Microsoft Word Баяндама толық дайын tk2018 20062018. doc


 ҚР-дағы сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік зерттеу



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет29/53
Дата07.02.2020
өлшемі1,35 Mb.
#28507
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53

63 
 
9. ҚР-дағы сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік зерттеу  
Сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы қолда бар ресми статистика елдің қазіргі жағдайын 
әрдайым  анықтамайды,  өйткені  оның  табиғаты  жасырын.    Осыған  байланысты  әртүрлі 
социологиялық ұйымдар өткізетін зерттеулердің жыл сайынғы мониторингі қажет.  
 
9.1. «Коррупция барометрінің» нәтижелері 
Әлемдік  сыбайлас  жемқорлық  барометрі  әлемдегі  азаматтардың  күнделікті  өміріндегі 
сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  бойынша  жеке  тәжірибесі  туралы  әлемдегі  ең  үлкен 
сауалнама  болып  табылады,  және  бұл  СЖҚБ-ден  Барометрді  сараптамалық  зерттеу 
ретінде ерекшелендіреді. Барометр азаматтардың қандай қоғамдық институттар мен билік 
органдарының  сыбайлас  жемқорлыққа  барынша  бейім  екендігі  туралы  пікіріне  сүйенеді. 
Зерттеу  сондай-ақ  респонденттердің  үкіметтің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-
қимылының тиімділігіне баға беруін көздейді. Сауалнама бірнеше жыл сайын өткізіледі. 
Алдыңғы  сауалнамаға  107  елде  114  мың  адам  қатысты.  Ағымдағы  сауалнама  (баяндама 
2017  жылдың  14  қарашасында  жарияланды
122
)  әлемнің  119  елі,  аумағы  және  өңірлерін 
қамтыды. Ол 2014 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін 162,136 ересек 
адаммен  сұхбатқа  негізделген.  Барлық  әлемдегі  респонденттердің  25%  -ы  соңғы  12  айда 
түрлі 
мемлекеттік 
органдарға 
жүгінген 
кезде 
пара 
беруге 
мәжбүр 
болған.  
Респонденттердің  57%  өз  үкіметтеріне  және  оның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет 
етуіне  сенімсіздік  білдірді.    Алайда  респонденттердің  жартысынан  көбі  тұрғындардың, 
халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруының нақты мүмкіндіктері бар деп санайды. 
24 жастан асқан адамдардың 58% -ы жағдайды өзгерте алатындығын мәлімдеді. Олармен 
55 жастағылардың 50 пайызы келіседі. Респонденттердің 36% -ы полиция мен сайланбалы 
лауазымды  тұлғалар  ең  жемқор  болып  көрінеді  (Еуропада  және  Орталық  Азияда  сегіз 
мемлекеттік қызмет бойынша сауалнама жүргізілді)
123
.  
Қазақстан  Республикасында  «Face  to  face»  әдістемесімен  01/03/2016  және    19/05/2016 
аралығында  1505  адамға
124
  (2013  жылы  1000  адам)  сауалнама  жүргізілді.  «Білмеймін» 
жауабының  көптігінен  (сұралғандардың  40  %)  Қазақстандағы  сауалнаманың  нәтижесі 
анықталмады.   
Бірінші және ең маңызды сұрақтардың бірі - соңғы 12 айда мемлекеттік қызмет алу үшін 
пара бердіңіз бе?
125
 
Егер  сыбайлас  жемқорлықпен  күресте  азаматтардың  практикалық  тәжірибесі  туралы 
айтатын  болсақ,  оның  деңгейінің  төмендеуін  атап  өтуге  болады,  алайда  сауалнама 
деректері  халықтың  көңіл-күйлері  елдің  экономикалық  жағдайына  тәуелді,  сондай-ақ 
денсаулық сақтау саласына, еңбек нарығындағы проблемаларға, білім  беру және қылмыс 
деңгейіне байланысты. 2016 жылы респонденттердің 29% -ы пара бердік деп жауап берді. 
Салыстыру үшін, 2013 жылы респонденттердің 39,9% иә деп жауап берген. Сауалнамаға 
сәйкес, пара берген азаматтардың үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 10,9% -ға азайды.  
Соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді ме? 2016 жылы респонденттердің 
37%  -ы  бұл  мәлімдемемен  келіскен,  32%  -ы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте 
ешқандай  жетістікті  байқамағандарын  айтты. Респонденттердің  22%  өз  пікірін  айқындай 
алмады. 
                                                
122
 https://www.transparency.org/_view/publication/8064 
123
 https://www.transparency.org/news/feature/global_corruption_barometer_citizens_voices_from_around 
_the_world 
124
 https://www.transparency.org/whatwedo/publication/7493 
125
 Люди и коррупция: Казахстан (Барометр мировой коррупции — 2016). 16.11.2016 // 
http://tikazakhstan.org/lyudi-i-korruptsiya-kazahstan-barometr-mirovoj-korruptsii-2016/ 


64 
 
Егер  ағымдағы  нәтижелерді  2013  жылы  алынған  нәтижелермен  салыстырсақ,  онда 
респонденттердің  тек  19%  -ы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресте  оң  өзгерістерді 
көргеніне жауап берсе, 18% жақсарғанын көреміз. 
Сыбайлас жемқорлықты қабылдауда институттар шамасында респонденттер құқық қорғау 
органдарын  (сұралғандардың  35%  -ы),  бизнес-компания  жетекшілерін  (29%),  судьялар 
мен  сот  қызметкерлерін  (28%)  ең  жемқор  деп  санайды.  Ал  жоғары  лауазымды 
шенеуніктерді жемқорлыққа тартылмаған деп санайды(11%). 
Азаматтардың  өздері  -  жол  полициясының  қызметкерлеріне  (47%),  жұмыссыздық 
бойынша  жәрдемақы  алу  үшін  (33%),  азаматтық  істер  бойынша  соттарда  (31%)  пара 
беретінін  мойындады.    Респонденттердің  үштен  бір  бөлігі    -  балаларды  балабақшаға, 
мектепке беруге (17%), әлеуметтік жәрдемақы алу үшіна (21%), медициналық қызмет алу 
үшін  (20%)  және  білім  беру  жүйесінде  жұмыс  істеуге  (23%),  мемлекеттік  органдардан 
ресми құжат алу үшін (19%) пара бергенін мәлімдеді.   
2013  жылы  өткізілген  сауалнамада  мемлекеттік  мекемелердегі  сыбайлас  жемқорлықты 
қабылдау деңгейі бағаланды, ең көп сыбайлас жемқорлықты құқық қорғау органдары деп 
атады, олар бес баллдық шкала бойынша 3,9 балл алды, мұнда 1 - «сыбайлас жемқорлық 
мүлдем  жоқ»,  5  -  «өте  жемқор  мемлекеттік  мекеме  /  қызмет».  Содан  кейін  соттарға  3,8 
балл, денсаулық сақтау және білім беру жүйесі - 3,6, мемлекеттік қызметшілер - 3,5 және 
жеке сектор - 3,2. 
Сонда  2013  жылы  анықталған  проблемалар  2016  жылы  сол  күйінде  қалып  отыр. 
Жемқорлық  рейтингісінде  әлі  күнге  дейін  құқық  қорғау  органдары,  соттар,  білім  беру 
және денсаулық сақтау салалары алдыңғы қатарда тұр.  
Жалпы,  респонденттердің  көпшілігі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласында 
үкімет  жұмысының  төмен  баға  берді.  Респонденттердің  46%-ы  -  жаман  және  өте  нашар, 
37% - нашар және өте нашар деп жауап берді.  
Осылайша,  қазақстандықтар  Еуропа  мен  Орталық  Азия  азаматтарының  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күресте  күш-жігер  жұмсау  қажеттігі  туралы  пікірін  растады. 
Сауалнама  көрсеткендей,  2013  жылмен  салыстырғанда  белсенді  іс-әрекеттерге  - 
наразылық  акцияларына,  өтініштерге  қол  қоюға,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қызметіне 
қатысуға дайын азаматтар саны қысқарған (2013 жылы 67%, 2016 жылы 47%).  
2017  жылы  43%,  2013  жылы  56%-ы  -  қарапайым  адамдар  ештеңе  жасай  алмайды  деп 
санайтын  пессимистік  азаматтар  саны  азайған.  Қазақстан  халқының  сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күресудің маңызды әдісі - пара беруден бас тарту - 24%. 
Еуропалық  және  Орталық  Азия  елдерінің  тұрғындары  секілді,  Қазақстан  азаматтары  ірі 
бизнес  мемлекеттік  шешімдерді  өз  мүдделері  үшін  қабылдауға  әсер  етеді  деп  санайды 
және мұндай әсердің алдын алу үшін заңнаманы күшейту қажет деп санайды - 15%. 
 
9.2. Әлеуметтік сауалнама деректері 
2017  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару 
академиясы,  «Социум-Зерттеу»  Стратегиялық  орталығы,  Экономикалық  зерттеулер 
институты сияқты ұйымдармен әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. 
«Социум-зерттеу»  стратегиялық  орталығы  респонденттерге  жемқорлыққа  қарсы  саясат 
туралы  оң  баға  берді.  Сонымен,    Респонденттердің  80%  -ы  ақша  мен  сыйлықтар  беріп 
көрмеппіз  деп  мәлімдеді.  Сонымен  бірге  респонденттердің  83%  әкімшілік  реформа  мен 
мәдени өсуді соңғы 10 жылда жемқорлықтың төмендеуімен байланыстырады. 
 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау