Придаточное цели
(Мақсат бағыныңқы)
Придаточное цели отвечает на вопросы неге? (зачем?), не үшін? (для чего?), не мақсатпен? (с какой целью?). Сказуемое придаточного предложения также образуется двумя способами:
От исходной формы глагола с предлогам үшін. Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. Для того, чтобы пораньше дойти до института, мы шли быстро.
От повелительной формы глагола во всех числах и лицах со вспомогательным глаголом деп. Базарға барайын деп, автобусқа отырдым. Я села в автобус, чтобы добраться до базара. Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім. Я отправил тебя в магазин, чтобы ты купил продукты. Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеп берді. Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг.
Институтқа тез жету үшін, біз тез жүрдік.
|
Для того, чтобы пораньше добраться до института, мы шли быстро.
|
Базарға барайын деп, автобусқа отырдым.
|
Я села в автобус, чтобы доехать до базара.
|
Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім.
|
Я отправила тебя в магазин, чтобы ты купил продукты.
|
Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп оқулық әкеліп берді.
|
Чтобы сын хорошо учился, отец купил ему много учебников.
|
9-тапсырма.Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді? 2.Үйге сәлемдеме жіберу үшін не істеу керек? 3. Жақсы демалу үшін не істеу керек? 4.Қалаға телефон соғу үшін қайда бару керек? 5.Институтты жақсы бітіру үшін не істеу керек? 6. Үй таза болу үшін не істеу керек? 7. Ана тілін неге білу керек? 8.Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз?
Металлургия факультетінің кафедралары
10-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Қара және түсті металдар металлургия»
кафедрасы
«ҚжТММ» кафедрасында студенттер агломерат, шойын, болат, ферроқорытпа, түсті металдар – мыс, қорғасын, мырыш және тағы басқа өндірістің технологиясын оқып біледі. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан тау-металлургия кешеніне қара және түсті металдар металлургиясы салаларындағы жоғары класты мамандардың көптеген саны қажет. Кафедралардың түлектері ҚР кәсіпоындарында «MITTAL STEEL TEMIRTAU» өндірісінің және цехтарының болашағы аса зор бағыттарына – болат балқыту, пештен тыс өңдеу және үздіксіз құю, №3 домна пешінің қазіргі заманның қорыту агрегатында жұмыс істеу үшін домна цехына жұмысқа орналасады. Алғашқы жұмысын жұмыс орындарында бастаған кешегі студенттер бөлімше шебері, кезекті басқарушысы және т.б. қызметтерге дейін өсе келе мансапқа жетеді.
Болашақта теміртауда технопарк, металды үздіксіз тәсілмен құю және сортты таптау өндіруге бағытталған жаңа электрлі болат қорыту кәсіпорындардың құрылысы болжалады.
11-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы
Кафедрада студенттер таптау және сым тарту технологиясы бойынша білім алады – бұл сортты және табақты таптау, банаждар, дөңгелектер, мерзімді профильдер, сымдардың барлық түрін, жоғары дәлдікті сым шыбықтар және әр түрлі қима құбырлар алуға мүмкіндік беретін пластикалық күйде металдар өңдеу түрлері. МҚӨ кафедрасында оқытылатын студенттер таптау мен сым таратудың бар болған және жаңа технологиялар өңдеуін оқып білуімен, конструкциялаумен, жобалаумен және таптау мен сым тарту жабдықтарын жетілдіру, оларды пайдалану және жөндеумен айналысады.
12-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Материалтану және металдар технологиясы» кафедрасы
Металтану және термиялық өңдеудің мамандары механикалық, температуралық және басқа факторлардың әсерінде металдар мен қорытпалардың құрамы мен құрылымынан механикалық, физикалық қасиеттердің өзара байланысын зерттейді. Бұл металл өнімдерін термиялық өңдеудің жаңа технологияларынөңдеуге, металлургиялық, құю-ұсталау, металл өңдеу цехтардың, сонымен бірге әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының термиялық жабдықтардың жаңа түрлерін өндіруге мүмкіндік береді.
13-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
«Химиялық технология» кафедрасы
Органикалық заттардың химиялық технологиясы – бұл негізгі органикалық шикізаттарды: мұнай, көмір және табиғи ғаздың органикалық синтездің бағалы өнімдерін қайта өңдеу процесі. Олардың әрекеттесуінің негізгі бағыттары – негізгі органикалық және мұнай-химия синтезінің, «Миттал Стил Теміртау» АҚ кокс-химия өндірісінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша мамандар.
Пайдалы қазбаларын байыту саласында мамандарды дайындау – пайдалы қазбаларын ары қарай қайта өңдеуге дайындау және оларды пайдалану мәселелерін зерттеу. Пайдалы қазбалардың әр түрлігі, қажетті компененттерін аса толығымен алу қажеттілігі қызықты ғылыми проблемалар мен мәселелердің маңызды санан ұсынады, әдетте бұл байытудың аса жетімді тәсілдері мен схемаларын өндіру, жабдықтарды жетілдіру.
14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығын алған инженерлер қайда жұмыс істей алады?
2. «Металды қысыммен өңдеу» мамандығын алған студенттер қандай кәсіпорындарда жұмыс істей алады?
3. «Металтану және металдар технологиясы» мамандығын алған инженерлер қайда жұмыс істей алады?
4. «Химия технологиясы» бойынша білім алған студенттер қайда істей алады?
15-тапсырма. Сәйкестіріңіз
1. кафедра өзінің құрылған жылынан бастап он мыңнан астам
|
1. болат, ферроқорытпа, түсті металдар – мыс, қорғасын, мырыш жәнет.б. өндіріс технологиясын оқып біледі.
|
2. «ҚжТММ» кафедрасында студенттер агломерат, шойын,
|
2. сымдардың барлық түрін, жоғары дәлдікті сым шыбықтар және әр түрлі қма құбырлар алуға мүмкіндік беретін пластикалық күйде металдар өңдеу түрлері.
|
3. «МҚӨ» кафедрада студенттер таптау және сым тарту технологиясы бойынша білім алады – бұл сортты және табақты таптау, бандаждар, дөңгелектер, мерзімді профильдер,
|
3. Инженерлер шығарады, олардың көбі атақты ғылым, басқарушы, кәсіпкерлер.
|
Әдебиеттер
Қ.Ә.Қарабаева «Қазақ тілі», Алматы «Қазақ университеті» 2004.
Р.Ш.Әбдісүлейменова. Техникалық жоғары оқу орындарында Мұнай-газ мамандығына қатысты лексиканы оқыту. Алматы 2001.
Ш.Бектұров, А.Бектұрова, Алматы «Рауан» 1994.
З.Күзекова Қазақ тілі практикалық курсы. Алматы «Раритет» 2002.
«Қазақ тілі» учебное пособие для интенсивного обучения. Алматы «Ана тілі» 1998.
Қазақ тілі. Учебное пособие на казахском и русском языках. Алматы, 2001.