УМКД 042–18-1.1.59/03–2013
|
№ ___ басылым
|
бет -тен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК |
УМКД 042–18-1.1.59/03–2013
| «Микро-макроэкономикалық талдау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдары | №__ басылым |
«Микро-макроэкономикалық талдау» пәні бойынша
6М011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығының магистранттары үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ - 2013
МАЗМҰНЫ
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Магистранттың өздік жұмыстары
ГЛОССАРИЙ
Берілген ОӘМ сәйкесінше анықтамасы бар келесі терминдерді қолданады:
Сиректілік – барлығының және әрбіреуінің тілегін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіз болу жағдайы.
Экономика (грек. оikos және nomos- шаруашылық жүргізу ережесі, заңы) – шаруашылық туралы, адамдардың оны жүргізу тәсілдері, өндірістегі өзара қарым-қатынастары, тауар айырбасы, шаруашылық процестердің өту заңдылығы туралы ғылым.
Макроэкономика (грек. macros) – ел экономикасына, жалпы шаруашылығына түгелдей қатысты үлкен, өте ірі, макрокөлемді экономикалық құбылыс пен процестерді зерттеуге арналған экономика ғылымының бір тармағы, бөлігі.
Микроэкономика – аз ауқымды экономиканың процестер, субъектер, құбылыстар негізінде кәсіпорындарды, фирмаларды, кәсіпкерлерді олардың өзара шаруашылық – экономикалық қатынастарын зерттейтін экономика ғылымының бір бөлігі.
Еңбек – адамның еңбекке қабілеттерінің жиынтығы (физикалық, ойлау, нервтік) түрінде қарастыратын жұмыс күші.
Капитал – кең мағынасында – табыс әкеле алатын мүмкіндіктердің жиынтығы, не болмаға тауар өндіруге, қызмет көрсетуге жиналған қорлар; тар мағынасында – іске жұмсалған өндіріс құралдары ретінде жұмыс атқарып отырған табыс көздері.
Табиғи ресурстар – бұл конструкторлық қайта өңдеусіз (егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, судағы биомасса, балық қорлары) натуралды жағдайда өндіруге қолданатынның (немесе қолданғанның) барлығы.
Тауардың немесе көрсетілетін қызметтің альтернативті құны – бұл талап етілетін сол уақыт пен ресурстарды қол жеткізерлік барлық альтернативалық қызметтердің ішінен ең жақсымен жұмыс істеу мүмкіндігі жоғалған көзқарасы жағынан өлшенген құны.
Экономикалық тиімділік – әдетте іс-әрекеттің ақшалай табысының, оны орындауға жұмсалған ақша қаражатының айырмасы мен есептелетін экономикалық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі.
Кәсіпкерлік – заңды және жеке тұлғалардың пайда табуға бағытталған тәуелділікпен және өздерінің мүлік жауапкершіліктерін атқаратын ынталы дербес шаруашылық қызметтері.
Сұраныс – тауарлы шаруашылыққа тән айырбастау мен сату жүйесінде нарықтық экономиканың күрделі ұғымы.
Ұсыныс – белгілі бір келісімге орай сатушының тауар сату, қызмет көрсету ниетін білдіреді.
Сұраныс заңы – принцип, оған сәйкес түрлі тепе-теңдік шарттарда тауар бағасы мен бұл тауарға сатып алынатын сұраныс көлемінің арасындағы кері байланыс болады.
Нарық шығыны – тауардың ұсыныс көлемі берілген бағада оның сұранысың көлемінен артқан кезіндегі жағдай.
Игілік – тұтынушылардың молшылық деңгейін көбейтетін тұтынушы сұранысының болжанатын қанағаттану мен белгілі тұрақты әкелетін тұтынудың кез-келген объектісі.
Тиімділік – тұтыну кезінде тұтынушының қанағаттану дәрежесін білдіреді, сатып алушыларды игілік пайдасы дейді.
Ординалистті пайда – игіліктерді теруге (қатарлы) сәйкес қандай да бір қатар, белгілі бір кезектілік.
Кардиналистті пайда – тұтыну сипаттамасының мөлшерінде (сандық) молшылық деңгейі мен бағадағы айырмашылықты сипаттайды.
Шекті пайда – берілген түрдегі игілік мөлшерін қосымша тқұтыну кезінде алынатын мошылық деңгейін қосымша көбейту.
Шекті пайданың төмендеу принципі – біркелкі тұтынылған игіліктер мөлшері коп болған сайын, соншалықты шекті пайда төмендейді.
Ординалистті теория – игіліктер терімін зерттеу заңдылығын, кезектілігін анықтау, таңдау кезіндегі қатары және құру қатынасын білдереді.
Талғамсыз қисығы – бұл себет терімдерінің нүктелерін қосатын қисық.
Тұтыну шығындары – (берілген игілік мөлшерінің құны) игілікті алу үшін ақша құралдарының шығындалуын білдіреді.
Алмастыру әсері – бұл бағасы түсіп бара жатқан тауарды алмастыру тенденциясы
Гиффин тауары – тауарлар, мұнда бағаның өсуі кезінде төмен тауардың сұранысы өседі
Ақша мультипликаторы – егер ақша базасы бірлікке өссе, мемлкеттегі ақша мөлшері қаншалықты өсетіндігін көрсетеді.
Инфляция (құнсыздану) – сапасы артпай-ақ тауар менкөрсетілетін қызмет бағаларының өсуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы.
Ұлттық валюта бағамы – шетелдік валюта бірлігінен айырбас кезінде ұлттық валютаның неше бірлігін алатындығын көрсетеді, отандық валюта бірлігінде көрсетіледі.
IS үлгісі – кейнсиандық концепция игілік нарығында тепе-теңдікке жеткен кездегі ұлттық табыс пен ставка пайызының мәнінің үйлесуін білдіретін нүктелер жиынтығы.
LM үлгісі - кейнсиандық концепция ақша нарығында тепе-теңдікке жеткен кездегі ұлттық табыс пен ставка пайызының мәнінің үйлесуін білдіретін нүктелер жиынтығы.
Монетарлы саясат- мемлекеттің экономикалық саясаты, негізінде ақша айналымын, деңгейін және мемлкеттегі барлық банктік жүйесінің тұрақтандыруына бағытталған орталық банк түрінде болады.
Инветиция мультипликаторы – табыстың өсуі мен бұнымен шақырылған инвестиция көлемінің өсуі арасындағы қатынасты білдіретін коэффициент.
Өгермелі валютаның бағамы – валюта нарығында ұсыныс пен сұраныс заңында ескертілген, түрлі мемлекеттердің валюта бағамы арасындағы еркін алмасу қатынасы.
Тұтынуға шекті бейімділік –қызмет пен тауар шығынының өгеру үлесі.
Ұсыныс жиынтығы – тауар мен қызметтерге орташа бағаны әрбір мүмкін деңгейде сатылатын және ұсынылатын ұлттық өнімнің нақты көлемі
Сұраныс жиынтығы – орташа бағаның түрлі мүмкіндік деңгейі кезінде тұтынушылар, кәсіпорындар, үкімет барлығы бірге төлеуге дайын ұлттық өнімнің нақты көлемі.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір уақыт аралығында (әдетте жылдық мерзімде) ел ішіндегі өндірілген ақтық өңделген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – кең тараған жиынтық қорытатын макроэкономикалық көрсеткіш.
Баға индексі – белгілі бір мерзім ішінде баға динамикасын (өсуі мен азаюын) бейнелейтін көрсеткіш; тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты немесе аймақтық ауқымда салыстырмалы өзгеруін білдіреді.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – өзінің бюджеттік шектеу шегінде экономикалық субъект болып белгіленген шаруашылық жоспары барлық нарықта бірге орындалатындай болатын жағдай.
Төлем балансы – ақша қаражатының төлем ретінде бір елден екінші елге ауысуын бейнелейтін кесте, ведомость.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысшы күштер санына қатынасы, пайыз мөлшерінде.
Фискалдық саясат, қазыналық саясат – халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, инфляцияға қарсы жалпы ұлттық өнімді молайтуға бағытталған үкіметтің мемлекеттік бюджет, мемлкеттік шығын және салық салу жөніндегі саясаты.
Экономикалық өсу – интенсивьі (тиімді, сапалы) және экстенсивті (сан жағынан көбею, ұлғаю) факторлардың әсерінен белгілі бір уақыт ішінде қол жеткен өндірістік және өндірістік емес мақсатта өнім шығару мен қызмет көрсетудің өсу көлемі, ұлғаюы.
ДӘРІСТЕР
Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс: Микро және мкроэкономикалық талдаудың пәні, мақсаттары және әдістері
Дәріс сабағының мазмұны:
Микро және макроэкономикалық талдау пәні
Негізгі экономикалық субъектілер және микро және макроэкономикалық талдаудың айналымындағы нарықтар
Микро және макроэкономикалық талдаудың әдістемесі
Қоғам адамзатының өмірі үздіксіз тұтынумен байланысты, бірақ өндірілген нәрсені ғана тұтынуға болады. Сондықтан адам ылғи да өндіріс пен тұтынудың қайшы бірлігінде тұрады. Тұтыну адам тілектерімен байланысты, ал өндіріс өндіріс ресурстарының болуымен байланысты. Адамдардың тілектері мен қажеттіліктері тез өсіп келеді. Бұның бәрі қажеттіліктің жоғарлау заңының күшінде жүреді.Ресурстар ылғи да шекті, демек олар сирек.
Сиректілік – барлығының және әрбіреуінің тілегін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіз болу жағдайы. Сиректік тұрақты жағдай болғандықтан, сиректік шартында адамдардың қызметі мен сиректілікті оқыту үшін экономика атты ғылым өзінің жігерін арнайды.
Экономика (ойкос, номос) – адамдардың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сирек ресурстарды қолдана отырып жасайтын таңдауларын зерттейтін ғылым. Демек, экономиканың заты ақша емес, материалдық игілік емес, адамдар, олардың қызметі және таңдау болып келеді.
Макроэкономика – экономиканың дамуын бір тұтас ретінде зерттейтін экономика ғылымының саласы. Экономиканың дағдарыссыз дамуы үшін шарттарды қамтамасыз ету, ресурстардың максималды қолданылуы, сонымен қатар жұмыссыздық мәселелерін шешу,инфляция деңгейінің минималдануы, төлеу балансының теңдігі макроэкономиканың кілтті міндеттері болып келеді.
Макроэкономикалық үлгілер және көрсеткіштер эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) айнымалылар түрінде айқындалады. Біріншілер экономикада бекітілген процестерді бейнелейді: ұлттың өндірісінің деңгейі, жұмысбастылық және жұмыссыздық деңгейі, ұлттық валюта бағамы. Екіншілері фискалды және монетарлы саясатты жүргізу жолымен сыртқы әсердің нәтижесін бейнелейді: салық салу деңгейінің өзгеруі, мемлекеттік шығындар көлемі және т.б.
Қорлар мен ағымдар айналым ағымдар үлгісінің негізі болып келеді. Экономикалық процестердің жүруінде оның қатысушылары арасында айырбас жүреді. Бұл үй шаруашылығы, фирма (кәсіпорын), мемлекет және шетел сияқты экономикалық агенттер. Макроэкономикалық айналымға үш негізгі нарық қатысады: ресурс нарығы, өнім (тауар, қызмет) нарығы, қаржы нарығы.
Микро және макроэкономикалық талдаудың заты экономикалық субъектілердің мінез-құлқы болғандықтан, мемлекет микро және макроэкономикалық талдауда бақылау әдісіне ерекше көңіл бөледі. Адамдардың өндіруші және тұтынушы, сатып алушы және сатушы түрінде мінез-құлқын бақылау туралы айтылады. Бұл олардың қызметінің заңдылығын, мінез-құлқын анықтайтын факторларын айқындауға мүмкіндік береді.
Экономиканың ғылым ретінде маңызды әдісі абстракциялық әдісі болып келеді. Бұл әдісті нарық механизмін, оның құрылымдық элементтерін, сатып алушылар мінезін және сатушы және т.б. зерттеу кезінде микро және макроэкономикалыұ талдау кеңінен қолданады.
Бақылау сұрақтары:
«Микро және макроэкономикалық талдау» түсінігінде не жатыр? Ғылым ретінде микро және макроэкономикалық талдау жағынан оқыту объектілері не?
Микро және макроэкономикалық талдау пәні қандай? Берілген пәннің спецификасы және күрделігі неде? Экономика нарығының «атомдалған» субъектілері түсінігін қалай түсінуге болады?
Неге мәселені таңдау микро және макроэкономикалық талдау жағынан көңілге алынатын негізгі объектісі болып келеді? Бұл ғылым «сирек» ұғымына қандай мағына береді? Неге бұл ұғым «тиімділік» ұғымымен тығыз байланысты?
Ғылым ретінде микро және макроэкономикалық талдау жағынан нарық пен мемлекет неге негізгі объект болып келеді?
Макроэкономика әдістемесінің ерекшелігі: агрегиттеу, үлгілер, қорлар.
Макроэкономикалық айналымның схемасын құру және түсіндіру.
Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 2. Сұраныс және ұсыныс теориясын талдау негізі
Дәріс сабағының мазмұны:
Сұраныс және оның факторы. Сұраныс функциясы.
Ұсыныс және оның факторы. Ұсыныс функциясы.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарық тепе-теңдігі.
Сұраныстың баға бойынша икемділігі: түсінігі, түрлері, факторлары. Нүктелік және доғалық икемділік.
Сұраныстың баға бойынша қиылысқан икемділігі. Сұраныстың кіріс бойынша икемділігі.
Ұсыныс икемділігі: түсінігі, өлшемі, факторы. Уақыт бойынша ұсыныс икемділігінің үш периоды.
Экономика нарығы апат ретіндегі үлгі түрінде шығып тұратын күрделі механизмді білдіреді, оның негізінде ұсыныс пен сұраныс үлгілерін нарықтық реттеу жатады.
Сұраныс («D») деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
Сұраныс бағасы – бұл сатып алушының белгілі тауар және қызмет мөлшеріне төлеуге дайын максималды бағасы. Сұраныс көлемі мен сұраныс бағасы арасында сұраныс заңында білдірілген анықталған байланыс бар.
Сұраныс заңы – принцип, бұған сәйкес түрлі тең шарттар кезінде тауар бағасы мен осы тауарға тұтынушылық сұраныстың шамасы арасында кері байланыс болады. Бұл бағаның түсу кезінде сұраныстың өсуін және сұраныс төмендегенде бағаның өсуін білдіреді.
Ұсыныс («S») – сатушылар берілген уақытта берілген баға бойынша сатуға ұсынуға дайын тауар мөлшері.
Ұсыныс көлемі түрінде құрастырылатын шарттар ұсыныс факторлары деп аталады.
Ұсыныс факторлары:
Бір тауар бағасы (Р);
Басқа тауарларға бағалар – комплименттер () және субституттар ();
Өндіріс шығыны және технология деңгейі (С);
Салықтар және субсидиялар (Т);
Өндірістің объективті (сыртқы) шарттары (N);
Өндірушілердің күтуі (Е)
Болжау функциясы «S» шамасының оны анықтайтын факторларға тәуелділігін бейнелейді:
QS = f (Р, Рs1 … Рsn, Рc1 …Рcm, C, N, E, T)
Ұсыныс функциясы бағадан:
QS = f (P)
Ұсыныс пен сұраныстың өзара байланысы, олардың түзетуші бағалық механизмнің және бәсекелестің негізінде жүзеге асырылады. Бұл нарықтағы тепе-теңдікке баға құрылуына әкеледі.
Нарықтағы тепе-теңдік – бұл тауар сұранысы оның ұсынысына тең болған кездегі нарық жағдайы.
Тепе-тең баға (Р) – бәсеке күштерінің әсері нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңгеретін баға.
Бір өлшемнің реакциялық мөлшері басқаға өзгеруі икемділік деп аталады.
Икемділік зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Мысал ретінде баға бойынша сұраныс икемдігін немесе сұраныстың бағалық икемділігін айтуға болады.
Егер бағаны Р, ал сұраныс көлемін Q деп белгілесе, онда сұраныстың бағалық икемділігінің көрсеткіші Ep тең болады:
(3.1)
Мұндағы ΔQ – сұраныс көлемінің өзгеруі, %; Р – бағаның өзгеруі, %; «Р» индексінде икемділік баға бойынша қарастырылатынын білдіреді.
Тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі көрсеткішін енгіземіз. Қиылысқан икемділік коэффициенті – А тауарына сұраныстың пайыздық өзгерісінің Б тауардың бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы:
Мұнда «с» индексінде қиылысқан икемділікті (ағыл. Cross) білдіреді. Коэффициент мәні қандай тауарға байланысты қарастырылатынына байланысты –өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы.
Достарыңызбен бөлісу: |