103
10 МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОЛИГОПОЛИЯ
10.1 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі
монополистік бәсеке
Монополистік бәсеке - бұл ол кезде фирмалардың
салыстырмалы кӛп саны ұқсас, алайда бірдей емес ӛнімдер
ұсынатын
нарықтық
құрылым... Монополистік бәсекені
нарықгың - таза монополия және жетілген бәсеке деген екі
типтерінің белгілері сәйкесетін нарық құрылымы деп санауға
болады. Нарықтың таза монополиямен ұқсастығы мынада
фирмалар ӛз ӛнімдеріне ӛздері бағаны бекітеді және ӛздерінің
нарықтық тәртіптерінде еркін. Нарықпен нақты бәсекелестікте
оларды
ӛнімді
ӛндірушілердің,
сондай-ақ,
ӛнімді
тұтынушылардың кӛптігі біріктіреді. Бұл нарықты мысалға киім,
аяк киім нарығы тұрмыстық қызмет кӛрсету кәсіпорыны
(химиялық тазалау, кір жуу, шаштараз және б.), автокӛліктерге
жанармай құю станциялары (АЖС), ТҚС және т.б. сияқты,
«дайын кӛйлек» нарығы деп атайды.
Монополистік бәсеке теориясы тӛмендегі негізгі ұғымдармен
негізделеді:
1) сала сұранысының қисығына қарағанда, жекелеген
ӛндірушінің ӛнімдерге деген сұраныс қисығы неғұрлым
икемдірек. Бұл, ӛнімде ауыстырушы- тауарлардың болуымен
түсіндіріледі;
2) салаға кіру еркін. Бұл жағдайда ұзақ мерзімді кезеңде осы
саланың барлық фирмаларының экономикалық пайдасы нольге
тең болады дегенді білдіреді.
3) салаға кӛптеген фирмалар кіреді, сондықтан әрбір
ӛндіруші оның ӛзінің бағалық тәртібі үлкен топтарға
таратылатындай ғып әрекет жасайды.
Қысқа мерзімді тепе-теңдік. Қысқа мерзімді кезеңде
монополиялық бәсекелес фирманың тәртібі кӛбінесе монополияға
ұқсас болады. Алайда оның сұранысының қисығы және шекті
табысы неғұрлым икемділікті. Нарықта бәсекелестер неғұрлым
кӛп болса және ӛнімдерді саралау жоғарырақ, соншалықты
сұраныс та және шекті табыс та икемдірек. Ал калған жағдайда -
104
пайданы барынша кӛбейтуші немесе залалдарды барынша
азайтушы шығару кӛлемі (MR = МС кезінде) және баға да
монополия кезіндегіндей де анықталады. Сұраныстың қисығы D
1
кезінде монополиялық бәсекелестік нарығында жұмыс істеуші
фирма ӛзінің ӛнімдеріне деген бағаны Р
1
деңгейіне дейін
тӛмендету есебінен 10.1-суретте кӛрсетілген штрихталған
тіктӛртбұрыш ауданына тең пайданы алады.
10.1-сурет - Монополиялық бәсекелестік кезіндегі фирманың
қысқа мерзімді тепе-теңдігі
Мұнда жекелеген ӛндірушінің экономикалық пайдасы
нольден жоғары, демек бұл осы салада капиталды қайта үлестіру
дегенді білдіреді, ӛйткені қалғандарының бәрі осы фирманың
үлгісімен жүреді. Бұл D
1
қисығы D
2
жағдайына орын
ауыстырады, себебі аталған тауарға деген сатып алушылардың
нарықтық сұранысы фирмалардың үлкен санына қарай
таратылады дегенге әкеледі. Әрбір ӛндіруші тиісті түрде пайданы
алу шартын қайта қарастырады. Процесс, жекелеген фирма ӛзінің
ӛнімдеріне деген бағаны да, шығару кӛлемін де ӛзгертуге бейім
болмайтындай позицияға қол жеткізгенге дейін жалғасатын
болады.
Ұзақ
мерзімді
тепе-теңдік.
Ұзақ
мерзімді
кезеңде
монополистік бәсекелес фирмалар үшін белгілі бір әмбебап ереже
105
жоқ. Олардың тәртібінің сипаты нольдік экономикалық пайданы
алуға деген ұмтылысты біріктіреді.
Осылайша, ұзақ мерзімді тепе-тендік жағдайында Q
1
ӛндіріс
кӛлемі MR = МС ережесіне сәйкес анықталады, ал Р
1
бағасы
орташа жалпы шығындарға тең табысты қамтамасыз етеді, бұл
қалыпты пайданы алуды білдіреді (10.2-сурет).
10.2-сурет - Монополиялық бәсеке кезіндегі фирманың ұзақ
мерзімді тепе-теңдігі
Монополиялық бәсеке нарығында үзақ мерзімді тепе-теңдік
тӛмендегі ережелерге сүйенеді:
1) егер фирма жетілген бәсекелестік жағдайында жұмыс
істесе, онда ол шығындардың барынша азайту ережесіне сәйкес
ӛнімдердің ӛндіру кӛлемін кеңейте алар еді. Алайда ол
монополистік бәсекелестікте тауардың ӛте үлкен ассортименті
кезінде жоғары шығындармен ӛнімдерді шығара отырып, Q
1
ӛндіріс кӛлемін қалдырады.
2) баға ұзақ мерзімді тепе-теңдік кезінде пайданы барынша
кӛбейту ережесіне сәйкес таза бәсекелестік моделіне қарағанда,
шекті шығындардан асып туседі (Р
1
> МС). Бұл нарық үшін
жарнама, сауда брэндтары, нарықтық маркетингтік зерттеулер
үлкен рӛл атқарады.
106
10.2 Олигополиялық рынок
Олигополия рыногы онда сатудағы маңызды нарықтық
үлестері бар бірнеше бәсекелес ӛндірушілер жұмыс істейді,
сондықтан жекелеген фирманың баға ӛзгерісі және шығару
кӛлемі қарсыластың пайдасына әсер етуі мүмкін. (10.3-сурет).
Осыған байланысты олигополиялық фирмалардың ӛндірістік
шешімдері тек тұтынушылар реакциясынан ғана емес, сонымен
қатар бәсекелестер реакциясынан да және олардың стратегиялық
тәртібінен де байланысты болады. Олигополиялық рыноктың
басты айырмашылығы: баға соншалықты жиі ӛзгермейді, ал егер
ӛзгерсе, онда айтарлыктай шамада ӛзгереді.
10.3-сурет - Олигополиялық рынок белгілері
Басқа
нарықтық
құрылымдарға
қарағанда
әмбебап
олигополия болмайды. Нақты жағдайларда олигополия тәртібін
түсіндіретін, мысалы Курно дуополиясы және қарама-
қайшылықты мүдделері бар екі тұлға ойыны, нарықта, фирмада,
картельде басым болып тұратын модель сияқты модельдер
қатары әзірленген. Барлық модельдер олигополистік стратегия
пайданың азаюына, ал сӛз байласу және ынтымақгастық пайданы
кӛбейтеді деген фактіні дәлелдейді. Фирмалар пайда қуғанда, бір
Достарыңызбен бөлісу: |