Microsoft Word Баяндама толық дайын tk2018 20062018. doc


Келесі бағыттар бойынша Баяндама ұсыныстары әзірленді



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет4/53
Дата07.02.2020
өлшемі1,35 Mb.
#28507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


 
Келесі бағыттар бойынша Баяндама ұсыныстары әзірленді: 
 
1.  Сот  ақпаратына  қол  жеткізуді  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар.  Сот  ақпаратына 
қолжетімдікті реттейтін, соның ішінде  сот шешімінің үлгісімен салыстыруға және 
талдауға мүмкіндік беретін тетік әзірлеу қажет. 
2.  Биліктің  заң  шығару  саласын  нығайту  бойынша  ұсыныстар.  Жеке  сараптамалық 
орталығын  қалыптастырып,  Есеп  комитетіне  бағынышты  болудан  босату  және 
қоғамдық кеңестермен тығыз байланыс орнату арқылы парламентті нығайту қажет. 
Өңірлерде депутаттардың мүмкіндігін күшейту мақсатында мәслихат аппаратының 
санын арттыру қажет. 
3.  Мемлекеттік  басқаруды  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар.  Есеп  беруді  жеңілдету 
және  оны  жариялау,  басқару  стратегиясын  әзірлеу  және  жасырын  қорларды 
анықтау  арқылы  мемлекеттік  мүліктің  барлық  саласын  реттеу  қажет.  Сондай-ақ, 
жерді  пайдаланудың  ашықтығын  қамтамасыз  ету  арқылы  экономикадағы 
транспаренттікті  арттырып,  заң  жобаларына  жемқорлыққа  қарсы  сараптама  енгізу 
керек.   
4.  Азаматтық  қоғамды  тарту  бойынша  ұсыныстар.  Өз  құқығын  жетік  білетін 
адамдардың  саны  көбейгенде  ғана,  азаматтық  қоғамды  сыбайлас  жемқорлыққа 
қарсы  күреске  жаппай  тарту  мүмкіндігі  туады.  Сондықтан,  мектепте  құқықтық 
білім  негіздерін  оқытып,    «Электронды  үкімет»  және  «Ашық  үкімет»  қызметін 
пайдалануды үйрету қажет.  



 
3.  Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы 
 
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс түрлерінің статистикасы 
ҚР  Бас  прокуратурасы  Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  комитетінің 
ақпараттық қызмет порталынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты жасалған қылмыс туралы 
статистикалық мәліметтерді табуға болады. Олар келесі формаларда ұсынылады: 
1.  Форма №1-М. Тіркелген қылмыс туралы және қылмыстық іздестіру органдарының 
қызмет нәтижелері туралы есеп (3 ай сайын шығады); 
2.  Форма №2-Л. Қылмыс жасаған тұлғалар туралы есеп (3 ай сайын шығады); 
3.  Форма  №  3-К.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  қылмыс,  оны  жасаған  тұлғалар, 
сотталғандар,  бұл  қылмыс  түріне  жүргізілген  қылмыстық  істер  мен  сыбайлас 
жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы есеп (тұрақты шықпайды). 
Әр  форма  MS Excel  форматында  бірқатар  кестемен  берілген.  Мысалы,  форма  №  1-М 
21 беттен тұрады, оның ішінде: 
  1 тарау. Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы; 
  3  тарау.  Құқық  бұзушылық  бойынша  жәбірленгендер  туралы  ақпарат  (ҚР 
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71-бабы); 
  4  тарау.  Келтірілген  материалдық  залалдың  бекітілген  мөлшері  және  сол 
шығынның аяқталған қылмыстық іс бойынша өтелуі туралы ақпарат (мың теңге); 
  6 тарау. Құқық бұзған тұлғалар туралы ақпарат; 
  8  тарау.  Құқық  бұзушылыққа  жол  берген  құқыққорғау  органдарының 
қызметкерлері,  судьялар  және  басқа  да  басқару  мен  билік  орындарының 
қызметкерлері туралы мәлімет. 
Қоғамға бұл қылмыс түрі бойынша барлық мәлімет қолжетімді. Төмендегі 3.1.1 және 
3.1.2  кестесінде 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі Қылмыстық кодекстің баптарына 
сәйкес  тіркелген  және  сотқа  жіберілген  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  қылмыс  саны 
көрсетілген. 
Тіркелген қылмыс түрлері арқылы келесі үрдісті көруге болады: 
  Шын мәнінде, ресми өкілеттік беру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, заңгерлік 
кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмеу, қызметтегі әрекетсіздік туралы қылмыстар 
өте аз, тіпті жоқтың қасы. Бұл қылмыстардың дәлелденуі өте қиын.  
  Қызмет бабын теріс пайдалану саны және қызметтік алаяқтық азайған.  
  Өкілеттігін  күшейту,  пара  алу,  пара  беру,  пара  беруде  делдал  болу,  немқұрайлық 
саны өсуде. 
  Жалпы  алғанда,  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  қылмыстың  өсімі  байқалады, 
бірақ, қылмыстың жалпы санындағы үлесіне шақсақ, шамамен 3 есеге азайған. 
Алайда,  сотқа  жеткен  қылмыс  түрлерінің  жағдайы  біршама  өзгеше.  Мұнда  алдымен 
параға  қатысты  қылмыстық  істер  сотқа  жіберіледі.  Айта  кетейік,  сотқа  жіберілетін 
құжаттың ішінде қарапайым қылмыс түрлеріне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қатысы 
бар  қылмыс  түрлерінің  үлесі  басым  –  30-20%  бен  70-80%,  яғни,  4-6  қарапайым 
қылмыстың тек біреуі сотқа жіберіледі. Мұнда Ішкі істер министрлігімен салыстырғанда, 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро қызметі өнімді деуге болады.  



 
 3.1.1-кесте. Есеп беру кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс саны 
 Қылмыстық кодекс бабы 
2008 
2009 
2010 
2011 
2012 
2013 
2014 
2015 
2016 
2017 
Лауазымдық өкілеттігін асыра 
пайдалану 
596 
658 
546 
551 
581 
644 
472 
945 
558 
388 
Билігін және қызмет бабын асыра 
пайдалану 
452 
170 
142 
221 
148 
158 
131 
649 
555 
395 
Лауазымды тұлғаның өкілеттігін 
пайдалану 










Кәсіпкерлік қызметке заңсыз 
қатысу 





10 

12 

15 
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі 
келтіру 







12 


Пара алу 
290 
344 
344 
388 
418 
316 
259 
551 
694 
812 
Пара беру 
246 
312 
228 
136 
121 
192 
185 
274 
290 
338 
Жемқорлық ісіне делдал болу 
17 
29 
18 
39 
35 
29 
26 
70 
47 
95 
Қызметтегі алаяқтық 
707 
735 
675 
659 
534 
749 
553 
283 
481 
191 
Қызметтегі әрекетсіздік 
34 
28 
20 
19 
30 
19 
17 
34 
14 
22 
Немқұрайлылық, ұқыпсыздық 
133 
183 
111 
126 
215 
287 
472 
507 
279 
212 
Сыбайлас жемқорлыққа 
қатысты қылмыстың жалпы 
саны 
2 483 
2 467 
2 090 
2 145 
2 087 
2 411 
2 127 
3 337 
2 928 
2 474 
Қылмыстың жалпы саны 
127 478 
121 667 
131 896 
206 801 
287 681 
359 844 
341 291 
386 718 
361 689 
316 418 
Сыбайлас жемқорлық 
қылмысының жалпы қылмыс 
санына шаққандағы үлесі, % 
1,95 
2,03 
1,58 
1,04 
0,73 
0,67 
0,62 
0,86 
0,81 
0,78 
ҚРБас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпаратына сәйкес. 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау