Микроэкономика



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет26/30
Дата30.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#25484
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

111 
 
 
 
 
картелі. Ол мұнай нарығына бүгінде де әжептәуір әсер етуде. 
 
Баға  соғысы.  Баға  соғысы  -  бұл  қарсылас  болатын 
сатушылармен  бағаны  бірізділікті  азайту  циклі.  Бағаны 
тӛмендету  қарсыластардың  бүкіл  рынокты  тұтастай  жаулап  алу 
тілегімен түсіндіріледі. Баға соғысы әзірше бірде бір  фирма баға 
тӛмендеуінен  пайда  кӛрмейінше  және  экономикалық  пайда 
нольге  дейін  құлдырамайынша,  жалғаса  беретін  болады. 
Осылайша, сатушылар тепе-теңдікте Р = АС = МС кезінде бірдей 
бағаны 
тағайындайды. 
Баға 
соғысының 
нәтижесінде 
тұтынушылар жеңеді, бірақ сатушылардың пайдасы жапа шегеді. 
Ойындар  теориясы.  Ойындар  теориясы  олигополисттік 
фирмалардың стратегиялық ӛзара әрекетін бейнелейді, бұл кезде 
әрбір фирма қарсыластардың барлық мүмкін болатын әрекеттерін 
болжап  шешуі  және  қайта  талдауы  тиіс  және  қандай  ұсыныс 
бәсекелестердің  тәртібіне  қарағанда  сол  үшін  оңтайлы  екенін 
бағалауы  тиіс,  яғни  қорытындысында  ол  максимум  пайданы 
алуды калайды. 
Тұтқындар  дилеммасы  деп  аталатын  ойындар  теориясының 
классикалық  мысалы  олигополды  фирмалардың  кездестіретін 
мәселесін кӛрнекі түрде кӛрсетеді. Дилемманың мәні мынада: екі 
тұтқынды  бірігіп  жасаған  қылмыстары  үшін  жауапқа  тартады. 
Олар  әртүрлі  камерада  отырады  және  бір-бірімен  байланыса 
алмайды. Егерде екеуі де жасаған қылмыстарын мойындаса, онда 
әрқайсысы  5  жыл  мерзімге  жазаланады.  Егерде  ешқайсысы 
мойындамаса,  2  жыл  мерзімнен  жазаланады.  Егерде  біреуі 
мойындап,  екіншісі  мойынына  алмаса,  онда  біреуі  бір  жылға 
жауапқа  тартылады,  ал  екіншісі  10  жылға  бас  бостандығынан 
айырылады.  Олар  екеуі  бір-біріне  сенімсіздік  танытуына 
байланысты, олардың екеуі де қылмыстарын мойындарына алып, 
5 жылға бас бостандықтарынан айырылады.    
Олигополды  фирмалар  кӛбіне  мынадай  дилеммада  болады: 
агрессивті  түрде  бәсекелеседі,  не  болмаса  ынтымақтасады  және 
пассивті  түрде  бәскелеседі,  не  болмаса  құпия  түрде  сӛз 
байласады. Бұл нарық үшін басынан бір-біріне деген сенімсіздік 
қалыптасқан.  
 


112 
 
 
 
 
                    Ӛзін-ӛзі тексеруге арналган сұрақтар: 
 
1.  Монополиялық  бәсекелестік  нарығының  қандай  негізгі 
ерекшеліктері бар? 
2.  Сіздің  ойыңызша,  тұрғын  халықтың  тіршілік  деңгейінің 
динамикасы және мононолиялық бәсекелестіктің дамуы арасында 
қандай да бір тәуелділік бола ма? Түсіндіріңіз. 
3.  Монополиялық бәсекелестік нарығы үшін салалық ұсыныс 
және сұранысының қисығы қандай? 
4.  Олигополиялық рынок нені білдірелі? 
5.  Курноның дуополия моделінің мәні неде? 
6.  Дуополия моделінде шарттық қисық нені кӛрсетеді? 
7.  Сізге олигополия рыногы үшін тән баға стратегиясының 
қандай түрлері белгілі және олардың ерекшеліктері неде? 
8.  Курно,  Бертран  және  Штакельберг  моделдерін  ӛзара 
салыстырыңдар. 
9.  Жаңа  фирмалар  үшін  салаға  кіруді  бұғаттау  қандай 
тәсілмен жүргізіледі?   
10. Картелге кіретін фирмалар нені ұтып алады? 
 


113 
 
 
 
 
    11 ӚНДІРІС  ФАКТОРЛАРЫНЫҢ    РЫНОГЫ 
 
Ӛндіріс  факторларының  рыногын  қарастыру  кезінде  тӛрт 
классикалық  принцип  атап  кӛрсетіледі:  1)  ресурстардың  ӛзара 
ауысуы;  2)  ӛндірістің  минимум  шығындары;  3)  әрбір  ресурстың 
шекті  табыстығын  қамтамасыз  ету;  4)  MR  және  МС  теңдігін 
қамтамасыз ету. 
 
11.1 Ӛндіріс факторларына сұраныс 
 
Ӛндіріс  факторлары  рыногында  сұраныс  ерекшеліктеріне 
келесі сипаттамаларды жатқызады: 
1)  Ӛндіріс 
факторларына  сұраныс  екінші  сипатта 
болады. Бұдан, ӛндіріс факторларына сұраныс түзу сипатта емес, 
ал ӛндіруші сипатта болады және ӛндіруші сұраныс деп аталады. 
Бұл ӛндірістік ресурстарға сұраныс, оның ӛндірісінде осы ресурс 
пайдаланылатын  тауарға  сұранысқа  байланысты  болады  дегенді 
білдіреді. 
2)  Ӛндіріс факторларына сұраныс - бұл ӛзара байланысты 
процесс,  яғни  ол ӛндірістің  әрбір  факторлары  бойынша  сұраныс 
икемділігінен  байланысты  болады.  Ӛндірістің  әрбір  факторлары 
бойынша сұраныс икемділігі мыналарға байланысты болады: 
а)  фирма табысы және осы  фирманың  тауарларына  сұраныс 
деңгейі; 
б)  ресурстарды ӛзара ауыстыру мүмкіндігі; 
в)  фирманың жаңашылдыққа ұмтылысы
г)  рынокта қабылдауға болатын бағалар бойынша ӛндірістің 
ӛзара айырбастау және ӛзара толықтыру факторларының болуы. 
Ӛндіріс факторларының рыногы екі негізгі түрде енуі мүмкін: 
1)  жетілген бәсекелестік жағдайында ӛндіріс факторларының 
рыногы; 
2)  жетілген 
емес 
бәсекелестік 
жағдайында 
ӛңдіріс 
факторларының рыногы. 
Жетілген  бәсекелестік  жағдайында  ӛндіріс  факторлары 
рыногы ерекшеліктері болып, не сатып алушы, не сатушы ӛндіріс 
ресурстарының  бағасына  әсер  ете  алмайды,  ал  ӛндіріс 
факторларына  деген  баға  сұраныс  және  ұсыныстан  байланысты 


114 
 
 
 
 
болады,  сол  уақытта  жетілген  емес  бәсекелестік  жагдайында 
сатып  алушы  немесе  сатушы  ӛндіріс  ресурстарының  багасына 
әсер ете алуы мүмкін. 
 
 
 
11.1 -сурет - Нарық құрылымы 
 
11.2 Капитал рыногы 
 
Капитал  немесе  капиталды  активтер  рынок  -  бұл  ӛндіріс 
факторлары рыногының құрамдас бӛлігі. 
Капитал  -  бұл  тауарлар  және  кӛрсетілетін  қызметтерді 
ұлғайту мақсатында адамдар жасаған ӛндіріс құралдары. Капитал 
ӛзіне 
машиналар, 
ғимараттар, 
үймереттер, 
шикізаттар, 
материалдар,  идеялар,  ақпаратты  және  кӛптеген  басқаларды 
енгізеді. 
Капитал үш негізгі нысанда болады: 
1) 
жеке; 
2) 
қаржылық; 
3) 
адамзаттык 
 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау