32
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет стратегиясы
Соңғы 18 жылда Қазақстан экономикасының дамуында алға елеулі қадам жасады деп
танылды. Негізгі экспорттық тауарлар және олар үшін жоғары бағалар мемлекетке
экономикалық өсудің жақсы көрсеткіштерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Экономикалық өсу мемлекеттік секторларда институттарды нығайту үшін реформалармен
жалғасты. Осы бастамаларға қарамастан, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың
тұтастығы және тұтастай алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында
Қазақстан ЭЫДҰ елдерінен артта қалып отыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзінің негізгі
басымдықтарының бірі ретінде анықтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар
реформаларды қолға алды. Олар 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
енуді көздейтін кең ауқымды экономикалық, әлеуметтік және институционалдық реформа
аясында іске қосылды.
Осы Стратегияны - 2050-нің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін институционалдық
реформаның бес бағытын қамтитын «100 нақты қадам» ұлттық жоспар әзірленді:
1. Қазіргі заманғы және кәсіби азаматтық қызметті құру;
2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
3. Индустрияландыру және экономикалық өсу;
4. Болашақ үшін бір ұлт;
5. Мемлекеттің ашықтығы мен есеп берушілігі.
БҰҰ-ның барлық халықаралық құқықтық стандарттары, сондай-ақ ЭЫДҰ Қазақстанда
қабылданған және жүзеге асырылып жатқан қазіргі стратегиялық құжаттарда көрініс
тапты.
Бұл құқықтық негіз болды және бұл - мемлекеттің, бизнестің және қоғамның ортақ
мақсатқа - сыбайлас жемқорлықсыз мемлекетке қол жеткізу стратегиясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қазіргі стратегиялық құжаттарды
жүзеге асыру тек тиісті мемлекеттік уәкілетті орган - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро, сонымен қатар ел басшылығының бақылауында.
Стратегияны жүзеге асыруға мемлекеттік мекемелер мен бизнес құрылымдар кеңінен
қатысады.
5.1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
халықаралық міндеттемелері
5.1.1. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы
Қазақстан 2008 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияны ратификациялады
55
.
Бұл елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықты, іскерлік
қоғамдастықтарды, инвесторларды, ұлттық және халықаралық институттарды, сондай-ақ
ұлттық заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды енгізудің
тиімді механизмін қабылдаудағы үрдістерді азайтудағы маңызды қадам.
Қазақстан тұрақты өзін-өзі бағалауды жүргізуде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
конвенцияны жүзеге асырудағы прогресті өзара бағаландыруға қатысады. Бағалаудың
55
Профайл Республики Казахстан по процессу выполнения положений Конвенции против коррупции.
Информация доступна по ссылке:http://www.unodc.org/unodc/treaties/CAC/country-
profile/CountryProfile.html?code=KAZ
33
соңғы раунды 2015 жылы өтті. Конференцияға қатысушы елдердің конвенуиясы
Қазақстанның жемқорлыққа қарсы реформаларын жүзеге асырудағы жетістіктерін оң
бағалпды.
5.1.2. ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі Шығыс Еуропа мен
Орталық Азиядағы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл
іс-қимыл жоспары
Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Желісінің
жұмысына белсенді қатысады.
1998 жылы құрылған Шығыс Еуропа мен Орта Азиядағы ЭЫДҰ-ның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы Желісінің басты мақсаты - мүше елдерге сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мен күресу, ақпарат алмасу, жақсы тәжірибені дамыту және өңірлік кездесулер
түрінде донорлық көмек көрсетуді үйлестіру жөніндегі күш-жігерлерін қолдау,
семинарлар, өзара оқыту бағдарламалары және мамандандырылған тақырыптық жобалар.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Ыстамбұлдың Іс-қимыл жоспары Желінің бір
бөлігі болып табылады.
006 жылдан бастап Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл
іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға қатысады. Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жоспары 2003 жылы Желіде іске қосылған өзара бағалаудың субаймақтық
бағдарламасы болып табылады
56
.
Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ыстамбұлдың іс-қимыл
жоспарының ұсынымдарын орындаудың төрт кезеңін өткізді. 2017 жылдың қыркүйегінде
мониторингтің IV раундының хаттамасы бекітілді. Мониторингтің үшінші раундының
ұсынымдарын іске асыру деңгейінің рейтингілері:
Қазақстан өткен 19 ұсыныстарының бір ұсынысын орындамады,
15 ұсынысты жарым-жартылай орындады,
Негізінен бір ұсынымды орындады;
Бірде-бір ұсыным толық орындалмады.
Төртінші Мониторинг раундының нәтижесі бойынша 22 жаңа ұсыныс жасалды және жеті
бұрынғы ұсыныстар әлі де жарамды болып танылды.
5.1.3. Өзге де халықаралық шарттар мен келісімдер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
аясында Қазақстан Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық
жауапкершілік туралы конвенциясын, Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
азаматтық жауапкершілік туралы конвенциясын және Еуропа Кеңесінің жемқорлыққа
қарсы мемлекеттер тобына кіруін (ЕКЖҚМТ) ратификациялауды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, ел халықаралық қаржы мониторинг жүйесіне қатысады және «Эгмонт
Тобының» мүшесі
57
(ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес
жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың халықаралық бастамасы).
56
Профайл Казахстана по динамике выполнения рекомендаций Стамбульского плана действий по борьбе с
коррупцией. Информация доступна по ссылке:
http://www.oecd.org/corruption/acn/istanbulactionplancountryreports.htm
57
Сайт группы Эгмонт, казахстанский профайл. Информация доступна по ссылке:
https://egmontgroup.org/en/content/kazakhstan-committee-financial-monitoring-ministry-finance-republic-
kazakhstan
Достарыңызбен бөлісу: |