ВВЕДЕНИЕ …………….……………………….………………………………..3
1 СУЩНОСТЬ И ЮРИДИЧЕСКАЯ ПРИРОДА КОСВЕННЫХ НАЛОГОВ...5
1.1 Экономическая природа НДС и акциза……...…………………..…….........5
1.2 Правовая основа косвенных налогов в Республики Казахстан………...…9
2 ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ КОСВЕННЫХ НАЛОГОВ ВО ВНЕШНЕЭКОНОМИЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ …………………….…….12
Особенности взимания НДС при осуществлении внешнеэкономической деятельности……………………………………………………………………..12
Взимание акцизов таможенными органами РК при таможенном оформлении………………………………………………………………………18
3 РАЗВИТИЕ ПОЛИТИКИ КОСВЕННОГО НАЛОГООБЛОЖЕНИЯ В СФЕРЕ ВНЕШНЕЙ ТОРГОВЛИ ……………………………………………....23
Анализ практики применения косвенных налогов в зарубежных странах…………………………………………..………………………………..23
3.2 Некоторые аспекты реформирования косвенного налогообложения внешней торговли РК…………………………...………………….................…26
ЗАКЛЮЧЕНИЕ ………………………………………………………..……….29
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ…………………………....31
ПРИЛОЖЕНИЯ……….…………………………………………….……..…….32
Приложение 5
Таблица 1
Анализ поступления уплаты таможенных пошлин
тыс. чел.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
П р и м е ч а н и е - Данные из отчета Департамента таможенного контроля №5, 2009
|
Приложение 6
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ
Послание Президента народу Казахстана.
Назаренко В.Н., Назаренко К.С. Таможенное обслуживание внешнеэкономической деятельности. М.,2000
Алибеков С.Т. Таможенное право в РК.- Алматы, 2000
Абсиметов М.О. Таможенное дело Казахстана. (история, опыт, перспективы), учебное пособие «Астана», «Ресли - Табыс», 2001
Кашин В.А. Налоги и их роль в регулировании внешнеэкономических связей России.// Финансы, №11-2006
Порядок уплаты косвенных налогов при таможенном оформлении.// ТНБ (Таможенно- налоговый бюллетень), №2 2007
Шагалов Г., Присняков В. Регулирование внешнеэкономических связей. М:Инфра-М, 1997
Сарсембаев М.А. Международно- правовые отношения государств Центральной Азии.- Алматы: Гылым,1995
Таможенный кодекс РК от 10 февраля 2007
Таможенные карточки и таможенные платежи.// Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане. № 10 (212), 2006
Электронные копии таможенных документов: о заполнении ГТД графы 47 «Исчисление таможенных платежей и налогов»// Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане. №11, 2006
Таможенные платежи при импорте товаров.// Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане. № 13 (211), 2006
Таможенный кодекс Республики Казахстан во внешнеэкономической деятельности предприятий. // Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане. № 11 (209), 2006
Жатканбаев Е.Б, Сухова Л.Ф. Таможенно- тарифное регулирование в РК. Учебное пособие, Алматы-2003
Таможенные платежи.- Сборник нормативных актов. Алматы, 2004
Программа развития таможенной службы Республики Казахстан на 2004-2006
Ельчибаева Г.А. Ответственность за нарушение таможенного законодательства Учебное пособие, Караганда 2005
Камалиев М.Т., Краснощекова Е.А. Таможенное право. Учебное пособие, Караганда 2005
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Организация таможенного дела. Учебное пособие, Караганда 2004
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Налоги и платежи в области таможенного дела. Учебное пособие, Караганда 2005
Краснощекова Е.А. Таможенное оформление, Учебное пособие. Караганда 2005.
Кодекс РК о таможенном деле в РК Алматы. 2010.
Жандильдин Т.Е. Правовое и таможенно- тарифное регулирование ВЭД. Учебное пособие. КЭУК Караганды 2010
Жандильдин Т.Е. Байдуллаев Б.Б. Технические средства таможенного контроля. Учебное пособие. КЭУК. Караганда 2009.
Байдуллаев Б.Б. Краснощекова Е.А. Налоговые системы и налоговое право. Учебное пособие . КЭУК. Караганда 2009
Ельчибаева Г.А. Таможенное администрирование Учебное пособие. КЭУК. Караганда 2009.
Байдуллаев Б.Б. Экономика таможенного дела. Учебное пособие. КЭУК Караганда 2010.
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кеден ісі кафедрасы
«КЕДЕН ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ»
ЖӘНЕ
«КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘНДЕРІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
ҚАРАҒАНДЫ 2010
Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Кеден ісін ұйымдастыру» және «Кеден құқығы»пәнінің типтік бағдарламасы негізінде магистр Қолбағаев А.Ж. өңдеп дайындаған
Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, қабылданды.
17 қыркүйек 2010 ж. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі:
з.ғ.к. доцент С.З.Абдрахманов
Кіріспе
«Кеден ісін ұйымдастыру», «Кеден құқығы» пәндері өзарабайланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды.
«Кеден ісін ұйымдастыру» «Кеден құқығы» курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, кеден ісінің ұйымдастырылуы мен құқықтары туралы оқып үйренеді.
Курстық жұмыс орындай отырып, студенттер кеден саласы бойынша пәндерді оқып-білу барысында баяндамалар, рефераттар мен өзге де дербес жұмыс формаларын дайындау тәжірибесін иеленеді.
Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың мәні мен ролі келесілерден тұрады.
Дербес еңбек ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Пән бойынша алған білімін тереңдету, жүйелеу және жалпылау.
ҚР мен өзге елдердің кеден саясатына қатысты нақты статистикалық материалдарын жинау және талдау, оларды теориялық алғышарттар тұрғысынан жалпылау.
Алынған білімді кәсіби іс-әрекет саласымен үйлестіре білу ептілігі.
Кешенді тексеру.
Аталмыш әдістемелік ұсыныста курстық жұмысты жазу бойынша ұсыныстар беріледі. Аталмыш нұсқаманы басшылыққа алу студенттерге курс бағдарламасын меңгеруге, сондай-ақ кеден ісі мен құқығы мәселелері бойынша түрлі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
Курстық жұмысты рецензиялау.
Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында жаңартылып, бекітіледі. Ол ҚР жүзеге асыратын кеден саясатын өзектілігін ескеретін барлық негізгі мәселелерін қамтиды (Қосымша 1).
Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критериилерге сүйенуі керек:
Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;
Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;
Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;
Төртіншіден, ізбасарлық.
Сонымен қатар, курстық жұмыс материалдары дипломдық жұмысты жазу барысында жақсы теориялық негіз болып табылады;
Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.
Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент кафедрада өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі (Қосымша 2).
Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.
Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.
Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студен дербес түрде іріктеп қарастырады.
Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет. Периодикалық бөлімдегі аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.
Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.
Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.
Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.
Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп (7 қосымшада библиографиялық сипаттама мысалдары келтіріледі).
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:
Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.
Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.
Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.
Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.
Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.
Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.
Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.
Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.
Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:
- бет парағы (Қосымша 3);
- жұмыс жоспары (Қосымша 4):
- кіріспе;
- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі.
Бет парағы
Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.
Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:
ЖОО, факультет, кафедраның атауы;
Курстық жұмыс тақырыбы;
Студенттің аты-жөні, тегі, тобының нөмірі;
Ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары.
Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.
Жоспар
Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.
Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.
Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.
Кіріспе
Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:
Таңдалған тақырыптың өзектілігі;
Экономикалық ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);
Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;
Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;
Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).
Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.
Тәртіп бойынша, объект – бұл жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады. Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.
Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.
Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:
Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданыланы әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.
Екінші бөлімде құбылыстар жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.
Үшінші бөлімде қарастырылып отырған факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.
Қорытынды
Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.
Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.
Қолданылған әдибеттер тізімі
Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі (Қосымша 8).
Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.
Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 7).
Қосымшалар
Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.
Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни студент жауапты.
4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Жалпы талаптар
Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.
Курстық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 20мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы қажет (Қосымша 5).
Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.
Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді. Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу
Курстық жұмыстың парақтарын, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).
Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмерлеу
Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.
Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.
Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.
Иллюстрациялар
Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.
Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.
Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.
Кестелер
Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).
Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.
Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.
Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.
Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.
Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.
Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.
Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.
Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.
Ескерту
«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.
Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.
Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.
Формулалар мен теңдеулер
Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.
Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.
Курстық жұмысындағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:
А=а:б, (1)
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – формулада (1).
Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).
Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.
Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі
Дерек көздері туралы мәліметті диплом жұмысының (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).
Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.
Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].
Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].
Қосымша
Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.
Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.
Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).
Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.
Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.
5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс.
Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 25-30-бетін құрауы тиіс.
Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.
Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3).
Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.
Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.
6. Курстық жұмысты рецензиялау
Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл кеден ісі мен кеден құқығы курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.
Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.
Егер курстық жұмыстың жетекшісі жұмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.
7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.
Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.
Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттап, рецензиямен танысып, рецензиядағы кемшіліктерге жауаптар дайындау.
Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады. Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.
Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалайды.
Курстық жұмысты бағалау критерийлері болып табылады:
1.Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;
2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;
3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;
4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;
5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;
6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;
7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;
8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;
9. Рәсімделу сапасы;
10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал); 11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.
Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |