алгоритм схемаларын жасау ережелері. Алгоритмдердің құрылымдарының түрлері. Сызықтық және тармақталған алгоритмдердің құрылымдарының баяндалуы.

Техникалық есептердің қойылымының класқа бөлінуі. Есептердің типтік компоненттері: талдау, синтездеу, шешім қабылдау.

Ғылыми-техникалық есептер алгоритмдерінің схемаларының мысалдары.

3. Негізгі процедураларға бағытталған алгоритмдік тілдерде программалау. Алгоритмдік тілдің негізгі сипаттамалары

Pascal тілінің негізгі сипаттамалары. Тілдің алфавиті. Тілдің объектілерінің жазылуының ерекшеліктері. Мәліметтер типінің ұғымы. Мәндердің стандартты типтері. Айнымалалар және тұрақтылар ұғымы. Ерекше белгілер. Өрнектер. Арифметикалық және логикалық өрнектер. Мәліметтер құрылымы: массивтер, жиындар, жазбалар.

4. Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру

Алгоритмдік тілдің операторларын кластарға бөлу. Меншіктеу операторлары. Басқару операторлары. Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру.

5. Программаның құрылымы

Алгоритм схемасынан программа схемасына көшу. Алгоритмнің сызықтық құрылымын программалау. Тармақталған құрылымдарды программалау. Алгоритмнің циклдік құрылымдарын программалау. Массивтерді енгізу-шығаруды программалау. Қатарлар. Символдық мәліметтерді өңдеудің есептерін программалау.



6. Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар

Ішкі программаларды ұйымдастыру әдістері. Ішкі программаларды шақыру. Жадының жалпы облысын пайдалану. Стандартты ішкі функциялардың қоры және процедуралары. Оларды шақырудың тәсілдері.



7. Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыларында көрсету

Файлдар классификациясы: файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі. Мәтіндік файлдар. Нақты және логикалық файлдар түсінігі. Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару. Мәліметтердің динамикалық құрылымы. Сілтемелер. Кезектер және ағымдармен жұмыс істеу.



8. Графиктік операторлармен жұмыс

ДК-де графиктік режимде жұмыс жасауға дайындау. Геометриялық объектілермен жұмыс жасау процедуралары. Графиктік бейнелерді салу бағдарламаларына мысалдар.



9. Программаларды ұйымдастыру

Әртүрлі құрылымдық ұйымдасқан программалардың мысалдары. Құрылымдық программалау. Модульдік программалау. Программалық тілдерді таңдау. Программалау тәсілдері. Программалаудың сапалық көрсеткіші.



4.2 Практикалық сабақтардың мазмұны
ПР1. Сызықтық алгоритмді программалау.

Сызықтық алгоритмді программалау. Программаны толықтыру (түзету) және тестілеу.



ПР2. Шартты операторлар.

Шартты операторларының қысқа және толық формалары.



Таңдау операторлары.

Таңдау операторларымен байланысты есептерді шығару.



ПР3. Параметрлі циклдік оператор.

Параметрі бар циклдік оператормен қатысты есептерді шешуге бағдарлама құрастыру.


ПР4. Циклді процестерді ұйымдастыру.

Шарты алдын ала берілген және шарты соңынан берілген цикл операторлары. Кірістірілген циклдер.



ПР5. Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар.

Процедуралар және функцияларды қолданып шығарылатын есептерді бағдарламалау.



ПР6-7. Символдық және жолдық мәндер

Жолды өңдеу алгоитмі. Жолдан ішкі жолды іздеу алгоритмі. Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен процедуралар.



ПР8-9. Массивтер

Бір өлшемді массивтерге бағдарлама құрастыру.

Екі өлшемді массивтерге бағдарлама құрастыру.

ПР10. Массивті сұрыптау

Ең үлкенін (ең кішісін) іздеу алгоритмі. Ішкі және сыртқы массивті сұрыптау алгоритмі: таңдау арқылы сұрыптау, орын ауыстыру арқылы т.б.

Ішкі және сыртқы массивті сұрыптау алгоритмі: таңдау арқылы сұрыптау, орын ауыстыру арқылы т.б.

ПР11. Мәндердің күрделі типі

Мәндердің күрделі типі – жазбаларды, біріктіру операторын пайдаланып бағдарлама құрастыру.



ПР12-13Мәтіндік файлдармен жұмыс

Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар.



ПР14-15. Графиктік операторлар.

Графиктік ақпаратты өңдеу. Геометриялық объектілерді қолданып, тақырыптық суреттер салу бағдарламасы.


4.3 Зертханалық сабақтардың мазмұны
З1. Алгортим ұғымы

Алгортим ұғымы. Алгоритмнің мәтіндік және графиктік түрде көрсетілуі алгоритмнің қасиеті. Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталған, циклдік, көмекші (процедура және функция). Алгоритмдерге мысалдар.



З2. Сызықтық алгоритмді бағдарламалау

Программа құрылымы, мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру программа бөліктерінің мазмұны. Программа жасаудың технологиясы және оның реализаиясы. Сызықтық алгоритмді программалау. Программаны толықтыру (түзету) және тестілеу.



З3. Шартты оператор

Шартты оператор. Логикалық өрнекті қолдану. Кірістірілген шартты оператор. Құрама және бос операторлар. Шартты оператордың қысқа және толық формалары.



З4. Таңдау операторлары

Таңдау операторы. Таңдау операторының қысқа және толық формалары.



З5. Параметрлі цикл операторы

Параметрлі цикл операторы. Көпмүшені есептеудегі арифметикалық алгоритмдер. Саналатын типтер. Оларды параметрлі циклдерді ұйымдастыруда қолдану.



З6. Циклді процестерді ұйымдастыру

Шарты алдын ала берілген цикл операторлары. Кірістірілген циклдер.



З7. Циклді алгоритмдерді ұйымдастыру

Шарты соңынан берілген цикл операторлары.



З8. Ішкі бағдарламалар: процедуралар және функциялар.

Процедуралар және функцияларды қолданып шығарылатын есептерді бағдарламалау.



З9. Символдық және жолдық мәндер

Жолды өңдеу алгоитмі. Жолдан ішкі жолды іздеу алгоритмі. Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар мен процедуралар.



З10. Массивтер

Массив ұғымы және мәні. Элементтердің типі, өлшемі, индексі. Бір өлшемді массивтер.Массив элементіне кіруді ұйымдастыру.



З11. Массивтер

Екі өлшемді массивтер. Жедел жадыда массивтің орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.



З12. Массивті сұрыптау.

Ең үлкенін (ең кішісін) іздеу алгоритмі. Ішкі және сыртқы массивті сұрыптау алгоритмі: таңдау арқылы сұрыптау, орын ауыстыру арқылы т.б.



З13. Мәндердің күрделі типі

Мәндердің күрделі типі. Регулярлы тип. Жиындар типі. Жиындардың типіне және жиындардың мәніне тапсырма. Жиындарды қолданғанда, жиындармен орындалатын амалдар. Мәндердің аралас типі – жазулар. Біріктіру операторы.



З14. Мәтіндік файлдармен жұмыс

Файлдар классификациясы: файлдардың типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі. Мәтіндік файлдар. Нақты және логикалық файлдар түсінігі. Мәтіндік файлдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар. Берілгендерді енгізу шығару.



З15. Графиктік операторлармен жұмыс

ДК-де графиктік режимде жұмыс жасауға дайындау. Геометриялық объектілермен жұмыс жасау процедуралары. Графиктік бейнелерді салу бағдарламалары.



5. Әдебиеттер
Негізгі

  1. Нұрғазина Б.Қ. , Белгібаева С.А.Алгоритмдеу және программалау тілдері. Павлодар : Кереку, 2009.

  2. Нұрғазина Б.Қ. Бағдарламалау бойынша есептер жинағы. Павлодар : Кереку, 2008.

  3. Айтов Ж.А., Мақамбаев М.Б. Паскаль тілінде программалау. 1998

  4. Климова Л. М. Практическое программирование. Решение типовых задач в Pascal 7.0. М. Кудиц-образ. 2004.

  5. Фаронов В.В. TurboPascal 7.0. Начальное пособие. М. изд. «Номирис». 2002

  6. Культин Н.Б. TurboPascal в задачах и примерах. СПб.: БХВ-Петербург, 2003

Қосымша


  1. Грогоно П. Программное обеспечение персональных ЭВМ. М. Мир. 1982

  2. Йенсен К., Вирт Н. Паскаль: Руководство для использования и описание языка. М. Финансы и статистика. 1982.

  3. Марченко А.И., Марченко Л.А. Программирование в среде TurboPascal. Киев. «Век» 1999

  4. Ян Борецкий. Турбо-Паскаль с графикой для персональных компьютеров М. Машиностроение. 1991.


6. Бақылау түрлері бойынша ағымдағы үлгерім ұпайларының

күнтізбелік кестесі

(Программалау , 2 семестр)


1 рейтинг

Барлық ұпай

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8




Ең жоғарғы ұпай, соның ішінде бақы-лау түрлері бойынша:

8

16

8

16

9

17

9

17

100

Сабақтарға қатысу, дайындалу және топта жұмыс жасау

Дәрістер

2

2

2

2

2

2

2

2

16

Зертха-налық жұмыс




З1-2

8





З3-4

8





З5-6

8





З7-8

8


32

Практи-калық жұмыс

ПР1

4


ПР2

4


ПР3

4


ПР4

4


ПР5

4


ПР6

4


ПР7

4


ПР8

4


32

Оқытушымен студе-нттің өздік жұмысын орындау және уақытында тапсыру

СОӨЖ 1

2


СӨЖ1

2


СОӨЖ 2

2



СӨЖ2

2


СОӨЖ 3

3



СӨЖ3

3


СОӨЖ 4

3



СӨЖ4

3


20

Межелік бақылау






















100

100




2 рейтинг

Барлық ұпай

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Ең жоғарғы ұпай, соның ішінде бақылау түрлері бойынша:

11

18

11

18

10

22

10

100

Сабақтарға қатысу, дайындалу және топта жұмыс жасау

Дәрістер

2

2

2

2

2

2

2

14

Зертханалық жұмыс




З9-10

8





З11-12

8





З13-15

12





28

Практикалық жұмыс

ПР9

5


ПР10

4


ПР11

5


ПР12

4


ПР13

4


ПР14

4


ПР15

4


30

Оқытушымен студенттің өздік жұмысын орындау және уақытында тапсыру

СОӨЖ5

4



СӨЖ5

4


СОӨЖ6

4



СӨЖ6

4


СОӨЖ7

4



СӨЖ7-8

4


СОӨЖ8

4

28


СӨЖ орындау және қорғау

























Межелік бақылау



















100

100

Бақылау түрлері: З-зерханалық жұмыс, ПР-практикалық жұмыс, СӨЖ – студенттің өздік жұмысы, СОӨЖ – студенттің оқытушымен өздік жұмысы.



7. Курс саясаты

«Программалау» курсы практикалық курс болып саналады. Сондықтан міндетті түрде ағымдағы бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық практикалық, зертханалық, өздік жұмыс тапсырмаларын орындау міндетті болып табылады.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.

Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар студентті зертханалық, практикалық және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес студенттің жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.

Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.

Студент сабаққа кешігетін болса, сабаққа кіргізілмейді және босатылған сабақты қайта тапсыруға мүмкіндігі болмайды.

Сабақтағы ережені бұзғаны үшін айып салынады – бір сабақтан 5 ұпай алынып тасталады.

Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық, зертханалық жұмыстарға және оқытушымен студенттің өздік жұмысы тапсырмалары бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.

Өздік жұмысы өз нұсқаңызға сәйкес орындалуы қажет, әйтпесе жұмыс есептелінбейді. Тапсырма нұсқаларын оқытушы тағайындайды.

Әр тапсырма жеке файлда немесе бумада орындалып, СРС 1_ФИО, СРС 2_ФИО және т.б. деп аталынуы керек. СӨЖ-ының тапсырмалары иілгіш дикскке жазылып, бақылау шараларының кестесіне сәйкес оқытушыға тапсырылады.

Барлық тапсырмалар уақытында орындалуып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарын кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады. Айыптық санкция бақылаудың осы түрі үшін ұпайдың 80%-ын құрайды.

Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.

Семестрде компьютерлік тестілеу бойынша екі межелік бақылау қарастырылған. Тестілеу сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі.

2. Межелік бақылау (МБ) 100 балдық шкаламен анықталады.



Межелік бақылауға ағымдық үлгерім (АҮ) балы бар студенттер жіберіледі.

3. АҮ мен МБ бағалары бойынша студенттің пән бойынша рейтингі (Р1 және Р2) анықталады. Р1(2)=АY1(2)*0,7+ МБ1(2)*0,3

Егер студент МБ орындамаса немесе МБ-дан 50 баллдан кем алса, онда рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан студенттің МБ тапсыруының жеке мерзімін тағайындайды.

4. Студенттің семестр бойынша емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) бағасы ЖР=(Р1+Р2)/2

Егер пән бойынша курстық жұмыс (КЖ) болса, онда КЖ қорғау бағасы ЖР есептеуде ескеріледі: ЖР=(Р1+Р2)*0,7/2+КЖ*0,3

Сырттай оқитын студенттер үшін: ЖР=Р1 немесе ЖР=Р1*0,7+КЖ*0,3

Пән бойынша қорытынды тексеруге (ҚТ) (емтиханға Е) оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған студенттер және ЖР 50-ден кем емес балл алған студенттер жіберіледі.

5. Пән бойынша қорытынды баға (ҚБ) (итог): ҚБ=ЖР*0,6+Е*0,4

6. КЖ комиссия алдында қорғалады.

Емтихан тест және практикалық тапсырма түрінде жүргізіледі.




Студенттерге арналған пән бағдарламасымен танысу парағы




Студенттің аты-жөні

тобы

Құжатпен танысқан мерзімі

Студенттің қолы

1













2













3













4













5













6













7













8













9













10













11













12













13













14













15













16













17













18













19













20













21













22


















жүктеу 393,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау