Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»



жүктеу 1,12 Mb.
бет1/10
Дата22.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#16184
түріМетодические указания
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі
Д. Серікбаев атындағы

ШҚМТУ


Министерство

образования и науки

Республики Казахстан
ВКГТУ

им. Д. Серикбаева




УТВЕРЖДАЮ Декан факультета машиностроения и транспорта _______________М.В.Дудкин «___» ______________ 2014 г.






ЖОЛ ЖҮРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық (мамандану «Жол жүрісін ұйымдастыру»)


ОРГАНИЗАЦИЯ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ
Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта» (специализация «Организация дорожного движения»)

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Көлік және логистика кафедрасында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының үлгі қалып негізінде 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық (мамандану «Жол жүрісін ұйымдастыру»)

Көлік және логистика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды


Кафедра менгерушісі В.Н. Вдовин
№______ хаттама ___________2014 ж.

Машинажасау және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде басылымға ұсынылды.

Төраға А.В. Вавилов
№______ хаттама ___________2014 ж.

Құрастырған: А.А. Мәкенов

М.Р. Лұқпанов

Норма бақылау Т.В. Тютюнькова


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4


1 Жол-көлік оқиғаларын тіркеудің қалыптарын және әдістерін оқып үйрену 5


2 Көлік ағынының құрамы мен қарқындылығын оқып үирену 9

3 Жаяу жүргіншілер ағынының қарқындылығын оқып үйрену 14


4 Стационарлық бекеттегі көлік құралдары қозғалысының лездік

жылдамдығын оқып үйрену 18

5 Стационарлық бекеттегі реттелмелі жол қиылысындағы көліктер

кідірісін оқып үйрену 22

6 Ағындағы көлік құралдары арасындағы жоларалықтарды оқып үйрену 26


7 Қозғалыстағы автокөлік-зертханасы көмегімен ағындағы көлік құралдары

қозғалысының сипаттамасын оқып үйрену 30


8 Жол-көше желісі объектісіндегі қозғалысты ұйымдастыруды тексеру 35


Өз бетімен оқуға арналған әдебиет 38

А Қосымшасы 39

Б Қосымшасы 40

КІРІСПЕ
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындау, 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру мен көлікті пайдалану» мамандығының сырттай және іштей оқу түрлері бойынша оқитын студенттерді кәсіби тұрғыда дайындаудың маңызды сатысы болмақ.

Әдістемелік нұсқаулықтар студенттерді дайындаудың қажеттіліктерін ескере отырып келесі бағыттар бойынша жасалған:

ЖКО тіркеудегі алғашқы құжаттарды өңдеу мен талдау бойынша тәжірибелік машықтарын игеру;

Көліктер және жаяу жүргіншілер ағындарының негізгі сипаттамаларын оқып үйрену;

Жол жүрісі туралы ақпарат жинаудағы тәжірибелік машықтарды игеру мен оны өңдеудің тұрақты тәсілдерін меңгеру (онымен қоса есептеу техникасының құралдарын қолданып);

«Жол жүрісін ұйымдастыру» курсының теориялық негіздерін бекіту.

Көрсетілген жұмыстар «Көлік және логистика» кафедрасының арнайы мамандандырылған зертханасында, сондай-ақ Өскемен қаласының көшелері мен жолдары ның желісінде өткізіледі. Жұмыс бағдарламасына сәйкес 30 сағаттан бөлінген сегіз тәжірибелік жұмыстар қарастырылған. Әрбір тәжірибелік жұмыс бойынша студенттер міндетті түрде мұқабалық беті бар жеке дәптерге есеп түрінде орындайды (А Қосымшасы). В қосымшасында есептерді орындау бойынша және орындалған жұмыстарды қорғау жөніндегі бірыңғай талаптар бар. Тақырыпты тереңірек меңгеру үшін ұсынылушы әдебиеттер тізімі келтірілген.

Тәжірибе сабақтарының алдында студенттер оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтардың қажетті тарауларын, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын өз беттерімен оқып үйренулері тиіс.

1 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН ТІРКЕУДІҢ ҚАЛЫПТАРЫН ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ

Жұмыс мақсаты: Жол полициясы бөлімдерінде қолданылушы, жол-көлік оқиғалары жөніндегі алғашқы құжаттармен танысу, ЖКО тірке карточкасын толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларды қабылдау.


1.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар
Автөкөлігі дамыған барлық елдерде жол-көлік оқиғаларын тіркеу ұйымдастырылған, ол арнайы құжат – ЖКО тіркеу ережелерімен бақыланады. Әдетте осы ережелер арқылы төменде көрсетілгендер бекітілген:

ЖКО туралы мағлұматтарды жинау бойынша міндеттер жүктелген мемлекеттік органдар;

Жол-көлік оқиғасы, қаза болушы, жаралы, материалдық шығын және басқа да түсініктер анықтамалары.;

Ақпаратты жинау мен өңдеудің тәртібі, ЖКО туралы мәліметтер құрамы, оларды басқарушы торапқа тәуелділігінің дифференциациясын ;

ЖКО туралы мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын, олардың жол-көше желісі жағдайының, ауа-райының және басқа да ЖКО туындауы мен апаттық жағдайларына әсерін тигізуші факторлармен келісімін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

ЖКО тіркеудің мемлекеттік жүйесі мен есебі қарастырады, яғни жол-көлік оқиғаларын есепке алу жүргізіледі:

Ішкі ісітер органдарымен (ІІБ);

Көлік құралдарының иелерімен (КҚ);

Жол және коммуналдық ұйымдармен.

ЖКО тіркеу екі негізгі мақсатты көздейді:

1) апаттық жағдайдың бағасы мен ЖКО нәтижесінде қоғамның тартқан зиянын анықтауды;

2) ЖКО туындауының шарттары мен себептерін талдау және олардың орнын толтыру жөніндегі шараларды қабылдау.


ІІБ тіркеу жүйесі аясында осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешімін таппақ:

а) ЖКО туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету;

б) ЖКО туралы мәліметтер алудағы шұғылдылықты қамтамасыз ету(ЖКО туралы мәліметтердің шұғыл жиналуы нақты реттелген тәртіпте қамтамасыз етіледі);

в) ЖКО туралы мәліметтерді уақытылы және еш қатесіз жариялау;

г) алынған мәліметтерді ЖКО алдын алу бойынша тиімді шараларды жасауда қолдану.

Қазақстан Республикасының бүкіл территориясы бойындағы ЖКО туралы мәліметтерді тіркеу мен жинау тәртібі жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережелерімен белгіленген, оған сәйкес қозғалыстағы кем дегенде бір көлік құралымен болған ЖКО, көлік құралына, жүктерге, жол және басқа да құрылыстар мен бөгде меншікке зиян келтірген, немесе адамның өлімі мен дене жарақатын келтірген ЖКО тіркеуге жатқызылады.

Берілген анықтамадан белгілі болғандай, оқиғаны жол-көлік оқиғасы деп жіктеу үшін екі шарт қажет болады.

Біріншіден, ЖКО –ға қозғалыстағы көлік құралының қатысуы тиіс.

Екінші шарт ретінде адамның өлімін және оларға қандай да бір дене жарақатын келтіруші, азаматтар мен ұйымдарға материалдық шығын келтіруші секілді оқиғаның зиянды әрекеттерінің болуы жатады.

Өлген деп ЖКО орнында көз жұмған немесе оқиғадан соң 7 тәулік ішінде көз жұмған тұлғалар жатқызылады. Жаралыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем тағайындалған және бір күннен артық уақытқа госпитальдеу қажеттігі немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан дене жарақаттарын алған адамдар жатқызылады. Дене жарақаттары деп өте ауыр, ауыр және жеңіл дене жарақаттары, оның ішінде көгерулер, тілінулер, қан ағулар, жеңіл тері жарақаттары т.б. түсіндіріледі.

Материалдық шығынға көлік құралының, жүктердің, жолдардың және басқа да ғимараттардың немесе басқа да мүліктердің зақымдануынан туындаған шығындар кіреді. Мұнда есептеу мен талдау жасауға шығынның мөлшеріне тәуелсіз барлық жол-көлік оқиғалары жатады.

Бірақ мемлекеттік статистикалық есепке адам өлімі мен жарақаттануы енген жол-көлік оқиғалары туралы барлық мәліметтер енгізілген. Жол-көлік оқиғасы бойынша мемлекеттік статистикалық есеп ішкі істиер органдары арқылы, осы органдардың берген мәліметтері негізінде, қызмет көрсетуші аймақ территориясында жүргізіледі. Мәліметтері мемлекеттік статистикалық есепке енетін әрбір жол-көлік оқиғасына арнайы жол-көлік оқиғасын есепке алушы карточка толтырылады.

Статистикалық мәліметтерді зерттеу жол-көлік оқиғалары туындауының себептері мен жағдайларының заңдылықтарын анықтаудағы әдістердің бірі ретінде танылады.

Көп жағдайларда талдауға қажетті мәліметтерді жинау арнайы құжаттың көмегімен жүзеге асады, онда әрбір жол-көлік оқиғасы туралы алғашқы мәліметтер тіркеледі, яғни жол-көлік оқиғасын есепке алушы карточка. Бұл карточкаға апаттықтың жағдайы мен себептерін зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуші келесі мәліметтер түсіріледі:

Жол-көлік оқиғасының уақытын, орнын және жағдайларын;

ЖКО негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы(жүргізушілермен, жаяу жүргіншілермен және т.б.), қанағаттанарлықсыз жол жағдайлары, көлік құралының ақауы. Жол қозғалысын бұзушы жүргізушілер бірқатар қосымша көрсеткіштер арқылы сипатталады: жасы, жынысы, өтілі және т.б.;

«Жол қозғалысы» автоматтандырылған, ақпараттық-іздестіру жүйесінің әртүрлі ішкі жүйелері үшін қажетті реквизиттер;

Жәбірленушілер туралы мәліметтер – жынысы, жасы және т.б.

Жәбірленушілермен жүргізілетін ЖКО тіркеу карточкасы екі бөлікті қамтиды: ақпараттық және кодтық. Ақпараттық бөлігі талдауға жатқызылатын, ЖКО туралы барлық мәліметтер енгізілуші 12 тараудан тұрады. Ақпараттық бөлікті толтыру(бірінші тараудағы карточка номері мен типінен басқа) алғашқы құжаттарды толтырушы және ЖКО тіркеуші ІІБ қызметкерімен жүргізіледі.

ЖКО тіркеу карточкасын мәтіндік түрде немесе «ЖКО тіркеу карточкасын толтыру жөніндегі анықтамалық кестедегі» мағыналы ақпараттың мәндеріне сай келетін цифрлық индекстер көмегімен толтырады. Карточка үш көлік құралы мен төрт жәбірленуші туралы мәліметтерді толтыруға арналған. Сондықтан, оқиғада 4 адамнан көп адам жәбірленсе немесе онда үштен көп көлік құралы қатысса, онда негізгі карточкамен қатар қосымша карточкалардың қажетті саны толтырылады.


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау